kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба0 жоспары: Кристалдық тор түрлері,байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіреді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба0 жоспары: Кристалдық тор түрлері,байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс»


Сабақ:

Кристалдық тор түрлері,байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс

Мектеп:

Күні: 15.02.2019

Мұғалімнің есімі: Рахметова Жәмила Нұрланқызы


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

8.1.4.3- заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Оқушылар молекулалық, атомдық және иондык кристалл торлары туралы біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Заттардың қасиеттері кристалл торлардың түріне байланысты екенін және кристалл торлардың әр түріне химиялық байланыстың қандай түрі сәйкес келетінін түсіндіреді

Кейбір оқушылар: Кристалдық торлардың түрлеріне байланысты қосылыстардың түрін жіктеп, өз шешімдерін түсіндіріп бере алады. (Талдау)

Бағалау критерийі

Кристалл тор типіне байланысты заттың қасиетін анықтайды

Тілдік құзіреттілік

Кристалдық тор, аморфты заттар, атомдық, молекулалық, иондық кристалл торлары, кристалдық тор түйіні.

Пәндік лексика мен терминология:

Кристалдық тор- crystal cell

Иондық кристалдық тор- Ionic crystal cell

Молекулалық кристалдық тор-Molecules crystal cell

Атомдық кристалдық тор- Atomic crystal cell

Металдық кристалдық тор- Metallic crystal cell

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Иондық кристал тор....................

Молекулалық кристал тор....................

Атомдық кристал тор......................

Құндылықтарға баулу


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс кезінде өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Физика ,геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы тақырып

8.1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизімін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

5 минут







1 мин








4 мин





Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларға «көңіл күйлеріңіз қалай?» деген сұрақ қойылады. Оқушылар «бас бармақ» әдісі бойынша жауап береді.

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Химиялық байланыс түрлеріне байланысты. Яғни оқушылар берілген қосылыстарды алып сол қосылыстар бойынша топқа бөлінеді. Ковалентті полюссіз,ковалентті полюсті,иондық байланыс.

-Оқушылар біз топқа қалай бөліндік?

-Химиялық байланыс түрлері бойынша (оқушы жауабы)

«Мозайка» әдісі

Әр топтан бір оқушы өз тобына сәйкес берілген мозайканы сұрақтарға жауап бере отырып құрастырады.

1.Жалпы заттар нешеге бөлінеді? (2)

2 Химиялық байланыстың неше түрі бар?

3. Ковалентті полюсті байланыс мысал келтірілген табыңыз.

4. Ковалентті полюссіз байланыс мысал келтірілген табыңыз.

5. Cl2 қандай байланыс түрі?

6 NaСl қандай байланыс түрі?

7. HI қандай байланыс түрі?

8. Үшінші артықты тап NaNO3, HJ, NAI

9. Тынысым, ырысым,
Ол жоқ жерде 
Жойылмақ жүрісім

10. Ас тұзының формуласы

11. Күлгін түсті кристалмын,
Медицина «құдайымын».
Жарақат алған адамның,
Өмірін сақтап қаламын.
Формуламды менің 
Кәне, айтып жіберші

12. Судың формуласы

13. Реттік нөмері №20 элемент

14. 7 протон, 7 нейтрон бар элемент

15. VII топтың негізгі топшасындағы элементтер қалай аталады?

16. VI топтың негізгі топшасындағы элементтер қалай аталады?


ҚБ. «Мұғалімнің мадақтауы» (Өте жақсы, жарайсыңдар, жұмыстану қажет)







Қосылыстар жазылған парақ




Ортасы 32минут































































































































5 мин




































10 мин











5 мин


























5 мин











































7 мин



Үш топ оқушыларының алдына қант және тұз беріледі

-Оқушылар не көріп тұрмыз?

-олардың физикалық қасиеті қандай?

-дұрыс айтасыздар олар қатты заттар.



Жаңа тақырпен, оқу мақсатымен таныстырылады.

Кристалдық тор түйіндерінде бөлшектер дұрыс орналасқан

Көптеген қатты заттар кристалдық құрылысты болады(тұз, қант) мұндай заттарды кристалдық заттар деп атайды. Кристалдарда, атомдар, молекулалар белгілі ретпен орналасады, осындай аралықта кезектесіп келетін бөлшектер Кристалдық тор түйінділері деп атайды. Кристалдық торлар:

1)Иондық;

2)Молекулалық;

3)Атомдық болып бөлінеді

«Фишбоун» әдіс арқылы оқушылар топта жұмыс жасайды.

Жаңа тақырып бойынша 3 топқа топтық жұмыс беріледі.

1 топ Иондық кристалды торлар

2 топ Атомдық кристалдық торлар

3 топ Молекулалық кристалдық торлар

Осы тақырыптар бойынша оқушылар мәтінмен танысады.


Дискрептор:

  • Мәтіннің мазмұны ашады;

  • Дәйекті мысалдар келтіреді.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Алған білімдерін түсіну

1.Жеке жұмыс. « Тапқыш болсаң тауып көр » әдісі

Берілген заттардағы кристалл торын анықтау:

NaCl; SiO2; O2 ; H2 ; CaCl2 ; H2O; Br2 ; NaF ; CO2 ;

Кристалл торлардың түрлері

Кристалл торларға сипаттама

Қандай қосылыстарда болады

А

Химиялық байланыстың түрлері

В

Торлардың түйіндеріндегі бөлшектер

С

Иондық




Атомдық




Молекулалық




Дескриптор:

- білім алушы қосылыстарға сәйкес кристалдық торын анықтайды;

-кристалдық торлардың түрлеріне байланысты химиялық байланыс түрін жазады;

-кристалдық тор түйініндегі бөлшектерді жазады;

Оқушылар кестені дәптерге орындайды және «жұптық» әдіс арқылы тексеріледі

ҚБ «Бағдаршам»әдісі арқылы өздерін бағалайды.

Қызыл – түсінген жоқпын

Сары – жартылай түсіндім

Жасыл – жақсы түсіндім


Жеке жұмыс

Берілген кристалл торы түріне қарап қосылыстағы химиялық байланыстарды анықтаңыз және қосылыстың қасиеттерін болжаңыз.

Химиялық байланыс

Кристалл торлары

Заттың қасиеттері







Дескриптор: Білім алушы

- атомдық кристалдарға тән байланыс түрін анықтайды және қасиетін болжайды

- иондық кристалдарға тән байланыс түрін анықтайды және қасиетін болжайды

-молекулалық кристалдарға тән байланыс түрін анықтайды және қасиетін болжайды

Оқушылар топтың ішінде бір – бірінің дәптерін тексереді

ҚБ «Жапондық бағалау» әдісі арқылы

1 саусақ – өте жақсы

2 саусақ – түзейтіні бар

3 саусақ – әліде жұмыстану қажет

3. Әдіс «Конверттегі сұрақ»

Саралаудың әдісі: «Диалог және қолдау көрсету»

Әр топқа конверт таратылады ішінде 3-4 сұрақтан, әр топ жауап беріп, келесі топқа жауабын береді. Әр топ алмасып жауаптарын барлық оқушыларға оқып, дұрыстығы тексеіледі.

ҚБ: « Стикер арқылы»




Рефлексия:

«Көз», «Құлақ», «Жүрек»

  • Оқушылар бүгінгі сабақта не көргендерін стикерге жазып көзге жапсырады.

  • Оқушылар бүгінгі сабақта не естігенің стикерге жазып құлаққа жапсырады.

  • Оқушылар бүгінгі сабақта нені жүрегіне түйді стикерге жазып жүрекке жапсырады.

























































Интерактивті тақта


































































Стикер




















Саралау:

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі. Жетекші сұрақтар қойылады, сөздер мен сөз тіркестері беріледі. Оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, бір – біріне көмектеседі. Өзіне деген сенімділік артады.

Тапсырмалар: Жеке және топтық жұмыстар жүргізілді;

«Мозайка»

«Тапқыш болсаң тауып көр » әдісі

«Фишбоун»

«Диалог және қолдау көрсету»

«Конверттегі сұрақ»





Бағалау:

Тақырыпты меңгеру барысында топтық, жеке жұмыс орындауда қалыптастырушы бағалаудың түрлері

  • Оқушылардың бірін – бірі бағалау ( «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» , «Жапондық бағалау»)

  • Оқушылардың өзін – өзі бағалау («Бағдаршам», ««Смайликпен»)

  • Оқушыларды ынталандыру, мақтау, мадақтау т.б («Мұғалімнің мадақтауы»)

  • Оқушыларға кері байланыс ұсыну

  • Оқушылардың қалай жұмыс жасағанын бақылау

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Топ ережесін сақтау ескеріледі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Рахметова Жәмила Нұрланқызы

Дата: 21.02.2019

Номер свидетельства: 500860


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства