kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока на тему: "Энергетикалық деңгейлер. №1 Зертханалық тәжірибе. Атомдар моделін жасау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары жаңартылған білім мазмұны бойынша жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына химия пәні бойынша "Энергетикалық деңгейлер. №1  Зертханалық тәжірибе. Атомдар моделін жасау" тақырыбына құрастырылды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока на тему: "Энергетикалық деңгейлер. №1 Зертханалық тәжірибе. Атомдар моделін жасау"»


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: «№18 Ш. Уәлиханов атындағы

Атомдағы электрондардың қозғалысы жалпы орта мектеп» КММ



Күні: 08.06.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Айдар Айнұр

Есілбекқызы


Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы


Энергетикалық деңгейлер. №1 Зертханалық тәжірибе. «Атомдар моделін жасау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну. s және p орбитальдарының пішінін білу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: Электрон қабатында электрондарды орналастырады;

Оқушылардың басым бөлігі: орбитальдардың пішінін көрсетеді;

Кейбір оқушылар: топ нөмірі мен период нөмірінің физикалық мағынасын түсінеді;

Бағалау критерийі

- энергетикалық деңгейлерді көрсетеді, әр деңгейде максимал электрон санын біледі;

- s және p орбитальдарының пішінін көрсетеді; энергетикалық деңгейшелерде орналастыруды біледі;

- Атомдардың моделін жасауды көрсетеді;

Пәндік мақсат

Оқушылар электрондарды энергетикалық деңгейде орналастыруды түсінеді




Тілдік мақсаттар

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: электрон, энергетикалық деңгей, орбиталь.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Атомдағы энергиясының мәні өзара жақын электрондар ...... ........ түзеді.

..... - заттың бөлінбейтін ең кіші бөлшегі.

Электрон бұлты болатын кеңістікті - ....... деп атайды.

Шар тәріздес электрон бұлты ..... орбиталь деп аталады.

Гантель тәріздес электрон бұлты ..... орбиталь деп аталады.

Құндылықтарға баулу

Ғылымға құштарлық дағдысын, сыни тұрғысынан ойлау дағдысын, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;

Индустрияландыру және инновациялық негізінде экономикалық өсу құндылығына баулу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

Алдыңғы білім

6.3.1.1 атомдар мен молекулаларды, жай және күрделі заттарды ажырату

6.3.1.2 атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау

7.1.3 Атом құрылысын сипаттау

8.1.3.1 Атомда электрондардың ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгей бойынша таралуын түсіну

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы


2 мин







2 мин













2 мин









2 мин






2 мин

Сәлемдесу.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін, оқушылардың көңіл күйін сұрау мақсатында «Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?» деген сұрақ қойылады.Оқушылар кері байланысқа «Бас бармақ» әдісі жауап береді. «Көтеріңкі көңіл-күй» ойынын ойнатылады. Бір-біріне күлімдеп қарап, кімнің көңіл-күйі жақсы болса , соларға арнап қол соғады.

Сынып оқушыларын топқа біріктіру үшін «Мозайка» әдісі қолданылады. Төмендегі суреттердің қиындысын құрастырып, топтасады.

  1. I топ – s-орбитальдар

  2. II топ – p-орбиталь

  3. III топ - d-орбиталь

Күтілетін нәтижені айқындау.

Оқушының алдыңғы білімін пысықтау үшін және зейінді шоғырландыру үшін ширату жаттығуын өткізу:

«Сұрақты қағып ал» тәсілі бойынша слайдтан төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Атом дегеніміз не?

  2. Атом құрылысы қандай бөлшектерден тұрады?

  3. Оң таңбалы заряды бар қарапайым бөлшекті атаңыз?

  4. Теріс таңбалы заряды бар қарапайым бөлшекті атаңыз?

  5. Заряды жоқ элементар бөлшекті атаңыз?


«Стикердегі диалог» кері байланысын орындау.

Кері байланысты орындау арқылы өз кемшіліктерін түсініп, көмектесетін мәліметтер мен алға ілгерілеуге нақты нұсқау алады. Оқушылар материалды еске алуына, тілдік мақсаттың орындалуына көмек береді. Ширату сұрақтарына жауап беру арқылы оқу қарқыны дамиды.

Қ.Б: өзара өзін-өзі бағалайды.


Оқушылардың көңіл-күйлеріне қарай салынған «Бас бармақ» сурет А4



Түрлі-түсті қалам


Сурет

қиындылары













АКТ қолдану

(Power Point бағдарламасы)




Сабақтың ортасы


5 мин

























2 мин









2 мин



6 мин

















































2 мин










1 мин











5 мин











2 мин
















1 мин


2 мин

Ой қозғау барысында арқылы сабақтың тақырыбын аша түсу ушін зертханалық жұмыс жасайды. «Стоп кадр» әдісімен оқушыларға №1 бейнежазба көрсетіледі.


Тапсырма №1. Барлық оқушылар өз бетінше орындайды.

1 Зертханалық жұмыс.

Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша №1 слайдқа назар аудару.

Мақсаты: атом моделдерін оқушы өз қолымен жасау.

Керекті құрал-жабдықтар: ермексаз, жіңішке ағаш таяқшалар.

Жұмыс барысы: оқушылар №1 бейнежазба көріп, өз қолымен ермексазды пайдалану арқылы жасап, үйренеді.

Дескриптор:

  1. Оқушы атом моделі туралы түсінік қалыптасады. 1 балл.

  2. Атом моделін жасайды. 1 балл

  3. s, p орбитальдары туралы жалпы тұжырым жасап, постер қорғайды. 1 балл

  4. Төмендегі келтірілген кестеге толтырыңыз. 1 балл

Жұмыс реті

Орындалу барысы

Қорытынды

1.




«Бутерброд» әдісін қолдану. Кері байланыс жасағанда оқушылар өз жұмысына сыни тұрғыдан ойлау арқылы қатесін түзетеді, өзіндік көзқарасы қалыптасып, биік нәтижеге қол жеткізуге ықпал жасайды. Диалогқа түсу арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады. Мадақтау арқылы оқушының уәжін оятамын. Жазбаша жұмысының нәтижесінде оқушылар өз идеяларын айту арқылы ойлау дағдысы қалыптасады.

Қ.Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды бағалау. Ынталандырып, мадақтап отыру.


Тапсырма №2

Оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады: «Балалар, қалай ойлайсыңдар элементтің атом құрамындағы электрондар қандай қызмет атқарады?»

Оқушылар «ДЖИГСО» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойды анықтайды.

Мәтін 1. «Ядронның айналасындағы барлық электрондардың барлығы электронды қабатты құрайды. Электрондардың әрқайсысының өзіне тән энергиялары бар. Атомдағы энергиясының мәні өзара жақын электрондар энергетикалық деңгейлерді құрайды. Ядродан қашықтауына қарай 1, 2, 3 т.б белгілейді. Энергиясы ең аз электрондар бірінші деңгейде орналасады.Әр энергетикалық деңгейде бола алатын максимал электрондар саны:

N= 2n2 формуласымен анықталады. N= 2*12 =2,

N= 2*22 =8, N= 2*32 =18 т.с.с

Мәтін 2.

Сутегі атомында бір ғана электрон, ал гелий атомында екі электрон бар, сондықтан бұл атомдардың электрондары 2 ғана электрон болатын 1 энергетикалық деңгейде болады. Литий атомында 3 электрон, 2 электрон 1 энергетикалық деңгейде, 1 электрон 2 энергетикалық деңгейде орналасады. Элементтің энергетикалық деңгейінің орналасқан период нөміріне сәйкес келеді».


Мәтін 3.

Шар тәрізді электрон бұлтын s -электрондары деп, ал орбитальдарын s-орбиталь деп аталады.

Кейбір электрондар ядро маңында гантель тәрізді электрон бұлтын түзіп қозғалады да, p-орбитальдар ядро маңындағы кеңістікте координаталардың 3 осі (x, y, z) бойынша орналасқандықтан, px pу pz . Бірінші электрон қабатында бір типті 1s орбиталь болса, екінші қабатта екі типті 2s, 2px, 2py, 2pz .

Дескриптор:

  1. Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуын түсінеді. 1 балл

  2. Энергетикалық деңгейлерінде максималды электрондарды анықтау формуласын жазып, есептейді. 1 балл

  3. Орбитальдардың кеңістіктегі пішінін біледі. 1 балл


Кері байланыс орнату: «Батпақты жер» әдісі арқылы кері байланыс орнату. Оқушылар кездескен кедергілермен және жетістіктерімен бөліседі. Кері байланыс орнатуда оқушылар өз-өзіне есеп береді.

Оқушы өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға деген қызығушылығын артады. Мұғалім оқушының қажеттілігін анықтап, тиімді оқыту тәсілдерін қолдануға, уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

ҚБ: Топ бойынша оқушыларды «Смайлик» әдісімен бағалау.


Топтық жұмыс барысында мəтіндегі негізгі ойды тұжырымдап, анықтамалардағы түйінді сөздерді анықтай біледі. Ақпаратты ықшамдап, символ,, график түрінде көрсете алады. Топтық жұмыста оқушылар бірін-бірі оқытады. Өзара пікір алмасады, оқуға деген жауапкершілігі артады. Өзгенің пікірін тыңдап, өзінің ойын ашық жеткізеді.


Тапсырма №3. Жұптық жұмыс арқылы «Сәтті таңдау» әдісі арқылы үлестірме қағаздар таратылады.

Реттік нөмірі 7, 8, 11 болатын элементтерді периодтық кестеден табыңыз, электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуын жазыңыз.

Дескриптор:

  1. Элементтерді периодтық кестеден көрсетеді. 1 балл

  2. Электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуын жазады. 1балл.

Кері байланыс: «Алу, қосу, қызықты» әдісі арқылы жүргізіледі. Кері байланысты орындау барысында оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді. Мұғалім кері байланыс арқылы алынған нәтиженің  «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді тұсын пайдалануға мүмкіндік алады.

Тапсырманы орындау барысында кездескен элементтерді жазу барысында оқушылардың тілдік дағдылары дамиды. Визиуалды берілген ақпаратты графиктік, символдық т.б. түрде түрлендіріп көрсете біледі.

Қ.Б: Топ бойынша «Басбармақ» әдісі арқылы бағалаймын.


Оқушылармен бой жазу, көңіл күйін көтеру мақсатында «Қыдырып қайтайық» сергіту жаттығуын жасайды.







Бейнежазба №1

https://www.youtube.com/watch?v=VfBcfYR1VQo




























Мәтін жазылған үлестіре материал ұсынылады


АКТ

Слайд №1















АКТ

Слайд №2







АКТ

Слайд №3


























«Батпақты жер» бейнеленген плакат,стикерлер






















Үлестірме қағаздар






















Сергіту сәті Бейнежазба №2

https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E



2 мин


Сабақтың соңы

Рефлексия. Оқушылардан «Тазалық ойыны» әдісі арқылы «Бүгінгі сабақтың мақсаты жүзеге асырылды ма?» сұрақ қойылады. Оқушылар сәйкесінше жауап береді.

Чемодан

Еттартқыш Қоқыс жәшігі

Оқушы сабақ барысында меңгерген білімді толық игергендігі жөнінде мәлімет алу арқылы мұғалім сабақты зерделейді.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау - Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Сұрақты қағып ал» тәсілі арқылы оқушылардың оқу қарқынын анықтаймын. «Стоп кадр» әдісімен үлгерімі орташа, төмен оқушыларға қажеттілігіне қарай тапсырмалар беремін. Бұл әдіс арқылы оқушыларда сыни ойлау дағдысы қалыптасады. «Джигсо» әдісі арқылы үлгерімі жоғары оқушылардың дереккөздер бойынша саралап, ғылыми ойлау дағдысын қалыптастырып, шығармашылық-қа жетелеймін.

Алғашқы тапсырманы орындау барысында оқушылардың жазба жұмысын тексеру арқылы «Бағдаршам» әдісімен бағалаймын. Үлгерімі төмен оқушыларға ауызша мадақтап, сабаққа ынталандырып отырамын.

Екінші тапсырманы «Смайлик» әдісі арқылы бағалаймын. Оқушыларды топтағы бірлескен жұмыстарын қорытындылау барысында мадақтап, ішкі уәжін оятуға тырысамын. Үшінші тапсырманы «Басбармақ» әдісі арқылы бағалаймын.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, сергіту сәтін жасағанда ми мен дене жұмысының үйлесуі арқылы ойлау қабілеттері мен сенімділіктері күшейеді.


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Айдар Айнұр Есілбекқызы

Дата: 22.01.2019

Номер свидетельства: 496731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1830 руб.
2620 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1660 руб.
2370 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства