kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Заттардың ауада жануы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:  Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Заттардың ауада жануы. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

аллотропия туралы түсінік бере отырып, озон жөнінде мағлұмат беру;

Дамытушылық:

        -оқушылардың таным қызығушылығы мен интеллектуальдық      

        қабілеттерін ескере отырып, өз бетімен білім алуына дағдыландыру;

Тәрбиелік:

озон қабатының ластануының негізгі көздеріне, бүлінуден қорғау жолдарына көңіл бөле отырып, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Проблемалық сабақ

Сабақтың әдісі: Көрнекі көрсетулер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу.

Көрнекіліктер:Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, плакаттар,тест

Құрал жабдықтар:озон мен оттектің модельдері,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Жаңа ұғымды қалыптастыру.

1.Проблемалық жағдай

І. Ұйымдастыру бөлімі:

   Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бәріңізге жақсы көңіл күй, сәттілік, үлкен табыс және бүгінгі сабағымыз есте қаларлықтай болсын деймін.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Біз бүгін « Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойынын ойнаймыз.

Ойынның ережесі мынадай.

« Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойыны

Бірнеше оқушы алдын- ала берілген тақырыпқа хабарлама жасайды.Жарысты жүргізуші (мұғалім) немесе арнайы сайланған қазылар алқасы бағалайды.Тек білімі ғана емес дәлелді сөйлей білу шеберлігі де бағаланады.

Яғни үйден интернеттен, кітаптан « Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.» жайлы ізденіп оқып,зерттеп хабарлама жасауға тапсырма берілген болатын.Жарысты мен өзім бағалаймын.Ал олай болса

  « Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойынын бастаймыз.

Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?Озонның жердегі тіршілік үшін маңызы қандай.

Құрамы:   1785 ж голланд физигі ван Марум  жаңа газды анықтап, оның атын озон деп атаған.Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болды.

  Ол көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар.

 Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты.

Озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы.

Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.

Озон қабаты -қорғанышымыз

 Табиғатта кездесуі.

 Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде пайда болады.  Сонымен бірге, электр машиналары және кварц лампалары жұмыс істеп тұрғанда, суды электр тогымен айырғанда озонға тән «электр иісі» сезіледі.

Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.

  Қыздырмай-ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға түседі.

Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді:

         6Ag + O3  = 3Ag2O

Алынуы. Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен  алуға болады. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

Реакция теңдеуі:

         2О2 у.к.с, эл.зар.→      2О3

Қолданылуы.Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады.Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды.

         ІІІ кезең. Проблеманы тұжырымдау.

             Озон тесігі (жыртығы) туралы.

  1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антарктида аймағында баяу, тұрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы төмендеуін байқаған. Бұл құбылысты «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде ондай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастайды.

  Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады.

Сұрақ:

1. Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының ролі қандай ?

2.Озон қабаты қалай пайда болады ?

3. Неге озон жоғалады ?

4. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?

ІҮ кезең. Проблеманы шешу

Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар

Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруларының саны артады.

Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді

Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.

Өсімдік тағамдарының санының кемуінен, мұхит су асты жануарларының  өлімі басталады.

Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе-теңдігі сақталады (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп, жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады.

Мәселені шешудегі жаңа жол

Монералдық пртокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фтордың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарылуын азайту міндеттелді.

 Қазір тіпті экологиялық қауіпсіз фреондар және оларды ауыстыратын өнімдер ойлап табылып шығарылуда, сонда да озон қабатына жетуі  толық тоқтатылған соң ғана он жылдан кейін ол өзінің қалпына келеді.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

Блиц-сұрақтар

Озон қашан ашылды ?

Озонды кім ашты ?

Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ?

Аллотропия дегеніміз не?

Озонның түсі қандай ?

Озонның массасы нешеге тең?

Зертханада озон алатын құрал қалай аталады?

Озон қабаты дегеніміз не ? Ол Жерді неден қорғайды ?

Озонды қайда қолдануға болады ?

Озон қабатына әсер ететін заттар ?

ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру.

 І. Тест сұрақтары

Оттек неше валентті ?

       А). І,  Б) ІІ,  В) ІІІ

Оттекті ашқан ғалым:

       А).Ж.Пруст,  Б) Дж. Пристли мен К.Шееле, В)В.М.Ломоносов

Оттектің химиялық таңбасы

       А) O2, Б) О, В) O3

Оттектің атомдық массасы нешеге тең ?

            А) 32,  Б) 16,  В) 8

         Оттектің агрегаттық күйі

              А) қатты, Б) газ, В) сұйық

«Оттек» латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ?

      А) Оксид тудырушы, Б) Оксигениум қышқыл тудырушы, В) Тотығу

Ауаның құрамында оттек қанша пайыз ?

    А) 49,13 %, Б) 21%   В) 78 %

Өнеркәсіпте оттекті неден алады ?

     А) Судан, Б) Ауадан, В) Химиялық қосылыстардан

Оттекке оксигениум деген ат берген ғалым

     А) В.М.Ломоносов,  Б) Лавуазье,  В) Дж. Пристли мен К.Шееле, 

Лабораторияда оттекті қандай заттардан алады ?

     А) Ауадан, Б) Химиялық қосылыстардан, В) Судан.

Химиялық диктант( «Менің денем неден құралған?» айтылған элементтердің таңбаларын жаз)

              «Адамның денесі мыналардан жасалған» 33кг оттегі+ 9кг көміртек, +5кг сутегі +1,5кг  азот+ 800 г  кальций + 500 г фосфор+180г калий + 130г күкірт + 80г  натрий + 80г хлор+ 25г магний + 4г темір+ 0,02йод = (барлығы 13 элемент) және сәл-пәл кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын, 90 микрограмм уран қажет.

«Сандарды сөйлетейік» кезеңі:

110-Д.И.Менделеев кестесінде нені білдіреді?(110 элемент бар)

8-нөмірде қандай элемент орналасқан?(оттегі)

15,998-қанша,бұл қай элемент.(оттегі)

І,ІІ,ІІІ,ІҮ-рим сандары нені білдіреді?(валенттілік)

«Кедергілермен  көтерілу» Мына элементтердің оксидтерінің формуласын құрыңдар.
а) Na;  S(VІ);   Fe(ІІІ);  N(ІІ);  Ca

Ә) Mg;  N(V);    K;  B(ІІІ); Si(ІV)

 Б) S(ІV);  Zn;  N(ІІІ);  H;  P(V)

 В)  Al ;  Cu(ІІ);   Cu(І);   N(І);  Ba;   Cr(VІ)

«Жұмбақ тізбек» Оксидтерді алу реакция теңдеулерін жазып,теңестіріңдер.

P          P 2O5

Al         Al2O3                  

K           K2O                                            

Na         Na2O     

S            SO2

C          CO2  

Реакцияны теңестіріп типін атау.

Ca+P=Ca3P2

CuO+H2=Cu+H2O

Al+O2=Al2O3

Hg=Hg+ O2                                                                                                                                                                                                

SO2+O2=SO3

Al+FeO=Al2O3+Fe
H2O=H2+O2

Ү.Бағалау.

Химия мен медицина дамыған,

Өндірісте химияны таныған

Химиясыз кірмес жердің құнары,

Мұндай ғылым әркез биік тұрады!

Ұлы айқаста жауды жеңіп кеттіңдер,

Бұл жеңіске зор еңбекпен жеттіңдер.

Үлес қосқан талапкерлерге бүгінгі,

Баға қоямын ашып журнал беттерін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Заттардың ауада жануы.»

Сабақтың тақырыбы: Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.Заттардың ауада жануы. Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

аллотропия туралы түсінік бере отырып, озон жөнінде мағлұмат беру;

Дамытушылық:

-оқушылардың таным қызығушылығы мен интеллектуальдық

қабілеттерін ескере отырып, өз бетімен білім алуына дағдыландыру;

Тәрбиелік:

озон қабатының ластануының негізгі көздеріне, бүлінуден қорғау жолдарына көңіл бөле отырып, экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Проблемалық сабақ

Сабақтың әдісі: Көрнекі көрсетулер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, жағдаяттарды шешу.

Көрнекіліктер:Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, плакаттар,тест

Құрал жабдықтар:озон мен оттектің модельдері,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Жаңа ұғымды қалыптастыру.

1.Проблемалық жағдай

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақта мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Бәріңізге жақсы көңіл күй, сәттілік, үлкен табыс және бүгінгі сабағымыз есте қаларлықтай болсын деймін.

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Біз бүгін « Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойынын ойнаймыз.

Ойынның ережесі мынадай.

« Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойыны

Бірнеше оқушы алдын- ала берілген тақырыпқа хабарлама жасайды.Жарысты жүргізуші (мұғалім) немесе арнайы сайланған қазылар алқасы бағалайды.Тек білімі ғана емес дәлелді сөйлей білу шеберлігі де бағаланады.

Яғни үйден интернеттен, кітаптан « Озон.Оттектің аллотропиялық түр өзгерісі.Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы.» жайлы ізденіп оқып,зерттеп хабарлама жасауға тапсырма берілген болатын.Жарысты мен өзім бағалаймын.Ал олай болса

« Шешендер жарысы» оқыта үйрету ойынын бастаймыз.

Озон туралы не білесіңдер? Озон қабаты дегеніміз не?Озонның жердегі тіршілік үшін маңызы қандай.

Құрамы: 1785 ж голланд физигі ван Марум жаңа газды анықтап, оның атын озон деп атаған.Оның формуласы О3 молекуласы үш атомнан тұратын оттектің түрөзгерісі екені мәлім болды.

Ол көкшілдеу түсті, өзіне тән иісі бар (грекше «озо»-иісті) газ. Суда аз ериді, қайнау-112С, балқу температурасы-193С. Оттек газынан 1,5 есе ауыр. Күшті тотықтырғыш, бояғыш заттарды түссіздендіретін қасиеті бар..

Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты.

Озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы.

Атмосферадағы озон қабатының қызметі ерекше, ол күннен келетін ультракүлгін сәулені жұтып, оның күйдіргіш әсерін азайтады. Соның арқасында озон қабаты Жердегі тіршілікті сақтайды.

Озон қабаты -қорғанышымыз

Табиғатта кездесуі.

Озон электр зарядтарының әсерінен табиғатта найзағай ойнағанда және ормандарда қылқанды ағаштардың шайыры тотыққан кезде пайда болады. Сонымен бірге, электр машиналары және кварц лампалары жұмыс істеп тұрғанда, суды электр тогымен айырғанда озонға тән «электр иісі» сезіледі.

Химиялық қасиеттері.Оттекке қарағанда озонның ерекше химиялық белсенділігі байқалады, сондықтан озоны көп ауамен тыныс алуға болмайды.

Қыздырмай-ақ көптеген жай және күрделі заттармен озон реакцияға түседі.

Озон тым белсенді болғандықтан каучукты бүлдіреді, органикалық бояуларды түссіздендіреді. Спиртке озон жанасқанда бірден тұтанып, жана бастайды. Озон күміс, алтын және платина тәрізді металдарды да тотықсыдандырады. Ол күміспен оңай әрекеттесіп, оксид түзеді:

6Ag + O3 = 3Ag2O

Алынуы. Зертханада озонды озонатор дейтін құралдың көмегімен алуға болады. Түтік ішінде газ арқылы электр зарядтары өткенде, оттек газы озонға айналады.

Реакция теңдеуі:

2 у.к.с, эл.зар.→ 2О3

Қолданылуы.Озонның түрлі заттармен қуатты әрекеттесуін пайдаланып, сасық иісті қалдықтарды зарарсыздандырып, сыртқы ортаны ластамайтын заттарға айналдырады.Оны қолдану арқылы ауыз суы мен ағын судағы, бөлме ауасындағы бактерияларды жояды.

ІІІ кезең. Проблеманы тұжырымдау.

Озон тесігі (жыртығы) туралы.

1980 жылғы бақылау көрсеткіші Антарктида аймағында баяу, тұрақты түрде стратосфералық озон концентрациясы төмендеуін байқаған. Бұл құбылысты «озон тесігі» деп атаған (шын мәнінде ондай тесік жоқ), оған мән беріп, зерттей бастайды.

Кейінірек 1990 жылдары осындай төмендеу Арктика төңірегінде басталады.

Сұрақ:

1. Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуына озон қабатының ролі қандай ?

2.Озон қабаты қалай пайда болады ?

3. Неге озон жоғалады ?

4. Озон қалпына келе ме, оның қандай жолдары бар ?

ІҮ кезең. Проблеманы шешу

Озон концентрациясының азаюынан болатын жағдайлар


Адамдар мен жануарлар арасында терінің онкологиялық ауруларының саны артады.

Иммундық жүйе қысымының арту саны көбейеді

Жер бетіндегі өсімдіктердің өсу қарқыны бәсеңдейді.

Өсімдік тағамдарының санының кемуінен, мұхит су асты жануарларының өлімі басталады.

Күн сәулесінің жұтылуынан ең бастысы біздің ғаламшарда жылудың тепе-теңдігі сақталады (қамтамасыз етіледі). Озонның ыдырауы кезінде жылу бөлінеді, ол стратосферадағы температураны көтеріп, жер бетінің көрпесі ретінде қызмет атқарады.

Мәселені шешудегі жаңа жол

Монералдық пртокол 1987 жылы қабылданды, онда қауіпті көміртек, хлор, фтордың қатары анықталды және оларды өндіретін өлкелерде олардың шығарылуын азайту міндеттелді.

Қазір тіпті экологиялық қауіпсіз фреондар және оларды ауыстыратын өнімдер ойлап табылып шығарылуда, сонда да озон қабатына жетуі толық тоқтатылған соң ғана он жылдан кейін ол өзінің қалпына келеді.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

Блиц-сұрақтар

Озон қашан ашылды ?

Озонды кім ашты ?

Озон молекуласында қанша оттек атомы бар ?

Аллотропия дегеніміз не?

Озонның түсі қандай ?

Озонның массасы нешеге тең?

Зертханада озон алатын құрал қалай аталады?

Озон қабаты дегеніміз не ? Ол Жерді неден қорғайды ?

Озонды қайда қолдануға болады ?

Озон қабатына әсер ететін заттар ?

ІҮ.Үй тапсырмасын тексеру.

І. Тест сұрақтары

Оттек неше валентті ?

А). І, Б) ІІ, В) ІІІ

Оттекті ашқан ғалым:

А).Ж.Пруст, Б) Дж. Пристли мен К.Шееле, В)В.М.Ломоносов

Оттектің химиялық таңбасы

А) O2 , Б) О, В) O3

Оттектің атомдық массасы нешеге тең ?

А) 32, Б) 16, В) 8

Оттектің агрегаттық күйі

А) қатты, Б) газ, В) сұйық

«Оттек» латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді ?

А) Оксид тудырушы, Б) Оксигениум қышқыл тудырушы, В) Тотығу

Ауаның құрамында оттек қанша пайыз ?

А) 49,13 %, Б) 21% В) 78 %

Өнеркәсіпте оттекті неден алады ?

А) Судан, Б) Ауадан, В) Химиялық қосылыстардан

Оттекке оксигениум деген ат берген ғалым

А) В.М.Ломоносов, Б) Лавуазье, В) Дж. Пристли мен К.Шееле,

Лабораторияда оттекті қандай заттардан алады ?

А) Ауадан, Б) Химиялық қосылыстардан, В) Судан.

Химиялық диктант( «Менің денем неден құралған?» айтылған элементтердің таңбаларын жаз)

«Адамның денесі мыналардан жасалған» 33кг оттегі+ 9кг көміртек, +5кг сутегі +1,5кг азот+ 800 г кальций + 500 г фосфор+180г калий + 130г күкірт + 80г натрий + 80г хлор+ 25г магний + 4г темір+ 0,02йод = (барлығы 13 элемент) және сәл-пәл кобальт, литий, стронций, алюминий, кремний, қорғасын, 90 микрограмм уран қажет.

«Сандарды сөйлетейік» кезеңі:

110-Д.И.Менделеев кестесінде нені білдіреді?(110 элемент бар)

8-нөмірде қандай элемент орналасқан?(оттегі)

15,998-қанша ,бұл қай элемент.(оттегі)

І,ІІ,ІІІ,ІҮ-рим сандары нені білдіреді?(валенттілік)

«Кедергілермен көтерілу» Мына элементтердің оксидтерінің формуласын құрыңдар.
а) Na; S(VІ); Fe(ІІІ); N(ІІ); Ca

Ә) Mg; N(V); K; B(ІІІ); Si(ІV)

Б) S(ІV); Zn; N(ІІІ); H; P(V)

В) Al ; Cu(ІІ); Cu(І); N(І); Ba; Cr(VІ)

«Жұмбақ тізбек» Оксидтерді алу реакция теңдеулерін жазып,теңестіріңдер.

P P 2O5

Al Al2O3

K K2O

Na Na2O

S SO2

C CO2

Реакцияны теңестіріп типін атау.

Ca+P=Ca3P2

CuO+H2=Cu+H2O

Al+O2=Al2O3

Hg=Hg+ O2

SO2+O2=SO3

Al+FeO=Al2O3+Fe
H2O=H2+O2

Ү.Бағалау.

Химия мен медицина дамыған,

Өндірісте химияны таныған

Химиясыз кірмес жердің құнары,

Мұндай ғылым әркез биік тұрады!

Ұлы айқаста жауды жеңіп кеттіңдер,

Бұл жеңіске зор еңбекпен жеттіңдер.

Үлес қосқан талапкерлерге бүгінгі,

Баға қоямын ашып журнал беттерін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Смайлова Дидар Жомартовна

Дата: 25.02.2017

Номер свидетельства: 395413


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства