kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оттек. Оттекті? таби?атта кездесуі. Оттегіні? физикалы? ?асиеттері, зертханада ж?не ?ндірісте алу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ол затты? иісі де, д?мі де жо?,
Болмаса ол, Жер бетінде ?мірде жо?.
А?ыры жан?ан оты? т?танбайды,
?алады ?арауытып, к?мір боп шо?, - б?л ж?мба? не туралы айтыл?ан?

Д?рыс айтасы?дар: оттегі туралы.  Осы ж?мба?пен келісесі?дер ме? Неге? Осылай оттекке сипаттама бере отырып, б?гінгі саба?ымызды бастаймыз.
 ?мірде ма?ызы бар кейбір заттармен таныстыру оттегімен басталады. Оттегіні о?ып ?йрену ?шін оны ?рі элемент, ?рі жай зат ретінде ?арастыру ?ажет. Химиялы? элемент пен жай ??ымдарыны? арасында айырмашылы? бар екені айтылады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оттек. Оттекті? таби?атта кездесуі. Оттегіні? физикалы? ?асиеттері, зертханада ж?не ?ндірісте алу.»

Күні сыныбы: 8

1 сабақтың тақырыбы: Оттек. Оттектің табиғатта кездесуі. Оттегінің физикалық қасиеттері, зертханада және өндірісте алу.


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық элементпен және жай затпен таныстыруды жоспарлау.Дамытушылық: Өз еріктерімен ізденіп ойларын дамыту. Тәрбиелік: жеке жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар. “Элементтердің табиғатта таралуы”.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, іздену, өз еріктерімен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жаңа сабақты игеру, оқулықпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут (оқушыларды түгендеу, құрал- жабдықтарын тексеру, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін ояту, жауап парағын тарату.)

ІІ. Психологиялық дайындық 1-2 минут

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Фронтальды сұрақтар

ІҮ. Жана сабақ

Мұғалім:

Ол заттың иісі де, дәмі де жоқ,
Болмаса ол, Жер бетінде өмірде жоқ.
Ақыры жанған отың тұтанбайды,
Қалады қарауытып, көмір боп шоқ, - бұл жұмбақ не туралы айтылған?

Дұрыс айтасыңдар: оттегі туралы. Осы жұмбақпен келісесіңдер ме? Неге? Осылай оттекке сипаттама бере отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Өмірде маңызы бар кейбір заттармен таныстыру оттегімен басталады. Оттегіні оқып үйрену үшін оны әрі элемент, әрі жай зат ретінде қарастыру қажет. Химиялық элемент пен жай ұғымдарының арасында айырмашылық бар екені айтылады. Төмендегі берілген жоспарда бұл айырмашылық айқын көрінеді.Әр топка тапсырма беріледі. Оқулықпен жұмыс тақырыпты ашу.

Химиялық элементке сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық таңбасы.

2. Салыстырмалы атомдық массасы.

3. Табиғатта кездесуі.

Жай заттарға сипаттама беру жоспары:

1. Химиялық формуласы.

2.Салыстырмалы молекулалық массасы.

3.Физикалық қасиеті.

4.Химиялық қасиеті.

5.Қолданылуы.

6.Зертханада және өндірісте алу жолдары.

Осы келтірілген жоспарға сүйене отырып, оқушы өздігінен оттегіне сипаттама береді. Ү. Бекіту: 1 тапсырма: Оттектің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы тақырыбына «Сәйкестігін тап» тестін толтыру

  1. Оттектің ПЖ орны 8

  2. САМ 15,9994

  3. Атмосферада оттек бос күйінде 21%

  4. Жер қыртысында 49,13 %

  5. Адам организмінде 65 %

  6. Атом құрылысы 168 О(8p,8n)8ē

  7. Сұйылады -183

  8. Қатады -218

  9. Электрондық конфигурация 1s22s22p4

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік. Неше сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, сонша ұпай өздеріңе жазып қойыңдар. Осы тестке тағы қандай сұрақ қосар едіңдер?

2 -тапсырма: Физикалық қасиеттері. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.

Оттек . . . . . , . . . . . , . . . . . газ. ХҮІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі . . . . . . . . мен швед ғалымы . . . . . . оттекті бос күйінде алды. 00-та және 1 атм. қысымда (101,325 кПа) оның 1 литрінің массасы . . . . , ал ауанікі- 1,29 г тартады. Қалыпты жағыдайда судың 100 көлемінде . . . көлем оттек газы ериді. Оттек . . . . .0С-та сұйылады, . . . .0С-а қатады.

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік. Неше сұраққа дұрыс жауап бердіңдер, сонша ұпай өздеріңе жазып қойыңдар.

3-тапсырма: Оттекті газы үшін қай суреттегі жинау тәсілі дұрыс емес? Себебін түсіндір.


Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік.

4-тапсырма: Оттегін қайда сақтау қажет? Қандай қысымда?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Жазып болсаңдар жауабын тақтаға қарап тексерейік.

5-тапсырма:

Зертханада оттекгі көп мөлшерде қажет болды, қай заттан алар едің? Неге, себебін түсіндір.

  1. KMnO4

  2. KClO3

  3. Fe2O3

  4. H2O

  5. P2O5

ҮІ. Қорытынды Рефлексия

Эмоция

1

2

3

4

5

6

Жұмыс басында







Жұмыс ортасында







Жұмыс соңында








ҮІІ.Үйге тапсырма беру: § 20. 1-7 жаттығулар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Cуюндікова Салтанат Абай?ызы

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306774


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства