kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оттегіні? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Оттегіні? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері

 Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі: Оттегіні? жай зат ретіндегі физикалы? ж?не химиялы?         ?асиеттерімен, жану ?рдісімен танысады; 

 Дамытушылы?ыоттегіні? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттерін ж?йелі т?рде        ?абылдау?а ж?не оны айтып беруге да?дыланады;

Т?рбиелік ?з ойын т?жырымдап, химиялы? реакция те?деулерін ?з беттерімен жазу?а ?йренеді;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оттегіні? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері»


Рахметолла Толқымбекұлы атындағы

орта мектеп атындағы орта мектеп

Химия және биология пәнінің мұғалімі

Қайыркубенова Эльмира Аманғажықызы







Сабақтың тақырыбы: Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оттегінің жай зат ретіндегі физикалық және химиялық қасиеттерімен, жану үрдісімен танысады;

Дамытушылығыоттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін жүйелі түрде қабылдауға және оны айтып беруге дағдыланады;

Тәрбиелік Өз ойын тұжырымдап, химиялық реакция теңдеулерін өз беттерімен жазуға үйренеді;

Тәрбиелігі:химияпәніталапететінұқыптылыққа,төзімділікке,ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту,өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: тақырып бойынша презентация, тәжірибе Барысы:

І. Ұйымдастыру

- сәлемдесу, түгендеу;

- Сынып тазалығына көңіл бөлу;

-Сабақтың ұстанымы,жоспары таныстырылады.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

1.Химиялық элемент дегеніміз не?

2.Оттектің П.Ж. орнына сипаттама бер

3.Оттегі адам организімінде неше % ?

3.Заттардың физикалық қасиеттеріне не жатады?

Жаңа сабақ Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік нөмірі 8, атом массасы 15,999. Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегісіз біз бірнеше минут қана өмір сүре аламыз. Жасушалар мен талшықтар өмір тіршілігіне қажетті өздеріндегі энергияны босата отырып, органикалық заттарды тотықтыру үшін оттегіні пайдаланады. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза талшықтардағы оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.

Физикалық қасиеті: Ол иіссіз,түссіз,дәмсіз газ.Сондықтан оны ауадан ажырату қиын.Тек XVIII ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып,оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді Оттек ауадан сәл ауыр.Оның 1литрінің массасы1,43г ал ауанікі 1,29г тартады. Ол -183°С-та сұйылады, -218°С-та қатады.

Химиялық қасиеті:

Қандай реакцияларды жану реакцияларына жатқызуға болады?

(Реакция кезінде жылу бөліп, жарық шығаратын реакцияларды жану реакциялары деп атайды.)

Көмірдің оттекпен әрекеттесуі.

С+О2→ СО2(көміртек(IV) оксиді немесе көміртек диоксиді)

Күкірттің оттекпен әрекеттесуі.

S+О2→SО2(күкірт (IV) оксиді немесе күкірт диоксиді)

Фосфордың оттекпен әрекеттесуі.

4Р+5О2→2Р2О5(фосфор(V) оксиді немесе дифосфор пентаоксиді)

Металдардың оттекпен әрекеттесуі

3Fe+2О2→Fe3О4 немесе (FeО*Fe2О3)

Мыстың оттекпен қосылыу реакциясының теңдеуі:

Cu + О2→2CuО (мыс (ІІ)оксиді)

Күрделі заттардың оттегінде жануы: 2С2Н2+5О2→4СО2+2Н2О

-Жану өнімдері туралы не айтар едіңдер? (Оксидтер түзілетініне және экология мәселесіне назар аударту)

Заттардың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясы болып табылады.Жылу және жарық бөле жүретін реакциялар жану деп аталады.Оттек қыздырғанда көптеген металл жәнә бейметалдармен шабытты әрекеттесіп,жылу және жарық бөледі.Жай және күрделі заттар жанғанда оксидтер түзілді.


Зертханада

Тұрмыста жиі қолданылатын «марганцовканы» айыру. Ол үшін құрғақ сынауыққа аздаған түйірлерін салып, оның аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып қыздырамыз. Сонда мына реакция жүреді:

2КМnO4→К2МnО4+MnO2 +O2

Бертолле тұзы деп аталатын калий хлоратының КСІО3 ақ ұнтағын сынауыққа салып,реакцияның жүруін тездету үшін марганец(ІV)оксидінің қара түсті ұнтағын өршіткі (катализатор)ретінде пайдалана отырыпқыздырса,оттек газы бөліне бастайды.КСІО3калий хлоратынан оттек толығымен бөлінген кезде,калий хлоридінің ақ ұнтағы мен қара түсті марганец оксидінің қоспасы қалады. Қоспаны суда ерітіп түзілген калий хлоридін сүзіп,бөліп алғанда сүзгі қағаздағы қара ұнтақтың қасиеті де массасы да өзгермейді. Оны қайтадан өршіткі ретінде пайдалануға болады. Калий хлоридінің айырылу реакциясы:

2КСІО3 →2КСІ+3О2

  1. 15-суреттегі көрсетілгендей қондырғы құрастырып,сынауықтың

  2. 3 бөлігіне сары түсті сынап (ІІ)оксидінің ұнтағын салып, аузын

  3. газ өткізетін түтігі бар тығынмен жауып,қатты қыздырады. Нәтижесінде оттек газы бөлініп

  4. шығады. Оны шыра көмегімен анықтайды. Ал сынауықтың түбінде ақшыл,жылтыр сынап тамшылары пайда болады.Реакция теңдеуі:

2НgO→2Hg+O2

Зертханада оттек газын газөлшегіш (газометр) деп аталатын қалың қабырғалы шыны ыдысқа толтырып сақтайды.

Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін, бірақ реакция соңында жұмсалмай қалатын зат өршіткі (катализатор) деп аталады.

Керісінше реакция жылдамдығын баяулататын зат ингибитор (басытқы) деп аталады.

Фотосинтез процесін ашқан 1630жылы орыс ғалымы К.А.Тимириязев.

1.Калий перманганаты КМnO4 құрамындағы оттектің массалық үлесін % табыңдар.

Жауабы: 0,405 (40,5%)

2. 16 грамм оттек алу үшін қажетті калий перманганатының зат мөлшерін және массасын табыңдар.

Жауабы: 158г:,1 моль КМnO4


ІV. Ой толғаныс. Жаттығулар.

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріп, типін ажыратады:

Магнийдің, натрийдің, пропанның, кальцийдің, калийдің, этеннің жану реакциялары.

Қорытынды

Есептер шығару.

Өз салмақтарыңның 65%оттек болса,оның массасы қанша болады? m=(O)=w*m/10065*45/100=29,25 кг

  1. Адам тыныс алғанда 1 минутта орта есеппен 0,5 л оттегін пайдаланса, сендер 6 сағат сабақ оқығанда қанша оттегін пайдаланасыңдар? Сыныптың ауасын тазарту тәсілдерін атаңдар. (180 л).

3.Медициналық оттекті жастықтың көлемі 15 л болады. Егер адам тыныс алғанда минутына оттегінің 1/3 грамын жұмсаса, жастықты қанша минут пайдалануға болады?

m=v*p=15*1,428=21,42;

1 мин – 0,33 г (О2)

х мин – 21,42 г,х=64,26 мин. Жауабы: 64 мин.

Есептер шығару.

  1. Реакция нәтижесінде І нұсқа 16 г магний оксиді, ІІ нұсқа 5,1 г алюминий оксиді, ІІІ нұсқа 8,8 г көміртек (ІІ) оксиді түзілу үшін әр жағдайда оттегінің қандай массасы реакцияға түсу керек?

  2. 2-16. Оттектің қ.ж. тығыздығы 1,428 г/см3.тығыздықты пайдаланып 1 моль оттектің массасын табыңдар.

р=m/v, m=v*р, v=v*vm=1*22,4=22,4 л, m=22,4*1,428=32г

бағалау. (топ басшыларының бағасы мен мұғалімнің бағасынан ортақ баға шығарылады)

бағалау

Үйге: $22, №7 (65 бет), №11, 12 ж.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Оттегіні? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері

Автор: Кайыркубенова Эльмира Амангажиевна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300391


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства