kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оксидтерді? жіктелуі, алу жолдары, химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?ты? та?ырыбы: Оксидтерді? жіктелуі, алу жолдары, химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Оксидтер, оларды? атаулары туралы, алынуы, химиялы? ?асиеттері, ?олданылуы туралы о?ушылар?а тере? білім беру.

Дамытушылы?: О?ушыларды ?зіндік ж?мыс?а да?дыландыру ж?не сараптау, салыстыру ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік:   О?ушыларды? ?зіндік ізденулерін ?йымдастыру ж?не танымды? іс-?рекеттерін жетілдіріп, білімдерін тияна?тап дамыту.

Саба?ты? т?рі: жа?а саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оксидтерді? жіктелуі, алу жолдары, химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы»

Ашық сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары, химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оксидтер, олардың атаулары туралы, алынуы, химиялық қасиеттері, қолданылуы туралы оқушыларға терең білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, салыстыру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өзіндік ізденулерін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімдерін тиянақтап дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Сызбалар, дидактикалық материалдар, Менделеевтің периодтық жүйесі, слайд.

Пәнаралық байланыс: Биология, экология, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

ІV. Бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VІ. Бағалау.


І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп отырғызылады: ч«Негіздер», «Тұздар» және «Қышқылдар».

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

І - Бөлім - «Бой сергіту»

Әр топқа үй тапсырмасы бойынша 5 сұрақ және 1есептен беріледі. Оны талдауға 5 минут беріледі. Үш топтағы есеп үйге, барлық оқушыға берілген есептер.

«Негіздер» тобына.

1. Хлордың периодтық жүйедегі сипаттамасы?

2. Хлор оттекпен тікелей әрекеттесе ме?

3. Хлор жай заттармен қалай әрекеттеседі?

4. Тас тұз дегеніміз не?

5. Бірінші дүниежүзілік соғыста қай ел, қай жылы хлорды тұншықтырғыш улы зат ретінде қолданған?

6. Массасы 43.5г марганец (IV) оксидін концентрлі тұз қышқылымен әрекеттестіргенде, қ.ж-да қанша қөлем хор алуға болатынын есептеңдер.

«Тұздар» тобына

1. Хлор атомында неше протон, нейтрон және электрон бар?

2. Хлор молекуласы қандай байланыс арқылы түзеді?

3. Хлор сумен қалай әрекеттеседі? Не түзіледі, түзілген заттарды ата?

4. Өнеркәсіпте хлорды концентрлі ас тұзының судағы ерітіндісін қалай өндіреді?

5. Тұз қышқылы дегеніміз не?

6. Суда хлорсутекті еріткеннен кейін 15%-дық 100г тұз қышқылы алынса, оған хлордың қанша көлемі (қ.ж) жұмсалған?

«Қышқылдар» тобына

1. Хлор атомының электрондық формуласы?

2. 20 ͦС температурада 1 көлем суда хлордың қандай қөлемі ериді, ол қалай аталады?

3. Хлордың тотығу дәрежелері қандай?

4. Хлордың қолданылуы туралы айтып беріңдер.

5. Ингибитор дегеніміз не?

6. Көлемі 8,96л хлорсутекті (қ.ж) алу үшін реагенттерден қанша көлем алу қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

ІІ - Бөлім. «Қызығушылықты ояту».

а) магнийдің жануын іс жүзінде көрсету.

ә) «Оттегі туралы ертегі» (Ертегіні оқу барысында әр топтан оқушылар кезекпен шығып реакция теңдеулерін жазады).

Оттек көп қабатты үйдің (периодтық жүйе) 2 – қабатында тұрады. Ол бірде өзін сынамақ болып «Мен қандаймын, көршілеріме барсам, мені қалай сыйлар екен?» деп көршілерін араламақ болады. Ол бірінші қабаттағы көршісіне барып, ондағы элементпен қосылып айдын көлге айналады:

2 + О2 = 2Н2О

Тоңып қалған оттек жылыну үшін екінші қабаттағы № 6 пәтердің есігін қағады. Оттек осы пәтердің иесімен қосылып жанып, жарық бөледі:

С + О2 = СО2

Көміртектің үйінен шығып, сол жақ көршісіне соғып кетпекші болады. Осы пәтерге кірген бойда найзағай ойнап, аспан айналып жерге түскендей болады:

N2 + О2 = 2NО – Q

Қатты дауыстан қорқып, үшінші қабатқа шығады. Алдында № 15 пәтердің есігі ашық тұр екен, оттек осында кіреді. Бөлме іші кенеттен жап - жарық болып, ашық жалынмен жанып, бөлме іші ақ түтінге толады:

4Р + 5О2 = 2Р2О5

Бұдан соң оттек №14 пәтерге келіп, екеуі қосылып топырақ пен сазға айналды:

Si + О2 = SiО2

Оттек өзінің осындай қасиетіне маңғаздана түседі. Ол енді металдар орналасқан қабаттарды аралап көрмекші болады. Сырт көзге жанбайтын деп есептелетін заттар да оттекте жанады. Мысалы, бойында мықтылық, беріктік қасиеті бар металл – темір. Ол жалын және түтін шығармай шатырлап жанып, темір қағын түзеді:

3Ғе + 2О2 = Ғе3О4

Оттек осылай бірнеше пәтер иелерімен қосылып, өзінің «оксидтер» деп аталатын қосылыстарының көп екеніне қуанады. Алайда, ол №2, 10, 18 пәтер иелерімен қосылыс түзе алмайтынына қатты өкінді. Галогендермен, криптон, ксенон, алтынмен жанама жолмен әрекеттесіп қосылыстары болатынына риза болды. Оттек өзінің белсенді элемент екенін осылай дәлелдеді.

Негіздік оксидтерге тән химиялық қасиеттер.

1. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп, негіз түзеді:

Na2O + H2O = 2NaOH

CaO + H2O = Ca(OH)2

2. Негіздік оксидтер қышқылдармен тұз және су түзе әрекеттеседі:

MgO + H2SO4 = Mg SO4 + H2O

BaO + 2HCI = BaCI2 + H2O

3. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде тұз түзіледі:

CaO + CO2 = CaCO3

BaO + SiO2 = CaSiO3

Қышқылдық оксидтерге тән химиялық қасиеттер.

1. Қышқылдық оксидтер: CO2, SO2, SO3, P2O5 сумен әрекеттескенде оттекті қышқыл түзіледі:

SO3 + H2O = H2SO4

P2O5+ H2O = 2H3PO4

2. Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп, тұз және су түзіледі:

2NaOH +SO2 = Na2SO4+ H2O

Ca(OH)2 + CO2 = CaCO3+ H2O

3. Қышқылдық оксид пен негіздік оксид өзара әрекеттескенде тұз түзіледі:

SiO2 + CaO = CaSiO3

Оксидтердің қолданылуы (слайда тоқталып кеттім)

ІV. Бекіту.

1. Химиялық реакция теңдеулерін толықтырып аяқтаңдар:

P2O5 + … ® H3PO4

Na2O + … ®NaOH

K2O + … ® KCl + H2O

PH3 + … ®P2O5 + H2O

SO3 + …®Na2SO4 + …

CaO + … ®CaSiO3


2. Мына оксидтерді жіктеп, атын атаңдар: CO2, CuO, SiO2, Mn2O7, Al2O3, ZnO, CaO, SO3 MgO, Cr2O3, BaO, BeO.

3. Мына оксидтерді халықаралық жүйенің екі тәсілі бойынша ата: MnO2, NO2, Cr2O3

V. Үйге тапсырма беру. §44,45. Оксидтердің жіктелуі, алу жолдары, химиялық қасиеттері және қолданылуы.

Есеп: Массасы 30г магний оксидіне SO3 жібергенде түзілетін тұздың массасын есептеңіз.

Бер: m(MgO)=30 г MgO + SO2 = MgSO3

т/к: m(MgSO3)-? M(MgO)= 40г/моль

M(MgSO3)= 104г/моль

 = 

(MgO)=(MgSO3) =0.75 моль 

m( MgSO3)= 0.75 • 104= 78г

VІ. Бағалау.









1.16 г оттек алу үшін қажетті калий перманганатының массасын есептеңдер

2. Массасы 8 г кальций оттекпен әрекеттескенде қанша грамм кальций оксиді түзіледі?


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Оксидтерді? жіктелуі, алу жолдары, химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы

Автор: Сулейменова Фариза Сулейменовна

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328452


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства