М?лдір, т?ссіз, кейде т?рлі т?сті болып келеді. Ш?гінді жыныстар арасында галитті? ?алы? ?абаттары кездеседі. Ол климаты ысты?, ?уа?шылы? айма?тарда?ы су алаптарында кездеседі. Галит(ас т?зы) тама? ?ндірісінде, натрий алу?а, был?ары илеу ісінде ?олданылады.
2.Сильвинит (KCl*NaCl)
Сильвин я?ни калий хлориді мен галиттен т?ратын ш?гінді тау жынысы. ?оспа ретінде карбонаттар, сазды минералдар ??рамында кездеседі. Сильвинит ты?айт?ыш ретінде химия ?нерк?сібінде ?олданылады.
3.Na2CO3
Ол сабын ?айнатуда, мата, тері, шыны, алюминий, д?рі-д?рмек ?ндірісіне ?ажет.
4.KClO3
Сірі?ке шырпыларыны? басында болады. Оны химиялы? ?нерк?сіпте к?шті тоты?тыр?ыш ретінде ?олданады.
5.NaNO3
Натрий селитрасы немесе азот ты?айт?ышы ретінде ?олданады.
6.KMnO4
«Марганцовка» кез келген д?ріханада болады, зертханады оттек алу ?шін ?олданады.
Б.А.Бірімжанов – Негізгі ?ылыми е?бектері таби?и т?здар мен оларды пайдалану жолдарына, ты?айт?ыштар химиясына арнал?ан. Бірімжанов ??рлы?ты? т?з т?зілу теориясын, ?аратау ж?не А?т?бе фосфориттерінен концентрленген ты?айт?ыш алуды? технология схемасын, фосфор ж?не бор ?ыш?ылдарын тазарту жолдарын ?сын?ан; к?рделі т?здарды синтездеу, мирабилитті «к?н ?азанында» тенардиттеу,
Na2SO4*10H2O→Na2SO4+10H2O
шахта пешінде к?кіртті натрий ?ндіруді? ?здіксіз т?сілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-?дісі анализін ?ндіріске енгізді. Ленин орденімен, Халы?тар досты?ы, «??рмет Белгісі» ордендерімен ж?не медальдармен марапаттал?ан.
Просмотр содержимого документа
«“Натрий ж?не калий, оларды? ?осылыстары ” »
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Қызылтөбе лицейі
Ашық сабақ
Тақырыбы: “Натрий және калий, олардың
қосылыстары ”
Химия пәні мұғалімі: Ізбасханова Б.Қ.
2014-2015 оқу жылы
Пәні: Химия (10 сынып)
Күні: 05.02.2015
Сабақтың тақырыбы: §5.2. §5.3 «Натрий және калий, олардың қосылыстары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға натрий және калий металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары, қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру. Тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау
Дамытушылық: Ой - өрісін жаңа технология элементтерін қолдана отырып кеңейту, логикалық ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың білімін жетілдіру және белсенділігін, қызығушылығын ояту, еңбекті бағалай білуге, сүйіспеншілікке, оқушының шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
1. Сәлемдесу. Сыныпты топқа бөлу.(Элементтерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді)
2. Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру
3.Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды дайындау.
II. Үй тапсырмасын еске түсіру.
Тест тапсырмалары
1.IА топтың негізгі топшасында орналасқан металдардың тотығу дәрежесі нешеге тең
А. +1 Б. +2 С. 0
2.Литийден цезийге дейін топ бойынша металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті...
А. Өзгермейді Б.Кемиді С.Артады.
3.Латынның «калькис» деген сөзінен шыққан металды атаңдар
А.Натрий Б. Кальций С. Литий
4.Арабтың «сода», «натрон» сөздерінен шыққан элемент атауы
А.Калий Б.Литий С.Натрий
5. Франций элементін анықтаған химик?
А.Г.Дэви Б.М.Пере С.Д.Менделеев
6.Сілтілік металдардың физикалық қасиеті
А.Күмістей ақ. қатты Б.Күмістей ақ,жұмсақ С.Түссіз,қатты
III.Мағынаны ашу.
Жаңа сөздер
1.Галит (NaCl)
Мөлдір, түссіз, кейде түрлі түсті болып келеді. Шөгінді жыныстар арасында галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында кездеседі. Галит(ас тұзы) тамақ өндірісінде, натрий алуға, былғары илеу ісінде қолданылады.
2.Сильвинит (KCl*NaCl)
Сильвин яғни калий хлориді мен галиттен тұратын шөгінді тау жынысы. Қоспа ретінде карбонаттар, сазды минералдар құрамында кездеседі. Сильвинит тыңайтқыш ретінде химия өнеркәсібінде қолданылады.
3.Na2CO3
Ол сабын қайнатуда, мата, тері, шыны, алюминий, дәрі-дәрмек өндірісіне қажет.
4.KClO3
Сіріңке шырпыларының басында болады. Оны химиялық өнеркәсіпте күшті тотықтырғыш ретінде қолданады.
5.NaNO3
Натрий селитрасы немесе азот тыңайтқышы ретінде қолданады.
6.KMnO4
«Марганцовка» кез келген дәріханада болады, зертханады оттек алу үшін қолданады.
Б.А.Бірімжанов – Негізгі ғылыми еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Бірімжанов құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау және Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технология схемасын, фосфор және бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу,
Na2SO4*10H2O→Na2SO4+10H2O
шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тәсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-әдісі анализін өндіріске енгізді. Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
IV.Венн диаграммасы (атом құрылысы және физикалық қасиеттері)
Натрий Ұқсастығы Калий
V. Ой толғаныс
Кестемен жұмыс
Сілтілік металдар
Химиялық қасиеті
Өнеркәсіпте алынуы
Қолданылуы.
Натрий
Калий
VI. Есептер сыры.(Әр топтан бір оқушы шығарады)
1 – топқа есеп.
Төмендегі айналуларды жүзегі асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Na→NaH→NaOH→NaCl
2 – топқа есеп.
Калий хлоридінің балқымасын электролиздегенде анодта қ.ж 2,24 л хлор бөлінді. Реакцияға түскен тұздың массасын есептеңдер?
3 – топқа есеп.
№1. Массасы 8,54 г литий хлоридінен алынған литийді сумен әрекеттестіргенде 4,48л сутек алынған болса, бұл теориялық мүмкіндікпен салыстарғанда неше пайызды құрайды?
VII.Семантикалық карта
Сипаттамалар
Натрий
Калий
1.Ауада тез тотығады, сол себепті керосин астында сақтайды.
2.Жалынға сары түс береді.
3.Жалынға күлгін түс береді.
4. «Натрон», «сода», «сілті» деген араб сөздерінен шыққан
5. Галит тұзының құрамында болады.
6. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады