kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Натрий, калий ж?не оларды? ?осылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:  Білімділік: периодты? ж?йені? за?дылы?тарынан, атом ??рылысы мен металдарды? жалпы ?асиеттері ж?не s-элементтер туралы білімдеріне с?йене отырып, о?ушыларды натрий ж?не калийді? ?зіне т?н ?асиеттерімен таныстыру. О?ушыларды натрий ж?не калий ?осылыстарыны? ?олданылуымен, оларды? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызымен таныстыру ар?ылы білім мен да?дысын бір ж?йеге келтіру.

Дамытушылы?: 8 сыныпта сілтілік металдар туралы ал?ан білімдерін ке?ейтіп, интерактивті ?діс-т?сілдер ар?ылы о?ушыларды? ?зара белсенділігін, ой-?рісін, зейінін дамыту.

Т?рбиелік: о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін жетілдіру, есте са?тау ?асиеттерін дамыту, топпен ж?мыс істеуге т?рбиелеу. Білімін ?олма ?ол к?рсете алу ?асиеттерін ашу. Экологиялы? т?рбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Натрий, калий ж?не оларды? ?осылыстары »

Сабақтың тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.

Дамытушылық: 8 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Білімін қолма қол көрсете алу қасиеттерін ашу. Экологиялық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, экология.

Сабақтың түрі: проект сабағы

Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызба, ватман, маркер.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий хлориді (құрғақ, ерітіндісі), натрий, фенолфталейн, колба, сынауықтар, спирт шамы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру (сыныпты 4 топқа бөледі)

ІІ. Ой шақыру:

Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:

Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?

Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.

ІІІ. Жаңа сабақ.



- натрий және калий, олардың қосылыстары туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптарын тақтаға жазады)

Тапсырма № 1. осы екі металдарға тақтадағы үлгіні пайдаланып, жарнама жасаңдар. Натрий мен калийдің қаситеттерін тақтаға және дәптерге жазады.

Тапсырма № 2. «Натрий, калий» тақырыбына үлгі бойынша класстер жасауды ұсынады.

1. Химиялық элемент ретінде сипаттау: ПЖ-гі орны, атом құрылысы, табиғатта кездесуі.

Табиғатта калий, натрий қосылыстар түрінде кездеседі. Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады. Картадан Қазақстандағы тұзды көлдерді көрсетеді. Арал теңізінің экологиялық проблемасын талқылау.

2. Жай зат ретінде сипаттау. Ашылу тарихы: 1807 ж ағылшын ғалымы Г.Дэви калий мен натрийді олардың қосылыстарынан электролиз арқылы алған.

Физикалық қасиеті: видео көрсету.

Химиялық қасиеті: (реакция теңдеулерін тақтаға жазады).

Қолданылуы:

Тапсырма № 3. Тәжірибе орындау: Ас тұзының сапалық құрамын анықтау.

IV. Бекіту.

Кластерге қайта оралып, бұрыннан білген және осы сабақтан білген компоненттерді көрсетеді. Бүгінгі сабақтан не білдім? Бүгінгі сабақтан алған білімімді келешекте қайда қолдана аламын? Топтар класстерлерін қорғайды.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: § 6.3-6.4. 158 бет – 5, 7 жаттығулар. Сабақта жасаған класстерлерді қосымша әдебиеттер арқылы толықтырып, компьютерлік дизайнмен көркемдеп жасап әкелу.



















2. Сәбіз түрлері, емдік қасиеті

3. Орамжапырақ түрлері, емдік қасиеті

4. Картоптың сипаттамасы, емдік қасиеті

5. Сәбізді қалай өсіру керек?

6. Орамжапырақты қалай өсіру керек?

7. Картопты қалай күту керек?

8. Нитраттар, құрамы, мөлшері, пайдасы.

9. Азық – түлік құрамындағы нитраттар.

10. Бета-каротиннің маңызы.

11. Лабораториялық тәжірибелер:

1. Сәбіз құрамындағы каротин мөлшерін анықтау;

2. Сәбіз құрамындағы нитраттардың мөлшері.

12. Қорытынды.

1. Кіріспе

Адам баласы тіршілік етуінің алғашқы күнінен бастап-ақ өзіне қажеттігінің бәрін қоршаған орта – табиғаттан алып келеді.Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды.Адам табиғаттың бір бөлігі. Адам қоғамның дами бастаған кезеңінде табиғат алдында зор тәуелділікте болды.Ол климатқа да, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тәуелді еді. Ал табиғат дегеніміз – өзара байланысты құбылыстардың бірыңғай, өте күрделі комплексі.Табиғат дегенде біздің көз алдымызға жер, орман, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер беті, сондай-ақ, әлем кеңістігі жөніндегі түсініктер келеді.Табиғаттың барлық құрамды бөліктері, яғни, элементтері қоршаған ортаны құрайды. Қоршаған орта табиғаттың басты элементтері-топырақ, су, өсімдіктер әлемі өзінше күрделі сурет, олардың әрқайсысының да адам өміріндегі маңызы зор. Адам да табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, табиғи ресурстарсыз өмір сүре алмайды.Табиғат пен адамның өзара қарым-қатынасы барған сайын кең көлем алып келеді. Біртіндеп табиғатты меңгеру,оның көптеген сырларын ұғыну нәтижесінде адам оның көптеген қиыншылықтарын жеңе алатын дәрежеге жетті.Табиғат және адам деген ұғым бүгін де бір-бірімен ажырамастай мағынаға ие болған. Оның маңызы адамның бар қажетін табиғаттан алуынан ғана емес, сондай-ақ, адам да табиғаттың бір буыны болып есептелетіндігінен арта түседі.

Біздің ғасыр ғылыми-техникалық прогрестің барынша дамып, өркендеген ғасыры. Адам баласы жайлы айтсақ үй, сәулетті қалалар тұрғызып, жылы киімдер тігу арқылы суықтан сақтанса, техниканың, тыңайтқыштар мен жасанды жарық, гидропониканың жәрдемімен өсімдіктерді қолдан өсіре алатын болды, жануарларды қолға үйретті.

Қазіргі кезде экологиялық жағдай үлкен проблемаға айналып отыр. Ауаның ластануы ең алдымен сол жерде өсетін жеміс – жидектерге, оның құрамына әсер етеді. Ауылшаруашылық өнімдерін біз күнделікті тамаққа пайдаланамыз, ал оның сапалық құрамы қандай деген сұрақ барлығымызды да ойландырады. Міне, осыдан барып менің ғылыми жобамның қажеттілігі туындайды. Осы қажеттіліктерді өтеу үшін мен мынадай мақсат қойдым: өз ауылым,Катонқарағайда, өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары, сәбіз, орамжапырақ құрамындағы нитраттардың мөлшерін, сәбіз құрамындағы ең басты зат – каротиннің мөлшерін анықтау. Ауылшаруашылық өнімдері: сәбіз, картоп, орамжапырақты мектеп алдындағы үлескіде өзіміз көктем айларында сеуіп, жаз бойы күтіп енді міне, оның құрамын зерттеп отырмыз.

2. Сәбіз түрлері, емдік қасиеті

Халқымызда табиғат байлығы жер, су, орман, көл, өсімдіктер болып келеді. Осылардың әр біреуіне жеке тоқталайын. Ең алдымен, жер.

Планетамыздағы байлық атаулының ең маныздысы да, құдіреттісі де жер. Оның бетіндегі бүкіл тіршілік жерден қуат, нәр алады. Ендеше жер – тіршіліктің бастауы. Халықымыздың «Байлықтың атасы – еңбек, анасы-жер» деген ұлағатты сөзі орынды айтылған. Адамдар жердің бергенін даяр күйінде пайдаланып қана қоймай, тарихи даму прцесінде, оны өзіде өндеп, игере бастады. Адамның жер өңдеп, егіншілікпен айналысқанына сан мыңдаған жылдар өтті. Біз егіншіліктің қалай басталғанын тарихи деректер бойынша білеміз. Адамның егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастауы оған жерді ұқыпты өңдеп, күтуде ілгері қарай қадам жасауына мүмкіндік береді.

Біздің отанымыздың жалпы территориясы 2,2 милиард гектар болса, оның 605 миллион гектардан астамы ауыл шаруашылыққа бөлінген, ал бұл мөлшердің 226 миллион гектардан астамы – жыртылатын жер болып табылады. Қазақстанда 35 миллион гектардай жыртылған құнарлы жер, 187 миллион гектардай шабындық пен жайылымдық жер бар.

Көптеген авторлардың болжауы бойынша егіншілік біздің эрамызға дейінгі 5 ғасыр шамасында Таяу Шығыста, Месопатамияның құнарлы аймақтарында пайда болған. Одан әрі ол жергілікті жағдайға сәйкес әр түрлі өзгерістерге ұшырай отырып, Жерорта теңізі жағалауларымен Европаға тарады. Осы кезде егін егу үшін, астық салу үшін, көкөніс салу үшін топырақ қандай болуы керек? –деген сұрақ туындайды. Мен сол сұраққа жауап іздеп көрсем.

Топырақ адам жасаған барлық өндіріс құрал-жабдықтары сияқты, қаншалықты жасанды болса, соншалықты табиғи нәрсе. Шығыс Қазақстан облысының топырағы-10 миллион гектардай жерді алып жатыр. Өсімдігі мен топырағының орналасуы Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтай жоталарының таулы рельефінің қиын жағдайына байланысты тік аймақтық заңдылыққа бағынады. Топырақ құнарлығы жер бетінің әр аймағында әр түрлі болады. Ол жердің табиғи ерекшеліктеріне, жауын-шашынға, топырақтағы ылғал мөлшеріне тікелей байланысты.



Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі ауыл шаруашылығына қолдау көрсету үшін жан-жақты шаралар қолданды. Солардың бірі көктемгі-егіс және орақ жұмыстарын жүргізуге қажетті ЖЖМ бағасын және басқа тауарлы-материалдық құндылықтарды арзандату үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жәрдемақы бөлу.Н.Назарбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеуге, агрардық секторды технологиялық тұрғыдан отырған тұста тамшылатып суару әдісін өндіріске кеңінен енгізу бүгінгі өмір талабы. Оның үстіне жыл өткен сайын ағын судың тапшылығы өткір сезіліп келеді. Жалпы су туралы айтсақ, су -тіршілік белгісі. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл да, бағалы зат – судың қатысуымен орындалады. Су барлық тірі организмдердің құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі процеске қатысады.Тіпті, тіршіліктің өзі алғаш суда пайда болып дамығандығы белгілі. Адам баласы ертеден суды аса бағалап, оның бастауын таза ұстап, бұлақ, қайнар көздерін тазартып отырған. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болып, одан әрі дамыуында біз өзімізді суға қарыздармыз деп санаймыз. Су – дегеніміз тіршілік, тіршілік дегеніміз – су десек артық айтпаған болар едік, өйткені алғашқы тіршіліктің өзі суда пайда болған ғой.

Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен транспорттың барынша өркендеуі, қазіргі адам тұрмысына судың қай кездегіден болса да көп пайдалануы, жер бетіндегі бар байлықтың аса маңызды түрі – суды тиімді пайдалану, су көздерін таза ұстау, олардың ластануына жол бермеу – бүгінгі күннің негізгі проблемаларының бірі болып келеді.

Катон-қарағайдың ауа райына келетін болсақ, Катон-қарағайдың климаты қоңыржай – континентті. Желі- оңтүстік-шығыс жел. Жауын-шашын мөлшері 300-400мм болады. Жаздағы орташа температура +190С, қыста орташа температура-190С. Таулы жер болғандықтан, жазы қоңыр-салқын ең жоғарғы температура+300С, қыста ең төменгі температура -300С.

Катон-қарағайда ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген түрлері өседі. Картоп, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, қызанақ, және т.б. Солардың ішінен картоп, сәбіз, орамжапырақ үшеуін қарастырсам деймін.

Адамзат сәбізді ерте заманнан бері күшті емдік дәрі ретінде жоғары бағалап, әуелі дәрі-дәрмек, содан соң тағамдық өсімдік ретінде егіп өсірген. Ақ сары екпе сортының шыққан жері – Жерорта теңізі.Тамыр жемісіне тән нәрсе, оларда каротин және басқа;С витамині, В, РР, К, Е витамин топтары өте көп. Түсінің боялу қалыңдығы каротин пигментіне байланысты. Сәбізде кальций, темір, фосфор, йод, минералдық тұздар да бар, салыстырмалы жағынан көміртегі клетчатканың ішкі затынан алғанда 9-10 пайыз мол. Витаминдердің едәуір бөлігі тамыржемістің сыртқы қабатында жинақталған.

Сәбіз – балдыркөк тұқымдас екі жылдық өсімдік, бірінші жылы жапырақтар қалыптасып және формасы ұршық тәріздес, конус пішінді, дөңгелектеу мен түсі әртүрлі тамыржемісін түзейді. Екінші жылы қатты тілік телген жапырақтармен қоршалған гүл шоғыр бар сабақ қалыптасады.Суыққа айтарлықтай төзімді және қуаңшылыққа да біршама шыдайды. Топырақтың жеңіл, гумусқа бай, құмдақ болғаны жөн. Топырақ үнемі дымқыл болуы керек, ал құрғақ болса, тамыржемісі ағаштанып, дәмі қышқылдана бастайды. Сәбіз себер алдында топырақты мұқият өңдеуді қажет етеді.Сәбіз сорттары пісу уақыттарымен тамыржемістерінің өнімділігіне, дәмділігіне қарап сапалылығы ажыратылады. Вегативтік даму кезінде 75-150 күнде өнімі жиналады. Сәбіз сорттарын айтсақ олар мынадай:

1.Нантская 4 – Верхне-Хавсидегі овощ өсіретін тәжірибе станциясы шығарған.Алғашқы жаппай көктеуі мен толық жетілуінің арасы 100-120 күн, жапырақ дегелегі ұсақ, тік өседі. Тамыр жемісі цилиндр тәрізді, ал ұш жағы жұмырланып біткен, ұзындығы 10-15 см, тамыржемісінің сырты тегіс, қызғылт сары, дегустациялық бағасы 4,5 балл. Бұл сорт та асханаға пайдаланылады, ерте көктемде және күзде себуге жарамды. Егістік жерге көктеп шыққасын, 60-65 күннен кейін тамыр жемісін пайдалануға жарамды. Тамыржемісінің құрамындағы сүрегі 25-40 пайыз болады. Тамыр жемісін екінші жылы егіп, тұқымы алынады. Сұр түсті, ұзынша майда түктері болады. Тұқымы топырақ немесе суға салғанда15-21 сағатта бөртіп, ісінеді. Тамыр жеміс өнімінің орташа түсімі 1 гектар жерден 250-280 центнер болады.

2. Шантанэ 2461 – Батыс Сібірдің овощ өсіретін тәжірибе станциясы шығарған. Алғашқы жаппай көктеуі мен толық пісіп жетілуінің арасы 72-121 күн. Жапырақ дегелегі тік өседі. Тамыр жемісінің формасы қиық, конус тәрізді, түсі қызғылт сары, беті тегіс, гүлі көбіне қысыңқы, орташа салмағы 75,3 грамм. Жеміс еті көбіне қызғылт сары, өзегінің мөлшері едәуір, қызғылт сары кейде ашық қызғылт сары және сары түсті, формасы домалақ болғанымен кедір-бұдыр келген, дегустациялық бағасы 3,9 балл. Гектар сайын орташа түсімі 318 центнер. Қазақстанның барлық облысында аудандастырылған.

3. Орамжапырақ түрлері, емдік қасиеті

Орамжапырақ – қуатты, жақсы тарамдалған тамыр жүйесі бар екі жылдық өсімдік. Жапырақтары ірі, етті қаудан қалыптайды. Орамжапырақ деген ат үлкен ірі қаудандардың түрімен байланысты. Орамжапырақ суыққа төзімді. Дәндері 2-30С көктей бастайды. Орамжапырақтан ерте өнім алу үшін көшет өсіреді, яғни ашық жердегі топыраққа отырғызудан 40-50 тәулік бұрын парниктерде, теплицаларда немесе үйдегі топырақ салынған жәшіктерде тұқым сеуіп өсіреді. Сәуір айының бірінші – екінші он күндігінде ашық жерге отырғызуға болады. Күзде бақшадан ашық жарық жер тандап алып, орамжапырақ үшін көшеттік орын белгіленген жөн. Қазан айының ортасында полиэтилен пленкасын жайып, оған шым мен шірінді қоспасын төгеді де, қысқа қалдырады. Көктемде, сәуір айының ортасында тұқым себуге болады, абзалында кеш пісетін сортын сепкен жақсы. Содан соң көшетті жүйекшеге көшіріп отырғызады. Орамжапырақ ауаның қысқа мерзімдік салқындауына төзеді. Орамжапырақ жарық сүйгіш өсімдік, сондықтан оны ашық учаскіде орналастыру керек. Салқын және жауынды жаз орамжапырақтың кезі дегенді айтады, бірақ ылғал тым мол болса, қаудандардың өсуі кешеуілдейді және олар ауруға шалдығуға бейім келеді. Орамжапырақ топырақтан көп мөлшерде қоректік заттарды бойына сіңіреді, сондықтан жердің жақсы тыңайтылғанын қажет етеді. Орамжапырақ тамырларына оттегі мен ауаны мейлінше көп беру үшін орамжапырақ жүйектерін мүмкіндігінше жиі қопсытып отыру керек. Қопсытқан кезде, төменгі көк жапырақтарын қырықпау керек, өйткені солар арқылы өсімдік ауадан қорек алады. Өнім жинағанда қаудандарын кеспей, қазып алған жөн. Қаудан тамырларымен жақсы сақталады. Капустаның өзектері мен тамырларын қалдыруға болмайды, оларды мұқият жинап алу қажет. Егер тамырда буылдықтар немесе қисаюлар көрінсе, тамырларын және орамжапырақтың бүкіл қалдығын өртеп жіберу керек. Аяз соққан орамжапырақты кесіп алуға асықпау керек, өйткені қаудан тамырларында тұрып жібиді де қайтадан балауса қалпына түседі. Тұздау үшін сәл аяз соққан қаудандарды алған жөн. Орамжапырақтың сан алуан түрлері бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары болады.

Ақбасты орамжапырақ – біздің елде ең көп таралған түрлерінің бірі. Мұның бір – бірінен тез пісетіндігімен, сақталғыштығымен өзгешеленетін әр түрлі соттары көп. Өсімдіктің қауданға айналатын көпсіп өскен жабық төбе бүршігі бар. Ақбас орамжапырақтың ерте пісетін сорттарын –Июньская, Скороспелая, Номер первый Грибовский 147 – жазда пайдалану үшін өсіреді. Орташа мерзімде пісетіндерін – Слава1305, Слава, Грибовская 231 – жаз – күз кезінде, ал кеш пісетін сорттарын -Зимовка1474, Бирючекутская 138 негізінен қыста ұзақ сақтау үшін және ұқсату үшін өсіреді.

Орамжапырақтың да көптеген түрлері бар. Брюссель орамжапырағы, Кольраби орамжапырағы, Түсті орамжапырақ, Броккали орамжапырағы, Қызылбасты орамжапырақ, Савой орамжапырағы, Пекин және Қытай деген түрлері бар.

4. Картоптың сипаттамасы, емдік қасиеті

Картоптың шыққан жері – Оңтүстік Америка, ал Россияға таралуы Петрдің есіміне байланысты. Ол оны Роттердамнан әкеліп, барлық облыстарға таратуға нұсқау берді, бірақ тұрмысқа аса қиындықпен енді, 18 ғасырдың екінші жартысында кеңінен өсіріле бастады. Өзінің жақында ғана тіркелгеніне қарамастан, картоп бағалы түйнекті өсімдік ретінде даңққа тез ие болды.

Картоп-алқа тұқымдас, түйнекті өсімдік. Түйнектеніп, түйнек бөлектерінен, негізінен – түйнектің бетіндегі өнік-көзшелерден өніп өседі. Картоптың бірқатар сорттары дән береді, олар шар тәріздес жидекшелерде орналасады. Дән арқылы өсіру жаңа сорттар шығару үстінде селекцияда, сондай-ақ тұқымдық материалдарды жөндеу мақсатында қолданады. Дән арқылы өскенде картоп көптеген бүйір тармақтары бар басты тамыр түзейді, ал түйнектеніп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана қалыптасады. Көп сорттары нашар гүлдейді, қала берді гүлдегенде көбіне тозаң түзелмейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек. Топырақтың ішкі қабатындағы сабақтын төменгі жағында жапырақ қойнынан жіңішке бүйір сабақ – бұтақшалар – жылан бұтақтар өнеді. Әрбір сабақ 4-8 жылан бұтақтар түзейді. Жылан бұтақтардың мықтап жуандаған жоғары бөлігі түйнек деп аталады. Ол жапырақтар өндеп шығарған заттар қорын жинайтын орган қызметін атқарады. Түйнектердің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабағы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады. Түйнекте спиральданып көзшелер орналасқан, олардың әрқайсысында 3-4 бұйыққан қойын бүршіктер бар.

Картоп-160С – 170С жақсы өседі, түйнектері қалыптасады. Ал топырақ пен ауаның тампературасы жоғары болса, өнім шұғыл кемиді. Жоғары температура ұзақ шарпыса, картоп өспейді, түйнектер құралуын тоқтатады, олар сақтанып, азғындайды. Картоптың кеш пісетін түйнек құрау үшін, ерте пісетіндерге қарағанда, жылыны көбірек қажет етеді, сондықтан ерте пісетін сорттары кеш пісетіндергу қарағанда, тезірек азғындайды. Температураның төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Мысалы, топырақ температурасы 180С болса, 13 тәуліктен кейін көктейді, 110С – 120 С – де 23 тәулікте көктейді, ал 2-40С шамасында түйнектер шіри бастайды. -10 С-та картоптың көктері үсиді.Картоптың суыққа төзімділігін калий тыңайтқышын енгізіп қана көтеруге болады. Картоптың дәмі оның түйнектеріндегі гликоалкалоид соланинге байланысты болады. Картопты жарықта сақтағанда түйнектері көгереді де ондағы соланиннің мөлшері 5-10 есе көбейеді.Өнімді тез алу үшін түйнектерді тіледі, жылытады, көктетеді, тыңайтқыш ертінді де өсу стимуляторларын жібітеді. Жылыту 16-200С – де бүршіктер көктеп шыққанға дейін 7-10 тәулік бойы жүргізіледі. Жарық үйде 12-150С – да ауаның дымқылдығын 70-80 пайыз етіп, 20-25 тәулік бойы көктетеді. Осы мерзім ішінде түйнектердің биіктігі 0,5 – 1,5 см жетеді. Көптеген түйнектер 7-10 тәулікте өнеді, ал көктетпесе -15-20 тәулікте өнген болар еді. Түйнектерді тыңайтқыш ертінділермен өндеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын тыңайтқыш ертінділермен өндейді.Тыңайтқыштар:аммиак селитрасы 4, суперфосфат 6, хлорлы калий 4, оларға микротыңайтқыштарды бор, кобальт, марганец 0,01-0,05 пайыз ертінділер қосады.

Отырғызуға ең қолайлы түйнек -45-120 грамм.Тым ірі түйнектерді отырғызудың қажеті жоқ, өйткені отырғызатын материалдар едәуір көбейген кезде, өнім айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10см тереңдікте 7-80С дейін қызған кезде отырғызады. Отырғызу мерзімі кешеуілдесе, картоптың өнімі кемиді.

5. Сәбізді қалай өсіру керек?

Сәбіздің тамыр жемісі егістік жердегі топырақ жылылығы 6-100С болғанда егіледі. Сәбіздің тұқымы егістік жерге себілгенде тереңдігі 2-2,5см болуы тиіс, үстіңгі беті 1-2см қалыңдықта жабылады. Механизмен еккенде көшет отырғызатын машинаны пайдаланып себеміз. Себіліп болғасын егістік жердің беті тегістеліп катокталады.Сепкенде қатар аралығы 70 см, арам шөп көп шығатын жерде ленталы әдіс бойынша егіледі. Оның өсу схемасы -90+50 механизммен де себуге болады. Бір тамыр жеміспен екінші тамыр жемістің аралығы 20-35 см, бір гектар жерге 40-75 мың тамыр жеміс егіледі.

Тұқымдыққа себілетін сәбіздердің біреуінің тамыр жемісі салмағы -80-120 грамм. Кейбір тұқым шаруашылығымен шұғылданатын мекемелер, тұқым алуға сепкенде ірісі мен майдасын араластырып сеуіп, тұқым өнімін кем алады. Тамыр жемісті сақтауға қоятын кезде іріктеп, жарамдыларын сақтауға болады. Егістік жерге тамыр жемістері тегіс көктеп шыққасын,бірнеше рет үстеп қоректендіреміз. Бір гектар жерге 1-1,5ц аммиак селитрасы және суперфосфат беруге болады. Екінші үстеп қоректендіру тегіс гүлденгенде, фосфор мен калийлі тыңайтқыштары көбірек керек етеді. Бұл кезде 1,5-2ц суперфосфат,1-1,5ц хлорлы калий беріледі. Бұған қоса 30-50 кг гектар сайын бор магнитін пайдаланамыз. Бұл берілген тыңайтқыштар тегіс дәндеп, тұқымының бірдей толық дамып пісуіне көмектесуі жергілікті тыңайтқыштың сұйық ерітіндісі де пайдалы. Олар микробиологиялық процестерді күшейтеді де тамыр арқылы қоректік заттың сіңуін көбейтеді. Сәбізді суарғанда бір гектар жерге 2-4 тонна жергілікті тыңайтқышты сумен ағызып береміз.

6. Орамжапырақты қалай өсіру керек?

Қараша мен қаңтар арасында жас орамжапырақ алу үшін оны сақтау орындары да, парниктерде нежылытылатын теплицаларда өсіріп жетілдіреді. Жай орамжапырақ отырғызғанда арасы 70-80см болуы керек.Көшет өсіру үшін тұқымды маусым айының аяғында себеді, көшетті егістікке шілденің орта шеніңде тігеді, өсімдікті қазан айының ортасында жинайды. Өсіріп жетілдіру үшін қауданның диаметрі 3-5см, жапырақтары зақымдалмаған өсімдіктерді алады, оларды қазып алып, теплицаларға, тазартылған парниктерге ауыстырады да тереңдігі 12-15 см, мол су құйылған топтарға 1м2-35-40 өсімдіктен келтіріп тігеді. Өсімдіктерді қара пленкамен не қара қағазбен жабады. Өсіріп жетілдіру кезінде температура 1-50С ауаның ылғалдығы шамамен 85-90 пайыз болу керек. Осындай жағдайда заттар жапырақтарға, тамырларға, орамжапырақ өзегі қауданшаларға ауысады, ал қауданшалар өсе келе көлемі13 – 15см, салмағы 500-600 граммға жетеді. Орамжапырақты жертөледе не сақтау орындарында өсіріп жетілдіру кезінде, өсімдіктерді байлап тамырларын жоғары қаратып керілген сымға не білте тақтайшаға іліп қояды. Бастары қалыпталғаннан кейін -0-10С – та 2-3 ай сақтауға болады.

7. Картопты қалай күту керек?

Картопты ылғалды ұнатады, отап отырады, 2-3рет түптейді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса жапырақ-сабақтар мен түйнектердің өсуі тоқталады, сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ ылғалды болуы керек. Бірақ ылғалдың көп болуы тамырларды оттекпен қоректендіруді нашарлатады, жапырақ-сабақтардың өсіуін күшейтіп, түйнектрдің шіруін тездетеді, өнімді азайтады. Артық ылғалдықты кеміту үшін мол етіп түптейді. Оның үстіне, түптеген кезде өсімдікті қоректік заттар мен және сумен жабдықтайтын қосымша тамырлар қалыптасады. Түйнектердің пісіп жетілуін тездету үшін түптеудің алдында фосфор және калий тыңайтқышын енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн. Картопты құмдақ жерде өсірген жақсы. Картоп тыңайтқыштарды өте қажет етеді, шіріңді, сондай-ақ орамжапырақ пен қияр егілген жерге отырғызған жөн. Біздің елде картоптың 110 сортын өсіреді, олар вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты, шартты түрде бірнеше сорттарға бөлінеді. Ерте пісетіндер көктеп шыққаннан товарлы түйнектер құралғанға дейін 40 тәулік, орташа ерте пісетіндер-70-75 тәулік, орташа кем пісетіндер -90-120 тәулік. Ерте және орташа мерзімде пісетіндер тағамдық сорттарға жатады. Бұлардың түйнектер құрауы көктеп шыққаннан кейін 20-22 тәулікте басталады.

Капуста,сәбіз,картоптың адам өмірне қандай пайдасы бар сол туралы да айтсам деймін. Сәбіз-гипо және авитаминозда, қан азайғанда поливитаминдік және жалпы қуат беретін бағалы дәру. Піскен сәбізді демікпе, туберкулез ауруы бар, іші қататын, сондай-ақ бүйрегінде тасы бар адамдарға жеуге болады. Қайнатпаны немесе жапырақ сабақтары мен ақжелкен қоспасынан жасалған тұндырманы, бүйрек, бауыр ауруларына ішеді. Дән ұнтақтарынан жасалған тұндырманы да пайдаланады, оны жылытып ас қорыу нашарлағанда, бүйрек тас ауруларына, газ шығару дәруі ретінде ішеді. Соңғы кезде сәбіз мәуесінен даукарин деген экстракт бөлініп алынды, ол қан тамырларының бұлшық еттеріне жақсы әсер етеді. Үгітілген сәбіз бен сәбіз шырыны – бағалы диеталық азық, әсіресе балалардың тамақ рационына пайдалы әрі қажетті компонент, ол тағамды жұғымды етеді, организмді нығайтады, жұқпалы ауруларға қарсылықты күшейтеді. Жүрек қызметі нашарлағанда, көз ауруларына, ауыз қуысы қабынғанда, бала емізетін әйелдің сүті азайғанда сәбіз шырынын ішкен жөн.

Орамжапырақ та витаминдер жиынтығы: қан жасайтын B9, P, K витаминдер; C витамині, сондай-ақ басқа – B, B2, B6 және V витамині бар. Соңғы витаминнің табылып, уытты жараға қарсы деп атауы, орамжапырақтың жас сөлін асқазан мен ішектің жарасын және басқа да ауруларды емдеуге дәру ретінде қолдануға жол ашты. Ол асқазан қабырғаларындағы зат алмасу процестерін дұрыстайды, олардың қышқылдар мен ферменттерге деген төзімділігін күшейтеді. С жәнеР витаминдері тамыр қабырғаларын нығайтуға әсер етеді, К витамині қанның ұюын қалыпқа келтіріп, қан кетуінен және қан ағудан сақтандырады. Орамжапырақтағы клечатка ас қорытуды тездетеді, ағзадан холестериннің шығуына әсер етіп, атеросклероздың дамуын тежейді. Тыныс жолдары ауырлағанда орамжапырақ қайнатпасын балмен қосып қолданады. Орамжапырақтың калориясы аз, сондықтан ол семіз адамдарға аса пайдалы. Орамжапырақты сыртқы аурулар дәруі ретінде де қолданады. Орамжапырақтың ішкі жапырағын подаграның ауырған жеріне жапсырса, ауру басылады. Сүтке пісірілген жапырақтарын кебекке қосып, былжыр экземаны, мысқылды емдеген де қыздырма ретінде қолданады. Жас капустаның ұсақ туралған жапырақтарын жұмыртқаның ақуызына қосып, іріңді жарақатқа, күйікке басса, оның тез жазылуына әсер етеді. Капустаның дәні ішек құртына қарсы әсер ете алады.Картоп бағалы витаминді азық, ондаС витамині, витаминдер жинағы: В, РР, V витамині және А провитамині топталған. Картоп органикалық қышқылдардың және минералдық тұздардың қайнар көзі. Минералдық заттардан мұнда калий тұзы басым, фосфор, магний, кальций, темір тұздары да бар. Картопта калийдің едәуір мөлшерде болуы несеп жүргізуге әсер етеді, сондықтан жүрек-тамыр және бүйрек ауруларынан зардап шегіп, сарысып ісінген адамдарға диета белгілегенде дәрі-дәрмекпен қатар мұныда қолданады. Жаңа дайындалған картоп шырыны қыжылдағанға, қышқылы басым гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. Картоп крахмалының ішек – қарын ауруларын емдегенде шылау дәруі ретінде де емдік маңызы бар. Картоп крахмалын уланғанда кисель күйінде ішеді. Картоп крахмалы жүйке талшықтарын тітіркендіргіш және улы заттардың әсер етуінен сақтандыратын қорғанғыш секпе ретінде, сондай-ақ күйікке және балалар терісінің пысынауына ем ретінде қолданады.

8. Нитраттар, құрамы, мөлшері, пайдасы.

Нитраттар – азоттың табиғаттағы айналымының атрибуты, өсімдіктің азотты қоректенуіне қажет және ақуыз синтезіне өте қажет. Өсімдіктер тыңайтқыштардан түгелдей тазартылса да құрамында нитраттар болады.

Нитраттардың мөлшері тек үстемелеп қоректендіруге байланысты емес. Ол өсімдіктің өсу орнына, күн астында, көлеңкеде, жылыжайда, байланысты. Бірақ, көбірек жеміс жеу керек деген соң, біз оны базардан, дүкендерден сатып алып сол күйінде немесе тұздап жей береміз. Өз ауламыздан алынған жеміс болса да оны шектен тыс қолдана беруге болмайды. Ересек адамның нитраттарды қолданудың тәуліктік мөлшері 300 – 325 мг. Негізгі нитрат көздері – қызылша, сәбіз, орамжапырақ, петрушка, аскөк, салат, жасыл пияз. Нитраттар біздің ағзамызға ауыз сумен және аздаған мөлшерде етпен, сүтпен, ірімшікпен түседі. Өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде нитраттардың мөлшері әртүрлі болатынын білеміз бе?Олардың ең көп жинақталған жері өсімдіктегі тамырға жақын орналасқан өткізгіш жүйесі. Нитраттардың мөлшері жапырақ тақташасынан жапырақ сағағына одан сабағына қарай өседі. Мысалы: петрушка, сельдерей, аскөк жапырақтарында жапырақтағы нитраттардан 50 – 60% аз. Гүлді орамжапырақ гүлінде тамырөзегіне (кочерыжка) қарағанда 70% аз. Сәбіздің сыртқы бөлігінде өзегіне қарағанда 80% аз нитрат болады. Ал керісінше, қияр мен редис қабығында орта бөлігіннен 70% көп болады. Сондықтан, қиярдың сыртын аршып пайдаланған жөн.



Нитраттардың аз мөлшері жинақталған бөліктерін тамаққа пайдалана отырып, оның ағзаға түсуін екі есе төмендетуге болады. Оны әсіресе шикі витаминді салаттар жасағанда есте сақтаған абзал. Өсімдіктегі нитраттардың көп жинақталатын бөліктерімен не істеу керек, оларды лақтырып, жарамсыз етіп тастаймыз ба? Жоқ, әрине. Осы жерде кулинарлық өңдеу құпиялары көмекке келеді. Алдын – ала жуу, тазалаудың өзі жемістегі нитратты 10 – 15% төмендетеді. Егер петрушка, аскөк, салат жапырақтарын ұзақ уақыт (2 сағат) суда сақтаса 15 – 20% нитраттан құтылуға болады. Ал сәбіз, картоп, қызылша, орамжапырақ құрамындағы нитраттарды 25 – 30% азайту үшін оларды бір сағат суда ұстау керек.

Су туралы айтсақ, судың өзінде нитраттар болады.

Нитраттардың қайнатқанда азаюы судың диффузиясына байланысты, сондықтан ол су сапасынан, жемістің туралған көлемінен және қайнату уақытына байланысты. Сәбізді, қызылшаны қайнатқанда алғашқы 30 – 40 минутынданитраттар суға интенсивті бөлінеді, ары қарай үрдіс тоқтайды. Қайнау барысында картоп – 80%, сәбіз, орамжапырақ – 70% дейін, қызылша – 40% нитрат жоғалтады.

Мынаны есте сақтағандарыңыз жөн:

Салаттарды, жеміс шырындарын тек жаңа дайындалған күйінде пайдалану керек. Оларды тоңазытқышта аз уақыт сақтасақ та, микрофлораның көбеюіне жағдай жасалады да, нитраттар денсаулығымызға қауіпті нитриттерге айналады. Ал температураның өзгеруі (үстелден тоңазытқышқа, тоңазытқыштан үстелге апару) бұл үрдісті тездетеді.

Салат дайындағанда өсімдік майын пайдаланған жөн, себебі кілегей мен майонезде микрофлора тез дамып, нитраттардың нитриттерге ауысуы тездейді.

Жемістерден ыстық тамақ даярлағанда да алдын – алатуралған жемістерді суда ұстап, суын төгіп тастау керек. Жемістерді бықтырғанда да суын төгіп, аз мөлшердегі қайнаған суда даярлау керек.

Жемістерді тұздағанда, маринадтағанда, консервілегенде алғашқы 3 – 4 күнде нитриттердің түзілуі қарқынды жүреді. Сондықтан, орамжапырақ, қиярды тұздағанда 10 – 15 күнсіз пайдалануға болмайды.Осы айтылғандардың барлығын сақтай отырып, сіздер тәуліктік рациондағы нитрат мөлшерін азайта аласыз. Ал олардан мұлдем құтылу керек пе? Іс жүзінде бұлай болмайды, ал теория жүзінде бұл өте зиянды. Нитраттармен күресу арқылы витаминдерді де жоямыз, әсіресе С витаминін. Өз рациондарыңызға қара, қызыл қарақатты, басқа витаминдері көп жеміс – жидектерді көбірек пайдаланыңыз. Ілініп өсетін жемістерде нитраттар мүлдем жоқ деуге болады. Ылғи, көк шай ішіп жүріңіз, көк шай – ағзаңызға түскен нитраттардың нейтрализаторы.

9. Азық – түлік құрамындағы нитраттар.

Жемістер, жидектер сияқты адам ағзасына қажетті витаминдер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдардың негізгі көздері болып табылады. Міне, осы жемістермен біздің ағзамызға нитраттар мен нитриттер түседі. Аз мөлшерде нитраттар зиянсыз. Дені сау адамдарда нитраттар тез сіңіп, ағзадан шығарылады. Адамдардағы нитраттардың тәуліктік мөлшері 1 кг массаға – 5 мг. Нитраттардың көптеп түсуі ағзаға зиянды. Нитраттардың тотыққан түрі – нитриттер – өте қауіпті. Өсімдік текті тағамда олардың мөлшері өте аз. 1 мг/кг, бірақ нитраттар асқорыту жүйесінде арнайы ферменттер болмағандықтан нитриттерге айналады. Әртүрлі жемістерде нитраттар әртүрлі жинақталады. Нитраттардың мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Нитраттардың көп мөлшері (1000 – 1500 мг/кг) шпинатта, салат, редис, сельдерей, орамжапырақ, асханалық қызылшада жинақталады. Түсті орамжапырақ қияр, сәбізде орташа мөлшерде анықталды. (100 – 1500 мг/кг) Нитраттардың аз мөлшері пиязда, қызанақта, баклажанда, бұрышта, жасыл бұршақта кездеседі. Зиянкестермен зақымданған өсімдіктер зақымданбаған өсімдіктерге қарағанда нитраттарды көп жинақтайды. Пісіп жетілмеген жемістерде нитраттар көп мөлшерде болады. Соңғы жиналған жемістерде, алғаш жиналған жемістерге қарағанда нитраттар аз болады. Жемістерді тамаққа пайдаланғанда әр бөлігіндегі нитраттардың мөлшері әртүрлі болатынын ескеру керек. Нитраттардың таралуы әртүрлі.

Жапырақ текті өсімдіктерде нитрат өзегінде және жапырақ сағағында жинақталған. Сәбіз, қызылша, редис, шалқан өсімдіктерінің тамыржемісінде нитраттар көп болады. Сәбіз өзегінде қабығына қарағанда нитрат көп жинақталған, тамыр өзегінен ұшына қарай ол азаяды. Асханалық қызылшада тамыр ұшы мен төбесінде нитраттар көп болады. Орамжапырақтың сыртқы жапырақтарында ішкі жапырақтарына қарағанда нитраттар екі есе көп, ал ең көп жинақталатын жері – өзегі.

Жемістердегі нитраттардың мөлшері топырақ – климаттық жағдайға, өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне, агротехникалық әдістерге, сортына, жарықтану жағдайына, қоректік элементтерге, микроэлементтерге, жемістердің себілу, жиналу уақытына байланысты. Көпшілік жағдайда нитраттардың көп болуы топыраққа азот тыңайтқыштарының көп мөлшерінің түсуінен болады. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ нитраттардың пайда болуын комплексті қарау керек. Нитраттардың көп жинақталуының көзі тыңайтқыштардан ғана емес, топырақ құрамындағы азот қорынан да болуы мүмкін.

Жемістердегі нитраттардың мөлшері табиғат жағдайларына да байланысты: салқын, бұлтты жазда топырақтан түскен азот толық жұмсалмай, өсімдік ұлпасына бос күйінде жинақталады. Сондай – ақ, вегетациялық кезеңіндегі температураның жоғарылауы нитрат концентрациясының көбеюіне әкеледі. Жарық түсу сатысы нитраттардың жинақталуына да әсер етеді: жарықтың түсуі нашар болып, күн радиациясы жетіспесе жемістерде нитрат мөлшері күрт көбейеді. Ылғал жеткілікті болғанда нитраттар артып, ал ылғал жетіспегенде – нитраттар азаяды.

Жеміс сапасын мына әдістер мен ескертулерді сақтай отырып арттыруға болады.

Балалардың және ересектердің ағзасына сумен және тамақпен нитраттардың түсуін азайту;Рационды жануартекті және өсімдіктекті ақуызбен байыту. (ет, балық, жұмыртқа, ірімшіктің майлы емес сорттары арқылы)Қарапайым көмірсуларды пайдалануды шектеу (конфет, қант, кондитерлік өнімдер мен жоғарғы сорттан пісірілген нан)

Жануар майларын пайдалануды шектеу (өсімдіктекті, күнбағыс, күріс, зығыр майларын пайдалану)Асқорыту жүйесінің жұмысын жақсарту үшін жарма нандарын пайдалану;

Асқорыту жүйесінің микроспектрін қалыптастыру үшін сүт тағамдарын, йогурт, биоайран, қатық, құрамында бифидо және лактобактериялары бар тамақтарды пайдалану;Ағзаны табиғи антиоксиданттармен, витаминдермен, микроэлементтермен байыту үшін балалар рационына сарымсақ, шалқан, итсигек, лимон, итмұрын мен шетен жемістерін, күнбағыс, асқабақ дәндерін пайдалану керек;Балалар рационынан ерте жиналған жылыжайлық жемістерді шектеу, себебі, оларда нитраттар мен нитриттер мөлшері көп болады.

10. Бета-каротиннің маңызы.

Бета – каротин – қызыл – сары түсті, өсімдік текті пигмент. Бета – каротин: А витаминін түзуші және антиоксидант қызметін атқарады.

Аш ішекте бета – каротиннің 1 молекуласы ыдырағанда А витаминінің 2 молекуласы түзіледі. А витамині ағзаның физиологиялық функциясын атқаруда рөлі зор. Ол көру, өсу үрдістерін, эпителий ұлпаларының жаңаруын, иммундық реакцияларды қадағалап отырады. А витаминінен түзілетін ретин қышқылы тері эпителиінің толық жаңарып, қызмет етуін, асқорыту, тынысалу және зәршығару мүшелерінің қызметін басқарады. Сондықтан, кейбір гинекологиялық ауруларда, ауыз қуысының сілемейлі қабығының қабынуында, асқазан ауруларында бета – каротин ем – шара нәтижесін жақсартатынқосымша үстеме бола алады. А витамині мен одан түзілетін ретин қышқылы ағзаны сыртқы ортаның канцерогендік әсерінен қорғайды.

Бета – каротин – ерте қартаю, жүрек – қантамыры ауруларының, көз катарактысының және көптеген созылмалы аурулардың алдын алуға қатысады.

Тәжірибеден бета – каротин жасушаның ісік ауруына айналуын тоқтатады.

Клиникалық жағдайда бета – каротин ауыздың қабығының, асқазан, жатыр мойнының ісік дертінің алдын ала алады. Эпидемиологиялық зерттеулерден бета – каротинді ұзақ уақыт пайдаланса қан ісігінің дамуын тежеу қабілетін көруге болады. Бета – каротиннің негізгі көзі: сәбіз, картоп, манго, абрикос, шпинат, брокколи, салат, жарма. Сүт тағамдары, жұмыртқа, балық майы, бауыр. Бір сәбіздің өзі 15000 МБ (МЕ) бере алады. Негізгі қызметі: иммун жүйесінің стимуляторы, антиоксидант. А витамині сияқты бета – каротинде жабын ұлпаның қалыптасуында, тері, без, тынысалу, асқорыту, зәршығару мүшелерінің дамуына әсер етеді. Рационда жетіспеген жағдайда: кешкі алакөлеңке уақыттағы көздің көруінің нашарлауы, инфекциялық ауруларға бейімдігі, терінің құрғақтығы мен қабыршықтануы, тәбеттің төмендеуі, шашатың түсуі, тіс эмалінің нашарлауы байқалады. Бүйрек пен қуықтың инфекциясы, көздің қабынуы.

Пайдалы кеңестер: кеуде, тері, жатыр мойны мойны, аш, тоқ ішектер, қуықтың ісік ауруларының алдын алады. Жүректің кейбір ауруларынан қорғайды.

11. Лабораториялық тәжірибелер:1.Сәбіз құрамындағы каротин мөлшерін анықтау;

Мақсаты: Каротин өсімдіктен синтезделеді. Мал мен адам организмінде ол тотығып, тіршілік қызметі үшін өте қажетті А витаминіне айналады. Анализ тәсілі навескадағы каротинді бензинмен бөліп алуға және зерттелетін ерітіндінің боялған түсін стандартты ерітіндімен колориметрияда сынауға негізделген.Реактивтер: авиация бензині, стандартты ертінді үшін калий дихроматы(K2Cr2O7), этил спирті 96 пайыздық.

Анализ барысы:

1. Сәбізді жуып, құрғатып сүртеді. Оны үккішпен жақсылап үгеді.

2. Массаны араластырып, 1 г навеска алу қажет

3. Оны фарфор келіге салып, алдын ала жуылған және қыздырылған құмнан 10 г қосып, үстіне 96 пайыздық этил спиртінен 1-2 мл құйып, араластыру қажет.

4. 5 мл бензин құйып, тағы араластыру керек.

5. Алынған сары ерітідіні қатты массаны келсаппен іркіп ұстап тұрып, өлшеуіш цилиндрге құю керек. Ол 30 мл болғанша қайталау керек.

6. Сығындыдан сынауыққа10 мл құйып, сынауықтағы сығынды түсін ақ қағаз үстінде сынауықтармен мен салыстыру керек.

Жұмыстың нәтижесі: осы тәжірибені жасай келе біз сәбіздің құрамында аз мөлшерде болса да нитраттардың бар екеніне көз жеткіздік. Тәжірибеге алынған сәбіздер мектеп үлескісінде өсірілген. Балл бойынша анықтайтын болсақ, 1, 2 балл беруге болады. Теориялық бөлімде айтып кеткендей нитраттар тек тыңайтқыштардан ғана емес, сонымен қатар топырақ құрамындағы бос азоттан да пайда болады. Күнделікті тамаққа пайдалануға болады.

12.Қорытынды.





Жемістер, жидектер сияқты адам ағзасына қажетті витаминдер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдардың негізгі көздері болып табылады. Міне, осы жемістермен біздің ағзамызға нитраттар мен нитриттер түседі. Аз мөлшерде нитраттар зиянсыз. Дені сау адамдарда нитраттар тез сіңіп, ағзадан шығарылады. Адамдардағы нитраттардың тәуліктік мөлшері 1 кг массаға – 5 мг. Нитраттардың көптеп түсуі ағзаға зиянды. Нитраттардың тотыққан түрі – нитриттер – өте қауіпті. Өсімдік текті тағамда олардың мөлшері өте аз. 1 мг/кг, бірақ нитраттар асқорыту жүйесінде арнайы ферменттер болмағандықтан нитриттерге айналады.



Осы айтылғандардың барлығын сақтай отырып, сіздер тәуліктік рациондағы нитрат мөлшерін азайта аласыз. Ал олардан мұлдем құтылу керек пе? Іс жүзінде бұлай болмайды, ал теория жүзінде бұл өте зиянды. Нитраттармен күресу арқылы витаминдерді де жоямыз, әсіресе С витаминін. Өз рациондарыңызға қара, қызыл қарақатты, басқа витаминдері көп жеміс – жидектерді көбірек пайдаланыңыз. Ілініп өсетін жемістерде нитраттар мүлдем жоқ деуге болады. Ылғи, көк шай ішіп жүріңіз, көк шай – ағзаңызға түскен нитраттардың нейтрализаторы.

Мына әдістер мен ескертулерді ылғи есіңізде ұстауға тырысыңыз.

- Балалардың және ересектердің ағзасына сумен және тамақпен нитраттардың түсуін азайту;

- Рационды жануартекті және өсімдіктекті ақуызбен байыту. (ет, балық, жұмыртқа, ірімшіктің майлы емес сорттары арқылы)





Тақырыбы: Бастапқы химиялық түсініктер тақырыбын қорытындылау

Сабақтың мақсаты

Білімділік – Бастапқы химиялық ұғымдар: заттар, химиялық құбылыс, атомдар және молекулалар, жай және күрделі заттар, химиялық формулалар, валенттілік, химиялық теңестіруді бекіту.

Дамытушылық – химия пәніне қызығушылықтарын артыру, химиялық тіл байлығын дамыту және формулалар құру, теңестіру және коэффициенттер қою кезінде білімдерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік - Өздігінен жұмыс жасап , ең негізгісін ала білу , қорытынды жасай білу ,пәнге қызығуға тәбиелеу .

Құралдар: Аялдамалар жазылған карточкалар,Маршруттық қағаздар, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақ барысы.

Сабақ әртүрлі бағытқа саяхат жасаумен өтеді:

Алғашқы ұғымдар» аялдамасы

«Тәжірибе» аялдамасы

«Формула» аялдамасы

«Валенттілік» аялдамасы

«Есептеу» аялдамасы

«Реакциялар» аялдамасы

Оқушылар поездың жолаушылары, ал мұғалім поездың жолсерігі. Оқушылар әрбір аялдамаға келген сайын Маршруттық қағаздарына тапсырмалар орындайды.

(Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын және мақсатын айтып, оқушыларға маршруттық қағаздар үлестіріп, сабақтың жүру барысын түсіндіреді)

Мұғалім: Балалар, біз осы сабақта ХИМИЯ әлемінің Бастапқы химиялық түсініктер облысына сіздермен бірге виртуалды саяхат жасаймыз.

Кез келген саяхатқа аттанарда жолға жүк жинап, өзімізбен бірге алуымыз керек. Біздің жүгіміз- бұл біздің біліміміз. Барлығымыз өзімізбен бірге жол жүгімізді алған алмағанымызды тексерейік.

« Алғашқы ұғымдар » аялдамасы.

1. Химия пәні нені оқытады?

2. Зат дегеніміз не?(денелерді құраушылар)

3. Физикалық денелерді құрайтын нәрсе (зат)

4. Атом дегеніміз не? (Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі)

5. Молекула дегеніміз не?(Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)

6. Жай зат дегеніміз не?(Бірдей атомдар бірігіп ,жай заттарды құрайды)

7. Күрделі зат дегеніміз не?(Әртүрлі атомдар бірігіп, күрделі заттар түзеді)

8. Химиялық формула дегеніміз не?(Заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бйнелеу)

9. Индекс және коэффициент нені көрсетеді?(индекс атомдардың санын, ал коэффициент(цифр) формуланың алдына жазылса молекуланың санын көрсетеді)

10. Салыстырмалы молекулалық массаны қалай есептейді?

11. Авогадро саны нені көрсетеді?(Кез келген заттың 1 молінде 6.02х1023 бөлшек болатынын)

12.Молярлық массаға анықтама бер.(Заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады, ол г/мольмен өлшенеді және М әрпімен белгіленеді)

Мұғалім: Маршруттық қағаздарыңды алып, №1тапсырманы орындаңдар.

«Атом» немесе «молекула» деген сөздерді бос орындарға қойып жазыңдар.

Б) Көмірқышқыл газының ________________ көміртек және оттек __________________тұрады.

«Тәжірибе» аялдамасы

Мұғалім: Табиғатта таза заттар көп кездеспейді. Олар көбіне қоспа түрінде болады немесе басты заттың құрамында бөгде заттар кездеседі.

Қоспа дегеніміз не? Қоспаның қандай түрлері бар? Заттарды қоспадан бөлуге бола ма? Қандай әдістермен?

2 оқушы тақтаға шығып: Заттарды қоспадан бөлудің әдістерін көрсетеді?

1. Ас тұзы, құм+су

2.темір+ағаш үгіндісі

Оқушылар маршруттық қағаздарына №2тапсырманы орындайды. Қоспаны бөлудің әдістерін ұсынып, жоспарын құрайды.

«Формула» аялдамасы

Мұғалім: : Химиялық формула –химиялық тілдің ең маңызды бөлігі, себебі ол заттың химиялық құрамын ажыратып береді . Ендеше, химиялық формула дегеніміз не?

Оқушы тақтаға шығып, тапсырма орындайды. Заттардың формулаларын жаз: аш-2-эс-о-4; калий-эн-о-3, алюминий-2-о-3.

(Маршруттық қағаздарына оқушылар №3тапсырманы орындайды)

«Валенттілік» аялдамасы

Валенттілік дегеніміз не? Қандай валенттіліктерді білесіңдер? Валенттілік мәндері тұрақты I, II, III болатын қандай элементтерді білесіңдер?

№4 тапсырма

Валенттіктері бойынша мына химиялық элементтерден формулалар құрастырыңдар

І ІV ІІІ ІІ ІІІ ІІ

Na О , CO , P H , HS , Al O

І ІV ІІІ ІІІ ІІ ІV ІІ

KO, SO , NH, Fe O, C O

«Есептеу» аялдамасы

Мұғалім: Заттың химиялық формуласы бойынша нені білуге болады?(Жай және күрделі зат,сапалық құрамы, сандық құрамы, салыстырмалы молекулалық массасын, элементтердің массалық қатынастарын.)

Формула бойынша қандай есептеулер жүргізуге болады?

Тақтада: СО2-нің салыстырмалы молекулалық массасын және оттектің массалық үлесін тап

Мұғалім: «Зат мөлшері» дегеніміз не?Зат мөлшерін есептеуге қандай формулалар қолданады. Оның өлшем бірлігі қандай? Тақтада: Массасы 130 г мырыш қанша зат мөлшеріне сәйкес келеді .

№5 тапсырма

2 моль кальцийдің массасы нешеге тең

2 моль оттегінің массасын есепте.

«Реакциялар» аялдамасы

Мұғалім:

Химиялық реакцияның неше типі бар? Қандай?

1. Al + H Cl → Al Cl 3 + Н 2

2. Zn + O2 →Zn О

3. Cu(OH)2CuO+H2O

№6 тапсырма Теңдеуді – аяқта , теңестір , типін

1. Mg + O2 → MgO

2. Ca+ H Cl → CaCl 2 + Н 2

1. Са + O2 →СаО


2. Mg + HCl → Mg Cl2 + Н 2


Үйге : §1-18 қайталау

Фосфордың оттекті қосылыстары

Типі: Жаңа білімді меңгеру

Түрі:Аралас

Сыныбы:9

Жаңа технология: Ақпараттық

Мақсаты:

Білімділік: фосфор(V) оксиді,фосфор қышқылы және оның тұздары туралы толық мағлұмат беріп, фосфор қышқылы мен оның тұздарын сапалық химиялық реакциялармен анықтау.

Дамытушылық: ғылыми түсініктерін және тәжірибе жасау икемділіктерін, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, қышқылдар мен тұздарды тиімді,ысырапсыз пайдалануға үйрету, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, периоттық жүйе, кесте, сызбанұсқа, демонстрациялық тәжірибелер.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология, география

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастырукезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру

А\Сызба нұсқа бойынша талдау

Фосфор, периодтық жүйедегі орны, атом құрлысы.

Электрондық, графигтік формуласы және тотығу дәрежесі

Табиғатта кездесуі, алынуы

Физикалық және химиялық қасиеттері

Сөзжұмбақ шешу

«Фосфор» сөзжұмбағынының сұрақтары:

Организмде қай элементтің жетіспеуінен тіс кариесі пайда болады?

Тіршілік үшін аса маңызды?

VI топтың қосымша топша элементі?

3000 градус ыстыққа төзімді элемент ?

Теңіз орамжапырағы ламинарияның құрамына кіретін, адам өмірі үшін маңызды элемент?

Машина мен трактордың жаны, қара металлургияның наны

Үй тапсырмасынан кейін жаңа тақырып жұмбақ тапсыру арқылы басталады.

III. «Мағынаны тану» (Жаңа сабақ)«Білгенге маржан»

Жұмбақ шешу. Фосфор жақсақ будақтап,

Ақ түтінін түзеді.Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді.(Фосфор қышқылы)

IV «Миға шабуыл»/Жаңа білімді пысықтау сұрақтары арқылы бекітіліп, қорытындыланып,танымдық ойындар ойнатылады/

V.Қорытындылау,бағалау

VI.Үйге тапсырма

Фосфордың оттекті қосылыстары оқуға

Есептер жинағынан №5-1

Сабақтың тақырыбы:

Д.И.Менделеевтің ғылыми ерлігі. Периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың атом құрылысы,периодтық жүйенің құрылымы, периодтық заң оның

маңызы жайлы түсініктерін жүйелеу, тексеру, бекіту.Периодтық жүйемен жұмыс жасау, электрондарды ұяшыққа орналастыру дағдыларын тексеру, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми көзқарасын, ой-өрісін, химиялық тілмен сөйлеу, периодтық жүйемен жұмыс жасау, элементтерді сипаттау қабілеттерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытындылау, бекіту сабағы.

Әдіс – тәсілдер: Өзіндік жұмыс, сұрақ – жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Қолданылған көрнекіліктер: Периодтық жүйе, ақпараттық – коммуникация мүмкіндіктері, интерактивті тақта, слайд – шоу, элементтерді сипаттау жоспары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Сабақтың мақсатымен таныстыру, психологиялық ахуал туғызу. (Оқушылардың өз-өздерін бағалау парақтарына бағалап отыратындағы айтылады.)

Негізгі бөлім:

Қызығушылықты ояту.

Сыныпқа сұрақтар қойылады, оқушылар жаппай жауап береді.

1. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсас?

2. Қай элемент аттарында адамға қажетті тіршілік көздері кездеседі?

Мағынаны тану.

І. Периодтық жүйеге саяхат.

Оқушылардың отырған орындарына байланысты тапсырмалар бөлініп беріледі. Мысалы, қатардағы ең соңғы партадағы оқушыларға тест тапсырмалары, ортадағы партаға үлестірмелі карточка, ал ең алдыңғы партадағы оқушылар ауызша жауап береді.

Тест тапсырмалары:

І нұсқа

1. Периодтық жүйеде элементтің орны қалай анықталады?

А) сыртқы электрондық қабатындағы электрондар санымен;

Ә) ядродағы нейтрондар санымен;Б) атомдық массасымен;В) атом ядросының зарядымен

2. Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып, бейметалды көрсет:

А) S Ә) MqБ) CaВ) Na

3. Периодтағы элементтер қасиеттері өзгеруінің негізгі себебі неде?

А) жаңа электрондық қабаттың пайда болуында;

Ә) сыртқы қабатта электрондардың жиналуында;

Б) атомдық массасының өсуінде;

В) атомдағы электрондар санының өсуінде;

ІІ нұсқа

1. Атомдағы энергетикалық деңгейлер саны қалай анықталады?

А) элементтің реттік нөмірімен;



Ә) топтың нөмірімен;



Б) қатардың нөмірімен;



В) периодтың нөмірімен;



2. Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып, металды көрсет:



А) N



Ә) O



Б) Mq



В) Si



3. Негізгі топшадағы элементтер қасиеттерінің өзгеру себебі неде?



А) атомдық массаларының өсуінде;



Ә) жаңа электрон қабатының пайда болуында;



Б) атомдағы электрондар санының көбеюінде;



В) атом ядросындағы нейтрондар санының көбеюінде;

Үлестірмелі карточкалардың тапсырмалары:

1. №9 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

2. №12 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

3. №18 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

4. №3 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

5. №6 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.

6. №11 элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипатта.









Ауызша қойылатын сұрақтар:



1. Химиялық элемент дегеніміз не? Атом құрылысы, ядро құрамы?



2. Периодтық жүйені көлденеңінен сипатта.



3. Периодтық жүйені тігінен сипатта.



4. Периодта және негізгі топшалардағы химиялық элементтердің қасиеттері қандай бағытта және қалай өзгереді?



5. Топтың физикалық мәні неде?



6. Периодтың физикалық мәні неде?





ІІ. Кім жылдам?



Тақтада 3 қатарға жеке-жеке элементтер беіріп тұрады. Сол элементтің энергетикалық деңгейін және ондағы электрондардың орналасуын көрсету керек. Қатардан бір оқушы тақтаға шығып жазып көрсетеді. Тақтадағы оқушының жазғаны бойынша қалғандары өз-өздерін тексереді.





І қатар ІІ қатар ІІІ қатар





Li+3 Be+4 B+5



AI+13 Na+11 CI+17







ІІІ. Сәйкестігін тап. Оқушылар тақтада берілген элементтердің электрондық формулаларын сәйкестендіру керек. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады, барлығы орындап біткесін өз-өздерін тексереді.





1. N+7 )2 )5 A. 1S2 2S2 2P2





2. Ne+10 )2 )8 B. 1S2 2S2 2P3





3. C+6 )2 )4 C. 1S2 2S2 2P6







Жауаптары:



1 – В 2 – С 3 – А







IV. Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі. Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша өздері тақырыпқа байланысты слайдтарын жасап келіп, сол бойынша сөйлеп, қорғайды.







V. Периодтық заңның маңызы. Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша өздері тақырыпқа байланысты слайдтарын жасап келіп, сол бойынша сөйлеп, қорғайды.





VІ.Ойлан тап. Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындап, дұрыстығын тақтадан тексереді. 3 оқушы тақтада орындайды.





«А» деңгейі:





1S2 2S2 2P6 3S1 элементінің оттегімен әрекеттесу теңдеуін жаз.





«В» деңгейі:





… 3S2 3P4 элементінің (VI) оксидінің сумен әрекеттесу теңдеуін жаз.





«С» деңгейі:





1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 4S2 элементінің хлоридіне 1S2 2S2 2P6 3S1 элементінің қарбонатын қос, реакция теңдеуін аяқта, өнімдерді ата.







Жауаптары:



«А»: 4Na + O2 = 2Na2O





«В»: SO3 + H2O = H2SO4





«С»: CaCI2 + Na2CO3 = 2NaCI + CaCO3



Натрий кальций



хлориді карбонаты









Ой толғаныс.



Оқушылардыңбілімін бекіту, жүйелеу үшін топтастыру стратегиясын қолданамын.





Қорытындылау.





Үйге тапсырма:



§58-§60 қайталау





Ж.Д 120 бет тест тапсырмалары





ЕмЖЖ №5





Бағалау.

Химия пәнінен кластан тыс жұмыс



Пән мұғалімі Смайлова З



9-10-11 класс оқушыларымен



Тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы



Мақсаты: Оқушылардыың химия пәнін қызығушылығын арттыру. Дұрыс



тамақтану- денсаулық кепілі. Жеке бас гигиенасын сақтау күнделікті



тұрмыста қолданылатын химиялық қоспалардың адам



денсаулығына зияны мен пайдасы туралы түсіндіру-оқушымен



пік ір алмасу.



Көрнекілігі: Слайдтар арқылы интерактивті тақтадан көрсетіледі



Жоспары: І. Кіріспе сөз



ІІ. Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы





туралы.







Таза заттар





Қоспалар.





Суқұрамы, қасиеттері, пайдасы туралы





Жасанды тағамдар





Дәрі-дәрмектер туралы





Синтетикалық жуғыш заттар. Бояулар.Лактар





Гигиеналық заттар. Косметика





Шаш күтуге арналған заттар





Тіс күтуге арналған заттар





Дезодаранттар.Иіс кетіргіш қоспалар





Аллергиялық тыныс жолдары аурулары





ІІ бөлімінде. Химиялық элементтердің ағзадағы атқаратын қызметі





Мыстың пайдасы туралы





Тамақ өнімдері туралы





Пайдалы кеңестер



ІІІ бөлімі. Тұрмыстағы химиялық заттар. Техникада. Электротоварларда



ІV бөлімі. Химия әлемінде. Тест сұрақтар



V бөлімі. Тарихи деректер



VІ бөлімі. Қорытындылау















19.12.2012 3сабақ Химия 8бкласына



Пән мұғалімі Смайлова З



Жаңа сабақтың тақырыбы: §35. Тұздардың құрамы және химияның қасиеттері



Мақсаты:



Білімділігі: Тұздардың анықтамасына сүйене отырып, оның құрамын анықтап,



металл атомы мен қышқыл қалдығының валенттігін еске түсіріп,



формула құрастырып үйрену дағдысын дамыту.Тұздардың атауымен



танысу. Сан есептерін орындау қабілеттерін қалыптастыру,



қышқылдармен тұздардың айырмашылығын ажырата білуге



Дамытушылық: Жаңа ұғымдарды игерудегі дағдыландыру оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқушылардың зейінін дамыту.



Тәрбиелік : Оқыту → тәрбиелеу → ынта, зейінін дамыту.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.



Сабақтың типі: Аралас сабақ



Көрнекілігі: 1. Д.И. Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық



кестесі.



2. Таблица. Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың суда ерігіштігі



3. Таблица. Бекетов жасаған металдардың электркернеу қатары



4. Интерактивті тақтадан тапсырмалар №1,3



Тұрмыстағы тұздар NaCI , CaCO3 , Na2 CO3



Антибиотиктер



5. Аралтұз комбинаты туралы мәліметтер



6. Таблица. Қышқылдар, Қышқыл қалдықтары аталуы , валенттілігі



7. Химиялық реактивтер NaCI , CuCI2, NaNO3 , AgNO3 , Cu( NO3)2



HCI, H2 SO4 сынауықтар





Сабақтың барысы: І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңі



ІІ. Өткен сабаққа шолу



Жаңа сабақ 1. Зат → молекула→атом





Жай зат





Күрделі зат 1. Оксидтер 2 Қышқылдар 3. Тұздар 4. Негіздер





Тұздар металл атомы қышқыл қалдығы



Оқушыға сұрақ: Қышқылдар мен тұздарды құрамы бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіру





Тұздардың формуласын құрастыру оны атау



№2 кестені пайдалану CaCI2 , Ca(NO3)2 , Сa3(РО4)2 , AI2(SO4)3





Тұздар-қатты кристалдық заттар, суда ериді, мөлдір ерітінді түзеді



Тұздардың ерігіштік кестесімен (№2) жұмыс Е-ериді АЕ- аз ериді



ЕМ-ерімейді (тұнба↓ ) –ерітіндіде болмайды





Тұздардың металдармен әрекеттесуі



Д/т Fe + CuCI2→FeCI2 + Cu



Д/т Zn+Cu(NO3)2→Zn(NO3)2+Cu CuCl2-көгілдір ерітінді темірдің



Бетіне сары мыс қонур-қызғылт



түсімен көрінеді





Тұздар мен тұздар арасындағы алмасу реакциялары



Д/т 1) NaCl +AgNO3→NaNO3+ AgCl↓ ақ тұнба



2 BaCl2 + Na2 SO4 →BaSO4↓ +2NaCl



3 NaCl + CaCO3→Na2CO3 + CaCl2



4 ZnCl2 + Cu( NO3)2 → CuCl2 + Zn ( NO3)2 тұздың аталуы?



Қорытынды: тұздар арасындағы алмасу реакциялары нәтижесінде түзілген тұздың біреуі тұнбаға түседі





Слайд №1 Берілген формулалардан тұздарды теріп оқу, құрамын анықтау



(жек-жеке түсіндіру)





Слайд №2 NaCl ас тұзы туралы мәлімет



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары : 1. Тұздар құрамы бойынша



анықтамасы?





Тұзбен металдың әрекеттесуі





Тұзбен тұздың әрекеттесуі р/с теңдеулері бойынша түсіндіру



Үйге тапсырма беру §35 Оқуға формулалары р/с т жазуға



Сәйкестендіру тест тапсырмасын орындау (тақтадан слайд)



Есептер шығару №7 (93 беттегі)

-бөлім.



Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері (негіздеме).





Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5-тарауындағы 41-баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызғаөзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.



Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.





Міндеттері ретінде:



 Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау



 Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру



 Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру



Мектептің алдына қойған мақсаттарын шешуге пән мұғалімдерінің сапалық құрылымы мен әлеуметтік жағдайларын білу мен зерттеуді және қолдауды алдымыздағы бірінші кезекті мәселе етіп қойдық.





Алынған мәліметтер бойынша туындаған проблемалар:



 Мұғалімдердің жоғары білім алуына және ғылыми ізденіспен шұғылдануына жағдай жасау;



 Білім, біліктілігін арттыру;



 еңбектерін әділ бағалай отырып, құрметтеу;



 мұғалімнің әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, көмек көрсету;





Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.



Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.



Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.



Біздің оқушыға қойған талабымыз:



 қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;



 ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;



 алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;



 өзін – өзі талдауды, өзін – өзі бағалай білуді меңгеру;



 басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);



 қоршаған ортада өз орныңды , жеке рөліңді анықтай білу;



Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.



Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.



Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.



“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.



Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.



Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді. Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада әр тараудың мазмұны, көлемі көрсетілген. Базалық білім беру бағдарламасындағы 68 сағаттың орнына 136 сағат ,яғни аптасына 4 сағаттан оқытуға жоспарланған. Бұл бағдарламада зертханалық жұмыстарға 17 сағат, топсеруендеуге 1 сағат берілген.

Биология пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі оқу- тәрбиелік міндеті:

• Оқушылардың пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыру

• Оқушының дүниетанымын кеңейту

• Мектеп оқушыларын салауаттандыр және санитарлық гигиеналық білімдерін арттыру

• Кәсіптік бағдар беру

• Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу.

Бағдарлама кешенді құрлымымен жасалған:

1. Түсінік хат

2. Базалық білім мазмұны

3. Білім, дағдылар қойылатын талаптар, міндетті және мүмкіндік денгейлер.







Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.



Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.



Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз.



Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.



Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:



 оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.



 Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);



 Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);



 Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);



 Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;



 Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;



 Ата- аналармен ынтымақтастық құру;



Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.



Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:



 өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;



 оқушы дарындылығының моделін білу;



 қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;



 дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;



 дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.



Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:



 дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;



 дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;



 оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;



 дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;



 дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;



 дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.



Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.



Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.



Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:



1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;



2. Сабақты түрлендіріп өткізу;



3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;



4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;



5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.



Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.



Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.



ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.



Жұмыстың бағыттары:





Диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау.





Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен физика сабағында жұмыс істеу;





Сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.



Жұмыстың әдістері:





Анкета, сұрақтар қою;





Әңгімелесу;





Тестілеу;





Әдебиеттерді қарастыру;





Шығармашылық жұмыстар;





Жобалау әдісі;





Алдын-алу әдісі;





Мәселе шешу әдісі;





синквейн.



Жұмыс түрлері:





сабақ жүзіндеқиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;





факультатив;





үйірме жұмысы;





уақытша топтарды жасау;





өз-өзіннің білімін көтеру;





пән апталықтарын өткізу;





ғылыми-практикалық конференциялар;





олимпиадалар;





интеллектуалдық марафон.



Бағдарламаның мазмұны





Оқушыларға диагностика өткізу – жалпы дарындылығын бағалау, жұмыс бағыттарына бөлу (ІІІ бөлім)





Бағыттары бойынша жұмыс жоспарын жасау (IV бөлім)





Биология сабағында дарынды оқушылармен жұмыс – қиындығы жоғары тапсырмалардың кең спектрі жасалған, балалармен жұмыс істеген таңдау жасауға мүмкіндік береді. (V бөлім)





Оқушылардың шығармашылық жұмысы – ізденіс, зерттеу нәтижесінде жасалған жұмыстары. (VІ бөлім)



Жұмыстың негізгі принципі – «байыту» принципі



Программаның ресуртық қамтамасыз ету:





Оқу кабинеті;





Кітапхана фонды – география мәселелері бойынша әдебиеттердің бар болуы.



Басқару, байланыс:



Басқару – директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, математика мұғалімі.



Басқа ұйымдармен байланыс:





ҚМПИ, Жаратылыстану – математика факультеті



Тиімділігінің белгілері:





Пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі.





Пән бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.



Базалық білім негізінде оқыту үрдісінде ғылыми көзқарас қалыптасып, оқушылардың мәдени денгейі жоғарлап, жеке бастың жан- жақты дамуы тәрбиеленеді. Оқушыларға кәсіптік бағдар беріп, мамандық таңдауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада әр тараудың мазмұны, көлемі көрсетілген. Базалық білім беру бағдарламасындағы 68 сағаттың орнына 136 сағат ,яғни аптасына 4 сағаттан оқытуға жоспарланған. Бұл бағдарламада зертханалық жұмыстарға 17 сағат, топсеруендеуге 1 сағат берілген.

Биология пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі оқу- тәрбиелік міндеті:

• Оқушылардың пәнге қызығушылығын және білім сапасын арттыру

• Оқушының дүниетанымын кеңейту

• Мектеп оқушыларын салауаттандыр және санитарлық гигиеналық білімдерін арттыру

• Кәсіптік бағдар беру

• Зертханалық, практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу.

Бағдарлама кешенді құрлымымен жасалған:

1. Түсінік хат

2. Базалық білім мазмұны

3. Білім, дағдылар қойылатын талаптар, міндетті және мүмкіндік денгейлер.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Натрий, калий ж?не оларды? ?осылыстары

Автор: Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы

Дата: 19.12.2014

Номер свидетельства: 145628


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства