kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Металдар мен бейметалдар,оларды? ?осылыстарыны? арасында?ы генетикалы? байланыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар. 

Б?л та?ырыпта металдар мен бейметалдар ж?не оларды? ?осылыстарыны? арасында?ы  генетикалы? байланысты? ж?зеге асуы, о?ушыларды? т?жірибе кезінде генетикалы? байланысты ж?зеге асыру барысында теориялы? білімдерін пайдалану?а да?дыланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«металдар мен бейметалдар,оларды? ?осылыстарыны? арасында?ы генетикалы? байланыс »


Пәні: Химия

Сыныбы:9

Сабақ №

Күні: ________

Сабақ тақырыбы:Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс

Сабақтың мақсаты: Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыстар туралы білімді қорытындылау.

Міндеттері:

1.Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау,материалды меңгеру дәрежесін бекіту;

Оқушылар тәжірибе арқылы генетикалық байланыстарды іс жүзінде жүзеге асыруға теориялық білімдерін қолдану;

2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;

3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабағы

Әдісі: Есептер шығару, сұрақ-жауап, демонстрация, есептер шығару, ойындар,деңгейлік тапсырмалар, академиялық дау-дамай, болжау әдісі

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.

Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар, химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесі,тақта, бор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,медицина, биология, сурет,география

Күтілетін нәтиже:

Теориялық білімдерін шыңдайды;

Есептің шығару жолын түсіндіреді;

Генетикалық байланыстарды жүзеге асыра алады;

Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді


Сабақтың эпиграфы:Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

Б.Момышұлы

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):

А) Оқушылармен сәлемдесу

Б) Сыныпты 4 топқа болу

В) Топбасшысын сайлату

С)Бағалау парақшасын тарату

Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

  1. Есептер шығару

І топ

Құрамында 4℅ қоспасы бар 20г әктастан 12г кальций оксиді алынған .Алынған өнімнің шығымын тап

ІІ топ

Массасы 10г натрий гидроксиді мен 20г тұз қышқылы әрекеттескенде түзілген тұздың массасын тап

ІІІ топ

Массалық үлесі 20℅ 150г күкірт қышқылы мырышпен әрекеттескенде қ.ж. неше көлем сутегі газы бөлінеді?

І V топ

Массасы 30 г мыс пен алюминий қоспасына концентрациялы азот қышқылымен әсер еткенде 13,44 л газ (қ.ж.) бөлінді.Қоспаның құрамын анықтаңдар.

  1. «Ауызша есептер» (8 мин)

1. Темірдің (ІІ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең? (72)

2. 45 г судағы моль саны нешеге тең? (2,5 моль)

3. 11,2 моль судың массасын есептеңдер? (201,6 г)

4. 32 г күкірттің зат мөлшері нешеге тең? (1 моль)

5. 2 моль оттек көлемін табыңдар? (44,8л)

6.5л сутектің зат мөлшері нешеге тең? 0,22 моль)

7. Массасы 177.5г хлордың (қ.ж.)көлемі (56 л)

8. 2 моль темірдің атом санын тап (12,04*10 23)

9. 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж.) есептеңдер.

10. Массасы 22 г көмірқышқыл газының көлемін (қ.ж.) табыңдар. (11,2л )

11. газдың 1 литрінің (қ.ж.) массасы 1,875 г. Осы газдың молярлық массасын табыңдар. (42 г/моль)

12. 1 моль азоттың массасы нешеге тең? (28 г)

4. « О й шақыру» (4 мин)

  1. Темірдің маңызды құймаларын атаңыздар?

  2. Шойын мен болаттың басты айырмашылығы қандай?

  3. Шойынның қандай түрлерін білесіңдер?

  4. Шойыннан болат дайындау дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Легирленген болат дегенді қалай түсінесіздер және құрамына қандай элементтер кіреді?

Үй тапсырмасын бекіту, қорыту:

«Мен не білдім?»

« Сабақ мен үшін түсінікті болды немесе түсініксіз болды?»

ІІІ Жаңа сабаққа көшу

(Қызығушылығын ояту)

«Болжау әдісі» (3 мин)


K Li CaO Na SO3 CO2 H2SO4 NaOH CaCO3 Байланыс «Ген» C P

Коваленттік полюсті Иондық байланыс


1.Бұл сөздерді не үшін ұсынып отырмын?

2. Әңгіме төркіні не туралы болмақ?

3. Қандай мағыналар береді?

Оқушылар жауабымен келісі отырып, келесі болжамды ұсыну.\

Реакция теңдеуді жазу.



ІV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Металдар мен бейметалдар,олардың арасындағы генетикалық байланыс»

Оқушылармен бірге бүгінгі сабаққа мақсат қою.

Ерте-ерте, ертеде,ешкі құйрығы келтеде, химияның жерінде, элементтер елінде «бейорганика» деген шал өмір сүріпті.Оның 4 ұлы болыпты.Ал, кәне балалар осы 4 ұлдың атын атай қойыңдаршы:

1.Оксид

2. Негіз

3.Қышқыл

4. Тұз

Бір күні шал балаларын жинап алып, өсиет айтыпты: «Балаларым, мен қартайдым, төрімнен көрім жақын.Талапты азамат ертеңгі күнін ойлар, бір апта уақыт беремін, жан-жақты зерттеп, шарлап, әрқайсыңның жаныңа сүйеніш, өміріңе азық болар зат әкеліңдер», - депті.

Ұлдары әке сөзін құп алып, жол жүріп кетіпті.Уәделі күні сапардан балаларының бәрі оралып, олжаларымен бөлісіпті.

Оқушылар «Бейорганика» шалдың балалары қандай олжа әкеліпті?

Бейорганика шал : бұларыңа өте дән ризамын, балаларым, алдағы уақытта бір-біріңнен ажырамай бірге өмір сүріңдер деген екен.

Балалары ақылдаса келіп,қасынан үй салып,үйдің арасын бір-бірімен байланыстырып,дуалмен біріктіріп қоршапты.Содан бері олар бірнен-бірі ажырамай, мынадай тізбек құрып,араласып тұратын болыпты.Олардың қасиеттерін жақсы білетін жақын көршілері ғана болмаса, оларды бірінен-бірі ажырата алмай қалады екен.

« Сақина салмақ» ойыны.

Ойын шартымен таныстырып, ойынды өзім бастаймын.

Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

CuSO 4 →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO3 →Cu(NO3)2

Шешуі:

1.Орын басу реакциясы арқылы мыс (ІІ) тұзынан мысты алуға болады:

CuSO4 +Fe→FeSO4 +Cu

2) Мысты оттегіде жағып,мыс (ІІ) оксидін аламыз:

2Cu + О 2 =2CuO

3) Мыс (ІІ) оксиді тұз қышқылында еріп, мыс (ІІ) хлоридін түзеді:

CuO +2НСІ = CuCI2 + Н2О

4) Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып,мыс (ІІ) гидроксидін алуға болады: CuCI2 + 2 КОН = Cu(OH) 2+ 2 КСІ

5) Мыс (ІІ) гидроксидін бір гидроксотобының орнын алатындай мөлшерде алынған азот қышқылымен яғни 1 моль Cu(OH)2 1 моль НNO3–пен өңдеп мыс (ІІ) гидроксонитратын –негіздік тұз алады:

Cu(OH)2 + НNO3= Cu(OH)NO3 2О

6) Мыс (ІІ) гидроксонитратына артық азот қышқылымен әсер етіп, мыс (ІІ) нитратын алады:

Cu(OH)NO3 + НNO3= Cu(NO3)2 + Н2О

Ал,балалар, «Бейорганика » шал оның балаларының қасиеттері туралы деген генетикалық байланыс тапсырманы шешу сендерге тапсырылады.


V. Бекіту

А) «Ғажайып тәжірибе»

Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау.

І ,ІІ, ІІІ,ІV топ тәжірибе орындайды.

Қалған оқушыларға үлестірмелі қағаз таратылып, постерге тапсырмалар орындалайды.

VІ. Қорытынды.

«Академиялық дау-дамай»

«Металдар мен бейметалдар,олардың қосылыстарының тіршілік үшін пайдасы мен зияны» туралы ой ойларын дәлелдей отырып, топтар өзара пікірталасқа түседі.

VІІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Маған сабақ кезеңдерінде не ұнады, не ұнамады?

Өтілген материал бойынша сұрақ немесе пікірің?

VІІІ. Бағалау.

1)Топбасшыларының бағалауы;

2) Жиынтықтық бағалау;

3) Өзін-өзі бағалау;

Күнделіктеріне баға қою.

ІХ.Үйге тапсырма.

Есептер мен жаттығулар бойынша № 10-15 есептер.

Қосымша үлестірмелі қағаз тарату.





























39 ОМГ














Ашық сабақ




«Металдар мен бейметалдар және олардың қосылыстарының арасындағы генетикалық байланыс»






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
металдар мен бейметалдар,оларды? ?осылыстарыны? арасында?ы генетикалы? байланыс

Автор: Шекербекова Дана Талгатовна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства