Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар | Мектеп: №177 жалпы білім беретін мектеп |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нұрғожаева А.Б. |
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе: «Ластанған ас тұзын тазарту» |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.4.1.5- қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу 7.4.1.6- қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: қоспа мен қосылысты ажырату, қоспаның түрлерін білу, бөлу әдістерін ажырату Көптеген оқушылар: қоспаларды бөлу әдістерін жоспарлау, ТҚ ережесін білу Кейбір оқушылар: жасалған эксперимент негізінде қорытынды жасау |
Бағалау критерийлері | Қоспаның түрлерін біледі Табиғатта кездесетін қоспаның түрлерін танып біледі Қоспаларды бөлу әдістерін ажыратып үйренеді Тәжірибені дұрыс жоспарлай алады Жабдықты дұрыс , қауіпсіз іріктей және қолдана алады Алған білімдерін өмірде қолдана алады, алған мәліметтерді жинақтап, салыстырады |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: қоспа,біртекті,әртекті қоспа, қоспаларды ажырату, қыздыру, сүзу, еріту, буландыру Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады? Қоспаның ішіндегі заттарды қалай бөліп алуға болады? |
Құндылықтарға баулу | Сын тұрғысынан ойлау, ынтымақтастық құндылықтары |
Пәнаралық байланыс | Биология, физика, география |
Алдыңғы білім | Жаратылыстану пәнінен: таза зат, қоспа, күрделі зат |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарлан- ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин 2мин Сабақтың ортасы 5мин 7 мин 5мин 20 мин Сабақтың соңы Рефлексия 3 мин | Ұйымдастыру. Жағымды психологиялық ахуал туғызу( бір-біріне жақсы тілектер айту) «Миға шабуыл» Сұрақ:Күнделікті өмірде көріп жүрген табиғи қоспаларды атаңдар. «Ойлан-жұптас-бөліс » әдісі 1-тапсырма. Жұппен жұмыс: Партаға химиялық стақанға қоспалар салынып беріледі. (ТҚ ережесін сақтаймыз, заттың дәмін татып көруге болмайды) күкірт пен темір қоспасы тұз бен су қоспасы Дескриптор қоспаның түрін анықтайды қоспаның ішіндегі заттарды қалай бөліп алу жолын ұсынады ҚБ. Өзара бағалау «Кім жылдам?» әдісі 2-тапсырма. Жеке жұмыс Қоспалардың түрлерін атап, жіктеп, кестені толтырыңыз. қоспа Дескриптор қоспаларды жіктеп , ажыратады кестеге қоспалар түрлерін жазып, кестені толтырады ҚБ. Дәптерлерін алмастырады, өзара бағалайды. « Ойлар ағыны » әдісі 3-тапсырма. Жеке жұмыс Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың қандай түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз Дескриптор -суреттен қоспаны бөлу әдістерін атайды ҚБ. Өзара бағалау «Зерттеу» әдісі 2-тапсырма. Жұптық жұмыс Зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту» Сіздерге өзен құмы араласқан ластанған ас тұзы берілген. Оны тазарту үшін: а) суда ерітіңіз б) сүзгіден өткізіңіз в) ерітіндіні буландырыңыз Қоспаларды бөлуге қатысты эксперименттің жоспарын жасап, кестеге бөлу жолы туралы қорытынды жазыңыз Қоспаның құрамы | Қоспаның түрі | Қоспаны бөлу әдісі | Бөлу әдісі неге негізделген? | | | | | | | | | | | | | Дескриптор берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық жазады бөлу әдісінің не үшін қажет екенін көрсетеді Дәптерлерін алмастырады,смайликтер беру арқылы өзара бағалайды «Сәттілік баспалдағы» | http:// bilimland.kz/ru/ content/lesson/1115 5- chistye veshestva i smesi http:// bilimland.kz/ru/ content/lesson/ 1101 6- metody razdeleniya smesei |
| Үй тапсырмасы: Табиғи қоспаларға мысал келтір, оларды тазарту әдісінің жобасын құрастыр |
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сабақтың құрылымындағы белсенді іс-әрекеттер, зертханалық жұмыс орындау барлық балалардың ішкі уәжін оятып, оқу мақсатына жетуге оң ықпал етеді.Жұппен жұмыс барысында терең түсінген оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.Ойлаудың жоғары деңгейі қалыптасқан оқушылар қосымша сұрақтар мен тапсырмаларды орындау кезінде өзгелерді оқытып, оқуды жақсартуға қолдау жасайды, қорытыныдылар бойынша ой түйіндей алады. | Бағалауда оқушылардың өзіндік пікірлері қалыптасатын жеке, жұптық топтардағы бір-бірінің пікірін ескере отырып, бірлесе орындауда қолданатын қалыптастырушы бағалау тәсілдерін критерий бойынша өзін-өзі бағалау әдістерін қолданамын | Химия кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақта уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: |