kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. 11 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім №1 ""Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыштық қасиеті"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. 11 сынып»

Бөлім:

11.3C Азот және күкірт

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

11 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Күкірт диоксиді және қышқыл жаңбырлар. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолдану. Көрсетілім №1 "Күкірт және азот қышқылдарының тотықтырғыш қасиеттері"


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.12 атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атау және
қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттау;
11.2.1.13 тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атау;

Сабақтың мақсаты:

Атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атайды және
қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттайды. Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксиді қолданылу аймағын атайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында «Өзіңе тілегенді досыңа тіле!» ойынын өткізу.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Жетістік критериймен таныстыру арқылы сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтап алу.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады.


8 мин


Күкіртсутек бойынша қайталауға арналған ақпараттар

1.SO2 құрамындағы күкірттің массалық үлесін есептеңіз 50%

2.Құрамында күкірт бар минералдарды атаңыз?

ZnS мырыш алдамшысы, FeS2 – пирит, HgS-киноварь, PbS-қорғасын жылтыры, ғаныш CaSO4 *2H2O , Глаубер тұзы

Na2SO4 * 10 H2O

3.Күкіртсутек табиғатта қайда кездеседі? Минер.сулардың, жанартау газдарының құрамында кездеседі.

Физикалық қасиеті

Күкіртсутек молекуласы су молекуласы сияқты бұрышты болғандықтан полюсті. Айырмашылығы күкіртсутек молекуласында сутектік байланыс жоқ, сондықтан агрегаттық күйі газ.

Күкіртсутек шіріген жұмыртқа иісті, түссіз газ.Улы. Судың бір көлемінде 2,5 көлем күкіртсутек ериді. Бұл ерітінді күкіртсутек суы деп аталады, әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.



ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық

Сабақтың ортасы

15 мин.

Бейнесабаққа назар аударып, тыңдап және бейнесабақтағы ақпаратттармен танысады.

Қазбалы отынның жануы күкірт диоксидінің негізгі көзі болғандықтан, бұл газдың шығарылуын отын құрамындағы күкіртті жою арқылы немесе жану өнімдерінен күкірт диоксидін жою арқылы  азайтуға болады.


Атмосфераның күкірт диоксидімен улану себептеріне постер құру, таныстыру, талқылау. (Ол үшін бейнефильмді көріп алып жұмыс жасайды)

Күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін талқылау

тірі ағзаларға кері әсерін

коррозия процесін жылдамдатады

Тірі ағзалардың тыныс жолдарын тітіркендіретін және қан айналым жүйесін зақымдайды

жүрек әлсіздігі мен өлімге алып келуі мүмкін.

Дескриптор:

Атмосфераның күкірт диоксидімен ластану көздерін атайды.

Қышқыл жаңбырдың түзілу мәселелерін сипаттайды.

Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидінің қолданылу аймағын атайды.


http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/d1a10c8f-5efb-414c-a440-e09c4650a22d

Жұптық жұмыс

15мин


1-жұп.Күкірт диоксидінің металдар коррозиясын жылдамдататынын талдау.

2-жұп.Күкірт диоксидінің тағам өнеркәсібінде қолданылуын талдау.



ЕББҚ бар оқушы бұл тапсырмада жұбынан қолдау көмек алып, тапсырманы бірге орындайды.


Атмосфераның күкірт диоксидімен улану себептерін постер құру, таныстыру, талқылау.

Қышқылды жаңбырдың түзілуі мен оның қоршаған ортаға әсері

Атмосфераға шығарылатын күкірт және азот оксидтері минералды қышқылдар түзіп, жерге қышқыл жаңбыр болып жауады. Қышқыл жаңбырлардың әсерінен көптеген материалдар коррозияға ұшырайды, сонымен қатар олар өсімдіктер мен су тіршілігі үшін улы болып табылады.

Дескриптор арқылы бағалау:

Күкірт диоксидінің металдар коррозиясын жылдамдататынын талдайды-3б

Күкірт диоксидінің тағам өнеркәсібінде қолданылуын талдайды-3б

А4 парағы


Сабақтың соңы

5 мин.

Кері байланыс «3Қ»

Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Үй тапсырмасы:

§45.Оқу. 29-беттегі №1-7 - жаттығулар.



1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Мамыркулова Үміт Кенжехановна

Дата: 26.02.2023

Номер свидетельства: 626603


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1900 руб.
2370 руб.
1880 руб.
2350 руб.
2100 руб.
2620 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства