Просмотр содержимого документа
«К?кірт ж?не оны? ?осылыстары. »
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты: 1. Күкірттің периодтық жүйедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиялық түр өзгерістерімен, қасиеттерімен танысу.
2.Күкірттің оттекті қосылыстарына салыстырмалы сипаттама бере отырып, олардан түзілетін қышқылдардың атаулары мен қасиеттерін салыстыра білуде ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, қоршаған ортаны
қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, саяхат сабағы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнеклігі: оқулық, электрондық оқулық, есептер мен жаттығулар жинағы, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, үй тапсырмасын тексеру
Сурет бойынша (сіреңке) жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
Қазақстан Республикасының экономикасы үшін үлкен мәні бар минералды шикізат, адамның тіршілік етуі және өсімдіктердің дамуы мен өсуі үшін айрықша маңызды инертті, уытты емес минерал – күкірт және олардың қосылыстарымен танысамыз.
Атом құрылыс. Периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау. Электрондық және графиктік формуласын жазу.Тотығу дәрежелерін түсіндіру. Оттекті қосылыстарда күкірттің тотығу дәрежесі +4, +6 көрсетеді. Сутекті қосылыста -2 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Табиғатта таралуы. Құрамындағы күкірті бар кен орындары Қазақстанның Орталық, Оңтүстік, және Шығыс аумақтарында көптеген кездеседі. Күкірт (IV) оксиді, әдетте, газ, жанартау атқылағанда және табиғи көмірді жаққанда бөлініп шығады.
Күкірт диоксиді SО2 көп мөлшерде қара және түсті металлургия өндірісі, жылу станциялары, автомобильдер қозғалтқышы жұмыс істегенде атмосфераға тарайды. Күкіртсутек органикалық заттар шіріген жерлердің бәрінде пайда болады.
Физикалық қасиеті. Күкірттің бірнеше аллотропиялық түрөзгерісі бар. Олар кристалдық түрдегі-ромбты және моноклинді күкірт, аморфты және иілімді (пластикалық) күкірт деп аталады.
Күкірт (IV) оксиді өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Ол суда жақсы еритіндіктен жартылай сумен реакцияға түсіп, күкіртті қышқыл түзеді:
SО2 + Н2О = Н2SО3
Күкірт (VI) оксиді SО3 кәдімгі жағдайда ұшқыш сұйық болып келеді. Күкірт (VI) оксиді SО3 ауада «түтінденеді». Себебі ол ауадағы су буымен әрекеттесіп, нәтижесінде күкірт қышқылының тамшылары пайда болады:
Күкіртті сутек нерв жүйесіне әсер ететін өте улы газ. Шіріген жұмыртқанын иісі бар.
Химиялық қасиеттері. Электронды оқулық бойынша түсіндіру. Бейнекөрініс №2 (Күкіртсутектің түзілуі) Бейнекөрініс №3(Күкірттің сынаппен әрекеттесуі)
Физиологиялық әсері. Күкірт диоксидінің SО2 адамдар, жануарлар және өсімдіктер үшін улы әсері бар. Жанартау атқылағанда бөлініп шыққан зиянды газынан жақын маңайдағы барлық тіршілік атаулының жойылып кеткені де белгілі. Ол аз мөлшерде ауаға тарағанның өзінде адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдары тітіркенеді, аллергиялық реакция байқалады. Бейнекөрініс №4 (Гүлдің солып қалуы) Өсімдіктерге де зиянды әсер ететіндіктен ауылшаруашылық өнімдерінің түсімі төмендейді. Күкіртті газдың тағы бір зияны атмосферада «қышқыл жаңбыр» болып жауатыны. Одан металдық бұйымдар, құрылыс материалдары бүлінеді. «Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері»
Қазіргі күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқылды жаңбыр. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксиді ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Қышқылды жаңбыр көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Финляндияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады. Көлдің қышқылдануы және ауыр металл иондарымен ластануы балықтардың ұрықтанып көбеюіне ғана қауіп туғызып қоймай, ол планктондардың, балдырлардың және басқа тіршіліктердің жойылуына әрі адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Қышқылданған сулар металл құбырлармен аққан кезде металдарды ерітеді, олардың улы иондары пайда болады. Нью-Иорк аумағынан алынған қышқылды суды қорғасын ыдысқа құйып, бір түн қойғанда металл иондарының мөлшері тиісті мөлшерінен асып кеткен. Күкіртсутек – улы зат, онымен тыныс алса басы айналып тұншығады.
Күкірсутек бар ауамен тыныс алғанда ол қанға сіңіп, темір ионымен байланысып қанның түсі қараяды. Адам күкірсутекпен уланғанда тез арада таза ауамен дем алу қажет. Алыну жолдары. Электрондық оқулық бойынша түсіндіру.
1.Лабораторияда күкірт диоксидін алу үшін сульфидтерге күшті қышқылдармен (НСl,Н2SО4) әсер етеді
Nа2SО3 + 2НСl = 2NаСl + Н2SО3
2. Өнеркәсіпте көп мөлшерде күкіртті немесе күкіртсутекті жағу арқылы алады:
S + О2 = SО2
2Н2S + 3О2 = 2SО2 + 2Н2О
3. Өнеркәсіпте көп мөлшерде күкірт (IV) оксидін өршіткі қатысында тотықтырып күкірт (VI) оксидін SО3 алады:
2SО2 + 3О2 = 2SО3 + Q
Қолданылуы. Күкірт қышқылын өндіру кезінде күкірт диоксиді аралық өнім болып келеді. Күкірт (IV) оксиді жүнді, жібекті және дақылдардан алынатын сабанды ағартуға пайдаланылады. Ол көптеген органикалық бояуларды түссіздендіреді. Сұйық күкірт (IV) оксиді мұнай өнімдерін тазартуға жұмсалады. Күкірт (IV) оксиді микроорганизмдерді өлтіреді, осы газбен көкөніс, жеміс жидек сақтайтын қоймаларды ыстап, зиянкестерді жояды және оларды шіруден қорғайды.
Етрегілер еліне саяхат
Тас мүсіндер қамалы
Перілер мұнарасы
Патша сарайының бөлмесі
Айбалта қамалы
Алхимиктің үйшігі
Қара сиқыршының иелігі
І.Тас мүсіндер қамалы 10 ұпай
1.Өлшеуге көмектес. Күкірт атомының электрондық формуласын жазу
2.Берілген заттарды салыстырмалы молекулалық массасының өсу ретімен орналастырыңдар
3. Күкірт мына қосылыстарда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді.
4. Тұншықтырғыш иісті тап
ІІ. Перілер мұнарасы 20 ұпай
Кім дос, кім қарашқы ойыны (екі топқа бірдей)
1.Күкірттің азот қышқылымен әрекеттесуі
2.Күкірттің оттекпен әрекеттесуі
3.Күкірттің магниймен әрекеттесуі
4.Күкірттің мыспен әрекеттесуі
3. Патша сарайының бөлмесі 30 ұпай
1. І топ
Мына реакцияның:S + O2 → SO2 + 297кДж. Жылу эфектісі негізінде массасы 96г күкіртті жаққанда қанша жылу бөлінетінін есептеңіздер
2. ІІ топ
Күкірттің қандай мөлшерін жаққанда 485 кДж жылу бөлінетінін реакция теңдеуі бойынша есептеп шығарыңыздар.
S + O2 → SO2 + 297кДж
4. Айбалта қамалы 40 ұпай
І топ S → SO2 → SO3→ H2SO4
ІІ – топ S → H2S → S → FeS
5. Алхимиктің үйшігі
Күкірт дәру, әрі дерт
Шығармашылық жұмыс сурет бойынша (қоршаған ортаның газдармен ластануы)
Қара сиқыршының иелігі 50 ұпай
№3-26 есептер жинағы есеп
Химиялық жұмбақ
Ерте,ерте, ертеде ешкі жүні келтеде,Күкірт атты патшаның екі ұлы,бір қызы болыпты. Біреуі төрт жасқа келгенде «газ» деген атаққа,екіншісі алты жасқа келгенде ангидрид деген атақ алыпты. Ал қызы–өте әдемі болып өсіпті. Бірінші ұлының мінезі өткір болса екіншісі тез ұша алатын сұйық және де ауада тез тұтанып, ашуланып түтінденеді екен. Өткір баласының өткірлігі сондай, оттекпен тотығып күкірт ангидрине айнала алады екен.
Екі баласы сумен, ал қызы сутекпен дос болыпты. Өткір мінезді ұлы сумен қосылғанда әлсірейтін болса, ал екіншісі сумен қосылып күшейеді екен.
Патша екі баласының сумен қосылып, ал қызының сутекпен қосылып халыққа адал қызмет еткеніне риза болыпты.
Резюме.(Элементке сипаттама)
Аты:
Портреті:
Мекен- жайы:
Салмағы:
Мамандығы:
Біліктілік санаты:
Мінезі:
Туыстары:
Рефлексия
Бүгін сабақта қандай жаңа тың мәселер туралы білдіңіз?