kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Крахмал касиеттері, ?олданылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

крахмал табиги полимер. Крахмал табигатта жасыл осимдиктерде коптеп колданылады. Крахмалды? молекулалы? массасы бірнеше мында?ан миллионга жететін тарма?тадан турады. Крахмалды? химиялы? ?асиеттеріні? бірі иодпен аралас?анда кок т?сті? берілуі. Крахмал кобінесе кортоп кесіндісінде? нанда кездеседі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«крахмал касиеттері, ?олданылуы.»

Сабақтың тақырыбы: Крахмал

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Полисахаридтер өкілі крахмал молекуласының құрылысымен, физикалық және химиялық қасиеттерімен, қолданылуы мен биологиялық маңызымен танысу

б) дамытушылық: Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдылық және шығармашылық қабілетін дамыту, пән тілінде сөйлей білу дағдыларын, өз бетімен еңбектенуге, ойлау қабілетін дамыту

в) тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Заттың құрылысы мен қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерді танып білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, пәнге, білімге қызығушылығын дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдістері: Репродуктивті ,сұрақ-жауап, сөздік-көрнекілік түсіндірмелі-иллюстрациялық ,бағдарламалық

Сабақтың формасы: Ұжымдық, топтық, жеке

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, электронды слайдтар, флипчарттар,крахмал үлгісі, картоп, пісірілген күріш, ақ нан, йод тұнбасы, сынауықтар

Пәнаралық байланыс: математика, физиология, медицина, экология Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу
3.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру
Оқушыларды үш топқа бөлеміз.


«Глюкоза» тобы

«Фруктоза» тобы

«Сахароза» тобы

II. Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру

-Қызығушылықты ояту. Не білеміз?

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын өткен тақырыптар бойынша мынадай сұрақтарға жауап берейік. Қай топ бірінші жауап берсе , сол топқа бағалау парақшасы беріледі.

1. Көмірсулар дегеніміз не?

2. Көмірсулардың жалпы формуласы?

3. Көмірсулар қалай жіктеледі?

4. Моносахаридтердің маңызды өкілдерін атаңдар

5. Дисахаридтердің маңызды өкілдерін атаңыз

6. Глюкозаны не себепті альдегидоспирт деп атайды?

7. Глюкоза табиғатта қайда кездеседі?

8. Глюкозаны ашыту арқылы қандай қышқылдар алуға болады?

9. Глюкозаның тұйық формасының қандай түрлері бар?

10. Сахароза қандай өсімдіктерде көп?

11. Сахарозаға тән негізгі реакцияны ата.

12. Дисахаридтер дегеніміз не?

13. Табиғатта жасыл жапырақта глюкоза түзілетін реакция (процесс)

14. Глюкозаның изомері?

15.Сахарозаның жақын изомері?

16. Фруктоза қайда кездеседі?

17. Глюкоза молекуласында қандай функционалды топтар бар?

18. Майдың құрылысын ашқан ғалымдар?

19. Майдан қандай заттар алынады?

2.«Алфавит ойыны» жасырын сөзді табу.Берілген формулаларды таба отырып, жасырын сөзді табу


Қышқыл

эфир

май

көмірсу

НСООСН3

А

К

Б

Л

СН3СООН

Ө

Р

Т

Д

СН2-О-СО-С17Н33

СН-О-СО-С17Н33

СН2-О-СО-С17Н33

Е

Н

М

Т

С12Н22О11

Б

П

Р

і

СН3СООС2Н5

К

Р

С

К

С6Н12О6

У

Е

Р

С

СН3-СН2-СООН

У

М

Р

У

Жауабы: (Көмірсу)




Қышқыл

эфир

май

көмірсу

СН3ООСН3

К

Л

Р

Л

НСООН

А

Г

Ж

Д

СН2-О-СО-С17Н35

СН-О-СО-С17Н35

СН2-О-СО-С17Н35

Ж

Ш

К

З

С12Н22О11

О

Р

Р

Т

СН3СООС3Н7

Д

О

Т

Т

С6Н12О6

Ш

Ш

Г

З

СН3-(СН2)2-СООН

А

Н

О

Ш

Жауабы: (Лактоза)


Қышқыл

эфир

май

көмірсу

НСООС2Н5

Н

К

Л

Д

С15Н31СООН

Р

П

А

Ж

СН2-О-СО-С15Н31

СН-О-СО-С15Н31

СН2-О-СО-С15Н31

Л

Д

А

Ш

С12Н22О11

Д

Л

Р

Х

СН3СООСН3

Н

М

О

Л

С6Н12О6

Г

Т

Д

А

СН3-СООН

Л

Л

А

Б

Жауабы: (Крахмал)



Өткен сабақты тірек сызба арқылы қорытындылау

      1. Құрамы көміртегі мен судан тұратын органикалық қосылыс қалай аталады?

      2. Көмірсулар химиялық құрамына қарай қалай жіктеледі?

      3. Моносахаридтердің маңызды өкілдері

      4. Дисахаридтердің өкілдері

      5. Полисахаридтердің өкілдері


III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылауы

IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндіруі-иллюстративті әдістерді (лекция, слайдтар, видеороликтер, флипчарт) қолдану арқылы түсіндіруі.

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру.

Жаңа тақырып: Крахмал

Қаралатын сұрақтар:

1.Крахмал физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі

2. Крахмалдың құрылысы

3.Химиялық қасиеттері

Физикалық қасиеттері және табиғатта кездесуі

Полисахаридтер-табиғи полимерлер, оардың макромолекулалары өзара байланысқан көптеген (ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған) құрылымдық буындардан тұрады. Крахмал-табиғатта көп тараған полисахарид.Крахмал-суда ерімейтін ақ ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді-клейстер түзеді.

Ол өсімдіктерде көп. Картопта 20% бидай, жүгеріде 70% ,күріште 80 % болады. Крахмал-адам үшін маңызды қоректік заттардың бірі.

Крахмалдың құрылысы

Крахмал (С6Н10О5)n –табиғи полимер Крахмал табиғатта жасыл өсімдіктерде фотосинтез процесі СО2 бен Н2О судан түзіледі.

6СО2+6Н2О → С6Н12О6 +6O2

Глюкозадан синтездік жолмен крахмал түзіледі.

6Н12О6 → (С6Н10О5)n+nН2О


Крахмалдың макромолекуласы тұйық тізбекті - глюкозаның қалдықтарынан тұрады. Крахмал молекулалары орташа молекулалық массасы бірнеше жүз мың және миллионға жететін тармақталған құрылымды болып келеді.

Крахмалдың химиялық қасиеттерінің бірі-иодпен әрекеттескенде көк түстің пайда болуы. Ондай көк түс картоп кесіндісіне немесе ақ нанға иод ерітіндісін тамызу арқылы байқауға болады.

Маңызды қасиеті қышқыл қосып сумен қыздырса, крахмал гидролизге ұшырайды. Крахмалдың сумен ыдырау процесі біртіндеп жүретіні анықталды. Әуелі крахмалға қарағанда молекулалық массасы жеңіл аралық заттар-декстриндер, одан кейін сахароза изомері-мальтоза, гидролиздің ақырғы өнімі-глюкоза түзіледі. Крахмал гидролизін алғаш орыс ғалымы Кирхгоф К.С жүзеге асырды. (С6Н10О5)n+nН2О → nС6Н12О6

Крахмалдың ағзадағы өзгерісі.

Крахмал азық-түлігіміздегі негізгі көмірсу. Бірақ ағза оны тікелей сіңіре алмайды. Крахмал гидролизденеді, ол тамақта шайнағанда сілекейде болатын фермент әрекетінен ауызда басталады. Гидролиз одан әрі қарында және ішекте жүреді. Түзілген глюкоза ішекке сіңу арқылы бауырға, қанға барады, одан барлық ұлпаларды қоректендіруге таралады. Глюкозаның артық мөлшері гликоген түрінде бауырда қор болып жинақталады. Глюкоза әрі қарай тотығып, СО2 және Н2О түзіліп, энергия бөлінеді.

Крахмалдың қолданылуы


  1. Крахмал маңызды қоректік зат. Ол нан, картоп, дән түріндегі көмірсулардың басты шикізат көзі болып табылады.

  2. Крахмалдың көп мөлшері декстриндер,глюкоза, тағам өнеркәсібіне жұмсалады. Нанның жылтыр қабығы,пісірілген нан декстриндерден тұрады.

  3. Сірнелер кондитер өнеркәсібінде, кәмпиттің, мармеладтың кейбір сорттарын жасағанда қолданылады. Сірне қосылған кондитер тағамдары таза қанттан жасалғандай тәтті болмайды және ұзақ уақыт жұмсақ күйінде сақталады.

  4. Крахмалдан алынған декстриндер желім ретінде қолданылады.

  5. Крахмал киім-кешектерді крахмалдауға қолданылады, ыстық үтікпен үтіктегенде декстриндерге, декстриндер мата талшықтарын бір-біріне жабыстырып, тығыз , жұқа қабықша түзеді, ол матаны тез кірленуден қорғайды.



V. Жаңа тақырыпты пысықтау.

« Кім көп біледі? » Әр топқа мәтін беріледі ,мәтінді оқып,кестеге сызып, түсіндіру. 1-топ. Крахмалдың ағзадағы өзгерісі

2-топ. Крахмалдың ағзаға әсері

3-топ.Крахмалдың қолданылуы

«Кім жылдам?» ойыны

Берілген химиялық таңбалардан реакциялар құрастыру.

1-топқа: СО2; С2Н5ОН; Н2О ; СН3ОН; НСООСН3

С6Н12О6; О2; С6Н12О6; СО2 ; НСООН; Н2О

2-топқа: С6Н12О6; nС6Н12О6; nН2О; nС6Н10О5 ;

СН3-СН-СООН; Н2О; СН3СООН; СН3ОН; СН3СООСН3 ;

ОН

3-топқа: С6Н12О6; СО2; Н2О; О2; СН2ОН-(СНОН)4-СОН;

Аg ; Аg2O ; СН2ОН-(СНОН)4-СООН; CН3СООН; СН3СООС2Н5; С2Н5ОН;Н2О

VI .Жаңа тақырыпты бекіту.

«Білім шыңы» өзгерістерді химиялық реакция түрінде өрнектеу

1.Крахмал глюкоза сүт қышқылы

2.Этил спирті СО2→ глюкоза

3.Глюкоза → этил спирті → СО2

VI. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып, оқушыларды бағалауы және қорытындылауы.

VIII. Үйге тапсырма беру:1.Химия 11кл авторы: Р.Жұмаділова,С.Әлімжанова

§38 Крахмал.(151-154 б)

2.Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәліметтер жинау

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Органикалық химия 10кл Л.АЦветков

  2. Органикалық химия 10 кл. Б.А.Мансұр




















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
крахмал касиеттері, ?олданылуы.

Автор: Смайлова Сауле

Дата: 28.11.2015

Номер свидетельства: 259390

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "крахмал касиеттері, ?олданылуы."
    ["seo_title"] => string(35) "krakhmal-kasiiettieri-k-oldanyluy-1"
    ["file_id"] => string(6) "259391"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448731305"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства