kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»»




Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

СЫНЫП: 7

Мектеп: “Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Исаева Гүлнұр Ысқаққызы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.5 – қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу

7.4.1.6 – қоспаны бөлуге негізделген тәжірбиені жоспарлау және өткізу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Қоспаның тұжырымдамасын біледі.

  • Қоспа мен таза заттарды ажырата алады.

  • Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін біледі.

  • Қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлап өткізеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Қоспаны бөлу әдістеріне мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

  • Қоспаны бөлу жолдарының бірнеше әдістері ұсынады.

  • Өз зерттеу нәтижелерін, тәжірибелерін ұсынады.


Ойлау дағдыларының деңгейі:


Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  1. Қоспа түрлерін және оларды бөлу әдістерін біледі;

  2. Қоспаларды бөлуге қатысты қарапайым экспериментті жоспарлайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Қоспаның түрлерін, бөлу әдістерін біледі, таза заттарды ажыратады. Қоспаның түрлеріне тәжірибе жүргізе алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Қоспалар, біртекті қоспа, әртекті қоспа, буландыру, айдау, сүзу және тұндыру.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Таза заттың коспаның айырмашылығы......

Қоспаның түрлері .......

Гетерогенді қоспаларды бөлу.....

Гомогенді қоспаларды бөлу.......

Дистильденген судың маңызы

Қоспаның бөлу әдістері..............

Құндылықтарға баулу

Сабақ барысында оқушылардың бірін-бірі тыңдау, көмектесу, топтасып тапсырма орындау, еңбекқорлық, жауапкершілікті сезіну, өмір бойы білім алуға дайын болу, білімін өмірде қолдана білу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. 5.3.2.2– қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну

Алдыңғы оқу

Химия 7.4.1.3 – элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал орнату, бір-біріне жағымды сөздер айтып сәттілік тілейді.

«Мозайка» әдісі (жеке жұмыс) Оқушыларға қиындылар беріледі, суреттер құрастырылып жауабына қарай топқа бөлінеді.

1 –топ: Таза зат

2 - топ: Қоспа

3 – топ: Гомогенді қоспа

4 - топ: Гетерогенді қоспа

Үй тапсырмасын сұрау: «Тұжырымдамалық карта» әдісі. (Топтық жұмыс)

1-топ. Таза зат және қоспа

2-топ.Таза заттармен жұмыс жасау қажеттілігі

3-топ. Қоспаның түрлері

4-топ. Қоспаны бөлу әдістері.

Дескриптор

- оқушылар таза зат пен қоспаны ажырата алады.

- қоспаның түрлерін атайды

- қоспаның бөлу әдістерін түсіндіреді

- дұрыс жауап табуға дағдыланады.

- оқушылар ойланып, зерделеп, өз ойын нақты жеткізеді.

Бағалау

Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау.





Сурет қиындылары




АКТ
















Сабақтың ортасы

30мин

Бейнеролик. (Тақырып ашылады)

«Жоғалған сөздер» әдісі (жеке жұмыс)

1.Физикалық қасиеттері тұрақты заттар...заттар деп аталады.

2.Қоспалардың құрамы әртүрлі қатынастағы түрлі...тұрады.

3.Құрамындағы бөлшектер жай көзбен немесе микроскоппен көрінетін қоспалар... немесе... деп аталады.

4.Құрамындағы бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспаны... немесе... деп аталады.

5. Қоспаларды бөлу әдістеріне... жатады.


Дескриптор Білім алушы

- оқушылар көп нүктенің орнына дұрыс жауап табуға дағдыланды.

- оқушылар ойланып, зерделеп дұрыс жауап берді.


Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі

2-тапсырма. «Ойлан, Топтас, Бөліс! » ( топтық жұмыс)

Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың қандай түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз.

  • Берілген суреттерді мұқият қараңдар, олардың қолданылуын анықтаңдар.

  • Флипчартқа қоспаны бөлу әдістерін, қолданылуын мысалдармен көрсетіп жазыңдар.




Дескриптор:

- суреттен қоспаны бөлу әдістерін атайды

- олардың қолданылуын анықтайды

- мысалдар келтіреді

Бағалау: Жетістік баспалдағы.

3-тапсырма. «Құрастыр, одан кейін жауап бер» әдісі. (Топтық тапсырма)

2-Зертханалық жұмыс

Ластанған ас тұзын тазарту

1 оқушыға:

Реактивтер: Ас тұзы мен құмның қоспасы 20 г., 100 мл. су.

Құрылғылар және ыдыстар:

Химиялық стақан 200 мл – 2 дана

Штатив – 1 дана

Шыны таяқша – 1 дана

Құйғы – 1 дана

Сүзгі қағаз – 2 дана

Спиртшам – 1 дана

Кәрлен табақша – 1 дана

Конусты колба – 1 дана

Асбест тор – 1 дана

Қысқыш – 1 дана

Жұмыс барысы:

  1. Қоспаны суда ерітіп, ас тұзын құмнан бөлу.

  2. Ерітіндідегі қоспаны сүзу процесін жүргізу.

  3. Сүзіндіні буландыру.

  4. Берілген қоспаны бөлу жолын анықтап, бөлу әдістерін тауып, қорытындыны кестеге толтыру.

Назар аударыңдар. Қыздыру құралдарымен жұмыс ережелерін сақтаңдар.

Қоспаның құрамы

Қоспаның түрі

Қоспаны бөлу әдісі

Бөлу әдісі неге негізделген














Дескриптор Білім алушы

− берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды;

− қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды;

− қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық жазады;

− бөлу әдісінің не үшін қажет екенін көрсетеді.

Бағалау: Смайликтер

4-тапсырма . «Тәжірибе алаңы» (топтық жұмыс)

а) Қоспаның әрбір түрін анықта.

b) Осы қоспаларды бөлуге болатын әдістерді тауып, кестені толтыр.


Қоспа

Қоспаның түрі

Бөлу әдістері

1-топ. Су+май



2-топ. Темір+ағаш үгіндісі



3-топ. Су+құм



4-топ. Су+Қант




Дескриптор

Білім алушы берілген қоспаның түрін, қоспаны бөлу әдісін анықтайды

  • қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды

  • қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық жазады;

  • бөлу әдістерін дұрыс түсіндіреді.

Тапсырманы орындап болған топ қол шапалақтау арқылы белгі береді, топтар өзара бір-бірін бағалайды.

Бағалау: «Басбармақ» әдісі



Борт журналдары

Құм сағат

Ойлан!



Түрлі-түсті дөңгелекшелер






АКТ

құрал жабдықтар




















АКТ

4 түрлі түсті(көк, сары, жасыл, қызыл) маркер


























Химиялық құрал-жабдықтар, реактивтер



















АКТ


Смайликтер
















Қалыптастырушы бағалау /сілтеме/












«Басбармақ» әдісі

Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс орнату.

«Интервью» әдісі

  1. –Бұл сабақтан қандай әсер алдың?

  2. – Бүгінгі сабақтың атап өтер ерекшелігі неде деп ойлайсың?

  3. – Сабақтың қай тұсын жандандыру керек деп ойлайсың?

Үйге тапсырма. Оқулықтан «Біліміңді тексер!» жаттығуларын орындау.

№3 жаттығу. Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз.

Тұман, топырақ, газдалған су, түтін, сүт, гранит, кола, бұлақ суы, тіс пастасы, теңіз суы, 583 көрсеткішті алтын, әр қоспа үшін заттың агрегаттық күйін көрсет.

№8 жаттығу. Ас тұзы мен тіс ұнтағын, бензин мен суды және спирт пен суды қалай бөлуге болады?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе «Ластанған ас тұзын тазарту»

Автор: Исаева Гүлнұр Ысқаққызы

Дата: 21.10.2018

Номер свидетельства: 481517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства