kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока :фосфор ?осылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Фосфорды 1669 жылы неміс химигі Х.Бранд аш?ан.Фосфорды? 3 аллотропиялы? т?р?згерістері бар.а?,?ара ж?не ?ызыл.?ызыл фосфорды сірі?ке ?ндірісінде,пиротехникада ж?не фосфор ?ыш?ылын алу?а пайдаланылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока :фосфор ?осылыстары»

187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебі.

Химия пән мұғалімі: Айтбай Меруерт

Сабақ тақырыбы: Фосфор , қосылыстары,аллотропиялық түрөзгерістері.

Жалпы мақсаттар:

  • Фосфор, оның периодтық жүйедегі орнына сипаттама беру ,ашылу тарихымен таныстыру, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы жайлы білім алуға жағдай туғызу.

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бере алады.
2. Фосфордың ашылу тарихы мен таралуы туралы танысады.
3. Қасиеттері мен қолданылуы жайында біледі.
4. Фосфордың адам ағзасы үшін маңызын айта алады.
5. Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар, есептер орындай алады.

Түйінді идеялар: Фосфор және оның маңызды қосылыстары.

Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану .

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау. Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы. Жас ерекшеріктеріне сай тапсырмалар орындау.

Сабақтың әдісі: Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, сызба−суреттер, слайдтар,постерлер,стикерлер,смайликтер.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Сабақ жоспары: I. Үй тапсырмасын сұрау

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

III. Бағалау парағын тарату

IV. Рефлекция

V. Бекіту сұрақтары

VI. Үй тапсырмасын беру



І. Үй тапсырмасын сұрау:

1) Азоттың периодтық кестеде орналасуы

2) Азоттың ашылу тарихы

3) Азоттың физикалық қасиеттері

4) Азоттың химиялық қасиеттері

5) Азоттың табиғатта кездесуі

6) Азоттың қолдануы



IІ. Жаңа тақырып:

8.13 Фосфор және оның қосылыстары

Оқушылар топқа бөлінеді:

  1. Химиктер

  2. Биологтар

  3. Геогрофтар

  4. Тарихшылар



I-ші топ Химиктер тобына:

-Фосфор элементінің периодтық жүйедегі орны

-атом құрылысы, деңгейде орналасуы

- валенттілігі,фикалық, химиялық қасиеттері



II-ші топ Биологтар тобына:

-адам ағзасында фосфордың кездесуі, пайыздық мөлшері, атқаратын қызметі.

-фосфор элементі азық-түлікте

-фосфор ақыл-ой элементі



III-ші топ Географтар тобына:

-фосфор қосылыстарының табиғатта кездесуі

-тау жыныстары және минералдары

- фосфордың кездесетін аймақтары



IV-ші топ Тарихшылар тобына:

-фосфор элементінің пайда болу тарихы

-ашылу тарихындағы ғалымдардың үлесі



ІІІ.Топты бағалау



I-II топты

II-III топты

III-IV топты

IV-I топты



ІV. Рефлексия

Бұл бөлімде оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлерін ,ұсыныстарын парақшаға(стикерлерге)жазып мұғалім таратқан смайликтерді таңдап парақшаға(стикерге) бирге жапсырып тақтаға іледі.

V. Бекіту сұрақтары:

1.Фосфор қай периодта орналасқан?

2.Сыртқы энергетикалық деңгейінде қанша электрон бар?

3.Фосфордың электрондық формуласы?

4.Фосфордың қанша тотығу дәрежесі бар?

5.Фосфордың аллотропиялық түр өзгерісі қандай түрде болады және қалай аталады?

6.Фосфордың табиғатта кездесуі.

7.Фосфор мен азот тың атом құрылысын салыстыру.

8.Фосфордың физикалық қасиеттері қандай?

Қызықты әңгіме – жұмбақ:

  • Біз негізі үш егіз жігітпіз: мен – Ақбаймын, Қарабай, Қызылбек деген ағайларым бар. Түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келемін, өзім улы заттар қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді, ал Қызылбек сіріңке зауытының директоры.

  • Мен және менің туыстарым кімдер?



VI.Үйге тапсырма беру.

8.13 Фосфор және оның қосылыстары, 8-9-шы есептер, қызықты әңгіме-жұмбақ, шешуін жазу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
конспект урока :фосфор ?осылыстары

Автор: Айтбай Меруерт Бахытбек?ызы

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322832


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства