1.Ұйымдастыру кезеңі.сыныпта психологиялық жағымды атмосфера қалыптастыру Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. Топқа бөлу s,p,d,f Әр топ өз тобы туралы қысқаша мәлімет беріп кетеді Бағалау «Керемет үштік» Алтын,күміс,қола фишкалары арқылы бағалау Өткен сабақты пысықтау : «Таза тақта» әдісі Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтада берілген әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлықсұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады 1.Химиялық элементтер қалай жіктеледі? 2.Период дегеніміз не?Период нөмірі нені көрсетеді 3.Топ дегеніміз не?Топ нөмірі нені көрсетеді ? 4.Сілтілік металдар қай топта орналасқан және олардың қосылыстардағы тотығу дәрежесі қаншаға тең?Себебін түсіндір 5.Сілтілік жер металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің жалпы формуласы қандай мысал келтіріңдер 6.Галогендер қай топта орналасқан олардың сутекті қосылыстарының формуласы қандай 7.Периодтық жүйеде реттік нөмірлері 11,14 ке тең элементтердің оксидтерінің формуласы қандай .Оларға сәйкес келетін гидроксидтерінің формуласы қандай ? Қалыптастырушы бағалау Фишкалар Au Ag Cu Жаңа сабақ видео ролик көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбы анықталады «Мені түсін, оқыта үйрету» әдісі .Мәтінмен жұмыс 115 бет оқушылар мәтінді оқиды,талқылайды,маңызды жерін жаазды Химиялық элементті мынандай ретпен сипаттайды: 1.Периодтық жүйедегі орны:химиялық таңбасы,рет нөмері,салыстырмалы атомдық массасы,период,қатар,топ топша. 2.Атом құрылысы: А)атомның құрамы (протон,нейтрон,ядро заряды,электрондар, электрондардың деңгейлерде орналасуы); Ә)атом электорн құрлысы; Б)атомның графиктік құрылысы. 3.Жай заттардың қасиеттері. 4.Жоғары оксидтерінің, сәйкес гидроксидтерінің, тұздарының формуласы,олардың сипаттамасы (негіздік,екідайлы,қышқылдық). 5.Элементтердің ұшқыш сутекті қосылыстарының формуласы. 6.Элеметтің период бойынша көршілес элементтермен салыстырмалы сипаттамасы. (Жж) 1 тапсырма « Ойлан,топтас, бөліс » әдісі топтық жұмыс Оқушылар төменде берілген кестедегі мәліметтерге сүйене отырып кестенің сол жағын толықтырады.топтар бір-бірін бағалайды Мына элементтердің сипаттамасы: 7. 12,17, 19. | Мысал | 1.Периодтық жүйедегі орны:химиялық таңбасы,атомдық нөмірі,салыстырмалы атомдық массасы,период,қатар,топ,топша | | 2.Атом құрылысы: а) атом құрамы (протондар,нейтрондар,ядро заряды,электрондар,электрондардың деңгейлерде орналасуы) ә) атомның электрондық формуласы б)элемент типі (s,p) | | 3. Элементтерден түзілген (металл,екідайлы элемент,бейметал) жай зат қасиеті | | 4.Жоғары оттекті қосылысының формуласы,оған сәйкес келетін гироксид сипаттамасын көрсету (негізідік,екідайлы,қышқылдық,тұздар) | | 5.Ұшқыш сутекті қосылысының формуласы | | 6.Элементтің период және топ бойынша көршілес элементтермен салыстырмалы сипаттамасы | | Дескриптор -Элементтердің периодтық жүйедегі орнын атом құрлысын жаза алады; - Элементтерден түзілген (металл,екідайлы элемент,бейметал) оксид,гидроксид сипаттамасын жазады -Элменттерді көршілес элементтермен салыстырып, металл, бейметал екендігін сипаттайды Бағалау: фишкалармен 2 тапсырма «Сандар сөйлейді» жұптық бағалау Оқулықпн жұмыс 2 жаттығу Атомдық нөмірлері а)5, ә)36, б)53, в)84-ке тең элементтердің энергетикалық деңгейлерін және сыртқы электрондық қабатындағы электрон санын анықтаңдар Дескриптор -Элементтерді анықтайды -Электрондардың энергетикалық деңгейде орналасуын жазады -сыртқы электрондық қабатындағы электрон санын анықтайды Бағалау: Тапсырманы орындап болған соң оқушылар бірін –бірі бағалайды 3 тапсырма Кім зерек?жеке жұмыс Деңгейлік тапсырма Өзін өзі бағалау 1 деңгей Үшінші периодта орналасқан жоғары валенттілігіне сай оксидінің формуласы Э2О5болатын элементті анықтап,оның сутекті қосылысының формуласын жазыңдар 2 деңгей Негіздің формуласы Э(ОН)2 болса,оның салыстырмалы молекулалық масасы 99-ге тең болса,элементтің периодтық жүйедегі орнын анықтап,оксидінің формуласын жазып, оксидтегі металдың массалық үлестерін есептеңдер 3 деңгей Қышқылдың формуласы Н2ЭО4 болса,оның салыстырмалы молекулалық массасы 98- ге тең Осы қышқыл 6,5 г мырышпен әрекеттескенде түзілген күрделі заттың масасын анықтаңдар Дескриптор: 1.Белгісіз элементті анықтап, қосылыстарын жазады 2.Негіздің формуласын анықтайды Салыстырмалы молекулалық массасы арқылы химиялық формуласын табады -Массалық үлесті есептейді 3.Қышқылды анықтайды Металмен химиялық реакция теңдеуін жазады Есептеулер жүргізеді Бағалау: «Керемет үштік» Кері байланыс: «Ресторан» әдісі Мен тағы .... тапсырыс берер едім Маған бәрінен ұнағаны.... Келесіде маған қосыңызшы.... Үйге тапсырма:&32 3жаттығу 116 бет |