kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?міртек ж?не оны? ?осылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?міртек ж?не оны? ?асиеттері

Саба?ты? ма?саты: К?міртекті? аллотропиялы? т?р ?згерістері; химиялы? ?асиеттері ж?не ?олданылуы, ??рылысы, к?міртек (ІІ) ж?не (ІV) оксидтеріні?, к?мір ?ыш?ылыны?  ?асиеттерін ж?не ?олданылуын ме?герту.

Саба?ты? міндеттері:

1. О?ушыларды ойлау ж?не т?сіну ар?ылы к?міртекті? ж?не оны? ?осылыстарыны? ??рамы, ??рылысы, ?асиеттері, аллотропиялы? т?р?згерістерін ме?геруге ба?ыттау;

2. ?азіргі адамдарда материалды? базаны ?алыптастыру:

- А?паратты? (іздену, талдау, жа?адан ?згерту, м?селелерді шешуге а?парат ?абылдау);

- ?зіндік ?йымдастыру (іс - ?рекетті? жа?а т?рлерін ме?герту, ?зіндік ба?алауды? т?жірибесін дамыту);

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«к__м│ртек ж__не оны__ __осылыстары»

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ, Алмаганбетова Тиллектес Исатайкызы химия пәні мұғалімі

Көміртек және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері; химиялық қасиеттері және қолданылуы, құрылысы, көміртек (ІІ) және (IV) оксидтерінің, көмір қышқылының қасиеттерін және қолданылуын меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа жақсы қарым-қатынасын, тәртіптілігін, ғылымға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық: Анализ – синтез ойлануын дамыту. Сабақтың еңбек дағдыларын дамыту (жұмыс жасау, оқу, жазу, конспектілеу, кестелерді толтыру, өз бетінше жұмыс жасау).

Міндеттері:

  1. Оқушыларды ойлау және түсіну арқылы көміртектің және оның қосылыстарының құрамы, құрылысы, қасиеттері, аллотропиялық түрөзгерістерін меңгеруге бағыттау;

  2. Қазіргі адамдарда материалдық базаны қалыптастыру:

  • Ақпараттық (іздену, талдау, жаңадан өзгерту, мәселелерді шешуге ақпарат қабылдау);

  • Өзіндік ұйымдастыру (іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгерту, өзіндік бағалаудың тәжірибесін дамыту);

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, мультимедиялық проектор

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Назар аударту.

ІІ. Оқушыларды жаңа тақырыпты белсенділікпен саналы меңгеруге дайындау.

Мұғалім өлеңді оқиды:

Қасиеттерім көп менің,

Туысындаймын адамның

Мыңдаған жылдар бұрын

Алғашқы адам үңгірін

Жарқыратып тұрғанмын

Алау отпен жаққанмын.

Ханымдар мен мырзаның

Әшекейлеп бергенмін

Үстіне киген киімін.

Жұмсақ болып кейде мен

Дәптерге де жазамын,

Табиғатым осындай

Айтыңдаршы, қәнекей

Элементпін мен қандай?

Элементтің атауын таба отырып, оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын атайды. (№2слайд). Өлеңдегі қарапайым заттарды анықтай отырып, оқушылардың игеруіне тиісті жаңа тақырыптың практикалық маңызы туралы айтып өтеді:

  1. Көміртек жер бетінде кең таралуы бойынша 4-элемент;

  2. Көміртек өз – өзімен және басқа да химиялық элементпен байланыса отырып, 10 миллиондаған қосылыстарды түзеді;

  3. Көміртек және оның қосылыстарының негізгі қолданылу орындарын қараңдар (№3 слайд. Көміртектің қолданылуы);

  • Көміртектің біздің өмірімізде кең қолданылуына не себеп болды? (оның химиялық қасиеттерін білуіміз).

  • Осы қасиеттері қалай түсіндіріледі (атом құрылысы).

Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың мақсатын қалыптастырады, ашады.



Сабақтың мақсаты:

  1. Менделеев кестесіне сүйене отырып, көміртек атомының құрылысын зерттеу;

  2. Көміртектің аллотропиялық түрөзгерісін зерттеу;

  3. Көміртектің химиялық қасиетін және қолданылуын үйрену;

  4. Көміртектің (ІІ) және (IV) оксидінің құрылысын, қасиеттерін, алынуын және қолданылуын үйрену;

  5. Көмір қышқылының құрылысын, қасиетін және қолданылуын үйрену



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.



ОМ

Тапсырмалары көрсетілген оқу құралы.

Тапсырманың орындалуына ұсыныстар.

ОМ1

слайд

5-6

Мақсат: Д.И.Менделеевтің кестесіне сүйене отырып, көміртектің атомдық құрылысын меңгеру.

Көміртектің периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Көміртектің химиялық таңбасы қандай? ________________

  2. Атомдық нөмірі мен ядро заряды? _________________

  3. Атомдық массасы? _________________

  4. Атомдық ядросында қанша протон бар? _________________

  5. Атомдық ядросында қанша нейтрон бар?_________________

  6. Көміртек атомында қанша электрон бар? ______________

  7. Валенттік электроны қанша? ________________

  8. Ең төмен тотығу дәрежесі нешеге тең? _____________

  9. Ең жоғары тотығу дәрежесі нешеге тең? _____________

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Периодтық жүйені қолданып, жазбаша орындаңдар.

Орындап болған соң тексеріңдер.

Нәтижесін бағалау парақшасына жазыңдар.

(Ең жоғары ұпай 9)

ОМ2

слайд

7-13

Мақсат: Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерімен танысу.

Көміртектің маңызды аллотропиялық түрөзгерістері.


алмаз

графит

карбин

фуллерен

құрылысы

 


 

 

қасиеті





Қолданылуы





Әрбір дұрыс толтырылған қатарға 3 ұпай.

Баяндамашыны мұқият тыңдаңдар және кестені толтырыңдар

Орындап болған соң өзара тексеріңдер.

Нәтижесін бағалау парақшасына жазыңдар.

(Ең жоғары ұпай 9)

ОМ3

слайд

14-18

Мақсат: Көміртектің химиялық қасиеттері мен қолданылуын үйрену.

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер:

  1. C + O2 =

  2. C + O2 =

  3. C + H2 =

  4. C + Ca =

  5. C + Al =

  6. C + CuO =

  7. C + FeO =

  8. C + H2O =

Коэффициенттері дұрыс қойылып, аяқталған реакция теңдеуіне 1 ұпайдан

Баяндамашыны тыңдаңдар және тапсырманы орындаңдар.Болған соң өзара тексеріңдер. Нәтижесін бағалау парақшасына жазыңдар.

(Ең жоғары ұпай 8)

ОМ4

слайд

19-22

Мақсаты: Көміртек оксидтерінің құрылысы, қасиеттері мен қолданылуын үйрену.

Көміртектің II және IV оксидтерінің құрылысы мен қасиеттерін салыстырыңдар.

Салыстыру белгілері

Көміртек (II) оксиді

Көміртек (IV) оксиді

1. Формуласы

 

 

2. Алынуы

 

 

3. Физикалық қасиеттері

 

 

4. Химиялық қасиеттері



5. Қолданылуы

 

 







Әрбір ұяшықтың жауабы дұрыс болса 5 ұпаймен бағаланады.

Болған соң өзара тексеріңдер.

Нәтижесін бағалау парақшасына жазыңдар.

(Ең жоғары ұпай 10)

ОМ5

слайд

23-26

Мақсаты: Көмір қышқылының құрылысы, қасиеттері және қолданылуы туралы үйрену.

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдап, тапсырманы орындаңдар.

С→СО→СО2 →Na2CO3→ NaHCO3→CO2





Әрбір дұрыс реакция теңдеуіне 1 ұпай.

Болған соң өзара тексеріңдер.

Нәтижесін бағалау парақшасына жазыңдар.

(Ең жоғары ұпай 5)

Слайд

28-29

Сабақты қорытындылау.

  1. Сабақтың мақсатын оқыңдар.

  2. Сіз сабақтың мақсатына жеттіңіз бе? Қандай дәрежеде?

  3. Сабақтағы өз жұмысыңызды бағалаңыз.

О – 39 – 41 ұпай
 – 36–38 ұпай
– 30–35 ұпай

  1. ұпайдан төмен болса қанағаттандырылмайды.

Жинаған ұпай санына қарай үй тапсырмасын алыңыз және күнделікке жазып қойыңыз.

О – §22,23. 105 бет. №12, 110 бет №9

□ – §22,23. 105 бет №11, 110 бет №8

  – §22,23. 105 бет № 10, 110 бет №7

“2” – § 22,23. 110 бет № 7

 



IV. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

Өтілген тақырып бойынша оқушыларға жалпы сұрақтар қою.



V. Оқушыларға үй тапсырмасын хабарлау және оның орындалуы туралы нұсқау беру.

Оқушылар соңғы оқу элементіне кіріседі (сабақтың қорытындысын шығарады), өз жұмысын бағалайды, жинақтаған ұпайларын есептеп, дәптерлеріне және күнделігіне баға қойдырады. Жинақтаған ұпайларына байланысты үй тапсырмасын таңдайды және оны күнделігене жазып алады. Мұғалім қажет болған жағдайда үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқау өткізеді.

VI. Рефлексия.

Оқушылар сұрақтарға жауап қайтарады және мұғалімге тапсырады.

Рефлексия – өзінің іс-әрекеті бойынша өзіндік танымы.

  1. Сен үшін бүгінгі сабақта алған білім мен үйренгеніңнің маңызы қандай?


- маңызды емес

-маңызды

-өте маңызды

  1. Сен бүгінгі алған біліміңді қалай бағалайсың?

- түсінбедім

-түсіндім

- өте терең түсіндім


  1. Сен бұл тақырыпты қандай көңіл –күймен үйрендің?

- тіпті қызық емес

- қызық емес

- қызықты болды


  1. Өз іс-әрекетіңді қалай бағалайсың?


- қанағаттандырарлы

- жақсы

-өте жақсы


  1. Қасыңдағы серіктесіңнің іс – әрекетін қалай бағалайсың?

- қанағаттандырарлы

-жақсы

-өте жақсы













Просмотр содержимого презентации
«к__м│ртек ж__не оны__ __осылыстары»

Қасиеттерім көп менің,
  • Қасиеттерім көп менің,

Туысындаймын адамның.

Мыңдаған жылдар бұрын

Алғашқы адам үңгірін

Жарқыратып тұрғанмын

Алау отпен жаққанмын.

Ханымдар мен мырзаның

Әшекейлеп бергенмін

Үстіне киген киімін.

Жұмсақ болып кейде мен

Дәптерге де жазамын,

Табиғатым осындай

Элементпін мен қандай?

Көміртек және оның қосылыстары

Көміртек және оның қосылыстары

Көміртек Қолданылуы Аяқ киім майы адсорбент типография болат С Ауыл шаруашылығы Әшекей бұйымдар отын медицина резеңке

Көміртек

Қолданылуы

Аяқ киім майы

адсорбент

типография

болат

С

Ауыл шаруашылығы

Әшекей бұйымдар

отын

медицина

резеңке

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

  • Менделеев кестесіне сүйене отырып, көміртек атомының құрылысын зерттеу;
  • Көміртектің аллотропиялық түрөзгерісін зерттеу;
  • Көміртектің химиялық қасиетін және қолданылуын үйрену;
  • Көміртектің (ІІ) және (IV) оксидінің құрылысын, қасиеттерін, алынуын және қолданылуын үйрену;
  • Көмір қышқылының құрылысын, қасиетін және қолданылуын үйрену
№ 1 оқу модулі Көміртектің периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңдер: Көміртектің химиялық таңбасы қандай? Атомдық нөмірі мен ядро заряды? Атомдық массасы? Атомдық ядросында қанша протон бар? Атомдық ядросында қанша нейтрон бар? Көміртек атомында қанша электрон бар? Валенттік электроны қанша? Ең төмен тотығу дәрежесі нешеге тең? Ең жоғары тотығу дәрежесі нешеге тең? Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Жауабы

1 оқу модулі

Көміртектің периодтық жүйедегі орнына сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

Көміртектің химиялық таңбасы қандай?

Атомдық нөмірі мен ядро заряды?

Атомдық массасы?

Атомдық ядросында қанша протон бар?

Атомдық ядросында қанша нейтрон бар?

Көміртек атомында қанша электрон бар?

Валенттік электроны қанша?

Ең төмен тотығу дәрежесі нешеге тең?

Ең жоғары тотығу дәрежесі нешеге тең?

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жауабы

№ 1 оқу модулі Жауабы 1) С 2) 6, +6 3) Ar(C) = 12 4) 6 5) 12 – 6 = 6 6) 6, 7) 4, 8) -4 9) +4

1 оқу модулі Жауабы

1) С

2) 6, +6

3) Ar(C) = 12

4) 6

5) 12 – 6 = 6

6) 6,

7) 4,

8) -4

9) +4

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері  Алмаз Графит Карбин Фуллерен     Бағалы асыл тас – гауҺар

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

Алмаз Графит Карбин Фуллерен

Бағалы асыл тас – гауҺар

№ 2 оқу модулі Баяндамашыны мұқият тыңдаңдар және кестені толтырыңдар: Көміртектің маңызды аллотропиялық түрөзгерістері.      Құрылысы алмаз Физикалық қасиеттері графит Қолданылуы карбин фуллерен Әрбір дұрыс толтырылған қатарға 3 ұпай. Жауабы

2 оқу модулі

Баяндамашыны мұқият тыңдаңдар және кестені толтырыңдар:

Көміртектің маңызды аллотропиялық түрөзгерістері.

    

Құрылысы

алмаз

Физикалық қасиеттері

графит

Қолданылуы

карбин

фуллерен

Әрбір дұрыс толтырылған қатарға 3 ұпай.

Жауабы

Алмаз Түссіз Мөлдір Электр тогын өткізбейді Мықты Қатты  Алмаз кубтық сингонияда кристалданады. Алмаз кристалындағы көміртек атомдары бір-бірінен бірдей қашықтықта тетраэдр түзе орналасқан.

Алмаз

  • Түссіз
  • Мөлдір
  • Электр тогын өткізбейді
  • Мықты
  • Қатты

Алмаз кубтық сингонияда кристалданады.

Алмаз кристалындағы көміртек атомдары бір-бірінен бірдей қашықтықта тетраэдр түзе орналасқан.

Графит Қара сұр түсті  Мөлдір емес Электр тогын өткізеді Жұмсақ Аздап жылтыры бар Қағазға оңай жұғады Майлы Графитте атомдар бір жазықтықта орналасқан, ал әртүрлі параллель жазықтықтарда орналасқан атомдардың өзара байланысы өте әлсіз. Графиттің қабаттары бірінің үстінде бірі оңай жылжиды. Сондықтан одан қарындаш  өзектерін жасайды.

Графит

  • Қара сұр түсті
  • Мөлдір емес
  • Электр тогын өткізеді
  • Жұмсақ
  • Аздап жылтыры бар
  • Қағазға оңай жұғады
  • Майлы

Графитте атомдар бір жазықтықта орналасқан, ал әртүрлі параллель жазықтықтарда орналасқан атомдардың өзара байланысы өте әлсіз. Графиттің қабаттары бірінің үстінде

бірі оңай жылжиды. Сондықтан одан қарындаш

өзектерін жасайды.

Карбин

Карбин

  • Карбин – қара түсті ұсақ кристалдық ұнтақ. Жартылай өткізгіштік қасиеті бар. Карбин кристалдары бір және үш байланыспен немесе қос байланыспен тізбектесе қосылған көміртек атомдарынан тұрады. Карбин — көміртектің сызықты полимері.
Фуллерен

Фуллерен

  • Фуллере́ндер — көміртек атомдарының белгілі бір сандарынан C 60 , C 70 , тұратын тұйықталған құрылымдар. C 60 фуллеренінің түрі футбол добына ұқсайды, C 70 сопақ қауынға ұқсайды.
  • Жартылай өткізгіштер, дәрілер, жасанды алмаздар алуда қолданылады.
№ 2 оқу модулі (Жауабы) Құрылысы алмаз Физикалық қасиеттері графит Кубтық атомдық тор, коваленттік полюссіз байланыс Қабатталған құрылысы бар. Ішкі қабаттары коваленттік полюссіз байланысқан, әрбір қабаттары –молекулаішілік қарым-қатынаста карбин Қолданылуы Қатты Электр тоғын жақсы өткізеді, тугоплавкий, майлағыш қасиеті бар Шынжыр іспетті байланысқан фуллерен Бұрғылайтын, тесетін құралдар… C60, C70, молекулалары шар және сопақ қауын сияқты тор түзеді Электродтар, отқа төзімді ыдыстар, ракета қозғалтқыштары… Химиялық берік, қатты Жоғары қатты құралдар

2 оқу модулі (Жауабы)

Құрылысы

алмаз

Физикалық қасиеттері

графит

Кубтық атомдық тор, коваленттік полюссіз байланыс

Қабатталған құрылысы бар. Ішкі қабаттары коваленттік полюссіз байланысқан, әрбір қабаттары –молекулаішілік қарым-қатынаста

карбин

Қолданылуы

Қатты

Электр тоғын жақсы өткізеді, тугоплавкий, майлағыш қасиеті бар

Шынжыр іспетті байланысқан

фуллерен

Бұрғылайтын, тесетін құралдар…

C60, C70, молекулалары шар және сопақ қауын сияқты тор түзеді

Электродтар, отқа төзімді ыдыстар, ракета қозғалтқыштары…

Химиялық берік, қатты

Жоғары қатты құралдар

Көміртек Тотықтырғыш қасиеті – көміртек атомы 4 электрон қосып алған кезде -4 тотығу дәрежесін көрсетеді. Тотықсыздандырғыш қасиеті – көміртек атомы 4 (2) электрон берген кезде, оның тотығу дәрежесі +4 (+2) тең болады. Көміртек

Көміртек

Тотықтырғыш қасиеті – көміртек атомы 4 электрон қосып алған кезде -4 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Тотықсыздандырғыш қасиеті – көміртек атомы 4 (2) электрон берген кезде, оның тотығу дәрежесі +4 (+2) тең болады.

Көміртек

Тотықтырғыш қасиеті  1.Қыздырған кезде көміртек оттекпен әрекеттесіп, көміртек (IV)оксидін (көмірқышқыл газын) түзеді: С + O 2 = CO 2 Оттек толық жетіспеген жағдайда көміртек (II) оксиді (иіс газы) түзіледі: 2С + О 2 = 2СО 2. Көміртек сутекпен тек катализатор қатысында және жоғары температурады әрекеттеседі.  С + 2H 2 = CH 4 3. Көміртек қыздыру нәтижесінде күкірт және фтормен, ал азотпен электр тогының әсерімен әрекеттеседі:  С + 2S = CS 2  С + 2F 2 = CF 4  2С + N 2 = (CN) 2

Тотықтырғыш қасиеті

1.Қыздырған кезде көміртек оттекпен әрекеттесіп, көміртек (IV)оксидін (көмірқышқыл газын) түзеді:

С + O 2 = CO 2

Оттек толық жетіспеген жағдайда көміртек (II) оксиді (иіс газы) түзіледі:

2С + О 2 = 2СО

2. Көміртек сутекпен тек катализатор қатысында және жоғары температурады әрекеттеседі.

С + 2H 2 = CH 4

3. Көміртек қыздыру нәтижесінде күкірт және фтормен, ал азотпен электр тогының әсерімен әрекеттеседі:

С + 2S = CS 2

С + 2F 2 = CF 4

2С + N 2 = (CN) 2

Тотықсыздандырғыш қасиеті 1. Су буларын қыздырылған көмір арқылы өткізгенде сутек газын ығыстырып шығарады : Н 2 O + С = СО + Н 2 2. Көміртекті көміртек (IV) оксидімен бірге қыздырғанда иіс газы түзіледі: С + СО 2 = 2СО 3. Көміртек көптеген оксидтерді бос металдарға дейін тотықсыздандыра алады: 2Fe 2 O 3 + 3С = 4Fe + 3CO 2 4. Көміртек металмен немесе оның оксидтерімен әрекеттескенде карбидтер түзеді: CaO + 3C = CaC 2 + СО 4Al + 3C = Al 4 C 3

Тотықсыздандырғыш қасиеті

1. Су буларын қыздырылған көмір арқылы өткізгенде сутек газын ығыстырып шығарады :

Н 2 O + С = СО + Н 2

2. Көміртекті көміртек (IV) оксидімен бірге қыздырғанда иіс газы түзіледі:

С + СО 2 = 2СО

3. Көміртек көптеген оксидтерді бос металдарға дейін тотықсыздандыра алады:

2Fe 2 O 3 + 3С = 4Fe + 3CO 2

4. Көміртек металмен немесе оның оксидтерімен әрекеттескенде карбидтер түзеді:

CaO + 3C = CaC 2 + СО

4Al + 3C = Al 4 C 3

№ 3 оқу модулі Көміртек Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер C + O 2 = C + O 2 = C + H 2 = C + Ca = C + Al = C + CuO = C + FeO = C + H 2 O = Коэффициенттері дұрыс қойылып, аяқталған реакция теңдеуіне 1 ұпайдан Жауабы

3 оқу модулі

Көміртек

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер

  • C + O 2 =
  • C + O 2 =
  • C + H 2 =
  • C + Ca =
  • C + Al =
  • C + CuO =
  • C + FeO =
  • C + H 2 O =

Коэффициенттері дұрыс қойылып, аяқталған реакция теңдеуіне 1 ұпайдан

Жауабы

№ 3 оқу модулі (Жауабы) Көміртек Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер  2C + O 2 = 2СО C + O 2 = СО 2 C + 2H 2 = СН 4 2C + Ca = СаС 2 3C + 4Al = Аl 4 С 3 C + CuO =Сu + CO. C + FeO = Fe + CO, C + H 2 O = CO + H 2 ,

3 оқу модулі (Жауабы)

Көміртек

Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер

  • 2C + O 2 = 2СО
  • C + O 2 = СО 2
  • C + 2H 2 = СН 4
  • 2C + Ca = СаС 2
  • 3C + 4Al = Аl 4 С 3
  • C + CuO =Сu + CO.
  • C + FeO = Fe + CO,
  • C + H 2 O = CO + H 2 ,

№ 4 оқу модулі Кестені толтырыңдар Салыстыру белгілері Көміртек II оксиді Формуласы Көміртек IV оксиді   2. Алынуы   3. Физикалық қасиеттері       4. Химиялық қасиеттері     5. Қолданылуы       Әрбір ұяшықтың жауабы дұрыс болса 5 ұпаймен бағаланады. Жауабы

4 оқу модулі

Кестені толтырыңдар

Салыстыру белгілері

Көміртек II оксиді

  • Формуласы

Көміртек IV оксиді

 

2. Алынуы

 

3. Физикалық қасиеттері

 

 

 

4. Химиялық қасиеттері

 

 

5. Қолданылуы

 

 

 

Әрбір ұяшықтың жауабы дұрыс болса 5 ұпаймен бағаланады.

Жауабы

Иіс газы - СО Физикалық қасиеттері СО – иіс газы. Көміртек оксиді( +2) – түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда нашар еритін газ.  Улы! Химиялық қасиеттері 2CO + O 2 = 2CO 2 + Q Fe 2 O 3 + 3CO = 2Fe + 3CO 2 CO + 2H 2 = CH 3 OH   Алынуы 2C + O 2 = 2CO CO 2 + C =2CO

Иіс газы - СО

Физикалық қасиеттері

СО – иіс газы. Көміртек оксиді( +2) – түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда нашар еритін газ. Улы!

Химиялық қасиеттері

  • 2CO + O 2 = 2CO 2 + Q
  • Fe 2 O 3 + 3CO = 2Fe + 3CO 2
  • CO + 2H 2 = CH 3 OH

Алынуы

2C + O 2 = 2CO

CO 2 + C =2CO

Көмірқышқыл газы – СО 2 Физикалық қасиеттері СО 2  – көміртек оксиді (+4) , көмірқышқыл газы – иіссіз, түссіз газ, дәмі сәл қышқылдау, ауадан 1,5 есе ауыр. Суда ериді. CaCO 3 + 2HCl = CaCI 2 + CO 2 + H 2 O CaCO 3 = CaO + CO 2   Химиялық қасиеттері CO 2 + H 2 O = H 2 CO 3 Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3 Ca(OH) 2 + CO 2 = CaCO 3 + H 2 O  Тапсырмаға оралу

Көмірқышқыл газы – СО 2

Физикалық қасиеттері

СО 2 – көміртек оксиді (+4) , көмірқышқыл газы – иіссіз, түссіз газ, дәмі сәл қышқылдау, ауадан 1,5 есе ауыр. Суда ериді.

CaCO 3 + 2HCl = CaCI 2 + CO 2 + H 2 O

CaCO 3 = CaO + CO 2

Химиялық қасиеттері

  • CO 2 + H 2 O = H 2 CO 3
  • Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3
  • Ca(OH) 2 + CO 2 = CaCO 3 + H 2 O

Тапсырмаға оралу

№ 4 оқу модулі ( жауабы) 1.Формуласы Көміртек II оксиді Көміртек IV оксиді  СО 2. Алынуы  СО 2  2С + О 2 = 2СО 3.Физикалық қасиеттері 4. Химиялық қасиеттері СО 2 + С = 2СО CaCO 3 + 2HCl = CaCI 2 + CO 2 + H 2 O. Түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда нашар еритін газ. Улы!  2CO + O 2 = 2CO 2 + Q. Иіссіз, түссіз газ, дәмі сәл қышқылдау, ауадан 1,5 есе ауыр. Суда ериді. CaCO 3 = CaO + CO 2 .  CO + 2H 2 = CH 3 OH. CO 2 + H 2 O = H 2 CO 3 5. Қолданылуы. Металл оксидтерінен таза металл алу үшін қолданылады. Fe 2 O 3 + 3CO = 2Fe + 3CO 2 Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3 Құрғақ мұз, өрт сөндіруге, Ca(OH) 2 + CO 2 = CaCO 3 + H 2 O Тамақ өнеркәсібінде. Көмір қышқылының тұздарын алуда қолданылады.

4 оқу модулі ( жауабы)

1.Формуласы

Көміртек II оксиді

Көміртек IV оксиді

СО

2. Алынуы

СО 2

2С + О 2 = 2СО

3.Физикалық қасиеттері

4. Химиялық қасиеттері

СО 2 + С = 2СО

CaCO 3 + 2HCl = CaCI 2 + CO 2 + H 2 O.

Түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда нашар еритін газ. Улы!

2CO + O 2 = 2CO 2 + Q.

Иіссіз, түссіз газ, дәмі сәл қышқылдау, ауадан 1,5 есе ауыр. Суда ериді.

CaCO 3 = CaO + CO 2 .

CO + 2H 2 = CH 3 OH.

CO 2 + H 2 O = H 2 CO 3

5. Қолданылуы.

Металл оксидтерінен таза металл алу үшін қолданылады.

Fe 2 O 3 + 3CO = 2Fe + 3CO 2

Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3

Құрғақ мұз, өрт сөндіруге,

Ca(OH) 2 + CO 2 = CaCO 3 + H 2 O

Тамақ өнеркәсібінде.

Көмір қышқылының тұздарын алуда қолданылады.

Көмір қышқылы H 2 CO 3  Көмір қышқылы — екінегізді тұрақсыз қосылыс,  бос күйінде алуға болмайды. Сілтілермен әрекеттесіп орта және қышқыл тұздар түзе әрекеттеседі.  Көмірқышқыл газы суда ерігенде аз мөлшерде түзіледі.

Көмір қышқылы

H 2 CO 3

Көмір қышқылы — екінегізді тұрақсыз қосылыс,

бос күйінде алуға болмайды. Сілтілермен әрекеттесіп орта және қышқыл тұздар түзе әрекеттеседі.

Көмірқышқыл газы суда ерігенде аз мөлшерде

түзіледі.

Көмір қышқылы Н 2 СО 3 Н + +НС  О 3 – гидрокарбонат ионы НСО 3 -   Н + +СО 3 2- карбонат ионы

Көмір қышқылы

Н 2 СО 3 Н + +НС О 3 гидрокарбонат ионы

НСО 3 - Н + +СО 3 2- карбонат ионы

химиялық қасиеттері Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:  Н 2 СО 3 + 2NаОН=Nа 2 СО 3 +2Н 2 О  натрий карбонаты  Н 2 СО 3 + NаОН=Nа НСО 3 +Н 2 О  натрий гидрокарбонаты   Nа НСО 3 + NаОН=Nа 2 СО 3 +Н 2 О

химиялық қасиеттері

Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:

Н 2 СО 3 + 2NаОН=Nа 2 СО 3 +2Н 2 О

натрий карбонаты

Н 2 СО 3 + NаОН=Nа НСО 3 2 О

натрий гидрокарбонаты

Nа НСО 3 + NаОН=Nа 2 СО 3 2 О

Көмір қышқылының тұздары Қыздырғанда ыдырайды: СаСО 3 =СаО+СО 2 ↑ 2NаНСО 3 =Nа 2 СО 3 +СО 2 ↑+Н 2 О  Гидролизге ұшырайды: Nа 2 СО 3 +НОН=NаОН+NаНСО 3  Сапалық реакциясы:  Nа 2 СО 3 +2НСl=2NaCl+СО 2 ↑+Н 2 О СО 2 ↑+Са ( ОН ) 2 = Са СО 3 ↓+Н 2 О  ақ тұнба

Көмір қышқылының тұздары

Қыздырғанда ыдырайды:

СаСО 3 =СаО+СО 2

2NаНСО 3 =Nа 2 СО 3 +СО 2 ↑+Н 2 О

Гидролизге ұшырайды:

2 СО 3 +НОН=NаОН+NаНСО 3

Сапалық реакциясы:

2 СО 3 +2НСl=2NaCl+СО 2 ↑+Н 2 О

СО 2 ↑+Са ( ОН ) 2 = Са СО 3 ↓+Н 2 О

ақ тұнба

Қолданылуы  Көмір қышқылы көмірқышқыл газының судағы ерітіндісінде кездеседі. (газдалған су). Көмір қышқылын таза күйінде газдалған сусын ішу арқылы қолданамыз. Газдалған сусынның қақпағын ашқан кезде быжылдаған  газ бөлінеді. Дәл сол жерде көмір қышқылы көмірқышқыл газы мен суға айналады.

Қолданылуы

Көмір қышқылы көмірқышқыл газының судағы ерітіндісінде кездеседі. (газдалған су).

Көмір қышқылын таза күйінде газдалған сусын

ішу арқылы қолданамыз.

Газдалған сусынның қақпағын ашқан кезде быжылдаған

газ бөлінеді. Дәл сол жерде көмір қышқылы

көмірқышқыл газы мен суға айналады.

№ 5 оқу модулі Айналымды жүзеге асырыңдар С→СО→СО 2  →Na 2 CO 3 → NaHCO 3 →CO 2 Әрбір дұрыс реакция теңдеуіне 1 ұпай. Жауабы

5 оқу модулі

Айналымды жүзеге асырыңдар

С→СО→СО 2  →Na 2 CO 3 → NaHCO 3 →CO 2

Әрбір дұрыс реакция теңдеуіне 1 ұпай.

Жауабы

№ 5 оқу модулі (Жауабы) 1. 2С + О 2 = 2СО 2. 2CO + O 2 = 2CO 2 3. Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3 4. Na 2 CO 3 + CO 2 + H 2 O = 2NaHCO 3  5. 2NaHCO 3 = Na 2 CO 3 + CO 2 + H 2 O

5 оқу модулі (Жауабы)

1. 2С + О 2 = 2СО

2. 2CO + O 2 = 2CO 2

3. Na 2 O + CO 2 = Na 2 CO 3

4. Na 2 CO 3 + CO 2 + H 2 O = 2NaHCO 3

5. 2NaHCO 3 = Na 2 CO 3 + CO 2 + H 2 O

Табиғаттағы айналымы

Табиғаттағы айналымы

Сабақты қорытындылау.  Сабақтың мақсатын оқыңдар. Сіз сабақтың мақсатына жеттіңіз бе? Қандай дәрежеде? Сабақтағы өз жұмысыңызды бағалаңыз. – 39 – 41 ұпай – 36–38 ұпай – 30–35 ұпай  30 ұпайдан төмен болса қанағаттандырылмайды.

Сабақты қорытындылау.

  • Сабақтың мақсатын оқыңдар.
  • Сіз сабақтың мақсатына жеттіңіз бе? Қандай дәрежеде?
  • Сабақтағы өз жұмысыңызды бағалаңыз.

– 39 – 41 ұпай

– 36–38 ұпай

– 30–35 ұпай

30 ұпайдан төмен болса қанағаттандырылмайды.

  • Жинаған ұпай санына қарай үй тапсырмасын алыңыз және күнделікке жазып қойыңыз.
Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма.

  • – §22,23 105бет № 12, 110бет №9
  • □ – §22,23 105бет №11, 110бет №8
  •   – §22,23 105бет №10, 110бет №7
  • “ 2” – §22,23 110бет №10
Сабағымыз аяқталды  Сау болыңыздар!

Сабағымыз аяқталды

Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
К?міртек ж?не оны? ?осылыстары

Автор: Алмаганбетова Тиллектес Исатайкызы

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301521


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства