kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

« К?міртек ж?не оны? ?осылыстары тарауын ?айталау» ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?міртек ж?не оны? ?осылыстары тарауын ?айталау

Саба?ты? ма?саты:

1.Білімділік: к?міртегі ж?не  оны? ?осылыстары тарауы бойынша ал?ан білімдерін ж?йелеу, тере?дету, бекіту.

2. Дамытушылы?: ал?ан теориялы? білімдерін к?нделікті ?мірде, т?рмыста ?олдана білу да?дыларын дамыту. Логикалы? ойлап ,есте са?тау ?абілеттерін жетілдіру.

3. Т?рбиелік:  А) ?жымды? е?бек етуге;  ?)Ал?ан білімді к?нделікті ?мірмен байланыстыра білуге;     Б) Білім ?шін жауапкершілікке,?зін-?зі бас?ару?а т?рбиелеу

Саба?ты? типі:  ?айталау саба?

Саба?ты? технологиясы: Де?гейлеп о?ыту технологиясы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«« К?міртек ж?не оны? ?осылыстары тарауын ?айталау» ашы? саба? »

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп







9-сынып

« Көміртек және оның қосылыстары тарауын қайталау»

Ашық сабақ





Химия пәні мұғалімі:

Кадирова Несіпжан Медеуқызы







Алматы облысы

Талғар қаласы













Сабақтың тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстары тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: көміртегі және оның қосылыстары тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу, тереңдету, бекіту.

2. Дамытушылық: алған теориялық білімдерін күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана білу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлап ,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

3. Тәрбиелік: А) Ұжымдық еңбек етуге; Ә)Алған білімді күнделікті өмірмен байланыстыра білуге; Б) Білім үшін жауапкершілікке,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу

Сабақтың типі: қайталау сабақ

Сабақтың технологиясы: Деңгейлеп оқыту технологиясы

Өту әдісі: Сұрақ-жауап, практикалық, тірек-сөздер, деңгейлік тапсырмалар

Пән аралық байланыс: биология, география, физика, математика, тарих

Көрнекілігі: Кестелер,сызбанұсқалар мен деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта ,лабораториялық жұмыстарға қажетті зарттар мен құрал-жабдықтар





Сабақтың жоспары

І.Ұйымдастыру кезеңі ( сыныпты екі топқа бөлу)

ІІ.Байланыстыру кезеңі

1.Слайдпен жұмыс

Бейметалдар мен металдардың жай заттарының құрлысына салыстыра талдау жасап өту

ІІІ. Қайталау кезеңі

1. Интерактивті тақтамен жұмыс

Көміртегі атомы құрлысын талдау.

2. Топпен жұмыс. («Кім жылдам?»)

Көміртегінің табиғатта кездесуі мен физикалық қаситін екі топқа ауызша сұрақтар беру арқылы талдау

3. Үй тапсырмасы

Әр топ өз атын қорғап 2-3 мин.презентация көрсетеді ( 1. Алмаз тобы.

2. Графит тобы)

4. Деңгейлік тапсырмалар. (тақтамен жұмыс)

« Менің химиям » (В-деңгей)

Екі топтан екі оқушы шығып көміртегінің химиялық қасиетіне жаттығулар орындайды

«Зеректер алаңы» ( С-деңгей)

Көміртегінің (ІІ) және (ІV) окситтерінің химиялық қасиетіне тапсырмалар орындау

«Алғырлар алаңы» (С-деңгей)

Көміртегі қосылыстарына тапсырмалар орындау

«Тапқырлар алаңы» (А-деңгей) Флепчаттармен жұмыс

Көміртегінің қасиеттері және күнделікті өмір мен өнеркәсіпте жиі қолданылу саласы бойынша жалпы танымдық тапсырмалар орындау

ІV. Практикалық кезең

V. Қорыту және бағалау кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру





Сабақтың барысы

ІІ. Өткен сабақтармен байланыс сәті

Слайд- Бейметалдар мен металдардың жай заттары құрылысына

салыстыра талдау жасау

1.Жай заттарының кристалл торларын салыстыру

2. Аллотропияларын салыстыру

3. Жай заттарының агрегаттық күйлері салыстыру

4. Жай заттарының түстерінің ерекшеліктері салыстыру



























ІІІ. Қайталау кезеңі

1. Интерактивті тақтамен жұмыс

Көміртегі атомы құрлысын талдау.

2. Топпен жұмыс. («Кім жылдам?»)

Көміртегінің табиғатта кездесуі мен физикалық қаситін екі топқа ауызша сұрақтар беру арқылы талдау

«Алмаз тобына» қойылатын сұрақтар

1. Көміртегі табиғатта қандай түрде кездеседі?(бос және қосылыстар түрінде)

2. Тас көмірді құрғақ айдау өнімі- (кокс )

3.Магнезиттің формуласы қандай ? (МgCO3)

4. Гафитті алмазға айналдыруға бола ма? Қалай?( болады, t=30000С,өршіткі, қысым)

5.Қазақстанда графит қайда кездседі? (Семейдің Аягөзінде, Жезқазғанның Ұлытауында)

«Графит тобының »сұрақтары

  1. Көміртегі табиғатта қандай қосылыстар күйінде кездеседі?(мәрмәр-)

  2. Ағашты құрғақ айдау өнімін ата - «белсендірілген көмір»

  3. Құрғақ айдау деген не?

  4. Алмазды қалай графитке айналдыруға болады?

  5. Жер шарындағы алмаздың кен орындарын ата (Оңтүстік Африкада,Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде –Якутияда, Қазақстанда-Құмдыкөл алмас кені)

3. Үй тапсырмасы

Әр топ өз атын қорғап 2-3 мин.презентация көрсетеді ( 1. Алмаз тобы.

2. Графит тобы)



І-топ

Алмаз тобының презентациясы

Тарихы

Алмаз (гр. 'аdamas'- бұзылмас.жеңілмес) - жай зат, көміртектің аллотропиялық түрі, белгілі заттардың ішіндегі ең қаттысы.

19 ғасырдың 70 жылдарына дейін тек кен қайрандардан өндірілді.Табиғатта кездесетін алмаз түйіршіктерінің салмағы әдетте 0,1-1,0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі «Куллинан» алмазы кристаллының массасы 3106 карат( 621,2 г) болған. Кейін одан әрі әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды.

байланысқан, барлық атомдардың арақашықтығы бірдей. Алмаз онша ірі емес. Кристаллдар түрінде тау жыныстарына аралас шашыранқы, кейде жиналыңқы болып кездеседі.Аса қатты болғандықтан түрлі қатты материалдардың бетін өңдеуде, шыныны кесуге жер бұрғылауға тегістегіштер, асыл бұйымдар, т.б жасауға қолданылады.Алмаз жарық сәулесін өте күшті сындыратындықтан, түрі әдемі түс шығарып жарқырай алады, соны күшейту үшін, алмаздың таза дұрыс түзілген кристаллдарын, алмаздың өз ұнтағымен үйкеп өңдейді,мүндай алмазды гауһар (бриллиант) дейді,бұл қымбат тастың бірі. Алмаз кубтық сингонияда кристаллданады. Куб, октаэдр, ромбододекаэдр, тетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі.

Алмаздың меншікті салмағы 3,5-4,0 г/смЗ, қаттылығы 10. Морт сынады, сынған жері бүдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді.Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара, сұр түсті болып келеді.Алмаздың түсі әр түрлі болуы қүрамындағы қоспаларға (5 %-ке дейін Sі, АІ, Са, Мg, Ті, Со, Сг, Ғе т.б) байланысты.

байланысқан, барлық атомдардың арақашықтығы бірдей. Алмаз онша ірі емес. Кристаллдар түрінде тау жыныстарына аралас шашыранқы, кейде жиналыңқы болып кездеседі.Аса қатты болғандықтан түрлі қатты материалдардың бетін өңдеуде, шыныны кесуге жер бұрғылауға тегістегіштер, асыл бұйымдар, т.б жасауға қолданылады.Алмаз жарық сәулесін өте күшті сындыратындықтан, түрі әдемі түс шығарып жарқырай алады, соны күшейту үшін, алмаздың таза дұрыс түзілген кристаллдарын, алмаздың өз ұнтағымен үйкеп өңдейді,мүндай алмазды гауһар (бриллиант) дейді,бұл қымбат тастың бірі. Алмаз кубтық сингонияда кристаллданады. Куб, октаэдр, ромбододекаэдр, тетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі.

Алмаздың меншікті салмағы 3,5-4,0 г/смЗ, қаттылығы 10. Морт сынады, сынған жері бүдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді.Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара, сұр түсті болып келеді.Алмаздың түсі әр түрлі болуы қүрамындағы қоспаларға (5 %-ке дейін Sі, АІ, Са, Мg, Ті, Со, Сг, Ғе т.б) байланысты.

Жасанды алмаз

Жоғары температура мен қысымда өршіткілер қатысында графиттен алынатын мөлшері

Алмаздың қолданылуы

Ол асыл тас ретінде көркемдікке және техникалық істерге пайдаланылады. Алмаздың әдемі мөлдір және ірі кристаллдық түрлері көркемдікке қолданылады. Қолдан өңделіп қырланған мөлдір алмаздан жасалған асыл тасты гауһар деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ірі алмаз кристалы-1905 жылы Кимберлей кейінен (Оңтүстік Африка) табылған « Африка жұлдызы» (Куллинан») атты алмаз. Оның санағы 30243 /4 карат( 1 карат 0,2г),үзындығы 10 см.ені бсм, қалыңдығы 5 см. Осы сияқты кристалдардан жасалған гаухарлар өте құнды келеді.

Екінші орындағы алмаз кристалы - « Эксцельзиор» атты алмаз. Ол

1906 жылы сол Оңтүстік Африкада Ягерсфонтейн атты кеннен табылған.Оның салмағы 9713/4 карат194 гр, ұзындығы 8 см, ені мен қалыңдығы 4 см -ден.

Үшінші орындағы кристалл тағы да сол Африкадан 1934 жылы табылған «Джонкер» атты алмаз . Оның салмағы 726 карат,(145 г). Осы алмаздан жасалған 12 гаухардың жалпы қүны 2 млн. доллар болса керек.

Қосымша тарихи деректер

Алмаз- тарихта биліктің, байлықтың, сұлулық пен даналықтың белгісі ретінде саналады. Ол Юлий Цезарь мен Напалеонның тұмары (талисман) болған . “ Егер жауынгер қаруының сол жағына алмаз ілсе ,соғыста ол аман қалады “деген сенімде болған. Өз бойында алмаз ұстаған адам асқазан –ішек ауруларымен ауырмайды, оған ешқандай у дарымайды делінген.

XV ғасырдан бастап алмаз әйелдердің әсемдік зергерлік әшекей бұйымдарына айналды.Француз әйелі Агнесса Сорель алмаздарды сәнге айналдырып, сол уақыттан бастап алмаздарға жеке ат беріле бастады.

Тапсырма : мына алдарыңызда көрсетілге сөз бөліктерін дұрыс құрастырғанда ең даңқты алмаздарлың аттары шығады, мүмкіндігінше тауып көруге тырысыңдар:Ша,Ор, х, лов, Гор, Хо, няк, уп, Кул, Ре, линан, гент, Кохи, Сан, нор, си.



















ІІ-топ

Графит тобының тобының презентациясы



Графит-минерал, көміртектің (С) жер қыртысында ең жиі кездесетін әрі тұрақты гексагондық полиморфтық түрі. Гексогональдік сингонияда кристалданады. Табиғатта кристалы жетілген графи grapho-жазамын) сирек ұшырайды, көбінесе, қабыршақ, түйіршік күйінде кездеседі. Түсі қара, сұр, қара сұр, ұстағанда майда сияқты, қолға жұғады, металдай жылтыр. Қаттылығы 1, ал қабат ішінде 5,5 және одан артық, меншікті салмағы 2,2 г/см3. Балқу температурасы 3850Ғ 500С. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Қышқылға төзімді, жоғары температурада ғана тотығады. Отқа берік, балқыған металға салса еріп, амфотерлік қасиеті бар оксидтер түзеді, балқыған селитрада жанады. Жеңіл өңделеді, жұмсақ, майысқыш. Нейтрон сәулесімен әсер еткенде графиттің электр тогын өткізгіштігі, майысқыштығы, қаттылығы артады, ал жылу өткізгіштігі күрт төмендейді.



Өнеркәсіпте қолданылуы

Графиттің физкалық-химиялық қасиеттерінің ерекшелігі оны өнеркәсіптің алуан саласында қолдануға мүмкіндік береді. Графиттен отқа төзімді материалдар мен бөлшектер жасалады; электртехникада (гальваникалық элементтер, сілті, химия өнеркәсібі машиналарын жасауда ) қолданылады. Өте таза жасанды графит блоктары ядролық техникада нейтрондарды баяулатқыш ретінді пайдаланылады. Графиттен карандаш пен бояу жасалады.















«Менің химиям » Деңгейлік тапсырмалар (Тақтамен жұмыс)

т ( грекше В-деңгей Екі топтан екі оқушы шығып көміртегінің химиялық қасиетіне жаттығулар орындайды

1-оқушының тапсырмасы:

А) Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакцияларды жаз, өнімді ата.

СН4

Cи С ССІ

СаС2 СО СО2

Б) Көміртегінің (ІV)оксидінің ауа бойынша тығыздығын тап.





2-оқушының тапсырмасы

А) Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакцияларды жаз, өнімді ата.



2

НNO3(конц.)

H2SO4 (сұйыт.) t0, H2O

1 С 3

H2SO4 (конц.)



4

Б) Көміртегінің (ІІ) оксидінің ауа бойынша тығыздығын тап.

С-деңгей Екі топтан екі оқушы шығып көміртегінің қосылыстарының химиялық қасиетіне жаттығулар орындайды

А) Мына өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакцияларды жаз, өнімді ата

В) Сандық есептер шығару

ІV.Практикалық кезең. Екі топқа бірдей тапсырма беріледі.

Демонстрация №1 ( Бір ғана заттың тұзының екі түрлі қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуін бақыла талдау, реакция теңдеуін молекулалық –иондық түрде жазу)

Екі стакан алып, екеуіне де бірдей қатты заттың (тұздың) түйіршігін салу. Енді екі стаканға да екі түрлі қышқыл ерітіндісін бірей мөлшерде құю. Екі саканда да «быжылдаған газ» бөлінетін күшті реакция жүреді. Стакандардың екеуіне де жанған шыра апарғанда сөніп қалады.

Енді реакцияның ары қарай жүруіне мұқият назар аударыңдар. 1-стаканда газ бөле жүретін реакция біртіндеп баяулап, тоқтап қалады да, 2-стакандағы реакция тұздың толық еріп біткенінше тоқтамай аяғына дейін жүреді. Осы құбылысқа түсінік беріп көріңдер.

Демонстрация № 2 ( Адсорбция)

Сендерге алдарыңда бірдей затпен боялған екі стаканда бояу ерітіндісі беріледі. №1 стакандағы ерітіндіні салыстыру үшін сақтау.

1.№ 2 стакандағы бояу ерітіндісіне белсендірілген көмір таблеткасының түйіршігін салу,күту, не байқалды ?

2.№ 2 стакандағы ерітіндіні араластыру . Күте тұру.

3. № 2 сткандағы ерітіндіні таза стаканға сүзу.

4.№ 1 стакандағы ерітіндімен салыстыру.

5. Болған құбылысқа түсінік беру.

Танымдық тапсырмалар «Тапқырлар алаңы»

( В-деңгей)

Италияның Неаполь қаласының маңында атақты «Ит үңгірі» деген жер ерте ғасырлардан-ақ көмір қышқыл газының генераторы деп аталған. Себебі бұл үңгірде көмір қышқыл газы үнемі бөлініп, жинақталады. Үңгірдің ерекшелігі сол, үңгірге ит кірсе, ол біраз уақыттан соң есеңгіреп, тез арада өліп қалады. Ал,адам бұл үңгірде қанша болсада ешқандай әсер болмайды. Осы құбылыстың себебін көмір қышқыл газдың физикалық қасиетіне сүйеніп талдап көріңдер.

( А-деңгей)

Көміртегінің қасиеттері және күнделікті өмір мен өнеркәсіпте жиі қолданылу саласы бойынша жалпы танымдық тапсырмалар орындау.

1. Ортадағы бағанадан көміртегінің екі түрлі оксидінің физикалық қасиетіне қатысты сөз тіркестерін бөліп жаз



Көміртегі (ІІ) оксиді

Физикалық сипаттамалар

Көміртегі (ІV) оксиді


Ауадан сәл жеңіл



Ауадан 1,5 есе ауыр



Үш күйде бола алады



Улы, жануды қолдамайды



Ауада 0,03%



Тыныс алуды қолдамайды



Суда аз ериді



Суда ериді



«Иіс газы» деп аталады



«Құрғақ мұз»деп аталады



Иісіз, түсіз газ



Иісіз, түсіз өте улы газ




2.Атыма затыма сай болсын (Күнделікті өмір мен өнеркәсіпте жиі қолданылып жүрген көміртегінің қосылыстарының аттары бойынша химиялық формулаларын табу. Қолданылу саласын айту)

Қосылыстың аты

Сәйкестікті табу

Формуласы

1.Бор

1.

А) СОСІ2

2. Генератор газы

2.

Ә) СаСО3

3. Фосген

3.

Б) СО

4. Иіс газы

4.

В)NаНСО3

5.Шалшық газы

5.

Г)К 2СО3

  1. Ас содасы

6.

Д) Na 2СО3*10Н 2О

7.Кальциленген сода

7.

Е) СН4

8.Кристалдық сода

8.

Ж) Na 2СО3

9.мәрмәр

9.

З) СО+Н2

10Сақар

10.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
« К?міртек ж?не оны? ?осылыстары тарауын ?айталау» ашы? саба?

Автор: Кадирова Несипжан Медеуовна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 158160


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства