1. Білімділік: оқушылардың "көмірсутектер" тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау;
2. Дамытушылық: өз бетінше оқу, ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: адамгершілік, эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақ типі: қайталау
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт
Пәнаралық байланыс: математика, география, технология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастырушылық бөлімі:
ІІ. Қайталау сабағы
№1 аялдама "Ақтөбе бекеті" (билет алып, жасырылған сұрақтарға жауап беру)
№2 аялдама "Қандыағаш бекеті" (ермексазды пайдаланып, берілген көмірсутектердің моделін жасау)
№3 аялдама "Әйтеке би бекеті" (ребусты шешіп, жасырын сөзді табу)
№4 аялдама "Тобыл бекеті" (берілген суреттің құрылымын анықтап, химиялық реакция теңдеуін жазу)
№5 аялдама "Джалтыр бекеті" (химиялық диктант)
№6 аялдама "Атбасар бекеті" (тест тапсырмасы)
№7 аялдама "Астана қаласы" (есептер шығару)
№1 аялдама " Ақтөбе бекетінің" тапсырмасы (Саяхатқа шықпас бұрын жол жүру билетін аламыз, ол үшін, билеттердің астында жасырылған сұрақтарға жауап беруіміз керек)
1-билет: Алкандар дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
2-билет: Алкендер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
3-билет: Алкиндер дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
№2 аялдама "Қандыағаш бекетінің" тапсырмасы:
ермексазды пайдаланып берілген көмірсутектердің модельдерін жасау
Метан 2. Этилен 3. Бутадиен
Жауабы:
№3 аялдама "Әйтеке би бекетінің" тапсырмасы:
ребусты шешіп, жасырын сөзді табу
,,, ,,, Жауабы: метан
,, ,,,, ,,, Жауабы: алкан
, ,, , ,,, Жауабы: арен
,, ,,, , , ,,,, Жауабы: пропан
№4 аялдама "Тобыл бекетінің" тапсырмасы:
берілген суретке қарап, химиялық реакция теңдеуін жаз
№5 аялдама "Джалтыр бекетінің" тапсырмасы:
Химиялық диктант (бос орынға қалып кеткен сөзді жаз)
Молекуласының құрамы бірдей, бірақ химиялық құрылысы әр түрлі, сондықтан қасиеттері де өзгеше болатын заттарды изомерлер деп атайды.
Жұптаспаған электрондары бар бөлшектер бос радикалдар деп аталады.
Құрылыстары мен химиялық қасиеттері ұқсас, ал молекула құрамындағы бір немесе бірнеше СН2 атомдар тобы бойынша айырмашылығы бар заттарды гомологтар деп атайды.
№6 аялдама «Атбасар бекетінің» тапсырмасы:
Тест
1.Алкандардың жалпы формуласын көрсет:
А) СnН2n В)СnН2n+2 С) СnН2n-2
2. Тұйық тізбекті алкандар қалай аталады?
А) циклоалкандар В) циклопарафиндер С) барлық жауап дұрыс
3. Мына көмірсутекті ата: Н2С=СН2
А) этан В) этилен С) ацетилен
4. Ацетиленді өнеркәсіпте және зертханада неден алады?
А) этенді дегидрлеу арқылы В) метанды димерлеу арқылы С) кальций карбидіне су қосу арқылы