kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялы? ж?рменке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

1)Білімділік: О?ушылар?а ба?дарлама к?лемінде ал?ан білімдерін тере?детіп, сапалы білім беру.

2)Дамытушылы?: О?ушыларды?  химия ?ылымына деген ?ызы?уын арттырып, білім мен білік да?дысын ?алыптастыру.

3)Т?рбиелік: О?ушыларды т?ртіпке, адамгершілікке, топпен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялы? ж?рменке»

Күні: 04.02.2016ж

Сыныбы: 8 сыныптар

Сабақтың тақырыбы: Химиялық жәрмеңке

Сабақтың мақсаты:

1)Білімділік: Оқушыларға бағдарлама көлемінде алған білімдерін тереңдетіп, сапалы білім беру.

2)Дамытушылық: Оқушылардың химия ғылымына деген қызығуын арттырып, білім мен білік дағдысын қалыптастыру.

3)Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіпке, адамгершілікке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу,интерактивті тақта, зерт ханалық құрал жабдықтар, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлім: Оқушыларды сайысқа даярлау, барлық қатысушылардың назарын аудару.

  2. Кіріспе бөлім: Сайыстың мақсаттарымен шарттарын таныстыру.

  3. Негізгі бөлім: I- кезең: “ Бәйге ”

II-кезең: “ Ойлан, тап ”

III- кезең: “ Полиглот ”

IV- кезең: “ Тапқырлық таныт ”

  1. Қорытынды

Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырып отырған «Химиялық жәрмеңке» атты білімдер сайысына қош келдіңіздер!

Көруге химия кешін жиылғандар,

Менделеевке құдайдай сыйнғандар

Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақытты бұйырғандар. -дей отырып бүгінгі сайысымызды бастайық:

I – кезең: “ Бәйге ” Әр оқушы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы келесі кезеңге өтіп, сайысты жалғастырады.

1. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл? ( иод)
2. Ең жеңіл металл ( литий)
3. Иодты қай жылы, кім ашты? ( 1811 ж. Крутуа)
4. Отынның жануы қандай құбылыс? ( химиялық)
5. Тұз қышқылының формуласы (HCI)
6. Фторды қай жылы, кім ашты? (1886ж. Муассан)
7. Сұйық металл (сынап)
8. Электртерістілігі ең төмен элемент (Цезий)
9.Гологендер орналасқан топ (жеті топ)
10.Заттың химиялық бөлінбейтін бөлшегі? (атом)
11. Хлорды қай жылы, кім ашты? (1774 ж. Шееле)
12.Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер? (амфотерлі)
13. Бірінші рет сутекті таза күйінде алған кім? (Г. Кавендиш)
14. Сөндірілмеген әк ( кальций оксиді)
15. Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)
16. Электртерістігі ең жоғары элемент (Фтор) 17. Ең жеңіл металл (литий, сілтілік металдар)
18. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады?(фтор, F)
19.Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (тұз қышқылы, HCL)
20. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
21. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат? ( ас тұзы, NaCl)
22. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді? (Күкірт, S)
23. Өнеркәсіптің негізгі металы (темір)
24. Сиыр, жылқы сүтінің құрамында болатын қышқыл (сүт қышқылы)
25. Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
26. Атомның бір түрі (химиялық элемент)

Енді әрі қарай сайысты жалғастыратын яғни сұраққа жауап берген оқушылар топқа бөлініп, топпен жұмыс жасайды. Келесі кезеңге келетін болсақ “Ойлан, тап ” деп аталады. Бұл кезеңде жұмбақ қойылады, соны шапшаңдықпен тауып белсенділік таныту қажет. Жұмбақтың жауабын тапқан оқушы өз тобына 1 ұпай силайды. Содан кай топ көп ұпай жинаса сол топ келесі кезеңді бірінші болып бастайды.





1.   Өзім газбын,менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей  қиналасың.   

           Оттек, кислород, оксигенуим  -О2

2.   Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

Су, вода, аква   -  H2O

  3.Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.

        Сутек, водород, ашH

  4.   Ол болмаса астың дәмі кірмес,кім бар екен ортада оны білмес.

        Ас тұзы, соль,- NaCL

5. 8. Салмағың бар өлшесем, көрінбейсің көзге сен
(Ауа)

6. Көгілдір түгі бар, тас балқытар күші бар
(Газ)

7. Түнде үйге керек нұр, шашып тұрады?
(Электр)

8. Судан шығады, судан қорқады.
(Тұз)

9. Жалыны бар түтіні жоқ
Ыдысқа күйе қонбайды
Қандай отын ойланшы сен
Жанса күлі қалмайды.
(Газ)

Біздің III- кезеңіміз “ Полиглот ” деп аталады. Оған шолу жасайтын болсақ Полиглот – лат. тілінен аударғанда көп тілді ғылым деген мағынаны береді. Аты айтып тұрғандай, әр топқа 3 сұрақтан қойылады. Шешімін тауып оны қазақша, орысша, латынша атауларын аударып айтасыз.

III- кезең: “ Полиглот

Қышқылдар тобы:
1. Өшпейтін өмір жоқ
Сынбайтын..... жоқ. (темір – железо - феррум)
2. Өзім газбын менімен демаласын
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі - кислород - оксигениум)
3. Осы затпен ескі үйді аластайды,
Түріне қарасақ алтынға ұқсайды.(күкірт - сера - сульфур)
Негіздер тобы:
1. Арпа бидай ас екен
Алтын....... тас екен (күміс - серебро - аргентиум)
2. Ең жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (сутегі - водород - гидрогениум)
3. Сым болып ұзақ созылып
Өзкізем тоқты бойдан мен
Жеткізіп, әнді хабарды
Риза етем көпті мен (Мыс - медь - купрум)
Тұздар тобы: 1. Қара металлургиямын, жанамын, Машина,трактордың қанымын. VIII В топшада болсамда, Металл атаулының көп қолданылатын санымын (темір, железо, ferrum) 2. Ертеден белгілі жетеудің бірімін Электроника саласында ірімін Көптеген құймаларға кіремін Әдемілігі жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс, медь, cuprum) 3. Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға жаратады. (қорғасын - свинец - плюмбум)
Оксидтер тобы: 1. Менделеев аулының алтыншы көшесінде тұрамын Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын Мені балқыта алмай қиналады көбісі Қазақстан – әлемде кенім жөнінен бірінші (вольфрам, вольфрам,вольфрам) 2. Тіршілікті ешқашан қолдамайды
Сондықтан ол ауаның көп бөлігін құрайды (азот - азот - нитрогениум) 3. Бір элемент бар инертті газдар текті Топтары өзінше бір орын тепті. Басқалары пысық па? Соны ғана неліктен еріншек деп атап кетті. (Аргон – аргон-аргон)

Ал енді соңғы кезеңімізге келіп жеттік. Ол IV – кезең “Тапқырлық таныт” деп аталады. Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу
Сөзжұмбақ сұрақтары мен жауаптары

1.Реттік нөмірі 43 ке тең элементтің атауы қандай? (технеций) 2.Екі элементтен құралған біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылыс? (Оксид) 3.Зат мөлшері немен өрнектеледі? (моль) 4.Заттың формуласының алдына қойылатын санды қалай атаймыз? (Коэффициент) 5. Заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп басқа заттарға айналуы? (реакция) 6. Сутектің жәй зат екенін анықтаған ғалым? ( А.Лавуазье) 7. Бір күрделі заттың бірнеше жәй затқа айналып ыдырауы қандай реакция? (Айырылу) 8. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуын не дейміз? (Қосылу) 9. Реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығаратын реакция? ( Жану) 10.СаО- ның атауы? (Әк) 11.Атомдардың өзіне электрон тарту қабілетін не деп атаймыз? (Электртерістілік) 12.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (Молекула) 13. Химиялық реакцияларды химиялық форумалалар, химиялық таңбалар арқылы өрнектеу? (Теңдеу) 14. Жылу бөле жүретін реакция? (экзотермия) 15. Жылу сіңіре жүретін реакция?(эндотермия)

Сайысымызды өз мәресіне жетті. Енді жинаған ұпай сандары бойынша топтарды марапаттайық. Қатысқан сайыскерлерімізге үлкен рахмет!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Химиялы? ж?рменке

Автор: Еримбетова Еркинай Уразхановна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328134


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства