Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі
Қозғалмалы химиялық тепе-теңдікті реакция жүру жағдайын (температураны, қысымды, концентрацияны) өзгерту арқылы бұзуға болады. Химиялық тепе-теңдікті бұзу (қозғау) жүйенің басқа тепе-теңдік жағдайға ауысуына әкеледі.
Жағдайлардың химиялық тепе-теңдікке әсер етуі 1884 жылы француз оқымыстысы А.-Л. Ле-Шателье жасаған принциппен анықталады.
Ле-Шателье принципі деп аталатын тепе-теңдікті ығыстыру принципінің қазіргі анықтамасы:
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі»
Күні: 12. 12. 2011ж
Пәні: Химия
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: § 4.5 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье
принципі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: химиялық реакцияның жылдамдығына катализатордың әсерін түсіндіру.
Дамытушылық: химилық кинетика туралы білімділігін дамыту
Тәрбиелік: дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Өткізу әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік
Көрнекіліктер: оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІҮ. Бекіту сұрақтары
Ү. Үйге тапсырма
ҮІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу
Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
В) сыныптың тазалығына қарау
Д) оқушылардың назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
§ 4.3 Химиялық реакцияға катализатордың әсері
а) түсінік сұрау
в) сұрақ-жауап
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
§ 4.5 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі
Химиялық тепе-теңдікті ығыстыру
Қозғалмалы химиялық тепе-теңдікті реакция жүру жағдайын (температураны, қысымды, концентрацияны) өзгерту арқылы бұзуға болады. Химиялық тепе-теңдікті бұзу (қозғау) жүйенің басқа тепе-теңдік жағдайға ауысуына әкеледі.
Жағдайлардың химиялық тепе-теңдікке әсер етуі 1884 жылы француз оқымыстысы А.-Л. Ле-Шателье жасаған принциппен анықталады.
Ле-Шателье принципі деп аталатын тепе-теңдікті ығыстыру принципінің қазіргі анықтамасы:
Тепе-теңдік жуйесіне сырттай әсер еткен кезде, химиялық тепе-теңдік осы әрекетке қарама-қарсы әсер ететін жаққа қарай ығысады.
Тепе-теңдіктің ығысуына температураның әсері
Температураны көтеру қайтымды реакцияның тепе-теңдігін жылуды сіңіру жағына қарай ығыстырады (эндотермиялық бағыт), ал температураны төмендету жылуды бөлетін жаққа қарай ығыстырады (экзотермиялық бағыт).
Экзотермиялық реакция үшін:
Эндотермиялық реакция үшін:
Тепе-теңдіктің ығысуына қысымның әсері
Қысымды өзгерту, ең болмаса бір зат газ тәріздес жағдайға түскен жүйеге ғана әсер етеді (қатты және сұйық заттар ескерілмейді, себебі олардың өздерінің көлемдері газдар мен булардың көлемдерімен салыстырғанда өте аз).
Қайтымды реакцияларда қысымды арттыру тепе-теңдікті газ тәріздес заттардың мөлшері азаятын жаққа қарай, яғни көлем азаю жағына қарай, ал қысымды азайту газ тәріздес заттардың мөлшері көбейетін, яғни көлемі артатын жаққа қарай ығысады:
Тепе-тендік жүйедегі газ тәріздес бір заттың (реагенттің немесе өнімнің) концентрациясын жоғарылатқанда, тепе-теңдік осы заттың жұмсалу (шығындану) жағына қарай ығысады. Заттың концентрациясын азайтқанда, тепе-теңдік сол заттың түзілу жағына қарай ығысады. Қатты және сұйық заттар мөлшерлерін өзгерту тепе-теңдік жағдайына әсер етпейді.
Тепе-теңдікті оңға ығыстыру үшін А реагентінің артықтық мөлшерін (В орнына), ал солға ығыстыру тек D өнімінің артыкпығымен ғана мүмкін болады (басқа өнім - қатты зат).
ІҮ. Бекіту сұрақтары:
Катализ деген қандай құбылыс?
Гомогенді катализ гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді?
Автокатализ деген не? Мысалдар келтіріңдер.
Тежегіштер деген не?
Ферменттер деген не?
Ү. Үйге тапсырма
§ 4.5 Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле-Шателье принципі