kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялық тепе-теңдік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нәтижесінде бастапқы заттар толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.

            Берілген жағдайларда тура (→) реакциямен бірге кері (←) реакция жүрсе, яғни

бастапқы заттардан өнімдер және бір мезгілде өнімдерден реагенттер алынса, ондай химиялық реакцияларды қайтымды деп атайды:

Нәтижесінде бастапқы заттар толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.

            Берілген жағдайларда тура (→) реакциямен бірге кері (←) реакция жүрсе, яғни

бастапқы заттардан өнімдер және бір мезгілде өнімдерден реагенттер алынса, ондай химиялық реакцияларды қайтымды деп атайды:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялық тепе-теңдік»

Күні: 08. 12. 2011ж

Пәні: Химия

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: § 4.4 Химиялық тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «химиялық тепе- теңдік» ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру,тепе-теңдіктің

динамикалық сипатын көрсету.

Тәрбиелік: дүниетанымдық тәрбие беру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Өткізу әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік

Көрнекіліктер: оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

ІҮ. Бекіту сұрақтары

Ү. Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу

Б) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

В) сыныптың тазалығына қарау

Д) оқушылардың назарын аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

§ 4.3 Химиялық реакцияға катализатордың әсері

а) түсінік сұрау

в) сұрақ-жауап

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

§ 4.4 Химиялық тепе-теңдік

Нәтижесінде бастапқы заттар толығымен реакция өнімдеріне айналатын химиялық реакцияларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бір мезгілде қарама-қарсы бағытта (тура және кері) жүретін реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды.

Берілген жағдайларда тура (→) реакциямен бірге кері (←) реакция жүрсе, яғни

бастапқы заттардан өнімдер және бір мезгілде өнімдерден реагенттер алынса, ондай химиялық реакцияларды қайтымды деп атайды:

Қайтымды реакциялар аяғына дейін жүрмейді. Реагенттер концентрациясы азайып, тура реакцияның жылдамдығын кемітеді. Кері реакцияның жылдамдығы өнімдер концентрациясының артуына қарай үнемі өседі.

Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болғанда (=), химиялық тепе-теңдік жағдайы басталады, бұл кезде реагенттер мен өнімдердің концентрациялары әрі қарай өзгермейді. Химиялық тепе-теңдік тыныштық жағдай туғандығын көрсетпейді. Тура және кері реакциялар тепе-теңдік кезінде де жүреді, бірақ бірдей жылдамдықпен жүреді. Сондықтан бұл қозғалмалы динамикалық тепе-теңдік деп аталады.

Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды.

Тепе-теңдік орнаған кездегі әрекеттесуші заттардың концентрацияларын тепе-теңдік концентрациялары деп атайды.Олар моль/л-мен өрнектеліп, квадрат жақшада беріледі, мысалы, [A],[B],[C],[D] және т.б. химиялық тепе-теңдік бұзылғанға дейін олардың мәндері өзгеріссіз қалады.

Тура және кері реакциялардың жылдамдық константаларының қатынасы кері реакцияға қарағанда тура реакция қанша есе жылдам жүретінін көрсетеді.

Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес тура (υтура) және кері (υкері) реакцияның жылдамдықтары мына теңдеулермен өрнектеледі:

υтура = kтура [A]а · [B]b,

υкері = kкері [С]с · [D]d,

Тепе-теңдік кезінде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бір-біріне тең, демек:

kтура [A]а · [B]b = kкері [С]с · [D]d,

осыдан,

kтура / kкері = [С]с · [D]d / [A]а · [B]b = К

Мысалы, 2SO2 + O2 ↔ 2SO3 реакциясы үшін

К = [SO2]2 / [SO2]2[O2]

Әрбір қайтымды реакция берілген температурада бастапқы заттардың реакция өнімдеріне айналуын анықтайтын тепе-теңдік константасының белгілі мәнімен сипатталады. К››1 кезінде алынған заттардың концентрацияларының көбейтіндісі бастапқы заттардың концентрацияларының көбейтіндісінен көп есе артық болады. К‹‹1 кезінде, керісінше реакция өнімдерінің шығымы өте аз. Бірінші жағдайда жүйенің тепе-теңдігі реакция өнімінің түзілу жағына қарай ығысқан, екінші жағдайда – бастапқы заттарға қарай ығысқан. Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің концентрациялары өзгеріссіз қалады. Тура және кері реакциялар тепе-теңдікке жеткеннен кейін де жүріп жатады, бірақ олардың жылдамдықтары бірдей болғандықтан, жүйедегі өзгерістер байқалмайды. Сондықтар тепе-теңдік динамикалық деп аталады.

Гетерогенді реакциялардың тепе-теңдік константасының өрнегіне тек қана газ немесе сұйық фазадағы заттардың концентрациялары кіреді.

Тепе-теңдік константасының шамасы әрекеттесуші заттардың табиғаты мен температураға тәуелді.


ІҮ. Бекіту сұрақтары:

  1. Қандай реакцияларды қайтымды немесе қайтымсыз деп атайды?

  2. Неліктен химиялық тепе-теңдік динамикалық деп аталады?

  3. Химиялық тепе-теңдік константасы деген не?

  4. Қай фактордың (қысым, температура, катализатор) әсері:

СО2(г) + С(қ) ↔ СО(г) ΔН0 =159кДж

реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілу жағына ығыстырады?


Ү. Үйге тапсырма

§ 4.4 Химиялық тепе-теңдік

7 жаттығу


ҮІ. Бағалау








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Химиялық тепе-теңдік

Автор: Буранкулова Гульвира Жеткербаевна

Дата: 07.02.2018

Номер свидетельства: 455568


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства