иілгіштік | | электрөткізгіштік | | жылуөткізгіштік | | қаттылық | | сұйық | | газтектес | | тотықсыздандырғыш | | созылғыш | | 1. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір) 2. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам) 3. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер) 4. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар) 5. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/ 6. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері. (80%) 7. Өсімдік жапырақтары неге жасыл, ол жапырақтарға түс беретін қандай элемент (магний) 8. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс) 1. Жұмсақ белсенді металл, суға салсаң сутекті бөліп шабытты әрекеттеседі. Табиғи қосылысының ең маңыздысы адам мен жануарлардың негізгі қорегі. Тірі ағзада, қан плазмасында, клетка құрамында болады. Кез — келген көлдердің шөгінділерінің құрамында кездеседі.(натрий) 2. Бұл металдарды медицинада, атап айтсақ пластикалық хирургияда сынған сүйектерді бекітуге және адам бассүйегіндегі саңылауларды жабуға қолданылады. Бұл қандай металдар? (титан, никель) 3. Менің тағы бір атым бар, мені «өсімдік күлі» деп атайды. Ал өсімдік күлінен сақар алады. Бұл металды тұңғыш рет ағылшын ғалымы Дэви 1807 жылы өзіне сәйкес сілтіден электролиздеу арқылы алды. Менің тұздарым Ақтөбе маңында көптеп кездеседі, қосылыстарым әрдайым бір валентті. Ағайым натрий сияқты мен де өте белсендімін. Сондықтан мені де керосинде сақтайды. Тұздарым бағалы тыңайтқыш, мен жетіспесем өсімдік жақсы түсім бермейді. Мен қандай элементпін? (калий) 4. Ең...Ең...Ең... (әр сұраққа 1 балл) 1 .Ең қиын балқитын металл?(вольфрам) 2.Адамга ең алғаш белгiлi болған металл?(алтын) 3.Жер бетiндегi ең көп таралған металл?(алюминий) 4.Адамзат баласы ең алғаш өндiрген металл?(мыс) 5.Ең жеңiл металл?(литий) 6.Ең оңай балқитын металл?(цезий) 7.Ең қатты металл?(хром) 8.Ең жұмсақ металл?(калий) 5. Тест 1.Кальцийдiң электрондық формуласы: а) 1S22S22Р63S1 б) 1S22S22Р63S2 в) 1S22S22Р63S23P64S1 г) 1S22S22Р63S23P64S2 2) Мына электрондық формула 1S22S22Р63S23P64S2 тән атом: а) Na б) Са в) Сu г) Zn З) Металдардың электрөткiзгiштiгi, металдық жылтыры, иiлгiштiгi, тығыздығы анықталады: а) атомдық массасы 6) металдардың балқу температурасы в) металл атомдарының құрылысы г) жұптаспаған электрондардың болуы 4) Металдар бейметалдармен әрекеттескенде көрсететiн қасиетi а) тотықтырғыш 6) тотықсыздандырғыш; в) әрi тотықтырғыш, әрi тотықсыздандырғыш г) тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды 5)Периодтық жүйеде типтiк металдар кайда орналаскан? а) жоғарғы бөлiкте; б) төменгi бөлiкте; в) жоғарғы оң жақ бұрышта; г)томенгi сол жақ бұрышта; Жауап кілті арқылы көршіміздің жауабын тексереміз 1-Г; 2-Б; 3-В; 4-Б; 5-Г. Есептер шығару 1. Химиялық элемент атомында деңгейлері бойынша электрондар былай таралған: 2, 8, 8, 2. Осы элементті атаңдар. Оған периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беріңдер. |