kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

2017- 2018  оқу  жылында  химия пәнінен  8 сыныпта өткен ашық  сабағымның    сабақ  жоспарым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі»

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің электртерістілігі. Атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі

Мұғалімнің аты-жөні: Назарқұлова А.О.

Күні: 28.11.2017

СЫНЫП: 8 «А»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер қасиеттерінің негізгі топша және период бойынша электртерістіліктің өзара заңдылықтарын үйрену

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Электртерістілік ұғымын түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Кейбір элементтердің электртерістіліктерінің мәнін біледі.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік



Электртерістілік, элемент, металл, бейметалл, электрон, протон, нейтрон, преиод,ядро

Ресурстар

Оқулық, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, электртерістілік кестесі, АКТ, бағалау суреттері, топқа арналған кеспе қағаздар, тапсырмалар, өшіргіш, кері байланыс, стикер, смайликтер

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Биология, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі

Алдыңғы оқу

Периодтық жүйе туралы және элементтердің адам өміріндегі маңызы туралы біледі

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы

4 минут









7 минут

Сәлемдесу (үш тілде), сынып оқушыларын түгелдеу

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Алдыңғы сабақта бөлінген топ бойынша оқушылар топтасып отырады.

Қызығушылықтарын ояту: 2 минут

  1. Химия пәні нені зерттейді?

  2. Д.И.Менделеевтің преиодтық кестесінде неше элемент бар?

  3. Адам өміріндегі маңызды элементтер қандай элементтер?


Талдау

Үй тапсырмасын пысықтау: үш топқа бір-бір өшіргіш беріледі. Өшіргіштің үш қырына жазылған элементтердің адам өміріндегі маңызы туралы сипаттамаларды айтып шығады (элемент атауларын үш тілде айтып шығады).

1-топ: (темір, натрий, бром)

2-топ: (кальций, магний, иод)

3-топ: (калий, фосфор, күкірт)


Темір железо iron

Натрий натрий sodim

Бром бром bromine

Кальций кальций calcium

Магний магний magnesium

Иод Иод iodine

Калий калий potassium

Фосфор фосфор phosphorus

Күкірт сера sulfur



1-топ:

«Нейтрондар»

2-топ: «Протондар»

3-топ: «Электрондар»





«Джигсо»

әдісі

Жаңа білім

5 минут







3 минут

Білу және түсіну

Сабақтың жаңа тақырыбына байланысты мақсаты мен күтілетін нәтижені айқындау жоспарында оқушылар сипаттама беріп өткен элементтерді пайдаланып жаңа тақырыпты (тақтада тұрған Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі және электртерістілік мәнге ие элементтер қатары) түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндіруі:

Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі. (Электртерістілік электроотрицательность electrothermicity)

Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.

Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады.

Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.С ілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты. (Фтор фтор fluorine)

Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады .

Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта - кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.

Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді. (Метал металл metal), (бейметал неметаллические nonmetal)


1.« Мағынаны тану»

Жаңа ақпаратты «Электртерістілік» тақырыбына арналған видео ақпарат арқылы жалғастырады.



Оқулық,

мәтіндер.«Электртерістілік» кестесі




АКТ

Ортасы



5 минут







5 минут

















3 минут

2.Топтық жұмыс.

Қолдану ( тақтамен жұмыс


1- тапсырма. Жаңа сабақты ұштастыра отырып төменде берілген элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейін, нейтрон, протон, электрон сандарын жазыңдар:

1-топ: F, Na, Mg,

2-топ: Cl, Si, K, B

3-топ: Br, Li, Ca,


2-тапсырма: Химиялық реакция типтерін аяқтаңдар, теңестіріп, қай типке жататынын анықтаңдар:

1-топ: a) H2 + F2 = ? 2HF қосылу типі

б) CaCO3 = ? CaO + CO2 айырылу типі

в) Mg + 2HCl =? MgCl2 +H2 орынбасу типі


2-топ: a) 4Li + O2 = ? 2Li2O қосылу типі

б) 2NaCl = ? 2Na + Cl2 айырылу типі

в) 2Fe + 3H2O =? Fe2O3 + 3H2 орынбасу типі

3-топ: a) Ca + Cl2 = ? CaCl2 қосылу типі

б) 2Al(OH)3 = ? AL2O3 +3H2O айырылу типі

в) MgO + SO2 =? MgSO3 қосылу типі


3- тапсырма: Сандық есеп шығару:

1-топ: Массасы 112 гр кремний қанша зат мөлшерін алады?

2-топ: Массасы 81 гр алюминий қанша зат мөлшерін алады?

3-топ: Массасы 112 гр күкірт қанша зат мөлшерін алады?






Топтық жұмыс







Ойлан, жұптас, пікірлес


Топтық талқыға салады,ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді.







«Аквариум» әдісі

Сергіту сәті

2 минут

Химиялық элементтер қатысқан мақал-мәтелдерді айтады (әр топ кемінде үш мақалдан)




Аяқталуы

Сабақты бекіту

3 минут

Синтез Тест тапсырмалары арқылы сабағымызды қорытындылаймыз.


  1. Электртерістілігі ең жоғарғы металл? (Фтор)

  1. калий; б) хлор; в) цезий; г) фтор

  1. Электртерістілігі ең кіші элемент? (цезий)

а) калий; б) хлор; в) цезий; г) фтор


  1. Бір периодтағы элементтердің электртерістілігі солдан онға қарай қалай өзгереді? (өседі)

а)өседі; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ауытқулар болады

4) Негізгі топша бойынша жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді? (кемиді)

а)өседі; б) кемиді; в) өзгермейді; г) ауытқулар болады

5) Мына элементтерді өсу ретімен орналастырыңдар: Si, K, F, H, Cl, S? (2,1,4,6,5,3)

а)1,2,3,4,5,6; б) 2,1,3,5,6,4; в)2,1,4,6,5,3; г) 3,5,6,4,1,2





Тест тапсырмалары





Бағалау

2 минут


Кері байланыс

1 минут

Бағалау парақшасы



«Бағдаршам» әдісі

Стикерлерге бүгінгі сабақтағы өз ойларын қалдырып, іледі


Үйге тапсырма: Химиялық элементтердің электртерістілік тақырыбын оқып, кесте бойынша элементтерді ажыратып келу

Бағалау парақшасы



«Бағдаршам» әдісі.Стикерлер тарату.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Назарқұлова Ақбота Орынбасарқызы

Дата: 08.12.2017

Номер свидетельства: 443004


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства