•- орта мектеп ба?дарламасында?ы 10-сыныпты? химия п?нінде 4 са?ат?а берілген “Химиялы? реакцияны? жылдамды?ы мен о?ан ?сер етуші факторлар” та?ырыбында ?ткен саба?та о?ушыларды? ?ылыми ізденісін дамыту к?зделді;
•- атал?ан саба?та о?ушылар?а жеке тапсырмалар беру ж?зеге асты. Саба??а арнайы мониторинг ж?ргізілді;
•- жа?а технологияларды пайдалана отырып о?ушыларды саба??а ?ызы?тыру (топ?а б?лу, де?гейлік тапсырмалар т.б ?олданылды).
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2.2. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар тақырыбын сабақта жаңашылдықпен өткізу.
1. Дайындық кезеңі
1.1. Тақырыпты таңдау және мақсатын айқындау
2. Жоспарлау кезеңі
2.1. Қажетті ақпарат көздерін анықтау
2.2. Ақпаратты өңдеу, сабақта қолдану
3. Зерттеу кезеңі
3.1. Ақпарат көздерімен жұмыс
4. Негізгі бөлім
4.1. Ақпаратты сараптау, жүйелеу
4.2. Ұсыныс
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Сабақтың құндылық сипаттары
1. Танымдық сипаты:
- химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарымен таныстыру;
- химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар жайлы түсінік беру.
2. Білімдік сипаты:
- сабақ барысында дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиялардың кейбір элементтерін пайдалана отырып оқушылардың бойында химияға деген білімді қалыптастыру.
3. Тәрбиелік сипаты:
- оқушылардың бойына химия ғылымына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Отаншылдық рухтағы жас жеткіншектерді тәрбиелеу;
- сынып оқушыларының ортақ мүддеге деген қызығушылығын арттыру.
З е р т т е у
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі
- орта мектеп бағдарламасындағы 10-сыныптың химия пәніндегі 4 сағатқа берілген “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторлар” тақырыбында өткен сабақтарда оқушылардың ғылыми ізденісін дамыту көзделді;
- аталған сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар беру жүзеге асты. Сабаққа арнайы мониторинг жүргізілді;
- жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушыларды сабаққа қызықтыру (топқа бөлу, деңгейлік тапсырмалар т.б қолданылды).
З е р т т е у
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні :
- Мектеп оқушыларына химия сабағында жаңа әдіс-тәсілдермен “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторлар” бөлімі бойынша терең түсінік беру. Сабақты ғылыми жұмыстармен, шығармашылық жетістіктермен байланыстыру – ғылыми жұмыстың ғылыми мәні ретінде танылады.
- Сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысы оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, өзіндік жұмысқа бейімдеу – практикалық мәні болып табылады.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық кинетика – реакцияның жүру механизімін, жылдамдығын және жылдамдықта әрекеттесетін заттардың концентрацияларының, температураның, қысымның, катализаторлардың әсерлерін зерттейтін химияның бөлімі.
Химиялық кинетика
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп - уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар
Концентрация
Катализатор
Температура
Заттардың жанасу бетіне әсері
Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері
ІІ. Зерттеу бөлімі 1. Дайындық кезеңі
1.1. Тақырыпты таңдау және мақсатын айқындау
- Орта мектептің “Жаратылыстану-математика” бағытындағы химия пәніне 10-сынып бойынша жылдық жүктеме 102 сағат. Оқулықта IV тарау ”Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары” деп аталады. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы анағұрлым өсе түсті. Бұл сабақты өту барысында жаңа технологиялардың кейбір элементтерін пайдалана отырып оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға тырыстым.
- Осы сабақты өту барысында сабақты жаңашылдықпен өту қажет екенін түсіндім. Химия сабағына деген оқушылардың ынтасы жаңа міндеттер қойды. Белгілі бір технологияға сертификат болмағандықтан бұл зерттеуде “Назарбаев” университетімен Кембридж университетінің үш айлық курсының тыңдаушыларынан көмек алдым. Сабақтың барысында бұл әдістерді тиімді пайдалануға тырыстым. Негізгі мақсатым оқушыларға теория мен логикалық ойлауды ұштастыра отырып терең білім беру.
- Егемен еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеу барысында жаңа
технологияларды, заманауи үрдістерді пайдалана отырып әлемдік деңгейде білім беруіміз қажет. Бұл істе жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен таныса отырып, үнемі ізденісте болуымыз керек. Тәуелсіз қазақ еліндегі білім жүйесінің алға дамуы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзінде айқын көрсетілген. “Экономикалық көрсеткішіміздің өсуіне орай біздің қоғамымыздағы мәдени және білім деңгейінің артуына, жаңа қазақстандық зияткер ұлт қалыптасуына ерекше назар аудару қажет” деп атап көрсетуі, білім беру саласының еліміздегі даму үдерісіне атсалысатын жаңашыл, білікті мамандарды дайындау қажеттігін міндеттейді.
- Білім және Ғылым министрлігінің химия және биология пән мұғалімдерінің Республикалық I съезінде білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беруді дамыту айқын көрсетілген.
- Жоғарыда аталған факторларды негізге ала отырып зерттеу тақырыбымды §§ 4.1, 4.2 “Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар” сабағы деп алдым.
1. Сабақ өту барысында оқушылардың ақпаратпен өздері танысып ізденуіне жол ашу.
2. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар жайлы деңгейлік мониторинг жүргізу.
3. Зерттеу жұмысты мектеп бағдарламасын негізге ала отырып жүзеге асыруда жаңа ақпараттармен(ғаламтор, ғылыми әдебиеттермен) үзбей танысып отыру.
4. Негізгі бөлім 4.1. Ақпаратты сараптау, жүйелеу
Химия пәнінің ерекшеліктерін ескере отырып сабақ барысында жаңа технологияларды пайдаланып, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар беру арқылы үйлестіру көзделген. Топтық жұмыстармен қатар деңгейлік тапсырмалар беру арқылы да ақпаратпен таныстыру қамтылды. Мұндай тәсілдерді жүйелі пайдалану өз жемісін береді деген үміттемін. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер етуші факторлар (катализатор, температура, концентрация, әрекеттесуші заттар табиғаты, әрекеттесуші заттардың жанасу беті) жайлы түсінікті қамти отырып сынып оқушыларын сабақ пен өзіндік ізденістерін дамыту көзделді.Оқушылар бойындағы ерекшеліктеріне қарай химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, тұлғалық қасиеттерін жетілдіріп отыру ұстаз есебінде біздің парызымыз.
Сабақтың өтілу барысы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші факторлар.
Жалпы мақсаты:Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші бес фактор туралы терең түсінік беру. Оқушылардың бойына химия ғылымына деген қызығушылықты арттыру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: әрекеттесуші заттар табиғаты, температура, концентрация, катализатор, заттардың жанасу бетіне сипатын ашу.
Негізгі идея:Топқа бөлу, АКТ
Сабақта қолданылатын материалдар: постер, презентация
Оқу әдістері: топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма (А,В,С)
Негізгі түсіндірулер (термин): гомогенді, гетерогенді жүйе
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.(3мин). Оқушылармен сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу (сандар бойынша 5 топқа).
Үй жұмысын бағалау: (8 мин).§ 4.1 Химиялық реакцияның жылдамдығы тақырыбы бойынша деңгейлік сұрақтар.
А деңгейі сұрағы: Гомогенді,гетерогенді реакциялардың жылдамдығының айырмашылықтары, математикалық өрнектерін жазу.
В деңгейі сұрағы: Химиялық реакциялардың жылдамдығын зерттеу не үшін қажет?
С деңгейі сұрағы: Гомогенді, гетерогенді жүйелерге анықтама беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:(3 мин).
Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар
Концентрация
Катализатор
Температура
Заттардың жанасу бетіне әсері
Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері
Топтарға тапсырма.(5 мин). Арнайы берілген сандар арқылы (1,2,3,4,5)сыныпты бес топқа бөлдім.
I топ: Әрекеттесуші заттар табиғаты.
II топ: Температура.
III топ: Концентрация.
IV топ: Катализатор.
V топ: Заттардың жанасу беті
Флип чартта постер жасау арқылы сабақты суреттеу.(5 мин).
Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер етуші 5 факторды қалай суреттейсіңдер
Әр топ өз ішінде постер жасап оны қорғауы керек.
Жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығару (5 мин).
Мұғалім интерактивті тақтада концентрацияның екі деңгейі мен температураға қатысты есептер шығарады.
1. 2SO2+O2→2SO3 реакциясындағы күкірт (IV) оксидінің концентрациясын 3 есе көбейткенде реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
2. C2H4+3O2=2CO2+2H2O реакциядағы оттек концентрациясын 3 есе азайтқанда реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
3. Температуралық коэффициенті 2-ге тең болған жағдайда температураны 20 C – ден 80 C-ге дейін көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы неше есе артады.
Осыларды басшылыққа ала отырып сынып оқушыларының бүгінгі сабаққа қатынасуын бағалап журналға түсіру.
Үйге тапсырма (1 мин).
Температура, концентрацияның жоғарылауы мен төмендеуіне байланысты әрқайсысына 3 есептен шығарып келу.
Оқулық бойынша түсінік айту.
Химиялық реакциялардың жылдамдығына катализатордың әсері жайлы химиялық диктант дайындап келу.
Дәстүрлі сабақ пен жаңа технологиялардың бірнеше әдістерін қолданған сабақ нәтижесіне жасалған мониторинг
4.1. Қорытынды
Педагогикалық оқу жұмысын орындауда мынандай
қиыншылықтарға кездестім:
1. Зерттеу жұмыстарын жаңадан бастағандықтан, тәжірибемнің аз болуы.
2. Көптеген материалдың ішінен өзіме керектісін таңдай алмадым.
3. Таңдауымның түпкі нәтижесі не беретінін болжай алмадым.
Осы қиыншылықтарды жеңу үшін жетекші апайым жұмысты жоспарлауға көп көмегі тиді. Педагогикалық оқуға тақырып таңдау кезінде сабақ өту технологиясының зерттеу кезеңдерімен танысуды ұсынды. Оның маған көмегі мол болды. Мен ол бойынша зерттеу жұмысымның кезеңдерін белгіледім.
4.1. Қорытынды
- Бірінші кезеңде: Дайындық жұмыстарын жасадым. Кітап-журналдарды қарадым.
- Екінші кезеңде: Жоспарладым. Жұмысымды ұйымдастырдым.
- Үшінші кезеңде: Зерттедім, материалдарды жинақтадым.
- Төртінші кезеңде: қорытындыладым. Есеп беруге дайындалдым.
Осы жұмысты жасау барысында өз-өзімді тәрбиелейтін төмендегідей дағдыларды бойыма қалыптастыру мүмкіндігін алдым:
- Мектеп кітапханасына барып сыныптағы оқулықтан басқа материал іздеп, олармен таныстым.
- Сабақты қызықты өткізу мұғалімнің ізденісіне байланысты екенін білдім.
- Өз пәнімді сүйіп, құрметтеу керек екенін түсіндім.
- Ғылыми жұмысқа икемі бар оқушылармен жеке жұмыс жасап ғылыми жұмыспен айналысамын.
4.2. Ұсыныс
- Осы сабақты өту барысында дәстүрлі сабақ пен жаңа технологиялардың кейбір элементтерін ұштастыра білдім. Осындай сабақтарды басқа химия пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып ары қарай дамытсам.
- Мектеп оқушылары мен химия пәні мұғалімдері арасында облыс көлемінде байқаулар, ғылыми жобалар жиі ұйымдастырылса.
4.3. Ақпарат көздерімен жұмыс
- Мектептің химия сабағында “Химиялық реакцияның жылдамдығы мен оған әсер етуші факторларды” оқыту тақырыбында дайындаған жұмысым аудандық педагогикалық оқуда аудандық білім бөлімінің құрмет дипломына ие болып, облыстық педагогикалық оқуға жолдама алды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Исабаев Н.Н., Исмайлов Т.М. Химия пәніндегі есептерді
шешудің әдіс-тәсілдері мен мысалдары (Әдістемелік оқу құралы)