kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялы? реакция те?деуі бойынша реакция ?німіні? массасын, к?лемін (газды?) ж?не зат м?лшерін есептеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: 

Білімділік: Химиялы? реакция типтері мен реакция те?деулерін те?естіру ??ымдарын ?алыптастыруды одан ?рі жал?астыру,  химиялы? реакция те?деулері бойынша  санды? есептерді шы?аруды ?йрену.

Дамытушылы?: О?ушыларды? химиялы? реакция те?деуі бойынша есептеулер ж?ргізе білу ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік: ??ыптылы??а, ?ылыми ??штарлы??а, е?бекке, ?з еркімен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу.

К?тілетін н?тижелер:

А. Химиялы? валенттілік ар?ылы формула ??рады.

В. Химиялы? реакция те?деулері бойынша есептер шы?ара біледі.

С. Химиялы? реакция те?деуі бойынша реакция ?німіні? массасын, к?лемін (газды?) ж?не зат м?лшерін есептеуді д?лелдейді.

Тірек білім мен біліктер: Зат м?лшері, затты? салыстырмалы молекулалы? массасы, зат м?лшеріні? ?лшем бірлігі, затты? салыстырмалы молекулалы? массасын есептеу.

Керекті жабды?тар: Интерактивті та?та, о?у ?дістемелік ?дебиеттер, есептер мен жатты?улар жина?ы, дидактикалы? тапсырма, периодты? кесте.

Саба?ты? типі: аралас саба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялы? реакция те?деуі бойынша реакция ?німіні? массасын, к?лемін (газды?) ж?не зат м?лшерін есептеу»



Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі мектебі

Шамуратова Жазира Хангерейқызы

«Химия» пәнінің мұғалімі





Сыныбы 8 б

Күні 22.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру, химиялық реакция теңдеулері бойынша сандық есептерді шығаруды үйрену.

Дамытушылық: Оқушылардың химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер жүргізе білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ғылыми құштарлыққа, еңбекке, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

А. Химиялық валенттілік арқылы формула құрады.

В. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығара біледі.

С. Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеуді дәлелдейді.

Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, оқу әдістемелік әдебиеттер, есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық тапсырма, периодтық кесте.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Фигуралар (үшбұрыш, квадрат, шеңбер, тіктөртбұрыш) арқылы топқа бөлу.

Өткен сабақты сұрақ – жауаптар арқылы тексеру.

1 – топ. Үшбұрыштар тобы

1 - тапсырма. Берілген қосылыстардағы элементтердің валенттілігі бойынша формула құрыңыз.

KO, NaO, күкірт (IV) оксиді.

2 – тапсырма. Химиялық реакциялардың типін анықтап, реакция теңдеулерін теңестіріңіз.

K+O2→K2O

CaCO3→CaO+CO2

2 – топ. Шеңберлер тобы

1 – тапсырма. Берілген қосылыстардағы элементтердің валенттілігі бойынша формула құрыңыз .

LiO, AlO, фосфор (IV) оксиді.

2 – тапсырма. Химиялық реакциялардың типін анықтап, реакция теңдеулерін теңестіріңіз.

Al + O2→ Al2O3

Zn + HCl → ZnCl2+H2

3-топ. Квадраттар тобы

1 – тапсырма. Көміртектің валенттілігі IV екенін ескеріп, мынадай заттардың химиялық формуласын құрыңыз.

CO, CH, NaC.

2 – тапсырма. Химиялық реакциялардың типін анықтап, реакция теңдеулерін теңестіріңіз.

KOH + H2SO4 →K2SO4 + H2O

H2O →H2↑ + O2

4 – топ Тіктөртбұрыштар тобы

1 – тапсырма. Мынадай металл мен бейметалдардың арасынан шығатын заттардың химиялық формуласын құрыңыз.

А) Ca мен P (III)

Ә) Al мен С (IV)

2 – тапсырма. Химиялық реакциялардың типін анықтап, реакция теңдеулерін теңестіріңіз.

CaO + H2O→Ca(OH)2

Al2O3→ Al + O2

Жаңа сабақ

Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеу. (Тақырыпты дәптерлеріне жаздырамын)

Жаңа тақырыппен жұмыс.

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеп шығарудың өзіндік реті:

Ол үшін есептің шартын жазып алады да әрі қарай:

  1. Ең алдымен, химиялық реакция теңдеуін құрып, тиісті

коэффициенттерін қойып теңестіреді;

  1. Реакцияға қатынасқан қажетті заттардың массасын немесе зат

мөлшерін есептеп шығарады;

  1. Есептің шартында берілген заттың массасын не мөлшерін

формуласының астына жазып, іздеп отырған заттың формуласының астына х деп белгілейді;

  1. Іздеп отырған заттың массасын немесе мөлшерін пропорция арқылы

есептеп шығарады.

  1. Есеп.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің CaO массасы қанша?

2 – есеп.

20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің зат мөлшері қанша?

3 – есеп.

Кальций металымен 4 г оттек әрекеттескенде шығатын заттың массасы мен зат мөлшері қанша?

4 – есеп.

Кальций мен оттек әрекеттескенде 56 г CaO түзіледі. Реакцияға қатынасқан оттектің массасы мен зат мөлшері қанша?

Бекіту тапсырмалары

1 – топқа. Химиялық реакция өнімінің массасын есептеу.

30 г магний ауада жанғанда түзілетін магний оксидінің массасы қанша?

2 – топқа. Зат мөлшері бойынша газдың көлемін есептеу.

Зат мөлшері 0,2 моль газдың көлемін (қ.ж) есептеңдер.

3 – топқа. Химиялық реакция өнімінің зат мөлшерін есептеу.

Массасы 6,5 г мырыш оттекпен әрекеттессе мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

4 – топқа. Массасы бойынша молекула санын есептеу.

Көмірқышқыл газының 66 грамында CO2 қанша молекула саны болатынын есептеңдер.

Қорытынды.

Тест сұрақтары

  1. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір күрделі затқа айналуы қай

реакция типіне жатады?

А) Айырылу

В) Қосылу

С) Орынбасу

Д) Алмасу

2. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі

А) моль

В) грамм

С) литр

Д) г ∕ моль

3) 10 г барий оттекпен әрекеттесенде түзілетін барий оксидінің массасы қанша?

А) 12,5г

В) 13,4г

С) 11,2г

Д) 15,2г

4) CaCO3→CaO+CO2 реакция типі қандай?

А) қосылу

В) айырылу

С) орынбасу

Д) алмасу

5) Al2O3→ Al + O2 реакция теңдеуіндегі оттегінін алдындағы коэффициент қандай?

А) 2

В) 3

С) 4

Д) 5

Бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

1)  8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?

2)  Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

3)  Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

4) 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?

5) Оттегіде 54г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?

6)  Массасы 360г алюминий сульфидін үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.

7)  8г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?

8) 8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.





















Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1

Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу.

- Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

- Оқушыларды топқа бөлу



2

Өткен сабақты қайталау.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен сабақты пысықтау



3

Жаңа сабақ

1 – тапсырма

  1. Кітаппен жүмыс





2 – тапсырма

  1. Есептер шығару


4


Қорытындылау, бағалау

  1. Бекіту есептері

  2. Тест тапсырмалары

Сабақты қорытындыланды

4- тапсырма бойынша оқушылардың бағалары қорытындыланды.

5


Үй тапсырмасы

Үйге тапсырмалар берілді


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Шамуратова Жазира Хангерей?ызы

Дата: 10.06.2016

Номер свидетельства: 334019


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства