Сабақ оқу барысы | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті |
Қызығушылықтарын ояту стратегиясы Оқушыларды қарсы алу \2 мин\ | Сергіту сәті «Мен қазақпын» | Эмоциялық,көңілді орта қалыптасады. |
1 тапсырма Оқушыларды топқа бөлу\1 мин\ | Химиялық элементтер арқылы 2 топқа бөлу | Өздеріне тиісті химиялық элементтер бойынша 2 топқа бөлінеді,бағалау парақшалары таратылады |
Ой қозғау стратегиясы Миға шабуыл 3 мин | Мына сөйлемде қандай сөз жасырынып тұр «Химиялық элементтер үлкен екі топқа бөлінеді:........................» Металдар және бейметалдар туралы не білесіңдер?Оларға қандай элементтер жатады? Инсерт парағының мен білемін»деген бағанын толтыруды тапсыру. | Оқушылар « мен білемін» бағанына химиялық элементтер үлкен екі топқа «Металдар»және «Бейметалдар » бөлінетіні туралы ой бөлісіп, жазады. |
Бейнекөрініс \3 мин\ | Бейнекөрініс. Сонымен бүгінгі сабақта қандай тақырыпта ой қозғаймыз? | Оқушылар бейнекөріністен металдар және бейметалдар туралы екендігін айтып ,тақырыптың мәнін ашады. Металдар мен бейметалдар туралы өз білімдерін ортаға салып ,дәлелдер келтіреді. |
Презентация \3 мин\ | « Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар» туралы мағлұмат береді. | Оқушылар тыңдайды, ой бөліседі, талқылайды. |
2 тапсырма \14 мин\ | Әр топқа ақпарат парақшаларын таратады. Ітоп Металдар Сілтілік металдар Физикалық,химиялық қасиеттері,табиғатта таралуы. ІІ топ Бейметалдар Галогендер Физикалық,химиялық қасиеттері,табиғатта таралуы . | Топ мүшелері алдымен 5 мин өздері оқиды,содан соң жұптасып, содан кейін топтық талдау жасайды. Постер қорғайды. |
«Ой толғаныс» стратегиясы 3 тапсырма Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтармен тапсырмалар \ 10 мин\ | 2 топқа тапсырмалар беріледі.Тапсырманың шарттары тақтада жазылады Оқушыларды таныстырады. 5мин уақыт беріледі.Топтар арасында бірін – бірі тексеруге 3 мин беріледі. І топ «Металдар» тапсырмалары 1.88г көмірқышқыл газында CO2 қанша грамм көміртек болатынын есептеңдер. BeCl2 2.BeO Na2BeO2 3.Сілтілік металдар оксидтері мен гидроксидтерінде қандай валенттік көрсетеді? Сілтілік металл –литийдің оксиді мен гидроксидінің түзілу теңдеуін жазыңдар. ІІ топ «Бейметалдар » тапсырмалары 1.Құрамында 32г мыс болса,куприттің Cu2O массасы қандай болғаны ? BeCl2 2.Be(OH)2 Na2BeO2 3. «Бір қалам» әдісі арқылы эссе жазыңдар «Сілтілік жер металдар» | Барлық топ осы тақырып соңындағы сұрақтар мен жаттығулармен жұмыс жасайды. Тақтаға химиялық реакция теңдеулерін жазады. Топ арасында қатемен жұмыс жүргізіледі. |
4.Қорытындылау \5 мин\ | Инсерт парағындағы мен үшін ақпарат, мен үшін түсініксіз, мені таңқалдырды»деген бағандарын пысықтап алады | Инсерт парағындағы бағандар бойынша ой бөліседі. |
5.Рефлексия\3 мин\ | Жауапты сөздің астын сызу арқылы көрсетеді 1. Сабақта мен .......жұмыс жасадым белсенді / баяу 2. Мен бүгінгі сабақтағы жұмысыма... көңілім толады / көңілім толмайды 3. Бүгінгі сабақ мен үшін ...... болды өте қысқа / өте ұзақ 4. Сабақ бойы мен..... шаршаған жоқпын / шаршадым 5. Менің көңіл күйім.... жақсы / нашар 6. Жаңа сабақ....... түсінікті / түсіне алмадым/ қызықты / қызық емес
| 2 топ мүшелері сабақ аяқталмастан 5 минут бұрын мына анкетаны толтырады. |