kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химиялы? байланысты? негізгі т?рлері. Ковалентті полюсті ж?не полюссіз байланыстар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.      Білімділік: І-ІІІ период элементтеріні? атомдарында?ы электрондарды? орналасуы туралы білімін бекіту. Атом ??рылысыны? белгілі за?дылы?тары негізінде химиялы? ковалентті байланыстарды? т?зілу м?нін таныстыру,

  1. Дамытушылы?: ковалентті байланыс?ан жай заттарды? электронды? формуласын ??ру білігін ?алыптастыру.

3.      Т?рбиелік: ?ылыми к?з?арасты ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химиялы? байланысты? негізгі т?рлері. Ковалентті полюсті ж?не полюссіз байланыстар.»



Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: І-ІІІ период элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы туралы білімін бекіту. Атом құрылысының белгілі заңдылықтары негізінде химиялық ковалентті байланыстардың түзілу мәнін таныстыру,

  2. Дамытушылық: ковалентті байланысқан жай заттардың электрондық формуласын құру білігін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: физика

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта. «Химиялық байланыстардың түрлері», «Химиялық байланыстың түзілуі кестесі атом құрылысының үлгілері».

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылардың білімі мен білігін тексеру. Сыныптағы бірнеше оқушыға жазбаша сұрақтар беріледі (карточка түрлері).

ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭЛЕКТРТЕРІСТІЛІГІ

Топ

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

период

1

H
2,1

 

 

 

 

 

 

 

He
-

2

Li
0,97

Be
1,47

B
2,01

C
2,50

N
3,07

O
3,5

F
4,10

 

Ne
-

3

Na
1,01

Mg
1,23

Al
1,47

Si
1,74

P
2,1

S
2,6

Cl
2,83

 

Ar
-

4

K
0,91

Ca
1,04

Sc
1,20

Ti
1,32

V
1,45

Cr
1,56

Mn
1,60

Fe
1,64

Co
1,70

Ni
1,75

 

Cu
1,75

Zn
1,66

Ga
1,82

Ge
2,02

As
2,20

Se
2,48

Br
2,74

 

Kr
-

5

Rb
0,89

Sr
0,99

Y
1,11

Zr
1,22

Nb
1,23

Mo
1,30

Tc
1,36

Ru
1,42

Rh
1,45

Pd
1,35

 

Ag
1,42

Cd
1,46

In
1,49

Sn
1,72

Sb
1,82

Te
2,01

I
2,21

 

Xe
-

6

Cs
0,86

Ba
0,97

La*
1,08

Hf
1,23

Ta
1,33

W
1,40

Re
1,46

Os
1,52

Ir
1,55

Pt
1,44

 

Au
1,42

Hg
1,44

Tl
1,44

Pb
1,55

Bi
1,67

Po
1,76

At
1,90

 

Rn
-

7

Fr
0,86

Ra
0,97

Ac**
1,00

*Лантаноидтар - 1,08 - 1,14
**Актиноидтар - 1,11 - 1,20



1.Электртерістілік дегеніміз не?-

Атомдардың өзіне электрондар тарту қабілетін электртерістілік деп атайды.



  1. *Электртерістілік* пен *Электртерістік* ұғымдарының айырмасы неде?

*Электртерістік*-кез келген элемент атомының өзіне электрон тарту және өзінен электронды тебу қабілетін.



  1. Мына элементтерді периодтық кесте көмегімен немесе кесте көмегімен электртерістіктерінің өсу ретімен орналастырыңдар.

Mg, P, S, Si, O, Al- Жауабы: Mg, Al, Si, , P, S, O,

  1. Натрий мен фтор атомының құрылыс сызбанұсқасын сызып көрсет. Олардың химиялық автивтілгін қалай түсіндірсең?

  2. Период және негізгі топша бойынша элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?

- Период бойынша солдан оңға қарай электртерістік артады, ал негізгі топшада төменнен жоғары қарай артады.

  1. Осы өзгерістердің себебі неде?

- Осыған орай периодтық жүйеден кез келген екі элементтің қайсысының электртерістілігі күшті екенін айтуға болады.

III. Жаңа сабақ:

Жаңа материалды оқыту. Химиялық байланыс дегеніміз не???

-Атомдар әрекеттескен кезде олардың арасында химиялық байланыс түзіледі.

  • Химиялық байланыс дегеніміз молекулаларда және кристалдық торларда атомдар арасындағы электрлік тартылыс күштерінің әсерінен атомдардың өзара тартылып байланысуы.

-Химиялық байланыс неліктен түзіледі???

-Химиялық байланыс түзілгенде сыртқы қабаттағы электрондар өзгеріске ұшырайды.Олардың саны көбейеді немесе азаяды. Атомдардыңэлектрондарды беріп жіберу немесе қосып алу қасиеттерін электртерістігі сиапттайды. .

Химиялық байланыстың типтері:

1-Коваленттік-полюсті және полюссіз

2-Иондық

3-Металдық

  • Екі атом арасында химиялық байланыс электрон жұбы ортақтасуы арқылы түзілсе, ол ковалентті байланыс деп аталады.

  • Электртерістіктері бірдей атомдар арасында коваленттік полюссіз химиялық байланыс түзіледі.

ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭЛЕКТРТЕРІСТІЛІГІ

Мысалы:молекулалар өзара бірдей екі атомнан тұратын жай заттар.- Н2, СІ2, О2, N2

Одан әрі электрондық формула құрудың алгоритімімен таныстыру.

  • Сәйкес келетін атомдардың химиялық таңбасын тізіп жазу.

  • Элементтің периодтық жүйедегі орнын (қай топқа) табу.

  • Берілген элементтің орналасқан тобына сәйкес валенттік электрондардың санын белгілеу.

  • Нүктелер арқылы элемент атомдарындағы дара электрондардың жалпы санын белгілеп, электрондық қабатын аяқталуына неше электрон жетпейтінін анықтау.

  • Әр атомның химиялық таңбасының айналасына нүктелеріне қалған электрондарды белгілеу.

Н2, СІ2, О2, N2 элементтерінің электрондық формуласын жазып болған соң, осы формуладағы нүктелермен көрсетілген элетрон жұптарын сызықшамен ауыстырса құрылымдық формула алынатынын түсіндіру. Тақтаға және дәптерге төмендегіше жазылады:

Электрондық формула: Құрылымдық формула:

Н:Н :СІ:СІ: :О:О: :N:N: Н:СІ: Н-Н, СІ-СІ, О=О, N-N, Н-СІ

Ковалентті полюсті байланысты малекуланың құрылымдық формуласында электрон тығыздығының бір атомынан өткінші атомға ығысуын бағдаршамен көрсетеді. Электрон тығыздығын өзіне тартатын электрон элемент атомы ішінара теріс зарядталады. Ал өзінен ығыстыратын элемент атомы ішінара оң зарядталады. Мысалы: Н+→СІ-

Атом құрылысы заттардың құрылыс теориясымен, дәлірек айтқанда химиялық байланыс теориясымен тығыз байланысты. Теорияны оқыту, әдеттегідей коваленттік байланыстан басталады.

Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған екі s- электрондарының қосылуын кванттық ұяшықтарда сызбанұсқамен былай белгілейді:



S1 + S1 g 1S2

  • Жалпы алғанда, әрекеттесуші атомдардың электртерістіктерінің айырмашылықтарына байланысты,көбіне молекулалар коваленттік полюсті байланыс арқылы түзіледі.


Коваленттік полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан. Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:


Байланыс s- және p- электрондардың ортақ жұптарының түзілу есебінен пайда болады. Коваленттік байланыс электрондық орбитальдардың бүркесу тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Коваленттік байланыстың екі маңызды сипаттамасы бар: байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді. Байланыс ұзындығы неғұрылым аз болса, химиялық байланыс соғұрылым берік болады. Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажет энергияға тең.

Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар. Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.



  • Полюсті молекуладағы электрондар ығысқан кезде атомдар қосымша зарядқа ие бола бастайды.Молекуланың бір жағы оң, бір жағы теріс зарядталады.Мұндай молекулалар полюсті деп аталады. Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдар арасында болады.Мысалы HF ,H2 S, HNO3, H 2SO4, т.с.с



Ковалентті байланыстың екі түрлі үлгісін ұсынамыз.

Химиялық байланыстың түзілуі.

Байланыс түзуші бөлшектер

Әр түрлі химиялық байланыстың түзілуі

Байланыс қалай түзіледі

Химиялық байланыс түрлері

Әр түрлі химиялық байланыстағы заттар

Бейметалл атомдарының бір түрі



Бейметалдардың әр түрлі атомдары

Н·+·Н→Н:Н

:СІ·+·СІ:→:СІ:СІ:





Н·+СІ:→Н:СІ:






Электрондардың жұптасуы арқылы





Электрондардың жұптасуы арқылы




Ковалентті полюссіз





Ковалентті полюсті




Н2, СІ2, О2, Вr2, F2, N2







НСІ, НВr, НY, Н2S, т.б.








Кестені толтыру барысында оқушы төмендегі жағдайға ерекше көңіл аударуы керек: химиялық әрекеттесу кезінде электрон атомдары дара электрондық жұптасу есебінен электрондық сыртқы қабатын аяқтап, тұрақты электрондық құрылысқа көшеді. Яғни атомдар 8 н/е 2 электроннан тұратын тұрақты конфигурация түзуге тырысады. Жалпы электрон жұптарының саны атомдардың сыртқы энергитекалық деңгейшедегі дара электрон сонымен анықталады.



Галогенсутектері (НСІ, НВr) молекуласындағы ковалентті полюсті байланыстың түзілуі электрондық тығыздықтың ығысуымен түсіндіріледі.

Бекіту кезеңі: Өзіңді өзің тексер:

Оқушылар білімін тексеру үшін төмендегідей тапсырма беріледі:


  1. Ковалентті полюсті байланыс – бұл …..

  2. Ковалентті полюссіз байланыс – бұл …..



  1. О2 мен НF молекулаларының электрондық формуласын салыстырыңдар.

Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?


  1. Н2О, СО2, N2, NН3, О2, Н2S, НF, F2, СІ2 заттары берілген.

Көрсетілген заттардың қайсысы ковалентті полюсті, қайсысы ковалентті полюссіз байланысқан.

5. Вr2, Н2S, NН3 малекуласының электрон тығыздығы ығысуы мен ішінара зарядталуын көрсетіп, электрондық және құрылымдық формуласын жаз.

Жауабы:



Үйге тапсырма. Бағалау

1.§62 ,тап-4,5 172-бет . Е:Ж 6-16,17,19.

2. Коваленттік байланыстың полюссіз және полюсті екі түрінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін бағалап сынып журналына қою.

V. Қорытындылау:

Коваленттік байланыс – ядролар арасында молекулалық бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Химиялы? байланысты? негізгі т?рлері. Ковалентті полюсті ж?не полюссіз байланыстар.

Автор: Корабаева Алмакуль Серикбаевна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства