kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия 10 сынып Д.И.Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың периодтық заң, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,оның құрылысы,атом құрылысы туралы алған білімдерін тереңдету;

 Электрондық және графиктік формула құру,қорытынды жасау,жүйелеу,  сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын,танымдық қасиеттерін дамыту.

Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия 10 сынып Д.И.Менделеевтің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы»

Химия

Сыныбы – 10 ЖМБ


Тақырыбы

§ 2.1. Д.И.Менделеетің жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы.



Білімділік мақсаты:


Дамытушылық


Тәрбиелік:

Оқушылардың периодтық заң, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,оның құрылысы,атом құрылысы туралы алған білімдерін тереңдету;

Электрондық және графиктік формула құру,қорытынды жасау ,жүйелеу, сөздік қорын молайту білім-білік дағдыларын,танымдық қасиеттерін дамыту .

Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақ өткізілу түрі:

фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, хабарлама жасау, 10-ЕТЖ-1, ЭО.

Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1 .

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:















1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

ХЭПЖ құрылысы

3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ):

  • ХЭПЖ туралы не айта аласыңдар?

  • Периодтық заңның анықтамасын еске түсіріңдер.

  • Реттік нөмір,топ ,период нөмерінің физикалық мәні неде?

  • Химиялық элементтер периодтарда қалай орналасқан ?

  • Қандай периодтар бар?

  • Периодтар және топтарда қасиеттері қалай өзгереді?

  • Қандай табиғи ұяластарды білесіңдер?

  • Қандай топтар лантаноидтар және актиноидтар деп аталады?

  • Қандай элементтер оттекті және сутекті қосылыстар түзеді?

Қорытынды жасау.Қорытындыны айту.


Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз

Мұғалімнің ЭО пайдаланып толықтыруы: Ертеде Грецияда ғылым түрлерін бөлмеген.Ғылымның барлық түрлері біріктіріліп жалпы «философия»атауымен аталған.Ғылыми жіктеудің ерекшелігі олардың негізінде ашылған заңдар белгілі фактілерді түсіндіріп ғана қоймай,кейбір ашылмаған жайттарды да болжауға мүмкіндік береді.Табиғи жіктелу бірден ашылған жоқ,19 ғасырдың басында көптеген жаңа химиялық элементтер белгілі болып, швед ғалымы Берцелиус бөлуді жүзеге асырды.Ол элементтерді металдар және бейметалдар деп бөлді. Неге?

Аталуы , маңызы

Ғалымның еңбегі теорияның маңызы,кемшілігі

1

Деберейнер триадасы:Әрбір ұқсас элементерді триадалар деп атады. Ол барлығы 4 триада жинақтады.Ортаңғы элементтің атомдық массасы екі шеткі атомның орташа арифметикалық массасына жақын екенін анықтады:

Ar (Cl) + Ar( J)

Ar ( Br) =---------------------

2

Элементтердің табиғи топтары туралы түсінік қалыптасты. элементов.

Табиғи ұяластар:

Сілтілік,сілтілік-жер,галогендер,инертті газдар


2

Октава заңы:Ағылшын ғалымы Ньюлендс алғаш рет атомдық массасының өсу реті бойынша орналастрып,әрқайсысына реттік нөмір берді.Қатарда бірдей интервалдан кейін химиялық қасиеттері ұқсас элементтер орналасқан.8 элементтен кейін қасиеттері қайталанатын инертті газдар әлі ашылмады.

Элементтер қасиеттерінің периодтылығын анықтады,бірақ бір элементтің астында екі элемент өзінің реттік нөмірі бойынша орналаспаған.

3

В 1864жылы Мейер элементтердің валенттігі бойынша орналастырылған кестесін жариялады.Бұл кестеде табиғи ұяластар дұрыс орналастырылған.

Бірақ жалпы заңдылықтан шықпады.

4

Д.И.Менделеев валенттік пен атомдық массаны негізге алды. Таблица 1878жылда құрылған кесте қазіргі кестеден айырмашылығы жоқ.


В 1869 жылы Д.И.Менделеев периодтық заңның анықтамасын берді.

Қиыншылығы:

1. 63 элементтен--------114 элементке дейін

2.Салыстырмалы атомдық массасы нақты анықталмады ( бериллий, осмий), Менделеев осы қателерді түзеді.


Маңызы:

Белгісіз химиялық элементердің бар екенін болжап айтты.

( экаалюминий, экабор, экасилиций), галлий, скандий, германий


2. ХЭПЖ құрылысы: периодтар,топтар,қатарлар,қосымша топшалар,табиғи ұяластар.Лантаноидтар, актиноидтар.Жоғары оксидтері.Сутекті газтәрізді қосылыстары.



Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері:

Білімділік мақсаты:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. 10-ЕТЖ-1 жұмыс істеу .22бет «Қосымша тапсырмалар»

1. Топтарда металдық қасиет жоғарыдан төмен қарай артады,бірақ мырыш қосымша топшада,мырыш қосылыстары екідайлы.

2. Калий және бром атомдарының қасиеттерін салыстыру: калий –бұл сітілік металл, бром галогендерге жатады; әрбір период с.м.басталып инертті газбен аяқталады. Калийдің тотығу дәрежесі =(+1), бромдікі (-1). Электрондық формулалары: калий 2; 8; 8;1; бром 2;8;18;7. Калий –бұл s-элемент, электронын оңай беріп,күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.. Бромның 7 электроны бар,ол сыртқы қабатқа электрон қосып алады,ол күшті тотықтырғыш. Калий және мыс. Мыстың электрондық формулсы: 2;8;18;1. Оныншы d-электрон үшінші d –деңгейшеге өтеді нәтижесінде төртінші s-деңгейден секіреді,сондықтан электрон қозғалғыш. Мыс атомының тотығу дәрежесі (+1), (+2). Халькопирит, халькозин, малахит, азурит. Жезқазған, Жамбыл, ШҚО, Кенді Алтайда кездеседі.

Марганец және хлор.7 топ,қосымша топша.2,8,13,2, қосылыстары амфотерлі

Білімді жүйелеу және қорытындылау

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

1. 8-ЕТЖ-1 №5.1-5.5-5.6. жұмыс істеу (87бет)

Бақылау және өз бетінше бақылау кезеңдері

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1. Жаттығуларды тексеру

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 2.1 -оқу , 1-4(1 деңгей);5,6,7 (2 деңгей)жатт.жазбаша (506бет)

2. Күнделікке жазғанын тексеру

Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

Күтілетін нәтиже:

Элементтердің табиғи ұяластары, элементерді алғашқы рет топтарға жіктеуді түсіндіре білу.

Жаңа ұғым:

Сілтілік металдар, сілтілік жер металдар, халькогендер ,галогендер, инертті газдар




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Габдуахитова Карашаш Ихласовна

Дата: 30.12.2016

Номер свидетельства: 374713


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства