kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия п?нінен ашы? саба? "?ыш?ылдар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?ыш?ылдар, ??рамы,классификациясы, физикалы? ?асиеттері.

 

Саба?ты? ма?саты:

О?ушылар?а ?ыш?ылдар туралы білім бере отырып т?жірибелер к?рсете отыра, олармен ж?мыс жаса?анда абай болу?а, классификациялай алау?а  да?дыландыру.

т?рі: демонстрациялы?

?дісі: Баяндау, с?ра? – жауап   

 

І. ?йымдастыру

 

А) О?ушыларды? зейінін саба??а аудару.

Б) Саба?ты? жоспарымен таныстыру.

Ми?а шабуыл

Сутек атмосфера?а ?андай жа?дайда таралуы м?мкін?

Сутек газын ?андай т?сілмен жинау?а болады?

Жа?а саба?ты ?ту

Б?гін біз саба?та ??рамы, класификациясы, физикалы? ?асиеттеріне байланысты бейорганикалы? ?осылыс кластарына жататын заттарды? ?рт?рлілігімен танысамыз.

?ыш?ыл с?зіні? ма?ынасын ?алай т?сіненміз?

??рамы бойынша барлы? заттарды ?андай ?лкен екі топ?а б?луге болады?

Жай ж?не к?рделі болып б?лінеді.

?ыш?ылдарды ?андай белгілеріне байланысты классификациялай аламыз?

Сіздерді? технологиялы? карталары?ызда екі ?атарда формулалар т?р, ?р ?атардан тек ?ыш?ылдарды ?алдырып, арты?ын сызып таста?ыз.

?андай за?дылы? бай?ады?ыз? ?ыш?ылдар екі топ?а б?лінеді, кейбір ?ыш?ылдар ??рамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттексіз болады екен.

Технологиялы? карталары?ызда?ы  таблицада ?ыш?ылдан бас?а заттарды сызып, оны ?ш топ?а б?лі?із де технологиялы? карта?а жазы?ыз.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия п?нінен ашы? саба? "?ыш?ылдар" »

ІII тарау. Сутек. Қышқылдар. Тұздар.


Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, құрамы,классификациясы, физикалық қасиеттері.


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға қышқылдар туралы білім бере отырып тәжірибелер көрсете отыра, олармен жұмыс жасағанда абай болуға, классификациялай алауға дағдыландыру.


Тәрбиелігі: Оқшылардың дүниетанымын, тұлғалық қалыптасуын, өзіне қажетті білімді өзі іздеп тауып ала алатындай тұлғаны тәрбиелеу. Оқушының тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы қышқылдардың өмірде, тұрмыста, қолданылуын білуге тәрбиелеу.


Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Сабақтың түрі: демонстрациялық

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру


А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Б) Сабақтың жоспарымен таныстыру.


ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау.


Миға шабуыл


  1. Сутек атмосфераға қандай жағдайда таралуы мүмкін?

  2. Сутек газын қандай тәсілмен жинауға болады?

  3. Сутектің қысқыша физикалық қасиетін сипаттап беріңіз?

  4. Сутектің қолданатын жерлерін айтып беріңіз?


ІІІ. Жаңа сабақты өту

Бүгін біз сабақта құрамы, класификациясы, физикалық қасиеттеріне байланысты бейорганикалық қосылыс кластарына жататын заттардың әртүрлілігімен танысамыз. Бұл қандай қосылыс? Анықтап көрейік.

Тапсырма № 1. Сіздерге «Крестик- нөлик» ойыны таныс – ау деймін. Тақтада және технологиялық картаңызда соған байланысты карточка берілген. Ұтыс жолын көрсетіңіз.


H2SO4

NaOH

HNO3

CaO

NaCl

H3PO4

H2CO3

Fe2O3

HBr

CaCO3

H2S

Ba(OH)2

HF

H2SiO3

CO2

HCl


Жауабы: Ұтыс жолы диоганаль бойымен H2SO4 -тен HCl – ға дейін.

  • Бүгін сабақта ең бірінші алдағы мақсатымыз:

Қышқыл сөзінің мағынасын қалай түсіненміз?


Сұрақ: Құрамы бойынша барлық заттарды қандай үлкен екі топқа бөлуге болады?

Жауап: Жай және күрделі болып бөлінеді.

Сұрақ: Қышқылдар құрамы бойынша қандай заттарға жатады екен?

Жауап: Қышқылдар күрделі заттар

Сұрақ: Күкірт қышқылының молекуласы қалай түзілген екен?

Жауап: Күкірт қышқылының молекуласы екі атом сутегі және қышқыл қалдығынан тұрады.

Сұрақ: Ал тұз қышқылының молекуласы қалай түзілген?

Жауап: Тұз қышқылының молекуласы бір атом сутегі және қышқыл қалдығынан тұрады

Сұрақ: Енді қандай заттар қышқылдар деп аталады екен, соған жауап беріп көрейік?

Жауап: Қышқылдар дегеніміз – құрамында бір немесе бірнеше сутегі атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.



Технологиялық картаға қышқылдардың анықтамасын жаз.



  • Енді біздің алдымызда екінші оқу мақсаты тұр:

Қышқылдарды қандай белгілеріне байланысты классификациялай аламыз?



Тапсырма № 2. Сіздердің технологиялық карталарыңызда екі қатарда формулалар тұр, әр қатардан тек қышқылдарды қалдырып, артығын сызып тастаңыз.

Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз? Қышқылдар қандай болады екен?

Жауап: Қышқылдар екі топқа бөлінеді, кейбір қышқылдар құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттексіз болады екен.



Мына белгіге байланысты классификациялаңыз:


Қышқылдар


оттекті оттексіз

________________________________ ___________________________________




Тапсырма № 3. Технологиялық карталарыңыздағы № 1 таблицада қышқылдан басқа заттарды сызып, оны үш топқа бөліңіз де технологиялық картаға жазыңыз.

Сұрақ: Қандай белгі пайдаландыңыз?

Жауап: Құрамында 1 атом сутегі болса 1 негізді, 2 – негізді, 3 – негізді болып бөлінеді.

1 топ 2 топ 3 топ

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________



Тапсырма № 4. Технологиялық карталарыңызға берілген тапсырма бойынша қорытындылап жазыңыз.

Қорытынды нәтиже: Оттегі бойынша қышқылдар оттекті және оттексіз, сутегі атомдары бойынша бір негізді, екі негізді, үш негізді болып бөлінеді.

  • Алдымыздағы үшінші оқу мақсатын шешуге кірісейік:

Сұрақ: Қышқылдар үшін қандай физикалық қасиет тән екен?

Қышқыл сөзіне біртүбірлі сөз табыңыз?

Жауап: Қышқылды, қышқылтым

Бұл топтың өзі ақ қышқылдардың бір физикалық қасиетін көрсетеді. Шынында да қышқылдардың қышқылтым дәмі болады, оны сіздер лимонның бір тілімін тілдеріңізге салғанда сезесіздер. Оның құрамында лимон қықылы болады. Бірақ қышқылдардың дәмін татып көруге болмайды, қышқылдар күйдіргіштік қасиетіне байланысты уланасыз немесе катты химиялық күйік аласыз.

Бұл қасиетті мысалы консервілеу кезінде қолданылады, консервілеу кезінде микроорганизм денелері қышқыл әсерінен өледі. Сондықтан да қышқылмен жұмыс істегенде өте абай болу керек, оның денеге, теріге және киімге тимеуін қадағалау керек.

Тапсырма № 5. Технологиялық карталарыңызға айтылған физикалық қасиетті жазып қойыңыз.

  • Балалар менің алдымда ерітіндісі бар 2 пробирка тұр, бірақ сыртында қандай сұйықтық екендігі жазылмаған. Бұның ішінде қышқыл да болуы керек.

Сұрақ: Қай пробиркада қышқыл бар екендігін қалай анықтауға болады?

Жауап: Қышқылдарды индикаторлардың көмегімен анықтауға болады.

Индикаторлар дегеніміз – қышқыл ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды айтамыз.

Тапсырма № 6. Технологиялық карталарыңызға индикаторлар анықтамасын жазыңыз.

Үйге тапсырма: § 33, 5-7 жаттығулар

Бағалау.

Үй тапсырмасын сұрау.























































«Қышқылдар» сабағына

технологиялық карта

І. Құрамы, классификациясы

Тапсырма № 1. Берілген ойын карточкасынан ұтыс жолын көрсетіңіз

Таблица 1.

H2SO4

NaOH

HNO3

CaO

NaCl

H3PO4

H2CO3

Fe2O3

HBr

CaCO3

H2S

Ba(OH)2

HF

H2SiO3

CO2

HCl


Қорыта келгенде қышқыл дегеніміз _____________________________________________

______________________________________________________________________________

Тапсырма № 2. Әр қатардағы артық форуланы сызыңыз


а) NaCl, HNO3, H2SO4, H2SiO3

б) HCl, H2S, CuO, HBr

Қандай заңдылық байқадыңыз? Қышқылдардың классификациясы сізге анық белгі бойынша анықтаңыз.


Қышқылдар


________________________________ ___________________________________


Тапсырма № 3. № 1 тапсырмадағы тек қышқылдарды қолданыңыз. Оларды 3 топқа бөліп жазыңыз

1 топ 2 топ 3 топ

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________

______________ ________________ ________________


Қандай белгі қолдандыңыз? _____________________________________________________


Тапсырма № 4.

Қышқылдар________________ және __________________ бөлінеді ___________________ бойынша; сутек атомы бойынша ________________________, ________________________ және ____________________ болып бөлінеді.

ІІ.Физикалық қасиеті.


Тапсырма № 5. Қышқылдың физикалық қасиетін жазу: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Тапсырма № 6.

Индикаторлар дегеніміз _________________________________________________________


Қорытынды.Қышқылдарды ___________________________ көмегімен анықтауға болады.

Лакмус және метилоранж _______________________________ түске боялады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Химия п?нінен ашы? саба? "?ыш?ылдар"

Автор: Исаханова Марал Шайкеновна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170356


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства