Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«?ыш?ылдар 8-сынып »
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан ірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға, бірін – бірі құрметтеуге бір – бірінің пікірін тыңдап баға беруге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа с абақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Демонстрациялық сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті оқытудың комплексті әдісі.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада қолданылатын слайдтар мүмкіндіктері, интерактивті тақта кітапханасынан суреттер, тірек сызба, қышқыл үлгілері, таблица.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кезең. «Ой шақыру»
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
1. Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сәйкес келмейді?
1) салыстырмалы молекулалық массасы – 1
2) судың құрамына кіреді.
3) мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі.
4) түссіз газ
2. Не себепті сутекті болашақтың отыны деп санайды?
1) оттекпен әрекеттескенде көп энергия және қоршаған ортаны ластамайтын су бөлінетіндіктен
2) сутек – ең жеңіл газ және оны алыс жерлерге жеткізу ыңғайлы