kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

IVА-тобы элементтері. Қалайы, қорғасын.

Нажмите, чтобы узнать подробности

План-конспект по химии. На тему: Қорғасын, қалайыға жалпы сипаттама. Табиғатта таралуы, химиялық, физикалық қасиеттері, қолданылуы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«IVА-тобы элементтері. Қалайы, қорғасын.»

Сабақтың тақырыбы: IVА-тобы элементтері. Қалайы, қорғасын.

Сабақтың мақсаты: : IVА-тобы элементтеріне жалпы сипаттама, қорғасын, қалайы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Қорғасын, қалайы химиялық элемент ретіндегі сипатттамалары, табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы жайлы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық мүмкіндіктерге тәрбиелеу, қабілеттерін арттыру, еліміздің байлығын сақтауға, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, металдар, бейметалдар коллекциясы, периодтық кесте, тапсырмалар.

Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Сабақтың әдіс тәсілі: түсіндірмелі-иллюстративті.

Пән аралық байланыс: математика, география, информатика.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру ( сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығы тексеру)

І. Қызығушылықты ояту

  1. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  2. Үй жұмысын тексеру:

-ІІ топтың негізгі топша элементтерінің қасиеттерін өзгерісінде қандай заңдылықтар байқалады?

- ІІ топтың негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қандай қасиеттері бар? Олардың айырмашылығы неде?

-олар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?

Жаңа тақырып

ІІ. Жалпы сипаттама. IVА-топшаға р- элементтер: көміртек, кремний, германий, қалайы және қорғасын жатады. Бүгінгі сабақта біз осылардың ішіндегі екі элементке тақталамыз.

Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IVА-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 19, валенттік электрондар

6s2 6 p2, балқу температурасы 327 С0, қайнау температурасы 1745 С0

Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады.

Табиғатта таралуы: Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл.


Химиялық қасиеті. 1. Галагендер мен қосылыстар.


Pb+F2 PbF2

Pb+CL2 Pb CL(4000C)

Pb+O2 Pb 3 O(2000C)

Pb+S PbS ( 4000C)


2. Тұз, күкірт қышқылдарымен әрекеттесуі.

Pb+Н2SO4 Pb SO4 2


Pb+НCL Pb CI2 + Н2

3Pb+8НNO3(cұйыт.) Pb ( NO3 )2 +NO + Н2O


Қорғасын оксиді (ІІ) PbО

Түсі сары немесе қызыл үнтақ, суда ыдырамайды, екідайлы қасиет көрсетеді.

Алынуы:

2Pb + О2 2PbО

2Pb(ОН)2 PbО +Н2О

Pb ( NO3 )2 PbО + NO + O2

PbСО3 PbО + СО2


Қышқылдар мен сілтілермен де әрекеттеседі.

PbО + НNO Pb ( NO3 )2 + Н2O

PbО + NаOН + Н2О Nа2 Pb(OН)4


Қорғасын гидроксиді Pb(OН)2 ақ түсті зат, қышқылдармен және сілтілермен әрекеттескеде ыдырайды.

Қорғасынның өкілдері: Қорғасын иодиді (ІІ) PbІ2, Қорғасын ацетаты (ІІ) Pb(СН 3 СОО)2- Зерханада кеңінен қолданады, Мысалы маталарды бояуда, тәтті дәмі бар сондықтан оны қорғасын қанты деп атайды. Қорғасын сульфиді (ІІ) Pb S.

Қолданылуы: Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданады.

Қалайы (латынша Stannum), Sn – элементтердің периодтық жүйесінің ІVА-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 50, атомдық массасы 118,69., валенттік электрондар 5s2 5 p2, балқу температурасы 232 С0, қайнау температурасы 2620 С0

Қалайы күміс түсті ақ, жұмсақ, иілгіш металл. Табиғатта массалық сандары 112, 114 – 120, 122, 124 болатын 10 тұрақты изотопы бар. Жасанды жолмен көптеген радиоактивті изотопы алынған. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 8.10-3%. Қалайы қоршаған орта температурасына байланысты үш түрлі кристалдық модификацияда (түр өзгешелігінде) кездеседі:

Табиғатта таралуы: Табиғатта негізінен қосылыс күйінде кездеседі. Маңызды өндірістік минералдары: касситерит, станнин. Қалайы көптеген құймалардың құрамына кіреді.


Химиялық қасиеті. 1. Галагендер мен қосылыстар.


Sn+O2 SnO 2

Sn +2F2 Sn F4

Sn +2CL2 Sn CL4  (3000C)

3Sn +4P2 Sn 2 Р(4000C)

Sn +2S Sn S2 ( 4000C)


2. Тұз, күкірт қышқылдарымен әрекеттесуі.

Sn 2SO4(конц. Sn SO4 2


Sn +2НCL Sn CI2 + Н2

Sn +4НNO3(конц.) Н 2 Sn O3 +4NO2 + Н2O


Қалайы оксиді (ІІ) Sn О

Суда ыдырамайды, екідайлы қасиет көрсетеді.

Алынуы:

Sn + О2 Sn О2

SnО + 2КОН К2 Sn О2 + Н2О


Қалайы гидроксиді (ІІ) Sn(ОН)2 : ақ тұнба, суда жақсы еримейді, екідайлық қасиет көрсетеді, сілтілермен қышқылдармен әрекеттеседі.

Sn CL2 +2NаОН Sn( ОН)2 + Н2О


Sn( ОН)2 + 2NаОН Nа2 Sn(ОН)3

Тригидроксостаннат

натрия



Sn( ОН)2 + 2NаОН Nа2 Sn(ОН)4

Тетрагидроксостаннат

натрия


Қолданылуы: Қалайы б.з-дан 6000 жылы бұрын белгілі болған. Оны өте ерте кезден-ақ әсемдік бұйымдар жасауда пайдаланған. Әсіресе қалайының, мыспен құймасы – қола өнеркәсібі мен техникада және әсемдік заттар жасауда кеңінен қолданылады. Балқыған қалайыға темір қаңылтырды батырып алса, оған қалайы жақсы жұғады. Қалайы жалатқан темір тотықпайды. Сондықтан оны кей жағдайларда темір қаңылтырларды қаптауда қолданады. Ол «ақ қаңылтыр» деп аталады. Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін барлық қалайының жартысына жуығы ақ қаңылтыр жасауға жұмсалады. Ақ қаңылтырдан консерві қалбырлары жасалады.

Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Химиялық диктант.

  2. Қорғасын мен қалайының ұқсастығымен айырмашылықтарын айту. Венн диаграммасын құрастыру.

  3. Формулаларды құрастыру. (қораптағы шашылған химиялық элементтерден фармулалар құрастыру )


  1. Есептерді шығару: Төмендегі айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеуін жазыңдар.


1. Sn Sn О Sn( ОН)22 Sn(ОН)3



Sn SO4



2. Pb PbО Pb(ОН)2


Pb ( NO3 )2



Бағалау.

Үйге тапсырма: «Химия» 10, сынып Н.Нұрахметов, К.Б.Бекішов, Н.Заграничная.

  1. IVА-тобы элементтеріне жалпы сипаттама беріңдер, қорғасын, қалайы қосылыстарыда.

  2. Темір (ІІ) және қорғасын (ІІ) корбанаттарының қоспасын қыздырғанда 0,9 моль көміртек (ІV) оксиді алынды. Түзілген қатты оксидтердің қоспасын күкірт қышқылымен өңдегенде, жалпы массасы 151,6 қатты сульфаттар қоспасы түзілді. Бастапқы қоспадағы карбонаттардың массалық үлестерін (%) анықтаңдар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
IVА-тобы элементтері. Қалайы, қорғасын.

Автор: Ниязбекова Сагынкуль Сакеновна

Дата: 07.12.2016

Номер свидетельства: 366764


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства