kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инсектицидтер, пестицидтер ж?не гербицидтер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Т?женова Бахтыг?л ?нуарбек?ызы ?ызылорда облысы, ?арма?ыш ауданы, жаосалы кенті С.Ес?араев атында?ы №27 мектепте химия п?нінен о?ушылар?а д?ріс берем. Ма?ан о?ушылармен ж?мыс жаса?ан ?найды. Мен оларды жа?сы к?рем. Саба?та ?иында, ?ызы?ты есептерді бірігіп шы?арамыз. О?ушылырым т?рлі олимпиадаларды? же?імпазы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инсектицидтер, пестицидтер ж?не гербицидтер»

С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі















Сабақтың тақырыбы :



«Инсектицидтер,пестицидтер және гербицидтер»



Сыныбы: 11



Пәні: химия



Пән мұғалімі: Б.Тәженова















Жосалы кенті, 2016ж

22.01.2016ж Бекітілді:

11 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Инсектицидтер,пестицидтер және гербицидтер»

Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға ауыл шаруашылығы зиянкестерінен егістікті қорғау мақсатында қолданылатын инсектицидтер,пестицидтер және гербицидтер туралы жалпы мәлімет беру;

б) оқушылардың ауыл шаруашылығында пайдаланылатын химикаттар жөніндегі білім-білік дағдыларын дамыту;

в) Оқушылардың бойында ұйымшылдықты ,топтаса жұмыс жасауға бейімділікті қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ой қозғау,баяндау,сұрақ-жауап,автор орындығы,дөңгелек стол

Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: интерактивті тақта беттері,ғаламтор материалдары, лабораториялық жабдықтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.сынып оқушыларын топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.Минералды тыңайтқыштар дегеніміз не?

2.Тыңайтқыштар қалай жіктеледі?

3.Қандай тыңайтқыш түрлерін білесің?

4. Тыңайтқыштарға сапалық реакциялар қалай жасалады?

ІІІ Үй жұмысын қорытындылау



ІУ Мағынаны тану кезеңі

«Дөңгелек стол» әдісі бойынша оқушыларға алдын ала берілген мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады.

1-оқушы. Инсектицидтер.

Қолдану нысаны бойынша барлық химиялық заттар келесі топтарға бөлінеді: инсектицидтер (insectum-жәндік) – жәндіктермен күресу үшін; акарицидтер (acarys-кене) – кенелермен күресу үшін; инсектокарицидтер – жәндіктермен және кенелермен күресу үшін; овицидтер (ovum-жұмыртқа) - зиянды жәндіктермен және кенелердің жұмыртқаларын жою үшін; ларвицидтер (larva-құрт) - жәндіктер мен кенелердің құрт- тарын жою үшін;

Инсектицидтер[1] (лат. insectum – жәндік және caedo – жою) – зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар.  Организмге ену жолына байланыстыИнсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады.

Жанасу Инсектицидтері – жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы-сорғыш ауыз органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.

  • Ішек Инсектицидтері – Инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктердің асқазан-ішек жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер, қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға арналған.

  • Жүйелі инсектицидтер – өсімдікке топырақтың тамыры арқылы немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары арқылы еніп, жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.

  • Фумигант немесе тыныс Инсектицидтері – жәндіктердің организміне бу, газ күйінде деп алу органдары арқылы енеді.

Инсектицидтердің көпшілігі органикалық заттардан тұрады, оларды синтетика жолмен алады. Солардың ішіндегі маңызы зор болып табылатын хлорлы органик және фосфор органик. Инсектицидтер Қазір күшәла мен фтор қосылыстары бар органикалық емес Инсектицидтер қолданылмайды. Бірқатар хлорлы органик. Инсектицидтер (альдрин, дильдрин, т.б.) мен ДДТ-ны (химиялық препарат) пайдалануға барлық дамыған елдерде тыйым салынған. Ауыл шаруашылығына кеңінен ендіріліп жатқан синтетика пиретроидтардың үлестік шығын мөлшері аз (1 га-ға 25-тен 200 га-ға дейін) және қоршаған ортаға зиянды газдарды шығаруы төмен. Оларды әр түрлі тәсілмен қолданады (бүрку, себу, тозаңдату, фумигация). Инсектицидтерді қолдану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашалығы өнімдерінің шығынын азайтады.[2]



2-оқушы. Пестицидтер.

Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәсе- лелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспей- тін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицид- тердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер – химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайда- ланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек.

3-оқушы . Гербицидтер.

Арамшөптерді жою үшін гербицидтер тек егіншілікте емес, сонымен қатар орман шаруашылығындада, дәлірек айтқанда көшеттерде қолданылады. Егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда гербицидтерді көшеттікте қолданудың өз ерекшелігі бар. Біріншіден, көшеттіктер қоршалған ортаға, малдар кіре алмайды, сондықтан олардың уланып қалуы мүмкін емес. Көшеттіктерді жаңбырлатып суару әдісін қолданса, гербицидтер топыраққа ағып кетпейді. Оның қоршаған ортаға зияны жоқ. Көшеттіктер адамдардың тамағы үшін пайдаланылмайды, сондықтан адамдар одан уланбайды. Дегенмен, көшеттіктердегі арамшөптерді жою үшін гербицидтер қолданғанда сақ болған дұрыс.Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын гербицидтер адамдар мен малдарға қауіпті емес. Әйтседе, олардың ішінде улы, кейде тіпті аса улы түрлері де кездеседі. Сондықтан, олармен жұмыс істегенде кейбір сақтандыру шараларын жүзеге асыру керек.

Гербицидпен жұмыс істейтін адамдар нұсқаудан өтулері, арнайы киімдермен, атап айтқанда комбинезон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор және басқа жабдықтармен қамтамасыз етілулері керек.

Кәмелетке жасы толмаған, балаларды, екіқабат және жас балалары бар әйелдерді гербицидпен жұмыс істеуге жіберуге болмайды.Гербицидпен жұмыс істеп жүрген мезгілде тамақ, су ішуге, шылым тартуға болмайды, ал жұмыс істеп біткеннен кейін қолды, бет-ауызды сабынмен мұхият жуу керек.Гербицидпен жұмыс істегеу уақыты күніне 6 сағаттан аспауы керек, ол адамдарға күніне кемінде жарты литр сүт ішу қажет.Гербицидтер үйлерден, тамақ және жем сақтайтын қоймалардан, мал қораларынан 250-300 метр қашықтықта сақталуға тиіс.

Адамдар үзіліске кеткенде күзетші қою қажет, кері жағдайда балалар, малдар уланып қалуы мүмкін.Гербицид қолданылған жерлерге бір айға дейін малдарды жаюға, үй құстарын жіберуге болмайды.Әрине, бұдан басқа да сақтық шаралары бар. Олар арнайы өткізілетін нұсқаулар кезінде айтылады.



У Ой толғаныс

«Автор орындығы» әдісі бойынша әр топтағы оқушылар өз дәптерлеріне жасалған конспект ізімен тақырыпты аша.өз мәліметтерімен толықтырып түсіндіреді.

УІ Қорытындылау

«Өрмекші торы» әдісімен барлық оқушыға осы сабақтан алған білімдері туралы сұрақтар қойылып,жауаптар алынады.

УІІ Үйге тапсырма беру

  1. Тақырыпты оқып келу

  2. Реферат жазу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Инсектицидтер, пестицидтер ж?не гербицидтер

Автор: Т?женова Бахтыг?л

Дата: 08.02.2016

Номер свидетельства: 290092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства