kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Галогендер ж?не оларды? ?осылыстарыны? биологиялы? р?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Т?женова Бахтыг?л  ?ызылорда облысы, ?арма?шы ауданы, Жосалы кентіндегі С.Ес?араев атында?ы №27 орта мектепте химия п?нінін саба? беремін. Ма?ан ?з маманды?ым ?найды. К?птеген о?ушыларым т?рлі де?гейдегі п?ндік олимпиадаларда же?імпаз атанып ж?р. О?ушыларым мені? ма?таныштарым. Алда?ы уа?ыттада бар к?ш жігеріммен о?ушылар?а сапалы білім беретініме сенімдімін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Галогендер ж?не оларды? ?осылыстарыны? биологиялы? р?лі»

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Тәженова Бахтыгүл

Сабақтың тақырыбы: Галогендер және олардың қосылыстарының биологиялық рөлі

Сабақтың мақсаты: а)Галогендер,олардың қасиеттері және қосылыстары туралы оқушылар білімін жинақтау және тереңдету, оқушылардың реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру

б) Галогендердің қасиеттері туралы түсініктерін, олардың қосылыстарының биологиялық рөлі туралы білімдерін толықтыру

в) Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:топтық,жеке,жұптық тапсырмалар,диалог әдісі,түртіп алу, ой қозғау, өрмекші торы

Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе,интерактивті тақта беттері, лабораториялық құрал-жабдықтар сызбалар,кеспелер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ Үй тапсырмаларын сұрау:

1. Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.

1.Берілген өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар:

Na → NaOH → Na2SO4 → NaNO3

2.10%-тік сілті ерітіндісін дайындау үшін көлемі 200мл 30%-тік (массасы бойынша) NaOH (ρ=1,33г/мл) ертіндісіне қанша көлем су қосу  қажет?


Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. «Әңгіме »кестесін толтыру


Топтың №

Тапсырманың мәтіні

Мәтінді түсіндіру

І

Натрийдің ПЖ орны


ІІ

Натрийді қайда қолданады?


ІІІ

Натрийдің негізгі қосылыстары



ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау

«Автор орындығы » әдісі бойынша оқушылардың жауаптарын тыңдау

ІУ Оқушылардың қызығушылығын ояту

Түрткі сұрақ: Тұрмыста қандай дәрі алғашқы көмек ретінде пайдаланылады? Ас тұзының құрамы қандай? Дезинфекциялайтын заттар құрамын білесің бе? Жүйке жүйесін тынықтыратын қандай дәрілік заттар бар?

У Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс

1 1811 жылы француз химигі Бернар Куртуа иодты ашты. Ол Париждың түбінде аптека ұстаушы селитраны теңіз балдырынан алуды кәсіп қылады, селитра қайнататын қазанның түбінде қалатын затты зерттей келе,оны күкірт қышқылымен араластырып күлгін түсті будың шыққанын байқайды,буды жинаса металл сияқты кристалдарға айналады.

1813 жылы Ж.-Л.Гей-Люссак оны толық зерттеп жаңа элемент екенін жариялайды. Оған «иод» деген ат береді грекшеден аударғанда "иодэс" - «күлгін" (буының түсі сондай болған).



2. 1886 жылы француз химигі А. Муассан, сұйық фторсутектің электролизін

пайдаланып, –23°C градусқа дейін салқындатқан (сұйықтық ішінде калий фториді болған, оның электрөткізгіштігіне әсер ететін), осы жолмен ол жаңа газ алған. Муассан фтор алуға арналған тәжірибесінде қымбат платина мен иридийден жасалған электролизерді пайдаланған. Алғашқы тәжірибеден әрбір фторды алуға 6 г платина жұмсалған.

3 1825 жылы француз химигі А.Ж.Балар теңіз суын суалтып оған хлор жібереді, түзілген қоңыр түсті сұйықтықты айдап ажыратып алып, зерттеу арқылы жаңа элемент екеніне көз жеткізіп, оны – «мурид» деп атайды ( латынша muria, «тұзды» деген мағына береді). Француз академиясының дәстүрі бойынша сайланған комиссияның ұсынысы бойынша оны бром («бромос»-сасық) деп атайды.

4 1774 жылы швед ғалымы К. Шееле алғаш хлорды ашты, оны алғашында күрделі затқа санап «флогистрленген тұз қышқылы» деп атаған.

1807 жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви дәл осы газды алған. Ол алған затын жаңа элемент деп «хлорин» деп атаған "хлорос" – сары- жасыл деген сөз).

1812 жылы Гей-Люсеок ол газға хлор деп ат берген.

1869 жылы Д.И.Мендеелеев алдын ала болжап оны «эка-иод») деп атап кеткен.

5 Астатты алғаш рет 1940 жылы Д.Корсоном ашты, К.Маккензи и Э.Сегре (Калифорния университет Беркли) . Астаттың изотобын алу үшін11At висмутты альфа-бөлшектермен атқылаған.

1943-1946 жылдары астаттың изотоптары табиғи радиоактивті заттардан табылған. Астат табиғатта сирек кездесетін элементтерге жатады. Жер бетінде 16 км жерде небәрі 70 мг астат табылады.



Бұдан кейін оқушылар АКТ арқылы көрсетілген жұмыстарды ауызша орындайды:

УІ Ой толғаныс




  1. «Галогендерді кім ашты?»

  2. «Лездеме сұрақтар»

  3. «Шарларды әуеге ұшыр» ойындары

4.«Біліміңді сынап көр!» есептер шығару


УІІ Оқушыларды формативті бағалау

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.

УІІІ Үйге тапсырма беру

  1. §71-72 оқу,

  2. №5-8-жаттығуларды орындау

  3. Рефераттар жазу




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Галогендер ж?не оларды? ?осылыстарыны? биологиялы? р?лі

Автор: Т?женова Бахтыг?л

Дата: 08.02.2016

Номер свидетельства: 290086


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства