kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Электролиттік диссоцация саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: «Электролиттік диссоциациялану» та?ырыбын

                                    жина?тап, ?орытындылау.

Саба?ты?  ма?саты:

1. Білімділік: “Электролиттік диссоциациялау” тарауы бойынша алын?ан білімдерді тере?детіп, ?орытындылау.

2. Дамытушылы?: Электролит ерітінділеріні? немесе бал?ымасыны? молекулалы? ж?не ионды? те?деулерін д?рыс ??ра білуге да?далану.

3. Т?рбиелік: “Электролиттік диссоциациялау” теориясын пайдалана отырып есептер мен жатты?улар орындау. О?ушыларды? топпен ж?не жеке дара ж?мыс істеуін ?йымдастырып, тере? ойлау ?абілеттерін ?алыптастыру.

Саба?ты? типі:    Д?ст?рден тыс  саба?.

Саба?та ?олданылатын ?діс т?сілдер: Топты? жарыс. Берілген с?ра?тар?а ауызша жауап беру. Ионды? те?деулерді ??рып жазу.

Саба?та ?олданылатын к?рнекіліктер: Молекулалы?, толы? ж?не ?ыс?ар?ан ионды? те?деулер.

П?наралы? байланыс:  Физика, математика.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Электролиттік диссоцация саба?ы »

Сабақ тақырыбы: «Электролиттік диссоциациялану» тақырыбын

жинақтап, қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: “Электролиттік диссоциациялау” тарауы бойынша алынған білімдерді тереңдетіп, қорытындылау.

2. Дамытушылық: Электролит ерітінділерінің немесе балқымасының молекулалық және иондық теңдеулерін дұрыс құра білуге дағдалану.

3. Тәрбиелік: “Электролиттік диссоциациялау” теориясын пайдалана отырып есептер мен жаттығулар орындау. Оқушылардың топпен және жеке дара жұмыс істеуін ұйымдастырып, терең ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Дәстүрден тыс сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Топтық жарыс. Берілген сұрақтарға ауызша жауап беру. Иондық теңдеулерді құрып жазу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулер.

Пәнаралық байланыс: Физика, математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді. Үш топқа (Катион, Атом, Анион) бөліне отырып, берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беріледі. Әділғазылар алқасы сайланып, жеңімпаздар анықталады.

ІІ. Үй тапсырмасы.

Үйге берілген тапсырмаларды орындау дұрыстығы анықталынып, “5” балдық жүйеде бағаланады.

Үй тапсырмасы. 1 топ (негіздер)

Қысқартылған иондық теңдеулерге молекулалық және толық иондық теңдеу құру.









Үй тапсырмасы. 2 топ (қышқылдар)


Қысқартылған иондық теңдеулерге молекулалық және толық иондық теңдеу құру.









Үй тапсырмасы. 3 топ (тұздар)


Қысқартылған иондық теңдеулерге молекулалық және толық иондық теңдеу құру.









2. «Кім жылдам?» бөлімі. Сұрақ-жауап. 1-30.

“Электролиттік диссоциациялану” теориясы негізінде берілген әр топқа 10-нан, жалпы 30 сұраққа ауызша тез, дұрыс жауап беру. Әр сұраққа 1-балдан қойылады. Бұл “кім жылдам” бөлімінде қай топ көп ұпай жинайды?

1 топ. Негіздер.

1. Заттардың электролиттер және бейэлектролиттер болып бөліну себебі неге байланысты? (ерітінділері немесе балқымалары электр тоғын өткізу, өткізбеуіне байланысты)

2.“Ион” сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? («кезбе»)

3.Еру дегеніміз қандай процесс? (физика-химиялық процесс)

4.Диссоциациялану кезіндегі оң зарядты ион қалай аталады? (катион)

5.Диссоциациялануға кері бағыттағы реакциясы қалай аталады? (ассоциация-бірігу)

6.Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз не? ()

7.Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесі қаншаға тең? (%)

8.Қандай электрот-катод деп аталады? (катиондар тартылатын теріс зарядталған электрод)

9.“Гидролиз” сөзі қандай мағынаны білдіреді? (грекше «гидро»-су «лизис»-айырылу деген мағынаны білдіреді)

10.Атоммен салыстырғанда катиондар электрон саны қандай болады? (аз)

2 топ. Қышқылдар.

1. Электролиттердің қасиеттерін алғаш түсіндірген ғалым кім? (швед ғалымы С.Аррениус)

2. Электролиттердің иондарға ыдырауы қандай процесс деп аталады? (диссоциациялану)

3. Заттардың суды қосып алуы қандай реакция деп аталады? (гидраттану)

4. Диссоциациялану кезіндегі теріс зарядталған ион қалай аталады? (анион)

5. Иондар дегеніміз не? (зарядталған атомдар немесе атомдар тобы)

6. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне байланысты қаншаға бөлінеді? (үшке-әлсіз, орташа, күшті электролиттер)

7. Орташа электролиттердің диссоциациялану дәрежесі қаншаға тең? (%)

8. Ион алмасу реакциясының толық аяғына дейін жүргенде қандай өзгеріс болады? (1. Тұнба түсу, 2. Газ бөліну, 3. Аз диссоциацияланған су түзілу)

9. Қандай тұздар гидролиз реакциясына ұшырайды? (әлсіз қышқыл-күшті негіз, әлсіз негіз-әлсіз қышқыл, әлсіз негіз күшті қышқыл тұздары)

10. Атом мен иондардың қасиеттері ұқсас па, әлде өзгеше бола ма? (өзгеше).

3 топ. Тұздар.

1. С.Аррениус қай жылы электролиттік диссоциациялану теориясын түсіндірді? (1887 жылы)

2. Электролиттердің судағы ерітіндісі немесе балқымасының электр тоғын өткізуін қандай теория түсіндіреді? (электролиттік диссоциациялану теориясы)

3. Сутек ионы гидратталғанда қандай ион түзіледі. (оксоний- )

4. Электролиттердің ыдырауы қайтымды процесс болса, тура бағыттағы реакциясы қалай аталады? (диссоциация-ыдырау)

5. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі деген не? Ол нені көрсетеді? (электролиттер қандай мөлшерде диссоциацияланғанын)

6. Күшті электролиттердің диссоциациялану дәрежесі қаншаға тең? (%)

7. Қандай электрод-анод деп аталады? (анион тартылатын оң зарядталған электрод)

8. Ион алмасу реакциясында ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда, иондық теңдеу қалай жазылады? (қайтымдылық белгісі қойылады)

9. Қандай тұздар гидролиз реакциясына ұшырамайды? (күшті қышқыл-күшті негіз тұзы)

10. Атоммен салыстырғанда анионда электрон саны аз ба, жоқ әлде көп пе? (көп болады)

3. Эксперименттік бөлім.

А) эксперимент жасап, өзгерісті байқау.

Б) жасалған эксперимент негізінде молекулалық, толық иондық, қысқартылған толық иондық теңдеулерін құру.

Эксперименттік бөлім. (1 топ)

Эксперимент жасау.

Молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін құру.





Эксперименттік бөлім. (2 топ)

Эксперимент жасау.

Молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін құру.








Эксперименттік бөлім. (3 топ)

Эксперимент жасау.

Молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін құру.







4. «Кім тапқыр?» бөлімі. Иондарға жіктеу. Аниондар мен катиондар санын тап.

Берілген затты иондарға жіктеу. Катиондар мен иондар санын анықтау

  1. Кім тапқыр. Иондарға жіктеу. Аниондар мен катиондар санын тап.


1 топ:







  1. Кім тапқыр. Иондарға жіктеу. Аниондар мен катиондар санын тап.


2 топ:






  1. Кім тапқыр. Иондарға жіктеу. Аниондар мен катиондар санын тап.


3 топ:







Ауызша сұрақ.

1 топ.

1. Электролиттік диссоциацуия дегеніміз не?

2. Электролиттер дегеніміз не?

3. Әлсіз электролиттерді ата?

4. Заттар суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды?

5. Мына негіздердің қайсысы күшті? LiOH, NaOH, KOH

2 топ.

1. Бейэлектролиттер дегеніміз не?

2. Электролиттік диссоциацияны ғылымға енгізген ғалым?

3. Орташа электролиттерді ата?

4. Диссоциациялану дәрежесі неге тең?

5. Мына электролиттердің қайсысы әлсіз?

3 топ.

1.Күшті электролиттерді ата:

2.Индикатордың түрлерін ата?

3.Na+ Cl- - иондарының арасындағы тартылыс күшін ата?

4.Тұздар, негіздер, қышқылдар, ерігенде не балқығанда неге ыдырайды?

5.Э.Д.Т – негізгі қағидалары қандай?

V. Білімді бағалау. Әр топтың берген жауаптарына сәйкес алған балдары бойынша жеңген топты анықтау. Топтық жеңісті анықтау кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

VI. Сабақты қорытындылау. “Электролиттік диссоциациялану теориясы” тақырыбы бойынша алынған білімдерді жүйелеп қорытындылап есептер шығаруда қолдану.

Қорытындылағанда жалпы бұл сайысты өткізудің маңызы зор, себебі оқушылар жеке өз бетімен ізденеді, ізденімпаздығы артады. Дайындық барысында пән бойынша бұған дейін алған білімдерін тереңдетіп, жан-жақты дайындалып, еске сақтауға мүмкіндік алады. Сайыс кезінде жылдамдыққа және өз ойларын тез қорытындылауға тырысады. Шешендікті, сөз өнерлерін пайдалан отырып өз ойларын жүйелі түрде қорытындылайды. Сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артады.

VII. Үй тапсырмасы. I тарау. “Электролиттік диссоциациялану теориясы” тарауын қайталау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Электролиттік диссоцация саба?ы

Автор: Идимова Саулеш Аритоевна

Дата: 25.12.2014

Номер свидетельства: 147914


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства