Сабақтың тақырыбы: Элемент, қоспа және қосылыс. №1 зертханалық тәжірибе «Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру» | Мектеп: Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған бекеті «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Исаева Гүлнұр Ысқаққызы |
СЫНЫП: 7 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну; 7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу; 7.4.1.3 элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу; 7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіндіреді; таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін біледі; элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алады; қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алады |
Тілдік құзіреттілік | Элемент, қоспа және қосылыс |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Жартылыстану |
Алдыңғы оқу | №1 практикалық жұмыс «Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу» |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды) | «Аялы алақан» Тренинг. |
Жаңа білім 5 минут | 1.«Суреттер сөйлейді» әдісі. Суретке қарап сабақтың тақырыбын анықтау Суретте не бейнеленген? Сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпқа қатысты мәлімет аламыз және тақырыпты табамыз. Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады. Сабақтың мақсаты талқыланады  | Интербелсенді тақта, суреттер |
Ортасы 10 минут | 2.Білу және түсіну  Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу. 3 минуттық үзіліс Жаңа тақырыпты ой елегінен өткізу мақсатында 3 минуттық үзіліс ұсынылады: Төмендегі сөздер беріледі: Мен... жайлы хабардар болдым..... Менде...жайлы айқын түсінік қалыптасты... Мені.... таң қалдырды... 3-тапсырма. Жеке жұмыс(саралау тапсырмасы) Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: кетчуп, күміс, теңіз суы, ауа, оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл газы, кока-кола, қант, цемент, әктас, хлор. Элемент | Қоспа | Қосылыс | | Біртекті | Әртекті | | | | | | Дескриптор | Білім алушы | Элементтерді кестеге толтырады; | Қоспаларды кестеге толтырады; | Қосылыстарды кестеге толтырады; | Элемент, қоспа, қосылыстарды ажыратады. | | Оқулық, мәтіндер. |
Сергіту сәті 2 минут | «Қыдырып қайтайық!» би билеу | Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | «Жетістік» баспалдағы.  | Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдағы. |