kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экзотермиялы? ж?не эндотермиялы? реакциялар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы. Экзотермиялы? ж?не эндотермиялы? реакциялар. Санды? есептер шы?ару

Саба?ты? ма?саты: термохимиялы? (экзотермиялы? ж?не эндотермиялы?) реакциялар бойынша ал?ан білімдерін бекіту, ?орыту.

Білімділік: Эндотермиялы?, экзотермиялы? реакциялар, жылу эффектісі ??ымдарын еске т?сіріп, ол бойынша есеп шы?ару?а да?дыландыру.

Дамытушылы?:Термохимиялы? те?деулерді ??растыру білігін ?алыптастыру.

Термохимиялы? те?деулер бойынша есептер шы?ару да?дысын, ойлау ?абілетін,

 белсенділіктерін дамыту. П?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру.
Т?рбиелік: ?жымшылды??а, жылдамды??а, ??ыптылы??а, ?з бетінше е?бектенуге, ?ауіпсіздік техникасы ережесін са?тау?а байланысты іс-шараларды ?олдана білуге т?рбиелеу.

К?тілетін н?тиже: экзотермиялы? ж?не эндотермиялы? реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялы? те?деулер, меншікті жану жылуы ж?ніндегі ??ымдар, те?деуді ??растыру, те?естіру, жылу эффектісі бойынша есептер шы?ара алу.

Саба?ты? типі: Аралас

Саба?ты? т?рі:
?олданылатын ?діс-т?сілдер:  
Сын т?р?ысынан ойлау технологиясыны? стратегиялары, с?ра? –жауап, де?гейлік тапсырмалар.

К?рнекілігі:  ?лестірме де?гейлік тапсырмалар, интерактивті та?та м?мкіншілігі, слайдтар,
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экзотермиялы? ж?не эндотермиялы? реакциялар »

Сабақтың тақырыбы. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Сандық есептер шығару

Сабақтың мақсаты: термохимиялық (экзотермиялық және эндотермиялық) реакциялар бойынша алған білімдерін бекіту, қорыту.

Білімділік: Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын еске түсіріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.

Дамытушылық:Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру.

Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару дағдысын, ойлау қабілетін,

белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға байланысты іс-шараларды қолдана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығара алу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың түрі:
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ –жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: үлестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар,
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1)Сәйкестендіру кестесі

1. Ауаның құрамын алғашқы рет ашқан ғалым? А. Лавуазье

2. «Жанғыш ауа»? сутек

3. Ауаның құрамындағы кездейсоқ газдар? NO,NO2, SO2,SO3, H2S

4. «Орман ауасы»? көмір қышқыл газы

5. «Таза ауа –адамның бірден бір санитарлық және эстетиткалық қажеттілігін құрайды» Ф.Ф Эрисман

6. «Ауа -денелерді түзетін негізгі элемент» Анаксимен

7. Ауаның құрамы: N2, O2, CO2 және салғырт газдар

2) Оқушылар дайындаған « Ауа –тіршілік көзі» тақырыбында қосымша ақпаратты тыңдау.
ІІІ. Негізгі бөлім

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1.Деңгейлік тапсырмалар беру.

І топқа:

І деңгей :Химиялық диктант

Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар - .... реакциясы деп аталады. Жылу бөле жүретін реакция - ... . реакция деп аталады. Эндо гректің - ... деген сөзі.

Жылу мөлшері .... немесе ... арқылы белгіленеді.


ІІ деңгей:Берілген реакциялардағы термохимиялық теңдеулерден қайсысы экзотермиялық екенін анықтап, реакция теңдеуін теңестіріңдер:

А) НСІ+ NaOH= NaCI +H2O +Q

B) H2O=H2+O2 -Q

C) N2+H2=NH3 +Q

D) CaCO3=CaO +CO2-Q


ІІІ деңгей.

1)Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 2Н2+ О2=2H2O +570 кДж,

80 г оттек сутекпен әрекеттескенде бөлінетін жылу мөлшерін табыңдар

2) Реакциялардың термохимиялық теңдеулері арқылы:

А) СаСО3 ═ СаО +СО2 -180 кдж

Б) СН4 +2О2═СО2 +2Н2О +890 кДж,

0,5 кг әктасты СаСО3 айыруға қажетті энергияны метанның қандай көлемін жағып алуға болатынын табыңдар.

ІІ топқа :

І деңгей: Химиялық диктант

Жылу сіңіріле жүретін реакция - ..... реакция деп аталады. Экзо грекше ... деген мағынаны білдіреді. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылуды ... әрпімен белгілейді. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар ....деп аталады.


ІІ деңгей: Төменде термиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіп, реакция теңдеуін теңестіріңдер:

A) Ca(OH)2=CaO + H2O -67 кДж

B) H2 +CI2- 185 кДж = HCI

C) HgO+180 кДж = Hg +O2

D) S+O2=SO2+ 297 кДж

ІІІ деңгей:

1)Мына теңдеу арқылы:

2H2O=2H2+O2 -570 кДж

36 л суды сутек пен оттекке айыруға жұмсалатын жылу мөлшерін есептеңдер.

2) Берілген термохимиялық теңдеулер бойынша:

S+O2 ═SO2 + 297 кДж

2S +3O2═SO3 + 790 кДж

Күкірт (IV) оксидінің күкірт ( VI) оксидіне айналу жыдлуын табыңдар.

ІІІ топқа:

І деңгей: Химиялық диктант

Жылу мөлшері ... арқылы өлшенеді. Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері .... деп аталады. 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың ... деп аталады. Затты ауада жағу үшін оны белгілі бір температураға дейін қыздыру керек, ол заттың .... болып табылады.

ІІ деңгей:Төменде термиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіп, реакция теңдеуін теңестіріңдер:

A) С+O2=CO2 +Q

B) N2+O2=2NO - Q

C) P+ 5O2= P2O5 +Q

D) H2O →H2 +O2 – Q


ІІІ деңгей:

1) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: С+O2=CO2 +393 кДж,

Массасы 5 кг көмірді жаққанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.

2) Азот пен оттекті әрекеттестіріп 14 г азот (ІІ) оксидін алу үшін 45 кДж энергия беру керек. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.


2). «Тәжірибелер сыр шертеді»

Эндотермиялық, экзотермиялық реакцияларға химиялық тәжірибелерден көрсетіледі.

№1 «Натрийдің сумен әрекеттесуі»

2Na+2H2O→2 NaOH+H2

№2 « аммиак селитрасының суда еруі»

NH4NO3 + H2O→ NH4OH + HNO3


IV. Қорытындылау. Кез келген химиялық реакция кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакциның жылу эффекті болады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген теңдеу –термохимиялық теңдеу деп аталады.

1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың меншікті жану жылуы деп аталады.

Химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға байланысты:

  1. Әректтесуші Заттардың табиғатына

  2. Температураға

  3. Реагенттердің мөлшеріне

  4. Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне

V.Үйге тапсырма:

§27 74 бет №7

1. Темір күкірттің 3,2 грамыменқосылып темір (ІІ) сульфидін ҒеS түзгенде 9,5 кДж жылу бөлінеді. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.

VI. Бағалау.Оқушылар бағалау парақтары арқылы бағаланады.

Деңгей

Критерийлер

Дескриптор

Білім жетістіктерінің деңгейі

ұпай

1

Сәйкестендіру кестесін толтыру

Сәйкестендірудің көпшілігін өзім дұрыс тауып белгіледім

1


Барлығын өз бетімнен толық таптым

2


2

Деңгейлік тапсырмалар



І деңгей

химиялық диктант

көпшілігін өзім дұрыс тауып белгіледім

1


Барлығын өз бетімнен толық таптым

2


ІІ деңгей


Реакция теңдеулерін анықтау, теңестіру

Тапсырманы топтың көмегімен орындадым

1




Реакция теңдеуі анықталдыды, бірақ теңестірілмеді

2


Реакция теңдеуін анықтап, теңестірдім

3


ІІІ деңгей

Сан есептерін шығару

Есептің берілген мазмұнына сай реакция теңдеулері дұрыс жазылды

1


Есептің шартында берілген сан мәндерін теңдеудегі қажетті заттың үстіне жазып, заттардың астын сыздым

2


Пропорция құрылды, бірақ есептеуде жауабы дұрыс шықпады.

3


Есеп шартына сай пропорция құрылып, есеп жауабымен дұрыс шықты.

4


3

Сабақтағы жалпы белсенділігі

Өз тобыма берілген тапсырмаларды ғана орындадым

1


Тапсырмаларды уақытқа сай орындадым

2


Басқа топтардың тапсырмаларын орындауға өз пікірімді қостым

3


Басқа топтардың тапсырмаларын өзге қырынан аштым

4




Жинаған ұпайды мектеп бағасына айналдыру

Жинаған ұпайлардың қосындысы

Баға

12-15

5

9-11

4

4-8

3

0-3

2



VII. Рефлексия . Білім ағашы. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен білім деңгейлерін қаншалықты меңгергендіктерін білім ағашында көрсетеді.































№ 1 Жалпы орта білім беретін мектебі













Ашық сабақ тақырыбы:







Дайындаған:

химия пәнінің мұғалімі

Н.Қ Айтмуканова



Сыныбы: 8 «Б»









Чапаев, 2015 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Экзотермиялы? ж?не эндотермиялы? реакциялар

Автор: Айтмуканова Нургул Куанышевна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 165786


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства