Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, тірек сызбалар, венн диаграммасы
Сабақты жабдықтау: интерактивті тақта, компьютер
Таратылатын материалдар: қима қағаздар
Пән аралық байланыс: физика,биология
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңдері.
- Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы
- Сәлемдесу
- Түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Этиленді көмірсутектер.
Алкендер қандай қосылыстар, олардың жалпы формуласы.
Алкендердің химиялық қасиеттері.
Алкендердің гомологтық қатары.
Алкендердің қолданылуы.
Қима қағаздың тапсырмалары:
1. Мына көмірсутектердің құрылымдық формулаларын құрастырыңдар:
1) 4 – метилгексен – 1
2) 3 – этилгептан
3) 3,3 – диметилпентен – 1
4) 2,3 – диметилпентан
5) 3 – метил 4 – этилгексен – 2
2. Келтірілген қосылыстарды жүйелеу номенклатурасы бойынша атаңыз:
1. CH2 = CH2 – CH2 – CH3
2. CH3 – CH2 – CH2 – CH2 – C = CH – CH3
│
CH3
3.CH3 – CH2 – CH – CH = CН2
│
СН3
4. CH3 – CH2 – CH – CH═ CH – CH3
│
C2H5
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау
Жоспар:
Диенді көмірсутектердің құрылысы мен номенклатурасы.
Диенді көмірсутектердің алынуы мен қасиеттері.
Диенді көмірсутектердің қолданылуы.
ТАҚЫРЫПҚА САТЫЛАЙ КОМПЛЕКСТІ ТАЛДАУ ЖАСАУ:
Молекуласында екі қос байланысы бар органикалық қосылыстар диен көмірсутектері деп аталады.
Диендердіңанықтамасы
Диендердіңқұрылысы
құрылымдық және молекулалық формула
гомологтық қатар
номенклатура
1. Қаныққан көмірсутектерден.
Диендердің алынуы
2. Эттанолдан.
физикалық
Диендердің қасиеттері
химиялық
1. Диендер жанады.
2. Қосылу реакциясына қатысады.
3. Полимерленеді.
Диендердің қолданылуы
электротехникада
аяқ – киім жасауда
құрылыс материалдарын жасауда
Молекуласында екі қос байланысы бар органикалық қосылыстар диен көмірсутектері деп аталады. Ди-деген сөз екі деген мағынаны білдіреді, ен-деген қос байланыс деген мағынаны білдіреді. Демек, диен көмірсутектері алкендерге караганда да өте қанықпаған көмірсутектер. Қос байланыстар қатар (1) немесе жай байланыстармен кезектесіп, қосарланып(2), сондай-ақ бір-бірінен алыс орналасуы (3) да мүмкін. Осыған байланысты оларда изомерлер болады. Диен көмірсутектерінің жалпы формуласы:
СnH2n-2
Олар оздеріне сәйкес қаныққан көмірсутек атауларындағы -ан жұрнағы орнына -диен жұрнағы жалғану арқылы аталады және қос байланыстардың орны цифрмен көрсетіледі:
СН2=С=CH-CH3 бутадиен-1,2
СН2=СН-СН=СН2 бутадиен-1,3
СН2=СН-СН2-СН=СН2 пентадиен-1,4
Мысалы:
С3Н8 С3Н4 Н2С=С=СН2
пропан пропадиен пропадиен-1,2
С4Н10 С4Н6 Н2С=СН-СН=СН2
бутан бутадиен бутадиен-1,3
Диен көмірсутектерінің алынуы:
1. Қаныққан көмірсутектерден алады.
Н3С-СН2 –СН2 – СН3 → Н2С=СН-СН=СН2 +2Н2
бутан бутадиен-1,3
Аталған диен көмірсутектері каучук өндірісінде қолданылады.
2. Бутадиенді орыс ғалымы С.В.Лебедев алғаш рет каучук синтезіне пайдалану үшін этанолдан бір мезгілде әрі дегидратциялау, әрі дегидрлеу арқылы алған.
ZnO•Fe2O3
2СН3СН2ОН → H2C=CH-CH=CH2 +2H2O+H2
Химиялық қасиеттері.
1.Молекуласында қос байланыстары бар болғандықтан, алкадиендерге тән реакция-қосылу реакциялары.
А) галогенсутектерді қосып алу.
Мысалы:
Н2С =СН-СН=СН2 + НСl → H3C-CHCl-CH=CH3
3-хлорбутен-1
ә) Гидрлену. Сутекті қосып алуы сатылап жүреді:
Мысалы:
Н2С=СН-СН=СН2 + Н2 → Н3С-СН=СН-СН3
бутадиен -1,3 бутен -2
Н3С-СН=СН-СН3 + Н2 → Н3С-СН2 –СН2 – СН3
бутен -2 бутан
Қолданылуы. 1930 жылдардың соңына дейін құрамында каучук болатын өсімдік шырынынан алынатын табиғи көксағызды қолданып келді. Ең бағалы – Латын Америкасында өсетін Гевея ағашынан алатын каучук еді. Зерттеулер табиғи көк сағыз-тисполиизопрен екенін анықтады. Кейіннен X1X ғасырдың орта шенінде (Гудьир,1839ж.) көксағызды күкіртпен қосып қыздыру арқылы созылғыш материал- резеңке алына бастады. Ал XX ғасырдың бас кезінде өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты табиғи көксағызға сұраныс арта түсті. Сол себептен, синтездік көксағыз алу әдістері іздестіріле бастады. Полибутадиенді көксағыз алудың тиімді әдісін орыс химигі С.В.Лебедев ұсынды. Ол өршіткі ретінде натрийді пайдаланып, бутадиен-1,3-ті полимерленеді. Бірақ алынған көксағыз стереореттелмеген болғандықтан, созылғыштығы төмен болады. Стереореттелген изопренді көксағызды алу XX-ғасырдың 50-жылдарында ғана мүмкін болады. Көксағызды күкірт қосып қыздыру процесін вулканизация деп атайды, осы процесс арқылы резеңке өндіріледі.
Қазіргі кезде химиялық өндірісте синтездік көксағыз түрлері көптеп шығарылады. Әсіресе қосарланған алкадиендерден алынған резенкелер суыққа, май мен бензинге төзімділігімен, беріктігімен, созылғыштығымен, тотықтырғыштыр мен ультракүлгін сәулелердін әсеріне тұрақтылығымен сипатталады.