kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д.И.Менделеевтің периодттық заңы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д.И.Менделеевтің периодттық заңы»

Күні: 17.11 8 -химия сабақ № 21

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Жаңа химиялық элементтердің ашылуы туралы мәліметтер.

№2 көрсетілім(2.1)

Мақсаты

Білімділігі: Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңына кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Дамытушылығы: Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып, химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Периодтық заңның мәнін,оның негізгі қағидаларын түсінеді. Әрбір элементерге тән химиялық қасиеттерді талдай отырып, олар периодта орналасуына байланысты екенін біледі. Элементтер және олардың қосылыстары жайлы мағлұмат алу алу үшін периодтық заңның маңызын түсіну қажеттілігін біледі.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Баяндау, сұрақ - жауап

Керекті жабдықтар

Оқу құралдары, периодтық жүйе, слайд, интербелсенді тақта


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылар шаттық шеңберінде бір-біріне жақсы тілектер айтады. Бұл балалардың жақсы көңіл-күйде болып, сабақты жақсы меңгеруіне әсер етеді.

ІІ. Білу


1. Элементтердің табиғи ұяластары деген не?
2. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
3. Сілтілік жер металдары деген не?
4. Галогендерге қандай химиялық элемент атомдары жатады?
5. Халькогендер қандай мағына білдіреді?

ІІІ. Түсіну

Мағынаны тану

«Сан ғасыр жете алмаған байтақ арман,
Негізі бұл әлемнің шайқап алған.
63 элементті зерттеп біліп,
Кезінде Менделеев заң ғып жазған.»-демекші

Д. И. Менделеев Тобольск қаласында 1834ж 27 қаңтарда дүниеге келген. Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы. Менделеевтің негізгі ғылыми - зерттеу жұмыстарының бағыты жалпы химия, химиялық технология физика экономика метрология салаларына арнаған.
Ол ең алғаш 1854ж изомерия құбылысын зерттеп, сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды, сонымен қатар ауыл шаруашылығына, әуе ісіне де көп көңіл бөлген. Осы еңбектерінің ең биік шыңы оны дүние жүзіне танытқан әлем ғалымдарының қатарына қосқан әрине « Периодтық заңды» ашуы болды. Периодтық заңды 1869 ж Д. И. Менделеев ашты, оның толық тұжырымдамасын 1871ж жариялады. Заң былай тұжырымдалады:
Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты түрде тәуелді.
Период - атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде 7период бар, период екіге бөлінеді: кіші(1, 2, 3 ) үлкен (4, 5, 6) 7 аяқталмаған деп аталады. П. Ж көлденең бағанада ұқсас элементтерде бірінің астына бірі орналасып ұқсас элементтер тобы шықты, бұларды п. ж топтар деп атайды. Топтар негізгі, қосымша топша деп бөлінеді
П. Ж соңында 93 - 103 элементтерінің қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар мен актинодтар қатарларына топтастырылған.
Яғни, күнделікті тұрмыста техникада мәселен календарь, сағат, сотка, көбейту таблицасы тәрізді адамға қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту кестесі»физиканың формуласы, географияның картасы, сияқты химияның кестесі «периодтық кесте» болып табылады.
Д. И. Менделеев ашқан периодтық заңның тек химияға ғана емес, барлық жаратылыстану ғылымдары үшін жалпы ғылыми философиялық маңызы зор.

ІV. Қолдану

1) Менделеев қай жылы өмірге келді? (1834)
2) Туған күні (8 ақпан)
3) Отбасында неше бала? (7 бала )

4) Петербургтегі педагогикалық институтты алтын
медальмен қай жылы бітірді? (1857)
5) Периодтық заң қай жылы ашылды? (1869)
6) Ол кезде неше элемент белгілі болды? (63)
7) Ол алдын ала қай элементтерді болжады? (21, 31, 32)
8) Қазіргі кезде неше элемент белгілі? (118)
9) Қайтыс болған жылы? (1907)
10) Қайтыс болған айы? (2ақпанда)
11) Ол кезде неше жаста еді? (73)
12) Менделеевтің құрметіне аталған элементтің нөмірі? (101)

V. Талдау


1.  Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі. 

 2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?

 3. Элемент атомының құрылысы қандай?

 4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады    ,,,,,,,,,, және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді.

 5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

VI. Жинақтау


  1. Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
    А. 1
    В. 2
    С. 3
    D. 4
    E. 5

  2. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады:
    А. Периодтар
    В. Топтар
    С. Қатарлар
    D. Жолдар
    Е. Топшалар

  3. Темір атомының ядросындағы протондар саны:
    A.    20
    B.    55
    C.    30
    D.    8
    E.    26

  4. Қай металл сілтілікке жатады:
    A.    Ca
    B.    Fe
    C.    Ni
    D.    Na
    E.    Дұрыс жауап жоқ

  5. .реттік нөмірі сәйкес келеді:
    A.    Протондар санына
    B.    Сыртқы қабаттағы электрондар санына
    C.    Нейтрондар санына
    D.    Электрон қабаттарының санына
    E.    Электрондардың жалпы санына

  6. Бейметалдық қасиеті өте анық байқалатыны:
    A. Si
    B. N
    C. P
    D. Cl
    E. Ғ

  7.  Заттардың қайсысы жай затқа жатады?
    А. РН3
    В. Р4
    С. Р2 О3
    D. P2 O5
    Е. РСl3

Жауаптары

1.С

2 А

3 Е

4 Д

5 А,С

6 Е

7 В

VII. Қорытынды


  1. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Атом құрылысы қандай? Реттік номер нені білдіреді?

  3. Кестені толтырыңдар.

Элемент аты

Таңбасы

 Реттік номері

Ядроны құраушылар саны

n0

e-



6






13




оттегі






мыс







Sb






Mo







VIII. Үй тапсырмасына нұсқау беру

§ 21 оқу 8-11 тапсырмаларды орындау














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Д.И.Менделеевтің периодттық заңы

Автор: Максутова Гулзад Ибраимбаевна

Дата: 22.10.2016

Номер свидетельства: 351225


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства