kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д.И.Менделеевтің пениодтық жүйесі және оның құрылымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар периодтық кестеге анықтама беруді үйренеді. Оның құрылымымен танысады. Топтар мен топшалар, кіші период пен үлкен периодтар жөнінде мағлұмат алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д.И.Менделеевтің пениодтық жүйесі және оның құрылымы»

Сыныбы

8-сынып

Күні

23.11.2016

Сабақ тақырыбы

Д.И.Менделеевтің пениодтық жүйесі және оның құрылымы

Сабақ мақсаты

Оқушылар периодтық кестеге анықтама беруді үйренеді. Оның құрылымымен танысады. Топтар мен топшалар, кіші период пен үлкен периодтар жөнінде мағлұмат алады.

Оқу нәтижесі

Оқушылар периодтық кестеге анықтама бере алады. Топтар мен топшалар, кіші период пен үлкен периодтарды ажыратып, тәжірибе жүзінде пайдалана алады.

Жаңа терминдер

Период, топ, кіші период, үлкен период, негізгі және қосымша топшалар

Құрал-жабдықтар

Периодтық кесте, натрий, кальций, алюминий, су, колба, карточкалар, интерактивті тақта, жетондар

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар



Алдыңғы оқу

  1. Элементтердің типтері

  2. Сілтілік металдар

  3. Галогендер

  4. Сілтілік жер металдар

Оқулық

15 мин

Басталуы

Химиялық сергіту. Бейметалл мен металл тобына бөлу. Оқушыларға карточкалар беріледі тапсырмасымен. Металдар белсенділігіне байланысты тәжірибелік жұмыс

Лезде сұрақтар

Карточкадағы тапсырмаларды жеке орындайды.

Үш оқушы тақтаға шығып, тәжірибе орындайды.

Карточкалар, интерактивті тақта, натрий, кальций, алюминий, су, колба



Ортасы

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі – периодтық заңның графиктік бейнесі, олар өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Екеуі де хим. элементтерді материя дамуының бір сатысы деп қарап, олардың арасындағы табиғи байланысты ашады. Периодты заң химия ғылымына ғана жатпайды, ол бүкіл жаратылыстану және табиғи ғылымдардың ортақ заңы, сондықтан ғылыммен бірге дамып, оны байыта түседі.

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі ашылған кезде көптеген элементтер белгісіз еді. Д. И. Менделеев аса үлкен болжампаздықпен олардың кейбіреулерінің қасиеттерін сипаттаған болатын (скандий - Л. Нильсон, галлий - Лекок де Буабодран, германий - К. Винклер).

Ғалымның көзінің тірісінде ол болжаған элементтер ашылып, периодтық заңның дұрыстығының айғағы болды.

Галлий Ga 1875 ж., скандий Sc 1879 ж., германий (Ge) 1885 ж. ашылды. Д. И. Менделеев есептеу жолымен анықтаған сипаттамалары олардың тәжірибе жүзінде анықталған шамаларына сәйкес келеді. Периодтық заң ашылған кезде белгісіз бекзат газдар да қасиеттеріне қарай галогендер мен сілтілік металдар арасынан орын алды.

Заңның ашылған кезінде кейбір элементтердің валенттіліктері мен атомдық массалары дұрыс анықталмаған еді. Элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары сақталатындай етіп, Менделеев бериллийдін, (Be), торийдің (Тһ), церийдің (С1), индийдің (In), т.б. кейбір элементтердің атомдық массаларын түзетті.

Периодтық заң табиғаттың дамуы мен бірлігін көрсететін жалпы заңдарға жатады. Бұл заңның құрылымдық кескіні болып табылатын периодтық жүйеде периодтар бойынша элементтердің сыртқы қабаттарында электрондар санының біртіндеп өсуінен (1-8) металдық қасиет екідайлылық арқылы бейметалдыққа ауысады. Бұл заңдылық табиғаттың санның сапаға ауысу заңының бір көрінісі. Табиғаттың тағы бір жалпы заңы — терісті терістеу бір периодтан екіншісіне өткенде байқалады. Әрбір келесі периодтың элементі өзіне ұқсас алдыңғы периодтың (III—11) элементінің (К—Na, CI—Ғ) қасиетін қайталағанымен, оның касиеті алдыңғы элементтікінен аздап өзгешеленеді, яғни олардың белсенділігі жоғарырақ екенін көреміз. Қарама-қарсылықтың күресі мен бірлігі - периодтың басынан аяғына жеткенде байқалады (Na - CI; К - Вг).

Периодтық заңға сүйеніп радиобелсенді элементтер ашылды, бұл еңбектер әлі де жалғасуда. Осы айтылғандардың барлығы Менделеевтің периодтық заңды ашуы сәті түскен іс емес, терең ғылыми танымдық маңызы бар табиғаттың іргелі заңдарының бірі екенін дәлелдейді.

Периодтар[өңдеу]

Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.

Әр периодта 2, 8, 18, 32 элемент болады.

Қатарлар[өңдеу]

Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.

Топтар[өңдеу]

Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен белгіленген. Топ нөмері элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келеді. Фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1-ге тең, мыс, күміс,алтынның тотығу дәрежелері +1,+2,+3-ке тең, ал VIII топ элементтерінен +8 тотығу дәрежесі тек осмий, рутений, ксенонға тән.

Интерактивті тақта, видео көрсетілім



Аяқталуы

Элемент-тер

Период

Топ

Ядро заряды

Сыртқы энерге-тикалық деңгей-дегі е-саны

Үлкен

кіші

негізгі

қосымша



F

Cl

Br

I

At









Интерактивті тақта



Қосымша ақпарат

ЭЛЕМЕНТТЕР АДАМ АҒЗАСЫНДА:

Өкпеде-Lі, Nа, Қанда- Ғе, Nа, Lі, Са, Н.

Қалқаншабезінде- I, Zn, Br

Тісте- Ғ, Са, Mg, Р, Гипофизде- Zn, Br, Мn, Cr

Мида- Na, Mg, К, Шашта- Al, Аs, СІ

Жүректе- Са, КҰйқыбезінде- Mg

Бауырда- Lі ,Sе,Мо, Zn,Са, Мn, К, Сu





Бағалау

Оқушыларды әр бөлімнің аяғында сабақ үстінде бағаланды

Плакат, стикерлер



Рефлексия

Сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар периодтық жүйенің ашылу тарихы, құрылысы, маңызы жөнінде мағлұмат алды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында бейнебаяндар, слайдтар, түрлі тапсырмалар қолданылды. Сыныптың барлығы белсенділік танытты. 2 оқушы бестік бағамен, 6 оқушы төрттік бағамен бағаланды. Кері байланыс «Бес жолды өленмен» жасалды

  1. Зат есім Менделеев

  2. Сын есім білімді

  3. Етістік периодтық кестені құрастырды.

  4. Синоним ғалым

  5. Қанатты сөз «Менделеев – ұлы ғалым»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Д.И.Менделеевтің пениодтық жүйесі және оның құрылымы

Автор: Изтлеуова Айна Кубайдуллаевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397386


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства