kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cутекті? ?асиеттері, ?олданылуы ж?не алынуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cутекті? ?асиеттері, ?олданылуы ж?не алынуы. Сутекті? физикалы? ж?не химиялы? ?асиеттері туралы, алынуы мен ?олданылуы.Сонымен ?атар о?ушы?а арнал?ан арнайы тапсырмалар. Тапсырмалар электронды? о?улы?тан берілген. арнайы та?ырыпты? тест ??растырылып, ?орытындылау кезе?інде ?олдан?ан. Оттек пен сутекті кесте ар?ылы салыстыру. Саба? ?й тапсырмасымен ?атар о?ушы?а арнал?ан 2 тапсымамен тексеру. Жа?а саба?ты ж?мба? ар?ылы ашу. Сонымен ?атар б?л ж?мысты? презентациясы бар. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cутекті? ?асиеттері, ?олданылуы ж?не алынуы. »

Железин ауданы, Озерный селолық округінің

«Озерный орта мектебі» КММ

Биология және химия мұғалімі: Исабеков А.С.

Күні: 12.02.2015ж.

Пән: Химия

Сынып: 8 А

Сабақ: 42

Тақырыбы: Cутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы.

Мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сутек туралы білімдерін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: оқулық, электрондық оқулық, ноутбук.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1тапсырма

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест:

1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н ә) Не б) Cu в) Si

2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?

а)25% ә)32% б)24% в)92%

3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов ә) Менделеев б) Кавендиш в) Лавуазье

4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:

а)түтінді газ ә)су тудырушы б)қопарғыш газ в)су тасушы

5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы

2 тапсырма

« Семантикалық карта»


Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

басу реак ция

сы

Алмасу

Реак ция сы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

Са + О2 = 2СаО

+






Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2



+




CaCO3 = CaO + CO2 – Q


+




+

HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q




+

+


2H 2O = 2H2 + O2 – Q


+




+

2H2 + O2 = 2H 2O + Q

+




+



ІІІ. Жаңа жақырыпты түсіндіру.

«Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)


Физикалық қасиеті:

Сутек –

Түссіз, иіссіз газ.

Суда нашар ериді (100 көлем суда 2көлем газ ериді).

-2530С температурада сұйытылады.

Ауадан 14,5 есе жеңіл.

Жылу өткізгіштігі өте жоғары.

Химиялық қасиеті:

Сутек молекуласының құрылысы қарапайым болымен, едәуір берік қосылыс. Қыздырғанда сутек оттекпен шабытты әрекеттесіп, көп жылу бөледі. Жану нәтижесінде су түзіледі:

2 + О2 → 2Н2О + 572 кДж

Күкіртті балқыта отырып, оған сутек газын жіберсе, шіріген жұмыртқаның иісіндей иісі баркүкіртсутек газы бөлінеді: Н2 + S → Н2S↑

Сутек газы хлор мен әрекеттесіп, өткір иісті хлорсутек газын бөледі:

Н2+СІ2 → 2НСІ↑

Сутек басқа да бейметалдармен және металдармен реакцияға түседі. Қыздырғанда белсенді металдар: натрий, кальций сутекпен әрекеттесіп, гидридтер түзеді:

2Na + H2 → 2NaH

натрий

гидриді


Ca + H2 → CaH2

кальций

гидриді


сутектің металдармен әрекеттесуі арқылы алынған металл гидридтері – қатты заттар.

Сутектің күрделі заттармен әрекеттесуі: CuO + H2 → Cu + H2O


Сутектің қолданылуы

  • Оксидтерден металдарды бөліп алу үшін

  • Хлорсутек синтезі

  • Тұз қышқылын алу

  • Метанолды синтездеу

  • Металды кесу және пісіру

  • Өсімдік майын қатты майға айналдыру үшін

  • Қозғалтқыш отыны үшін

  • Аммиак синтезі

  • Тыңайтқыштар өндіру үшін

  • Азот қышқылын өндіру


Сутектің алынуы:

  • Өнеркәсіпте алынуы

Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

2H 2O = 2H2 + O2

CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж

  • Зертханада алынуы:

  • Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы.

  • Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.

1. Zn + H 2SO4 = ZnSO4 + H2

2. Zn + 2 HСІ = ZnСІ2 + H2

Белсенді ме. + қышқыл = тұз + сутек

3. Са + 2 Н2О = Са ( ОН )2 + Н2

4. 2Nа + 2 Н2О = 2 Nа ОН + Н2

Белсенді ме. + су = тұз + сутек

Тапсырма № 1

Оттек пен сутекті салыстырыңыз


Атауы

Отттек

Сутек

Қазақша мағынасы



Таңбасы



Салыстырмалы атомдық массасы



Агрегаттық күйі



Физикалық қасиеттері



Қолданылуы




№2 тапсырма

Электрондық оқулықтағы №9,10,11 тапсырмаларды орындау.

ІҮ. Бекіту.

Электрондық оқулықтағы №12,14 тапсырмаларды орындау.

Ү. Қорытындылау.

№2 тест тапсырмасы.

- Бүгінгі сабақта біз не туралы өттік?

ҮІ. Үй тапсырмасы:

  1. §31-32 оқу

  2. Бет: 86-87 беттердегі сұрақтарға жауап беру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Cутекті? ?асиеттері, ?олданылуы ж?не алынуы.

Автор: ИСАБЕКОВ АМАНЖОЛ СЕЙПИЛМАЛИКОВИЧ

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 171949


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства