Бөлім бойынша жиынтық бағалау «Зат мөлшері және Стехиометриялық есептеулер» есептеулер»(( |
Оқу мақсаттары | 8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу 8.1.1.3 – масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу. 8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу 8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану 8.2.3.7 -газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу 8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану |
Бағалау критерийлері | Оқушы: Молярлық масса, масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын анықтауда формуланы қолданып есептейді Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептейді. Молярлық көлемді қолданып есептеулер жүргізеді. Ззаттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептейді Газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеу жүргізеді |
Ойлаудағдыларыныңдеңгейлері | Білу, түсіну, қолдану. |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырмалар 1.1.Зат мөлшері 5 моль болатын озон (О3) газының массасын және молекула санын есептеңіз. А) 220г және3,01•1023 В) 240г және30,1•1023 С) 260г және30,1•1023 D) 240г және6,02•1024 |
2. Марат мектеп зертханасында сутек алу үшін 13г мырышты тұз қышқылы ерітіндісіне салды. Реакция нәтижесінде түзілген сутекті суды ығыстыру әдісімен жинап алды. (а) Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазыңыз. (b) Сутек газының массасын есептеңіз. (c) Сутек газының зат мөлшерін есептеңіз. |
3. a b С https://yandex.kz/images/search?pos=340&p=11&img_url=https%3A%2F%2Fds02.infourok.ru%2Fuploads%2Fex%2F064b%2F0004731a-70f4e40d%2Fimg3.jpg&text=%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3%20%D0%BC%D0%BE%D0%BB%D1%8F%D1%80%D0%BB%D1%8B%D2%9B%20%D0%BA%D3%A9%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D1%96&rpt=simage Суретте берілген газдардың 3 моль зат мөлшеріне сәйкес келетін көлемдерін есептеңіз. a. b. c. ____ |
4. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең, белгісіз газдың молярлық массасын есептеңіз. 54 г/моль;B) 56г/моль;C)58г/моль; D)60г/моль; 5. Табиғи газдың басым бөлігі түссіз, иіссіз, жанғыш газ метан газынан тұрады. Метан жанғанда (қ.ж) көміртек диоксидін және су түзеді. Метанның жану теңдеуі мынадай: СН4 (г) +2О2(г) СО2 (г) +2Н2 О(б) (а) Метанның жану теңдеуіндегі газдардың көлемдік қатынастарын анықтаңыз. (b) 4м3 метан жанғанда түзілген көміртек диоксидінің көлемін есептеңіз. _______________________________________________________________ |
Бағалау критерийі | Тап сырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы |
Масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын анықтауда формуланы қолданып есептейді | 1 | Озон газының массасын есептейді | 1 1 |
Озон газының құрылымдық бөлшектер санын есептейді |
Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептейді. | 2 | Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазады | 1 1 1 |
Сутек газының массасын есептейді |
Сутек газының зат мөлшерін есептейді |
Молярлық көлемді қолданып есептеулер жүргізеді | 3 | Сутек молекуласының (қ.ж.) көлемін есептейді | 1 1 1 |
Аргон атомының (қ.ж.) көлемін есептейді |
Метан (қ.ж.) молекуласының көлемін есептейді |
Заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептейді | 4 | Газдың молярлық массасын ауа бойынша салыстырғандағы тығыздық бойынша есептейді. | 1 |
Есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеу жүргізеді | 5 | Метанның жану теңдеуіндегі газдардың көлемдік қатынастарын анықтайды | 1 1 |
4м3 метан жанғанда түзілген көміртек диоксидінің көлемін есептейді |
Барлық балл саны | 11 |
Бағалау критерийі | Оқу жетістіктерінің деңгейі |
Төмен | Орта | Жоғары |
Масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын анықтауда формуланы қолданып есептейді | Зат мөлшері, масса және құрылымдық бөлшектер санын формуланы қолданып есептеуде қиналады. | Зат мөлшері, масса және құрылымдық бөлшектер санын формуланы қолданып есептеуде қателіктер жібереді. | Зат мөлшері, масса және құрылымдық бөлшектер санын формуланы қолданып есептейді. |
Химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептейді | Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазып, теңдеу бойынша масса және зат мөлшерін табуда қиналады | Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазып, теңдеу бойынша масса және зат мөлшерін табуда қателіктер жібереді | Мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазып, теңдеу бойынша масса және зат мөлшерін есептейді |
Молярлық көлемді қолданып есептеулер жүргізеді | Сутегі, аргон, метан молекулаларының моль санын молярлық көлем сандарымен сәйкестендіруде қиналады | Сутегі, аргон, метанмолекулаларының моль санын молярлық көлем сандарымен сәйкестендіруде қателіктер жібереді | Сутегі, аргон, метанмолекулаларының моль санын молярлық көлем сандарымен сәйкестендіреді |
Заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептейді | Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың молярлық массасын есептеуде қиналады | Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың молярлық массасын есептеуде қателіктер жібереді | Салыстырмалы тығыздық бойынша газдың молярлық массасын есептейді |
Есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеу жүргізеді | Газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеуде қиналады | Газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептеуде қателіктер жібеерді | Газдардың көлемдік қатынас заңын қолданып есептейді |