kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бірнегізді ?аны?па?ан ?ыш?ылдар мен оларды? ?кілдері, ?асиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

а) біліктілік:бір ?ос байланысы бар ?аны?па?ан ?ыш?ылдарды? ерекшелігін салыстыра отырып,оны? атаулары мен изомерлерін т?сіндіру.

Саба?ты? міндеттері:

а) ?з ойларын еркін айтып, бір-біріні? пікірін ты?дайды.

?) ?жымдаса бірлесіп ж?мыс істейді.

Саба?ты? т?рі: жа?а білім беру, жина?тау саба?ы.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, салыстыру, с?ра?-жауап,баяндау, о?улы?пен ж?мыс, ба?алау, бекіту, ?орытындылау.

К?рнекілігі: тест с?ра?тары, тараптама материалдар(с?ра?-жауап)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бірнегізді ?аны?па?ан ?ыш?ылдар мен оларды? ?кілдері, ?асиеттері »

Сабақтың тақырыбы: Бірнегізді қанықпаған қышқылдар мен олардың өкілдері, қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

а) біліктілік:бір қос байланысы бар қанықпаған қышқылдардың ерекшелігін салыстыра отырып ,оның атаулары мен изомерлерін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

а) өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды.

ә) ұжымдаса бірлесіп жұмыс істейді.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап,баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: тест сұрақтары, тараптама материалдар(сұрақ-жауап)

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу

2. Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл аудару.

3. Кезекші мәлімдемесін тыңдау.

4. Журнал бойынша түгелдеу.

5. Оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үйтапсырмасын сұрау кезеңі.

Өткен сабақтарда өтілген «Карбон қышқылдарының жеке өкілдері және қолданылуы» тақырыбы бойынша сұрақ –жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты меңгергендерін сұрап білемін.

І-тапсырма. Сұрақ-жауап.

1. Карбон қышқыларына анықтама беріңдер.

2. Карбон қышқылдарын қандай функционалдық топ сипаттайды?

8. Мына қосылыстардың:

1) метан қышқылы; 2) пропан қышқылы; 3) 2-метилпропан қышқылы;

4) хлорсірке қышқылы; 5) 2,2-диметилпентан қышқылы құрылым формулаларын жазыңдар

9. Сірке қышқылы мен метил спиртінің судағы ерітіндісінен жек заттарды қалай бөліп алуға болады?

10. Сірке қышқының натрий тұзына күкірт қышқылын қосса реакция жүре ме? Жүрсе теңдеуін жазыңдар.

11. Мына заттардың:

1) аммиак пен құмырсқа қышқылының; 2) кальций гидроксиді мен пропан қышқылының;

3) пальмитин қышқылының калий тұзы иен тұз қышқылдарының арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар.

ІІ-тапсырма. Қышқылдарды сипаттап, кестені толтырыңдар:

Аталуы

Формуласы

Химиялық қасиеттерінің ерекшелігі

Қолданылулары мен биологиялық маңызы

Құмырсқа қышқылы




Сірке қышқылы




Пальмитин қышқылы




Стеарин қышқылы




Олеин қышқылы




ІІІ-тапсырма. Есеп шығару.

1. 150 г ерітіндіде 33,75 г құмырсқа қышқылының метил эфирі бар. Ерітіндідегі күрделі эфирдің массалық үлесі (%)

Шешуі:


{дұрыс жауабы} = А

2. 240 г суда 60 гқұмырсқа қышқылының этил эфирін ерітті. Алынған ерітіндідегі күрделі эфирдің массалық үлесі (%)

Шешуі:mерітінді = m()+ m(Н2О) = 60 г + 240 г = 300 г


ІV-тапсырма. Сәйкестікті табыңдар.

Реттік санмен бір негізді карбон қышқылдарының формулалары, әріптермен атаулары берілген.Жұпта.

1. СН3 –СН2–СН2–СН2 - СООН А) сірке не этан қышқылы

2. СН3- СООН В) капрон не гексан қышқылы

3. СН3 –СН2–СН2–СН2 –СН2 - СООН С) валериан не пентан қышқылы

4. СН3 –(СН2)5 - СООН Д) май не бутан қышқылы

5. СН3 –СН2–СН2 - СООН Е) энант не гептан қышқылы

6. СН3 –(СН2)14 - СООН Ж) стериан не октадекан қышқылы

7. СН3 –(СН2)16 - СООН З) пальмитин не гексадекан қышқылы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру. Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларды «Бірнегізді қанықпаған қышқылдар мен олардың өкілдері, қасиеттері» тақырыбы жайлы түсіндіремін

Қанықпаған көмірсутек радикалы карбоксил тобымен байланысқа қосылыстарды қанықпаған карбон қышқылдары деп атайды.Мысалы:

Бұл қышқылдардан басқа жоғары қанықпаған карбон қышқылдары:

Изомерлері мен атауы. Қанықпаған карбон қышқылдарының изомерлері көміртек радикалының құрылысына, ондағы еселі байланыстың орнына және кеңістікқұрылысына байланысты болады. Мысалы, бутен қышқылының С₃Н₅СООН(С₄Н₆О₂) изомерлері мен атаулары:

Кротон қышқылының геометриялық екі (цис-және транс-) изомері болады:

Алу жолдары. Қанықпаған қышқылдарды α-галоген қышқылдарына сілтінің спирттегі ерітіндісімен әсер етіп алады:

Химиялық қасиетері. Қанықпаған бірнегізді қышқылдар қаныққан қышқылдардан күшті, себебі қос байланыс әсер етеді. Қанықпаған қышқылдардың химиялық қасиеттерін карбоксил тобы мен қос байланыс анықтайды. Сондықтан олар да карбоксил тобы бойынша карбон қышқылдарына тән реакцияларға түсіп, тұздар, ангидридтер және күрделі эфирлер түзеді. Сонымен қатар қанықпаған қосылыстар тәрізді еселі байланысы бойынша қосылу, полимерлену және тотығу реакцияларына түседі. Галогенмен әрекеттесіп, дигалоген туынды түзеді.

Қанықпаған бірнегізді қышқылдар өкілдері. Акрил (пропен) қышқылы СН2 =СН – СООН . Өткір иісті сұйық зат. Құрамындағы еселі байланыс және карбоксил тобы бойынша химиялық реакцияларға түсіп, тұздар және күрделі эфирлер түзеді.Акрил қышқылы эфирлерінің маңызы зор, полимерлер алу үшін қолданылады.Акрил қышқылының нитрилін (акрилонитрилді) полимерлеп, нитрон синтездік талшығын алуда қолданылатын полимер алынады:

Метакрил (2-метилпропен) қышқылы

Бұл қосылыстың маңызды туындысы –метил эфирі метилметакрилат

Қанықпаған жоғары қышқылдарға олеин (С17Н33СООН), линол (С17Н31СООН),линолен (С17Н29СООН) қышқылдары жатады.

ІV.Жаңа сабақты пысықтау.

І-тарсырма. Сұрақ-жауап.

1. Этилен қатарына жататын бір негізді (С₄Н₆О₂, С₅Н₅О₂) карбон қышқылдарының барлық изомерлерін жазып, аттарын атаңдар.

2. Мына заттардың графиктік формуласын жазыңдар:

а) аллилсірке;ә) винилсірке;б) акрилсірке;в) метакрил;г) линол;ғ) пропил;

д) линолен қышқылдары.

ІІ-тапсырма. Сәйкестікті табыңдар.

Реттік санмен карбон қышқылдарының формулалары, әріптермен ол қышқылдардың радикалының табиғаты мен молекулада карбоксил топтарының санына байланысты жіктелуі белгіленген.Жұпта.

1. СН3 –СН2-СООН А) қанықпаған (акрил қышқылы)

2. НООС - СН2 –СН2-СООН В) үш негізді (лимон қышқылы)

3. СН2 = СН-СООН С) бір негізді (пропил қышқылы)

ОН

|

4. СН3 – С – СН2 Д) екі негізді (янтарь қышқылы)

| | |

СООН СООН СООН

5. СН = СН Е) қанықпаған екі негізді (фумар қышқылы)

| |

СООН СООН

ІІІ-тапсырма.

1. Қанықпаған бір негізді карбон қышқылдары гомологтық қатарының өкілдерін көрсетіңдер.

а) НООС-СООН - қымыздық қышқылы; ә) С6Н5СООН – бензой қышқылы;

б) С3Н7СООН – май қышқылы; в) СН3 –СНОН- СООН – сүт қышқылы;

г) С15Н31СООН – пальмитин қышқылы; ғ) СН2 = СН - СООН – акрил қышқылы;

д) НСООН – құмырсқа қышқылы

V. Үй тапсырмасын беру кезеңі.

§ 10,5 , 1- 6 –жаттығулар. Есептер жинағынан тапсырмалар.

VІ. Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.

Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытындылау кезеңі.

Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.

І-тапсырма.

Қарбон қышқылдарының ішінде

Күші орташа электролиті

Құмырсқа қышқылы ғана,

Қалғандарының бәрі әлсіз

Болсада саны қаншама

Сірке қышқылына этил спиртін құйсақ,

Алғашқыда байқалмайды реакция белгілері.

Азырақ күкірт кышқылын қосып қыздырсақ,

Түзілген эфирдің иісі білінеді.

Бүл сірке қышқылының этил эфирі-

Күрделі эфир деп аталады.

Олардың жай эфирлерден өзгешелігі-

Заттардың басқа кластарына жатады

Карбон қышқылдарының молекуласында

Карбоксильден басқа бір бөлік бар тағы-

Ол көмірсутек радикалдары.

Галогенді карбон қышқылына қоссақ,

Сутектің орын басу реакциясы жүре алады.

Сутектің бәрі бірдей емес,

Тек карбоксильге жақын буындағы.

Диссоциациялануы артатындықтан,

Күшті болады екен

Галоген енген карбон қышқыддары.

Мәнісін оның түсіндіре аласын

Ойлансаң еске түсіріп, мына сүлбаны:



Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«№ 19 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мұғалімнің аты – жөні: Битабарова Хадиша Исабековна

Ұлты: Қазақ

Туылған күні , айы, жылы: 24.12.1966

Бітірген оқу орны : «Сырдария»Унв

Білімі: Жоғары

Оқу орнын бітірген жылы: 2008ж

Диплом бойынша мамандығы: химия

Жалпы еңбек өтілі: 27 жыл

Педагогикалық еңбек өтілі: 10 жыл

Санаты : І

Сабақ беретін пәні: химия

Мақтау қағаздары:А.Б.Б. обл ББ

Озық іс – тәжірибесінің

тақырыбы: «Химиядан есептер жинағы»

Озық іс – тәжірибесінің

таратылған жылы: 2009 ауданда

Байланыс телефоны: 8 775 240 62 67

Электронды мекен жайы: [email protected]




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Бірнегізді ?аны?па?ан ?ыш?ылдар мен оларды? ?кілдері, ?асиеттері

Автор: Битабарова Хадиша Исабековна

Дата: 20.07.2015

Номер свидетельства: 223205


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства