kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Азот оксидтері, азот ?ыш?ылы ж?не нитраттар. 10 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Азот оксидтері, азот ?ыш?ылы ж?не нитраттар жайлы жалпы ма?л?маттар беру.

Міндеттер:

Білімділік: О?ушыларды? ?ткен та?ырып бойынша ал?ан білімдерін жина?тау, жан – жа?ты білім беру, толы?тыру.

Дамытушылы?: О?ушылар?а азотты? оттекті ?осылыстары туралы пікір ?алыптастыру, ой – ?рісін дамыту.

Т?рбиелік: О?ушыларды ?йымдастырушылы??а баулу, ?з бетінше ізденіс, білім алу?а да?дыландыру ж?не т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Азот оксидтері, азот ?ыш?ылы ж?не нитраттар. 10 сынып »

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: §8.12 Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар.

Сабақтың мақсаты: Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар жайлы жалпы мағлұматтар беру.

Міндеттер:

Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, жан – жақты білім беру, толықтыру.

Дамытушылық: Оқушыларға азоттың оттекті қосылыстары туралы пікір қалыптастыру, ой – өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымдастырушылыққа баулу, өз бетінше ізденіс, білім алуға дағдыландыру және тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеев периодтық жүйесі.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

2. Өткен тақырыпты қайталау (5 минут)

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (17 минут)

4. Жаңа сабақты бекіту (15 минут)

5. Қорытынды (2 минут)

6. Бағалау (2 минут)

7. Үйге тапсырма (1 минут)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сәлемдесу, сыныптағы оқушыларды тексеру, жоқ оқушыларды журналға белгілеу.

2. Өткен тақырыпты қайталау: - химиялық диктантпен жұмыс.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Азот мынадай оксидтер түзеді: N2O,NO,N2O3,N2O5,NO2(N2O4) ,бұларда азот +1 ден +5ке дейінгі барлық тотығу дәрежесін көрсетеді.

Практикалық жағынан маңыздылары NO, NO2. Азот (ІІ) оксиді NO. Қышқылдық та, негіздікте қасиетттер көрсетпейтін, түссіз газ. Ол -151,80С-та сығылады, -163,70С-та қатады. Суда нашар ериді.

NO кәдімгі жағдайда, ауада NO2-ге дейін тотығады.

2 NO + О2→ 2NO2 ∆Н0=-123кДж

Бұл реакция азот қышқылын алу үшін өнеркәсіпте қолданылады. NO – азотпен оттек тікелей әрекеттескенде алынатын жалғыз оксид.

Зертханада:

3Cu + 8HNO3→3Cu(NO3)2 + 2NO+4H2O

NO түссіз газ, қиын сығылады. Суда нашар ериді, тотықтырғышта, тотықсыздандырғышта қасиет көрсетеді.

Азот (ІІ) оксиді – өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ, NO2 буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады.

-110С-тан +1400С-қа дейінгі температура аралығында NO2 мен N2O4 тепе-теңдікте болады. NO2 суда ерігенде онымен әрекеттесіп, азот қышқылын және азот (ІІ) оксидін түзеді.

3NO2 + Н2О→2НNO3 + NO

Тотықтырғыш ретінде оттегі қатысында азот (ІІ) оксиді суда еріп, тек НNO3 түзеді:

4NO2 + О2 + 2Н2О→ 4НNO3

NO2 жоғары химиялық белсенділігімен сипатталады. NO2 суда ерігенде НNO3 және НNO2 түзіледі:

2NO2 + Н2О→НNO3 + НNO2

Сілтілермен әрекеттескенде нитраттармен нитриттер түзіледі:

2NO2 + 2NaOH→NaNO3 + NaNO2 + Н2О

Зертханалық жағдайда NO2 – ні мысты концентрлі азот қышқылымен әрекеттестіріп алады:

Cu + 4HNO3→Cu(NO3)2 + 2NO2+2H2O

Азот қышқылы.

Алынуы: Зертханада азот қышқылын нитраттарға концентрлі Н2SO4 мен әсер ету арқылы алады:

NaNO3 + Н2SO4→NaHSO4 + HNO3

Физикалық қасиеттері: НNO3 – өткір иісі бар, түссіз сұйықтық, -420С-та кристалдық күйге ауысады. Өте ылғал тартқыш.

Химиялық қасиеттері:сақтаған кезде жылудың және жарықтың әсерінен НNO3 ыдырап, сарғыштау тартады:

4НNO3→4NO2↑ + 2Н2О + О2

НNO3 қатысында жүретін тотығу – тотықсыздану реакцияларының кейбір мысалдарын келтірейік. Концентрлі және сұйылтылған НNO3 күміспен қалай әрекеттесетінін қарастырайық:

Ag + 2НNO3(к)→AgNO3 + NO2↑+ Н2О

3Ag + 4НNO3(с)→3AgNO3 + NO↑ +2Н2О

Белсенді металл – мырыш азот қышқылының концентрациясына байланысты оны N2O, N2, тіпті NH3 дейн тотықсызданырады. Егер НNO3 артық мөлшерде болса, NH4NO3 түзіледі.

4Zn + 10НNO3(өте сұйылтылған)→4Zn(NO3)2 + NH4NO3 ↑+ 3Н2О

Азот қышқылының тұздарын нитраттар деп атайда. Селитралар – натрий, калий, кальций, аммоний нитраттары.

Сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда нитриттерге және отегіне ыдырайды:

2КNO3→2КNO2 + О2

Электрохимиялық кернеу қатарында Mg мен Cu арасында металдардан түзілген нитраттар металл оксидіне, NO2 және O2 ыдырайды:

2Pb(NO3)2→2PbO + 4 NO2↑ + O2

Кернеу қатарында Cu – тың оңжағында тұрған нитраттар бос металға, азот (ІV) оксидіне және оттекке ыдырайды.

2AgNO3 → 2Ag + 2NO2↑+ O2

4. Жаңа сабақты бекіту:

  1. N2→NH3→NO→NO2→HNO3→NH4NO3→N2O

  2. N2→NH3 →NH4Cl →NH4NO3 →N2

5. Қорытынды: Азот +1 ден +5ке дейін тотығу дәрежесін көрсетіп, оксидтер түзеді. Азоттың маңызды қосылыстарына аммиак, азот (ІІ) оксиді, азот (ІV) оксиді, азот қышқылы және оның тұздары нитраттар жатады.

6. Бағалау:

7. Үйге тапсырма: § 8. 12 тақырыпты меңгеру





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Азот оксидтері, азот ?ыш?ылы ж?не нитраттар. 10 сынып

Автор: Исабаева Айгуль Исахановна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184702


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства