kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ацетиленнің физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Қанықпаған көмірсутектерге жаттығу орындау.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ацетиленнің физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Қанықпаған көмірсутектерге жаттығу орындау.Құрамында үш байланысы бар қанықпаған  көміреутектер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ацетиленнің физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Қанықпаған көмірсутектерге жаттығу орындау.»

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 14

Күні

Топ

04.11

101


103

30.10

111

Пән: Химия Сабақ тақырыбы: Ацетиленнің физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы. Қанықпаған көмірсутектерге жаттығу орындау. Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі Деңгейлеп саралап оқыту элементтері, тірек сигналдары, проблемалық оқыту элементтері, баяндау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс істеу.

Пән аралық байланыс: биологиямен, медицинамен, философиямен.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Құрамында үш байланысы бар қанықпаған көміреутектер

құрылысы, қасиеттері, қолданылуымен таныстыру.

Дамытушылық: заттың құрылысына қарап қасиеттерін болжай алу

және затты жүйелеу номенклатурасы бойынша атай алу қабілеттерін
дамыту.

Тәрбиелік: студентттерді ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, өзін - өзі

бағалай білуге тәрбиелеу.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А.Көрнекі құралдар: Ацетилен молекуласында үш (σ – және екі π - байланыстардың) байланыстың түзілуі сызбанұсқасы, Лабораторияда ацетилен алуға арналған прибор, Жаңа сабақты түсіндеруге арналған Венн диаграммасының сызбанұсқасы.

Б. Таратылатын материалдар: Тапсырмалар жазылған үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, т.с.с.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру (Аудиторияны сабаққа дайындап алу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 3 – деңгейлік тест сұрақтарын үлестіру. 10 минут уақыттан кейін, оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын тақтаға ілініп қрйылады.

ІІІ. Жаңа білімді меңгертуге даярлық кезені:

Оқушылар бұдан бұрын өткен тақырыптарын еске түсіреді.

4 – топқа бөлініп отырады.

Тапсырма: Мына төмендегі өзгерістерді қандай реакциялардың көмегімен жүзеге асыруға болады:

C2H6 → C2H5Cl → C2H5OH → C2H4 → C2H2

Әр топтан бір-бір оқушы тақтаға шығып реакция теңдеулерін жазады.

ІV. Ең соңғы реакция теңдеуі бойынша C2H2 – ацетилен алынып болғаннан кейін. Жаңа сабақтын мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.

Жаңа сабақты түсіндіру Венн диаграммасы арқылы жүргізілетінін айту.

Венн диаграммасына талдау жасаймын.Салыстырыңыз:




Алкендер




Алкиндер









Пайдаланыңыз:

Алкиндердің, құрамы, құрылысы бойынша алған білімдерін пайдаланып, 4 топқа заттардың формулалары жазылған тапсырмалар беріледі; 4 оқушы тақтаға шығып, заттарды номенклатура бойынша атайды.

Тапсырма: Осы заттар бір-біріне қандай изомер бола алады, өздері ойланып жауаптарын айтады.

Қолданыңыз:

2 – лабораториялық тәжірибе. "Ацетилен алып, қасиеттерін зерттеу" нұсқаны оқып шығып, ацетиленді лабораторияда қалай аламыз, қандай заттардан аламыз? Оқушылармен бірге талдаймыз. Реакция теңдеін тақтаға шығып бір оқушы жазады.

Зерттеңіз:

Ацетиленнің құрылысына қарап, оның молекуласында үш байланыс бір σ – және екі π – байланыстар болғандықтан көбінесе қосып алу, тотығу, жану реакциялары тән болатына оқушылар жорамал жасайды.

Әр топтан ацетиленнің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін жазып, түзілген заттарды атайды.

Ізденіңіз:

Сұрақ: Құрамында үш байланысы бар көмірсутертер тағы басқа қандай рекцияға түсе алады?

4 топтан бір-бір оқушыдан шығып, гидрлену, галогенсутектену, полимерлену, гидраттану реакцияларының теңдеулерін жазып, түзілген заттарды айтады.

Пікір айтыңыз:

Ацетиленнің химиялық қасиеттеріне қарап, қандай жерлерде не үшін қолданылатынын жорамалдап айтады.

Ойланыңыз:

1. Ацетиленді зерттеп алғаннан кейін 4 топқа есептер беріледі: Заттың басқа заттар бойынша тығыздықтарын есептеу .

Әр топтан 4 оқушы тақтада жұмыс істейді.


2. Химиялық қасиеттерін ескеріп, теңдеу бойынша заттың қалыпты жағдайдағы көлемін, массасын, зат мөлшерін, ауадан неше есе жеңіл екеніне есептеулер жүргізеді.

Жаңа сабақ бойынша түсініктерін тексеру,бекіту, сол сабақты түсіндіру кезінде, яғни барысында өтіп кетті.


V. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды қатыстыра отырып сабақ қорытындыланады.


VI. Оқушылар білімдерін бағалау. Алдын-ала әр топ басшыларына тапсырма берілген. Өз топтарының тізімі жасап, сабақ барысы бойынша, яғни параметрлер бойынша тобындағы оқушылардың бағасын түсіріп отырады, сабақ соңында балы есептеледі.


VII. Үйге тапсырма беру: § 16 65-беттегі 46 жаттығу

66- беттегі 49,52-жаттығу, 54-есеп.




Оқытушы Г. О. Жакупбекова


























Негізгі әдебиеттер.


  1. Л.А.Цветков Органикалық химия 10 кл Алматы «Рауан» 1991 жыл

  2. Ә.Темірболатова, Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова Химия 11 класс Алматы «Мектеп» 2007 жыл.


Қосымша әдебиеттер:

  1. В.В.Некрасов Руководство к малому практикуму по органической химии Москва «Химия» 1975 ж

  2. Практические работы по органической химии, Т.А. Смалина , М.В.Васильева, Н.Б.Куплетская Москва «Просвещение» 1986г.

  3. Алжебаева Р.А. Новые технологии обучения на уроках химии. Алматы 2003г.

  4. М.Валиева Білім беру технологиялары және оларлы оқу үрдісіне енгізу жолдары. Алматы 2002 жыл.

  5. П. Н. Жуков, В. Л. Рысс "Проверочные работы по химии" дидактический материал. Москва "Просвещение" 1985г.

  6. Г. П. Хаиченко. Химия жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған. Алматы "Рауан" 1990 ж.


















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Жакупбекова Гульнар Оразалиновна

Дата: 05.04.2017

Номер свидетельства: 406743


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства