Просмотр содержимого документа
«"Ацетилен қатарының көмірсутектері" химия пәнінен сабақ жоспары.»
27.10.2016ж.
11 сынып. Химия пәнінен ашық сабақ.
Тақырыбы: «Ацетилен көмірсутектері немесе алкиндер»
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушылардың қанықпаған көмірсутектер жайлы білімдерін одан әрі тереңдету, алкиндердің құрылыс ерекшеліктерімен, изомериясымен, гомологтық қатарымен және алыну жолдарымен таныстыыру. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс жасауға үйрету. Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, білімпаздылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар. Пәнаралық байланыс: тарих, математика, физика. Сабақ типі: интерактивті Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, математика,физика
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ.
ІҮ. Бекіту.
Ү. Қорытынды.
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:(кезекшіні сұрау, оқушыларды түгелдеу, 3 топқа бөліп отырғызу) 3мин. ІІ. Үй тапсырмасын ауызша сұрақтар қою арқылы сұрау: 5 мин. а) 1. Алкадиендердің алкендерден айырмашылығы неде? (еселі байланыстарынының санында) 2. Диендер деп қандай көмірсутектерді атайды? (құрамында екі қос байланысы бар , жалпы формуласы: Сn Н2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер) 3. Диендерге қандай реакциялар тән? Мысал келтір. (қосылу, полимерлену) 4. Алкадиендерді ашқан кім? (С.В. Лебедев 1932 жылы) 5. Алкендерді қайда қолданамыз? (синтездік каучук алуда, резеңке бұйымдарын жасауда) 6. Каучукқа қандай физикалық қасиеттер тән? (катты зат, майысып, созылады, суды, газды, электр тогын өткізбейді, суда ерімейді.) 7. Резеңкені каучуктан тәжірибе жүзінде қалай алуға болады? (каучукті күкірт қосып, вулканизациялап )
б) Интерактивті тақтадан әр топқа көмірсутектердің формулаларын жазуға тапсырма беремін. 3 мин.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Ацетилен көмірсутектері.
2. Ацетиленнің құрылысы.
3. Гомологтық қатары.
4. Изомерия және номенклатурасы.
5. Алынуы.
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ацетиленнің ашылу тарихын таныстыра отырып, проблемалық сұрақ беремін. Оқушылар сұрақты 9- сыныпта өткен материалдарына еске түсіріп, табады. «Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық» Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций карбидін неміс химиигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер кальцийді әктен көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды. Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді? Жауаптарынызды реакция теңдеулері арқылы дәлелдеңіз. Жауабы: Талдау ол газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен екенін көрсетті. Осылайша кальций карбидінің СаС2 сумен әрекеттесіп, ацетилен бөлетін анықталып,ашылды: СаО+3С→СаС2 + СО СаС2+ 2Н2О→С2Н2↑ + Са(ОН)2 ацетилен Яғни, бүгінгі сабағымыз алкиндер және оның маңызды өкілі ацетилен жөнінде болмақ.
Әр топқа жаңа сабақ бойынша постер қорғауға беремін:
І-топ: Алкиндердің жалпы формуласы, гомологтық қатары, изомериясы. Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен С2H2. Оның химиялық формуласын ұсынған – П. Бертло.(1860 жылы) Бірінші мүшесі ацетиленнен С2H2 басталатындықтан, алкиндерді ацетилен көмірсутектері деп те атайды.
Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы sp-гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының sp- гибридтенген орбиталімен σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі 180°С бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады. Құрылысы жазықты сызықты Электрондық формуласы : Н:О::О:Н ІІІ- топ:Ацетиленді алу: 1) Алканданды дегидрлеп: CH3–CH3 → 2H2 + CH≡CH 2) Өнеркәсіпте ацетилен көп кездесетін химиялық шикізат табиғи газдан алынады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса) ол көміртек пен сутекке айырылады: 2СН4 15000 →С2Н2+3Н2
3) Зертханада да, өндірістеде ацетиленді алу үшін ең қарапайым және кең тараған әдіс карбидті әдіс қолданылады. СаС2+2Н2О → С2Н2 ↑ + Са(ОН)2
4) Тікелей синтез арқылы(аса жоғары температурада): 2С + Н2 → С2Н2 Ү. Бекіту. 1.Алкиндердің формуласын таңдау.
2. Қалыпты жағдайда 1л бутиннің массасы неге тең.
3. 10л ацетиленді жағуға қажет ауаның көлемін (қ.ж) есептеңдер.
ҮІ. Қорытынды. . «Кім жылдам?» Интерактивті тақтада берілген заттардың формуласын құрастыру.
ҮІ. Үйге тапсырма:
§4.5 оқу.
0,4 моль ацетиленді толық гидрлегенде этанның қандай көлемін алуға болады.
ҮІІ. Бағалау. Өзін –өзі бағалау парағы Бағалау критерийлерi: 9-12 ұпай – «5» 6-8 ұпай –«4» 3-5 ұпай – «3»