kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. №6 Практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу».

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок по химии для 9 класса о свойстве,получение и применение аммиака

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. №6 Практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу».»

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3А

17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) - топ элементтері және олардың қосылыстары

Күні:

Сынып: 9

Мектеп: Ақпараттық технологиялар лицей-мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кажкенова Тогжан Сансызбаевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы. №6 Практикалық жұмыс «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу».

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.16 - аммиакты алуды, қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру

9.2.1.17 - аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты

- Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуын сипаттайды;

- Аммиактың алынуы мен қасиеттеріне қатысты реакция теңдеулерін жазып, қорытындылайды;

- Аммиактың реакция өнімдерін анықтап, тұрмыста қолданылу жолдарына мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийі

- Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуын сипаттайды;

- Аммиактың алыну жолдары мен қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін жазып түсіндіреді;

- Аммиактың анықталған реакция өнімдерінің тұрмыста қолданылу жолдары туралы мысалдар келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады: Жаңа тақырыпқа қатысты аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы туралы материалды меңгеру үшін жұпта жұмыстанып, өзара талдап, ауызша қорытындылайды. Практикалық жұмыста аммиактың алыну жолдары мен қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін жазып түсіндіру үшін топта жұмыстанады. Аммиактың анықталған реакция өнімдерінің тұрмыста қолданылу жолдары туралы мысалдар келтіріп жазу үшін жұпта ауызша талдап, топқа түсіндіреді.

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері:

Аммиак, мүсәтір спирті, аммоний тұздары, Габер процесі.

Талқылауға арналған тармақтар:

Аммиак қосылу реакцияларында ... қасиет көрсетеді

Аммиак химиялық ракцияларда ...

Құндылықтарға баулу

«Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы негізінде аммиактың денсаулық сақтау саласындағы, «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндығы бойынша еліміздің инновациялық-индустриялық кластерін жасауда ауыл шаруашылығында аммиак қосылыстарын тыңайтқыш ретінде қолданудың маңызын түсінеді.

Жұптық, топтық жұмыстарда өзара белсенді қарым-қатынасқа түсу, ынтымақтастықта жұмыс жасау құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыста өзін-өзі реттеп, тапсырманы жауапкершілікпен орындауға бағытталады.

Пәнаралық байланыс

Биология, география

Алдыңғы білім

8.2.1.4 - периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау;

8.2.1.7 - химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



5 мин



Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды ахуал қалыптастыру.


«Блум түймедағы» әдісі. (Жеке)

Оқушылар таратылған түймедақ күлтелерінде жазылған сұрақтарға жауап бере отырып түймедақ күлтелерін құрастырады.

Мақсаты: Оқушылардың алдыңғы білімін сұрақ-жауап арқылы нақтылау.

1. Аммиактың молекулалық формуласы қандай?

2. Аммиактың физикалық қасиеттері қандай?

3. Аммиактың электрондық құрылысы қандай?

4. Аммиактың құрылылым формуласы қандай?

5. Аммиак молекуласының кеңістіктегі пішіні қандай ?

6. Аммиак құрамындағы азоттың тотығу дәрежесі қандай?

7. ϭ, π – байланысты қалай түсіндіресіз? Мысал келтір.

8. sp3 гибридтелуді қалай түсіндіресіз?


ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы (Жарайсың! Керемет! Тамаша!)

Саралау. Диалог, қарым-қатынас.


«Мозайка» әдісі.

- Оқушылар N2 және H2 бейнеленген сурет қиындыларын құрастыру арқылы «Азот» және «Сутек» тобына бірігеді.

Мақсаты: Топқа бөлу арқылы сыныпта ынтымақстастық атмосферасын қалыптастыру.

М.К.Оспанова К.С.Аухадиева Т.Г. Белоусова Химия. 9-сынып. Мектеп,




Түймедақ күлтелері бейнеленген қағаз қиындылары













Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

30 мин

«Джигсо» әдісі (топтық жұмыс)

Мақсаты: Топтық жұмыста жаңа тақырып материалын меңгерту.

- Бастапқы «Азот» пен «Сутек» тобындағы оқушылар 1-ден 4-ке дейін нөмірленіп, әрбір жұпқа бөлек тапсырма беріледі:

№1. Аммиактың зертханада алынуы

№2. Суда еруі, қасиеттері

№3. Оттекте жануы; Қышқылмен әрекеттесуі

№4. Қолданылуы

- Әрбір жұпта талданған тақырыптарды түсіндіру үшін бастапқы «Азот» пен «Сутек» тобы оқушылары қайтадан бірігіп, өз жұмыстарын топ ішінде таныстырып, талқылайды.

ҚБ. «Реңді жұлдызшалар» әдісімен өзара топта бағалау.

Саралау. Диалог, оқу ортасы, қарым-қатынас, нәтиже.


6 Практикалық жұмыс. «Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу» (топтық жұмыс)

Мақсаты: Аммиакты зертханада тәжірибе арқылы алып, қасиеттерін зерттеу.

Көрсетілім: Мұғалімнің тартпа шкафта тәжірибе арқылы аммиакты алу жолын көрсетуі.

Құрал-жабдықтар: аммоний хлоридінің кристалдары, кальций гидроксидінің ұнтағы, су, азот, күкірт, тұз қышқылдарының ерітінділері, газ алуға арналған құрал, сынауықтар, тұрғы.

- Оқушылар практикалық жұмыста бақылаған тәжірибені топта талқылап, реакция теңдеулерін кесте жазып қорытындылайды.


Не істелді?

Не байқалды?

Реакция теңдеуі,

Қорытынды

1. Аммиак алу



2. Аммиактың қышқылдармен әрекеттесуі



Дескриптор:

- практикалық жұмыс тәжірибесінен бақылағанын талқылайды

- реакция теңдеулерін жазады

- реакцияны теңдеуін теңестіреді

- түзілген өнімдерді атайды

- қорытынды жасайды

ҚБ. Дескриптор бойынша « +, - » қою арқылы өзара жұпта бағалауы.

Саралау. Диалог, оқу ортасы, қарым-қатынас, нәтиже.


«Сұрақтар қоржыны» деңгейлік тапсырмалар. (жеке жұмыс)

Мақсаты: Әр оқушының қабілетіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар арқылы қолайлы оқу ортасын құру.


«А» деңгейі 1. Аммиактың өндірісте алынуын сипаттап жазыңыз ______________________________________________

2. Аммиакты зертханада алу реакция теңдеуін жазыңыз

________________________________________________

3. Аммиакты қолдану жолдарын анықта

________________________________________________

Дескриптор:

-Аммиактың өндірісте алынуын сипаттайды

-Аммиакты зертханада алу реакция теңдеуін жазады.

-Аммиактың қолдану жолдарын анықтайды.


«В» деңгейі

1. Аммиактың электрондық және құрылымдық формулаларын жаз __________________________________________________

2. NH3 + O2 → N2 +H2O реакциясын электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер

________________________________________________

3. Аммиак оттекте өршіткі қатысында және қатысынсыз жанғанда қандай өнімдер түзіледі?

_________________________________________________

Дескриптор:

-Аммиактың электрондық және құрылымдық формулаларын жазады

-электрондық баланс тәсілімен теңестіреді

-реакция өнімдерін атайды


«С» деңгейі

1. Мына тұздардың қайсысы аммиак бөле ыдырайды?

(NH4)2SO4; NH4NO3; (NH4)3PO4 ;

_____________________________________________________________________________________________

2. Аммоний гидроксидінің қасиеттері қандай? NH3+ ионын анықтау реакция теңдеуін жазыңыз

__________________________________________________

3. Аммиакты тыңайтқыштардың маңызы туралы не білесіңіз?

__________________________________________________

Дескриптор:

- Аммоний тұздарының ыдырау реакция теңдеуін жазады.

- Аммоний ионына сапалық реакция теңдеуін жазады.

- Аммиакты тыңайтқыштардың маңызы туралы біледі.

ҚБ: Дескриптор бойынша мұғалім беретін дайын жауап үлгісі негізінде өзін-өзі бағалауы.

Саралау: тапсырма, мұғалімнің қолдауы, нәтиже.


Диалогтік оқыту












Түрлі түсті жұлдыздар










https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/ammiak-ammonij-tuzdary





химиялық құрал жабдықтар

















Үлестірме тапсырмалары









Сабақтың соңы

3 мин



















Рефлекция

2 мин

«Ия» немесе «Жоқ» әдісі.

Мақсаты: Лезде сұрақ-жауап арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

1. Аммиак суда ериді (Ия)

2. Аммиак қатты зат (жоқ)

3. Аммиак жана ма (Ия)

4. Аммиак тұз қышқылымен әрекеттесіп аммоний хлоридін түзеді (Ия)

5. Газ күйіндегі аммиак суда өте жақсы ериді (Ия)

6. Аммиак қосылу реакциясына түсе ме? (Ия)

7. Аммоний гидроксиді тұрақты негіз (Жоқ)

8. Аммиак молекуласындағы азоттың тотығу дәрежесі -3-ке тең (Ия)

9. Аммоний тұздарымен сілті арасындағы реакция аммоний ионына сапалық реакция (Ия)

10. Аммиак ерітіндісінде фенолфталеин таңқурай түсе боялады (Ия)

ҚБ: «От шашу» әдісімен бағалау.

Саралау: диалог, мұғалімнің қолдауы, нәтиже.


«Мұғалімге жедел хат» әдісі.

Бүгінгі сабақта:

Бүгінгі сабақта мен ........................................... түсіндім.

Бүгінгі сабақта маған ұнағаны ...........................................

Бүгінгі сабақта маған қиындық тудырды .........................

Бүгінгі сабақта маған қызықты болғаны ...........................





кері байланыс, диалогтік оқыту
















Рефлекци парағы

Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау топта, жұпта оқушылармен диолог құру, жеке және топтық жұмыстарының нәтижесін талдау арқылы қолдау көрсетемін. Үй тапсырмасын тексеру үшін «Блум түймедағы» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы

Топқа біріктіру «Мозайка» әдісі арқылы жүргізілді.

«Джигсо» әдісі ТЖ топтық жұптық талқылау жүреді,.

Практикалық жұмысты Саралау «Жұмыс қарқыны», «Қолдау» арқылы дескриптор бойынша өткізіледі.

«Сұрақтар қоржыны»: (ЖЖ)

жаңа тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау үшін қолдандым. «Ия» немесе «Жоқ» әдісі бойынша оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін қолдандым.


Сабақ барысында

Мадақтау арқылы ауызша бағалап, ынталандыру

«Реңді жұлдызша» әдісі бойынша топ ішінде өзара бағалау әртүрлі тапсырмаларды орындаған кезде бағалауда қолдандым.

Практикалық жұмыс дескриптор бойынша «Плюс, минус» қою арқылы өзара жұпта бағаланды.

Деңгейлік тапсырмаларда дескриптор бойынша мұғалім беретін дайын жауап үлгісі негізінде өзін өзі бағалауды жүргіздім.


Химия кабинетінде, практикалық жұмысты орындауда техника қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарыңыздан ауытқу болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау:


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқу мен оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері – қиыншылықтары туралы нені анықтадам, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Автор: Кажкенова Тогжан Сансызбаевна

Дата: 22.10.2022

Номер свидетельства: 615608


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1660 руб.
2370 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства