Просмотр содержимого документа
«Алматы облысы, ?арасай ауданы, жа?а Шамал?ан ауылы»
Химия пәні мұғалімі Сабырова Айман Кенжегалиевна
Алматы обласы Қарасай ауданы
"Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" КММ
9 сынып
Тақырыбы: " Күкірт және оның қосылыстары"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Хим.эл.ң пер. жүйесіндегі күкірт және оның қосылыстары бойынша білім қалыптастыру
Дамытушылық:Период, топ бойынша элемент атомындағы электронның орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру, білімдерін дамыта түсу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керек заттар: Менделеев кестесі, күкірт, шам, сынауық, оқулық, т.б.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру а) Сәлемдесу ә) Кабинет тазалығын тексеру
б) Бар жокты белгілеу
Әдіс-тәсілдер: жұптық, жеке жұмыс
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Хим. эл.ң пер. жүйесіндегі бейметалдардың орны және құрылысы. VІ А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
1. Ерте заманнан бастап, үйді аластауға, түрлі жараларды емдеуге қолданылатын элемент?
2. Жұмыртқа шіріген кезде қандай газ бөлінеді?
3. Сутек пен күкірт әрекеттесе ме? Қандай зат түзіледі?
4. Күкірт жана ма? Түзілген заттың физикалық қасиеті қандай?
1. Күкірттің физикалық қасиеті:
А)сары түсті, суда жақсы ериді;
Ә)көк түсті, суда ерімейді;
Б)сары түсті, суда ерімейді;
2.Күкірт қосылыстарындағы валенттіліктер қандай?
А)І, ІІ, ІІІ; Ә) ІІ, ІV, VI; Б) II, IV, V;
3. Күкірт тікелей мырышпен әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі:
а) сульфаттар; Ә) сульфиттер; Б) сульфидтер;
4. Күкірт жанғанда қандай жалынмен жанады:
а) ашық сары; Ә) көгілдір; Б) қызыл;
5.Күкірттің аллотропиялық түр өзгерісі нешеу:
а) 4; Ә)3; Б)2;
III. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Күкірттің табиғатта кездесетін қосылыстарының: а) қорғасын жылтыры РbS; ә) мыс жылтыры Cu2S; б) темір колчеданы FeS2 қайсысының құрамында күкірттің массалық үлесі үлкен?
2. Темір (ІІ) сульфиді мен массасы 176 г тұз қышқылы әрекеттескенде күкіртсутектің қандай көлемін (қ.ж.) алуға болады?
IV. Жаңа сабаққа кіріспе:
Күкірт қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын түсіну,күкірт қосылыстарының формулаларын қолдан жасау арқылы алған білімдерін қолдану. Күкірт оксидтерін егжей-тегжейлі түсіндіру
V. Жаңа сабақ:
1
SO2- физикалық, химиялық қасиеттері
SO2-тұншықтырғыш өткір иісі бар, түссіз газ, суда ериді.
SO2+H2O=H2SO3 2SO2+O2=2SO3
SO2+K2O=K2SO3SO2+2NaOH=Na2SO3+H2O
SO2+2H2S=3S+2H2O
2
SO3-күкірт ангидриді, аралық өнім, жеке өзінің маңызы жоқ. Физикалық,химиялық қасиеттері қандай?
SO3-қ.ж. түссіз сұйықтық, аса ылғал тартқыш, суда жақсы ериді. SO3+H2O=H2SO4
Венн диаграммасы
Ұқсастығы
SO2 SO3
1. Тұншықтырғыш 1.Екеуі де күкірттен 1.Түссіз сұйықтық
өткір иісі бар, түссіз тұрады. 2.Металл оксидтерімен
газ. 2.Екеуі де оксидтер әрекеттескенде
2.Металл оксидтерімен класына жатады. сульфаттар түзеді.
әрекеттескенде 3. Екеуі де қышқылдық
сульфиттер түзеді. оксид.
VI. Жаңа сабақты пысықтау:
1. Мына қосылыстардың ішінен күкіртті қосылыстарының формуласын тауып, атын ата: СаО, Н2S, NaOH, SO2, H2O, HNO3, MgCI2, Fe2(SO4)3
2. Күкірттің (ІV) оксиді ......... оксид деп аталады.
3. Күкірттің (ІV) оксиді сумен әрекеттесіп, .......... түзеді.
4. Күкірт қышқылының формуласы және салыстырмалы молекулалық массасы?
5. Күкірт қышқылына және оның тұздарына қай зат сапалық реактив болып табылады?