kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи жəне синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химиядан ашық сабақ. Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи және синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи жəне синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина»

Жамбыл мектеп – балабақшасы













Тақырыбы: Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи жəне синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина

(Ашық сабақ)








Класы: 11

Пәні: химия

Күні: 21.10.2016ж

Орындаған: Мұқамбетова М.Қ














2016 – 2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи жəне синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Алкадиендердің физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру
2.Дамытушылық: Оқушының теориялық білімдерін тереңдету, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой – өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту
3.Тәрбиелік:Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, имандылыққа баулу, салтын сақтай білуге оқыту, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тест жұмыстары
Сабақтың көрнекілігі:Мультимедиялық тақта, кестелер мен сызбанұсқалар, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі.
Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу
Ою-өрнектерді таңдау арқылы оқушыларды жұптық топқа бөлу.
Сабақтың жоспары:
І. Салт дәстүріміз сабақта.
ІІ. «Қыз қуу» үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Сыр сандық» ойыны.

  2. «Алтын сақа» ойыны.

  3. «Айтыс» ойыны

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Батаменен ел көгерер.

Сабақтың ұраны: «Көш жүре бара түзеледі».

Бағалау: Әр ойын сайын дұрыс жауап берген оқушыға оюлар таратылады. ("5"қызыл ою-өрнек, "4"-жасыл ою-өрнек, "3"-сары ою-өрнек, "2"-ақшыл қызыл ою-өрнек.) Соған қарай бағаланады. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ауылға ұлттық ою-өрнегімен нақышталған еліміздің көк байрағы беріледі.

Сабақтың барысы: І.Салт дәстүріміз сабақта. - Сонымен балалар, дайын болсақ, бүгінгі сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, ашық сабақ өткіземіз. Сабақтың тақырыбын «Көш керуен» сабағы деп неліктен атағанымызға және көштің кездесетін қиындықтарына тоқталып, оқушыларды жұптық топқа екіге бөліп, ат беріп, әр ауылға ақсақал сайлап, сабақты одан әрі жалғастырамын. Көрші қонған екі ауылдың аты «Мұрагер» және «Қазына». Екі ауылдың сәлемдесуінен бастаймыз.

II. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру . Ұлттық ойындарымыздың бірі «Қыз қуу» ойыны. Ойын тәртібі: тест сұрақтарына жауап береді.Ұпай саны аз ауыл ұпайы саны көп ауылға ұпайларын береді.
1.Қанықпаған көмірсутектерге тән реакция:
А. Қосылу С. Орын басу В. Алмасу Д.Айырылу
2.Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын кім ашты:
А. А.М.Бутлеров С. С.Аррениус В. Д.И.Менделеев Д. М.В.Ломоносов
3. Көміртек пен сутектентұратынорганикалықзаттар:
А. Көмірсулар С. Спирттер В. КөмірсутектерД. Альдегидтер
4. C2H4қандай зат: А. Метан С. Этан В. Пропан Д. Этен
5.Мына заттың: CH3-CH= CH- CH3аты:
А. 2- метил бутен С.бутен -2В. 2-метил пропан Д. 2-метил этан
6.Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі болғандықтан қасиеттеріде әртүрлі болатын заттар:
А. Гомологтар С. Мономерлер В. Полимерлер Д. Изомерлер
7.Су бөліне жүретін айрылу реакциясы:
А. ДегидраттануС. ДегидрлеуВ. Гидрлеу Д. Қосылу
8.трансбутен -2 формуласы:
А. СН3-СН=CH- СН3С. Н3С-СН2-СН3 В. Н3С-С≡CH-СН3 Д. СН3-СН2-СН=СН-СН3
9. Алкадиендердің маңызды өкілдері
А. алкинС.дивинилВ.алкенД.алкадиен
10.Алкадиендердің жалпы формуласы:
А.СН3-СН3 В. HC ≡ СН С.Н3С=CH-CH2Д.СnН2n-2
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
1) «Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылар жаңа тақырып алкадиендердің құрылысы, алынуы мен қолданылуы, физикалық және химиялық қасиеті туралы ББҮ кестесін толтырады
Білемін Білгім келеді Үйрендім
2) IV.Мағынаны ашу: жаңа сабақты түсіндіру, оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

Алкадиендер - қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі. Алкадиендер - құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласыСnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен (аллен) СН2 = С = СН2. Диендерде қос байланыстардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін. H2C = C = CH — CH2 — CH3 Жоғарыда келтірілген атауларына қарап, алкадиендердің номенклатурасы алкендерге ұқсас екенін, бар айырмашылығы — қос байланыстың саны екеу болғандықтан, -ен жұрнағының алдына оның саны көрсетіліп, -диен деп аталатындығын және бір кос байланыстан кейін үтірден соң екінші қос байланыстың орны көрсетілетіндігін өздерің де байқаған шығарсыңдар. Молекулаларында қос байланыстарды бір жай байланыс бөліп тұратын алкадиендердің практикалық маңызы зор. Олардың ең маңызды өкілдері: бутадиен-1,3 (дивинил) С4Н6, ықшамдалған құрылымдық формуласы Н2С=СН — СН=СН2 жәнө 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен).

Физикалық қасиеттері
Диендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары алкендердің қасиеттеріне ұқсас.

формуласы

Атауы

Температуралары, 0C

Тығыздығы, г\см3

Балқу

Қайнау

СН3-СН=C= СН2

Бутадиен -1,2

-136,2

+ 10,8

0,6940

СН2=СН- CH= СН2

Бутаден -1,3 (дивинил)

-108,9

-4,5

0,6270

СН3-СН2 -CH=СН- CH= СН2

Пентадиен -1,3

-87,5

+ 43,0

0,6760

Алкадиендердің химиялық қасиеттері Молекулаларында қос байланыстары болғандықтан, диендердің химиялық қасиеттері алкендерге ұқсас, бұларда қосылу және полимерлену реакцияларына оңай түседі. Қосылу реакциялары: Алкадиендер галогендерді, сутекті, галогенсутекті қосыпалады. Броммен әрекеттесуі СН2 ═ СН-СН═СН2 +Вr2 → СН2Вr-СНBr - СН═СН2(3,4-дибромбутен-1)
Полимерленуі: Диендер полимерлену реакцияларына оңай түседі. Реакция нәтижесінде каучук тәрізді жоғары молекулалы заттар түзіледі. Бутадиен-1,3-тің полимерлену реакциясы:
… СН2 ═ СН- СН ═ СН2 + СН2 ═ СН- СН ═ СН2 …→
… СН2 ═ СН- СН ═ СН2 - СН2 ═ СН- СН ═ СН2…`полибутадиен молекуласының үзіндісі
Алкадиендердің жеке өкілдері және олардың қолданылуы. Дивинил (бутадиен-1,3) Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.

Алкадиендерді полимерлеп көксағыз алынады. Көксағыздар табиғи және синтездік болып бөлінеді. Табиғи көксағыз кейбір өсімдіктердің сүтті шырынында болады. Табиғи көксағызды, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап, резеңкеге айналдырады. Көксағызбен резеңке күнделікті тұрмыс пен техникада кең қолданылады

Лебедев Сергей Васильевич (1874-1934) — орыс химигі, академик. Негізгі ғылыми жұмыстары қанықпаған көмірсутектердіңполимерлену, изомерлену, гидрогендену реакцияларын зерттеуге арналған. Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысында этил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолын тапты. Металл натрийқатысында бутадиен-1,3-ті полимерлеп, синтездік каучук (1928 жылы) алды. Каучуктан резеңке және резеңкеден жасалған бұйымдар алу әдісін ашты (1930 жылы). Дүние жүзінде алғаш рет бұрынғы КСРО-да 1932 жылы Лебедев тәсілі бойынша синтездік каучук өнеркәсіпте өндіріле бастады.

Неміс химигі Фридрих Людерсдорф пен американдық химик Натаниель Хейвард1834 жылы көксағызға күкірт қосқанда оның иілгіштігі артатындығын анықтады. Бұл резеңке деп аталды. Бұл проесс — вулканизация деп аталады. Резеңкенің ашылуы оның қолдану саласын арттырды. Мысалы 1919 жылы 40 000 астам заттар резеңкеден жасалды.

Негізінен полимерлерді таза күйінде қолдану қиын. Олардан полимерлі заттар алады. Оларға пластмасса мен талшықтар жатады.

Пластмассалар – иілгіштік қасиеті бар, сондықтан белгілі бір жағдайларда тиісті пішінге келтіруге болатын, жоғары молекулалы органикалық заттар негізінде жасалатын материалдар.Пластмассалардың құрамына кіретін заттарға байланысты қасиеттері де алуан түрі болады. Мысалы, ағаш ұнтағы, мата, талшықтас, т.б пластмассалардың механикалық беріктігін арттырады.Әр алуан материалдардың жақсы қасиеттері пластмассалардан табылады. Сондықтан техникалық көптеген мәселелерді шешкенде, пластмассалар ең керекті, тіпті баламасы жоқ материал болып табылады.

Талшық – реттеліп, осінің ұзына бойына бағыттала орналасқан түзу құрылымды молекулалардан құралады.Матадан жасалатын барлық талшықтар екі топқа бөлінеді: табиғи талшықтар және химиялық талшықтар. Табиғи талшықтарға мақта, кендір, жүн, жібек тәрізді табиғи материалдардан тікелей алынатын талшықтар жатады.

Химиялық талшықтар химиялық әдістермен жасалады: екі топқа бөлінеді. Жасанды талшықтар жоғары молекулалы табиғи қосылыстар, яғни целлюлозаны химиялық тәсілмен өңдеу нәтижесінде алынады. Синтездік талшықтар синтездік жоғары молекулалы қосылыстардан алады. Химиялық талшықтар: капрон, лавсан, нейлон, вискоза.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. І. Ұлттық ойындарымыздың бірі «Сыр сандық» ойыны. «Сыр сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» Ойын шарты: Әр ауылдан бір - бір оқушы шығып, конверттің сыртындағы суреттегі заттың бірінші әріпінен басталатын ұғымдарға (тақырып бойынша) тоқталып, сұраққа жауап береді.

1.Мырыш-алюминий араласқан катализатор қатысында этил спиртін дегидрогендеп және дегидратациялап бутадиенді өнеркәсіпте алу жолын тапты. (Сырға: Лебедев Сергей Васильевич)

2.Алкадиендер галогендерді, сутекті, галогенсутекті қосып алуы, бұл?

(Қоржын: Қосылу реакциясы)

3.Көксағыздар табиғи және ....... болып бөлінеді. (Сәукеле: Синтездік)

4.Көксағыздың аса маңызды қасиеті. (Мәсі: Майысқақтығы)

ІІ.Ұлттық ойындарымыздың бірі «Алтын сақа» ойыны.

Ойын тәртібі: Әр ауылдан бір – бір оқушы шығып, кезегін алу үшін асық иіреді. Еденге сұрақтар санына байланысты бірнеше шеңберлер сызылып, оларға рет саны қойылады. Кезегін алған оқушы асығын иіріп, шеңберлердің біріне түсіруі керек. Асық түскен шеңбердің рет санына қарай жасырылған сұрақты шешу тапсырылады.

1. Құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n+2 болатын қанықпаған көмірсутектер. (жауабы: алкадиендер)

2. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі (жауабы: пропадиен )

3. 2 – метилбутадиен – 1,3 бұл? (жауабы: изопрен)

4. Көксағызды күкірт қосып вулканизациялап не алады? (жауабы: резеңке)

ІІІ. «Айтыс» ойыны. Оқушылар «Пластмассаларды өндіру қажет пе?» деген сұрақ бойынша пікір алмасып, айтысады.
V. Бағалау.Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады. Оқушылардың жинаған оюларын есептеп бағалау.

Кері байланыс: ББҮ – үйрендім бөлігін толтыру
VI. Үйге тапсырма: §2.8, 2.9. №1 тапсырма: ермексазды, шырпыны немесе басқа заттарды пайдаланып, бутадиен-1,3-тің және изопреннің масштабты немесе шарөзекті модельдерін жасаңдар.

Батаменен ел көгерер. Жеңіске жеткен ауыл «Алкадиендер» жеріне қоныстанады. Оқушылар бата береді. Сонымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар! ���������������� dle����������������������





















Жамбыл мектеп – балабақшасында

11 – класс оқушыларымен химия

пәнінен өткізілген ашық сабақтың

өзіндік талдауы.

Жамбыл мектеп – балабақшасында химия пәнінің мұғалімі Мұқамбетова Мөлдір Қуатқызының 11- класс оқушыларымен «Алкадиендердің қасиеттері, алкадиендердің полимерленуі, табиғи жəне синтетикалық каучуктер, каучук вулканизациясы, резина» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты: Алкадиендердің физикалық және химиялық қасиеттері, алыну жолдары мен қолданылуы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушының теориялық білімдерін тереңдету, тез ойлауға, шапшаңдыққа, өз бетімен ізденуге үйрету, ой – өрісін, шығармашылық мүмкіндігін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін дамыту
Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, имандылыққа баулу, салтын сақтай білуге оқыту, тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу
Ою-өрнектерді таңдау арқылы оқушыларды жұптық топқа бөлу.
Сабақтың жоспары:
І. Салт дәстүріміз сабақта.
ІІ. «Қыз қуу» үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Сыр сандық» ойыны.

  2. «Алтын сақа» ойыны.

  3. «Айтыс» ойыны

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

VІІ. Батаменен ел көгерер.

Ашық сабақ өз деңгейінде өтті, мақсатыма жеттім. Сабақ қазақтың салт – дәстүрімен тығыз байланысты өтті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жақсы болды. Сабақ барысында өмірге қажетті көп мағлұмат алды. Сабақ өте жақсы деңгейде өтті.



Химия пәнінің мұғалімі: Мұқамбетова М.Қ









«Сыр сандық» ойыны.

«Айтыс ойынының» барысы. Пікірталас.

Оқушылардың көрнекілік құралдарымен танысуы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Мұқамбетова Мөлдір Қуатқызы

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397660


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства