kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

11 сынып Арендер,Бензол

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға арендер,оның ішінде бензол,оның атом құрылысының,физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы,құрылысы, қасиеттері,гомологтары,изомерлері  арасындағы байланыс себебтері  туралы білімді қалыптастыру;

 бензолдың электрондық құрылысының ерекшеліктерін түсіндіре білу, бензолдың гомолгтары мен изомерлерінің формуласын құрастыра білу  біліктіліктерін қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«11 сынып Арендер,Бензол»

Химия

Сыныбы – 11 ЖМБ

Тақырыбы

§5.1Арендер.Бензол



уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Оқушыларға арендер,оның ішінде бензол ,оның атом құрылысының,физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы,құрылысы, қасиеттері,гомологтары,изомерлері арасындағы байланыс себебтері туралы білімді қалыптастыру;

бензолдың электрондық құрылысының ерекшеліктерін түсіндіре білу, бензолдың гомолгтары мен изомерлерінің формуласын құрастыра білу біліктіліктерін қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.



Сабақ типі:

жаңа сабақ


Сабақ өткізілу түрі:

мұғалімнің түсіндіруі (ауызша), кітаппен өз бетінше жұмыс ,жаттығулар орындау


Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта,видеофрагмент көрсету ,бензол,калий перманганаты, бром суы, пробиркалар , 11-Б-2, 11-ЕТЖ-1


Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.ТҚ.алғашқы нұсқау беру.

5-7

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

1.Білімді жаңғырту:

Бензол

Фронталды әңгімелесу:

1.Қандай көмірсутектерді оқыдық (қаныққан-алкандар,циклоалкандар,қанықпаған- алкендер, алкиндер, алкадиендер)

2. Этанның химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңдар(орын басу,тотығу,айырылу) этилен және ацетиленнің.

3. Метанға гибридтелудің қандай түрі тән? Этиленге? Ацетиленге?

Салыстырып,кесте құрыңдар

3-4

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:










Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

  • Бензолдың электрондық және кеңістіктік құрылысы:


1825 жылы Фарадей жарықтандырғыш газда С-92,3%; Н-7,7%. тұратын белгісіз көмірсутекті ашты.Ауа бойынша тығыздығы -2.69.

Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп те атайды.

Бірақ кейінірек аромтатты көмірсутектерге жататын көптеген заттардың хош иістері болмайтыны анықталды. Осыған қарамай, тарихи қалыптасып қалған бұл атау осы кезге дейін қолданылып келеді.

Арендер – молекулаларының құрамында бензол сақинасы бар жалпы формуласы болатын көмірсутектер.

Арендердің ең қарапайым мүшесі – бензол С6Н6

Жалпы формуласы болғандықтан, бензолды өте қанықпаған қосылысқа жатқызуға болар еді. Бірақ бензол бромды сумен және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді, яғни қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларға түспейді. Осылай бензолдың құрамы мен қасиеттерінің арасында біздің түсінігімізше сәйкессіздік туады. Бензол буы мен сутек газының қоспасын катализаторы бар қыздырылған түтік арқылы өткізсе, бензолдың бір молекуласы сутектің үш молекуласын қосып алып, құрылысы бізге таныс циклогексан түзіледі:




Бензол бұл қасиетті тек циклді құрылысты болғанда ғана көрсете алады деп тоқтам жасауға болады. Молекула құрамындағы көміртектің алты атомы цикл жасап тұйықталады және олар өзара қос байланыс арқылы кезектесіп жалғасады деп, бензолдың құрылымдық формуласын ең алғаш неміс ғалымы


А.Кекуле ұсынды (1865ж)

CH

CH CH


CH CH

CH

Бірақ құрамында үш қос байланысы болса, бензол қанықпаған көмірсутектерге тән қасиеттер көрсетіп , бромды су және калий перманганатының ерітіндісімен әрекеттесер еді.

Сонымен бұл формула:

а) құрамында қос байланыс болғанымен, бензол неге қосылу реакцияларынан гөрі, орынбасу реакцияларына бейім;

ә) бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдарының араларындағы байланыстардың ұзындықтарды неге бірдей;

б) бензол молекуласының химиялық тұрақты болуы неліктен, т.бү сұрақтарды қанағаттандыра алмады.Бірақ Кекуле ұсынған формула бензолдың химиялық қасиеттерін толық сипаттамағанымен, осы уақытқа дейін қолданылып келеді.

XX ғасырдың басында ғана әр түрлі физикалық тәсілдерді пайдаланудың арқасында, бензол молекуласының құрылысын түсіндіруге мүмкіндік туды. Бензол молекуласы жазық пішінді. Барлық атомдары ұқсас, электрон тығыздығы бірдей бөлінген, көміртек атомдарының арақашықтықтары өзара тең. Бензол молекуласы тең қабырғалы жазық алтыбұрыш пішінді болады.




Бензолдағы әр көміртек атомының бір s-электроны мен р-электрон бұлттары гибридтеліп, sp² - гибридтенген күйде болады да, бір р-бұлты гибридтенуге ұшырамайды. Үш гибридтенген орбитальдар бір жазықтықта орналасып, екі жағындағы көміртек атомдарымен және бір сутек атомы орбитальдарымен қаптасып, үш δ – байланыс түзеді. Әр көміртектің гибридтенбеген р-орбиталі осы жазықтыққа перпендикуляр орналасып, екі жағындағы көміртектердің өзіндей орбитальдаррымен қаптасады. Бұл қаптасулар гибридтенген орбитальдар жатқан жазықтықтың екі жағында жүзеге асады. Нәтижесінде, бензолдың алты көміртек атомының 2р-орбитальдарының қаптасуы салдарынан біртекті -байланыстар түзіліп, ортақ π-электронды тұйық жүйе пайда болады.

Барлық көміртек атомдарының s-байланыстары мен р-электрон тығыздығының біркелкі бөлінуі нәтижесінде едәуір берік және бірдей «ароматты» байланыс түзіледі.Яғни, бензол молекуласындағы барлық көміртек атомдары арасындағы байланыстар «таза» дара байланыстардан да, қос байланыстардан да өзгеше болады. Бензолдың бұл қарастырылған құрылымдық формуласы жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере алады. Бензол молекуласының барлық алты қабырғаларының ұзындықтары бірдей 0,140 нм-ге тең болады. Бензолдағы С-С байланыстардың энергиясы 490 кДж ⁄моль-ге тең дара байланыс пен қос байланыстар мәндерінің арасындағы сан болады.

Молекуласында электрон тығыздығының біркелкі бөлінуін ескеріп, бензолдың құрылымдық фолмуласында ортақ байланысты тең қабырғалы алтыбұрыштың ішіндегі дөңгелек арқылы да бейнелеуге болады.

  • Арендердің гомологтары, атаулары мен изомерлері.

Ароматты көмірсутектері жүйелеу номенклатурасы бойынша арендер деп атайды. Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда, бензолдың гомологтары түзіледі:

- - - -

Бензол метилбензол этилбензол пропилбензол

Бензолдың гомологтарын атау үшін қалыптасқан тривиальді атаулар да қолданылады: метилбензолды толуол, диметилбензолды ксилол,изопропилбензолды кумол, винилбензолды стирол деп атайды.

Молекуласында бірнеше радикалдары бар қосылыстарды атау үшін бензол сақинасындағы көміртек атомдары нөмірленіп, қосылысты атағанда орынбасардың орны сандар арқылы көрсетіледі.

Егер бензол молекуласының екі сутек атомы радикалдарға алмасқан болса, онда бензолдың орто-,мета-, пара- туындылары түзіледі. Оларды атағанда, қысқаша бірінші әрпімен белгілейді: орто – о, мета – м, пара –п. Немесе әріптердің орнына сандар арқылы белгілеулер де қолданылады.

- тобы фенил радикалы, -- бензил радикалы деп аталады.

Арендердің изомерлері:

а) бензол сақинасымен байланысқан бүйір тізбектегі радикалдардың орнына;

ә) радикалдардың табиғатына және екеуіне қатар байланысты болуы да мүмкін. Метилбензолдың изомерлері болмайды. Изомерлену этилбензолдан басталады. - қосылысының төрт изомері болады:



Оме


Этилбензол 1,2-диметилбензол 1,3-диме1,4-диметилбензол

14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. - оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары; -

Жаттығуды тексеру.

Есеп шығару:

13.44 г ацетиленнен 12 г бензол алынды.Бензол шығымын теориялық мүмкін болатын шығыммен салыстыр.

Реакция теңдеулерін жаз:

Метан---ацетилен---бензол----циклогесан

6-8



Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау

1. Жаттығу орындау.3-1 -3.30 (11-ЕТЖ-1) 101бет: 5 тапсырма нұсқаға бөліп орындау.

3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:




Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

Үй тапсырмасын орындауға нұсқау беру:

параграф 5.1; № 10,11 – жазбаша.131,TN

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.


1-2

Жаңа ұғым

Арендер, ароматты, бензол сақинасы, бензол ядросы, ароматтылық, орто-, мета-, пара орынбасушылар¸ Кекуле формуласы, фенил –радикалы, полиядрлы арендер.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
11 сынып Арендер,Бензол

Автор: Габдуахитова Карашаш Ихласовна

Дата: 30.12.2016

Номер свидетельства: 374709


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1660 руб.
2370 руб.
1830 руб.
2620 руб.
1480 руб.
2110 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства